Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Бауыржан Әліқожа

Бауыржан Әліқожа

Бауыржан Әліқожа 1990 жылы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Арыс ауданы (бұрынғы Отырар) өңірінде дүниеге келген. «Айтұма» жыр жинағының авторы. Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Жас қаламгерлердің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлығының, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

 

«Талантқа тағзым», «Қос қарлығаш» жыр жинақтарына енген. Ілияс Жансүгіров атындағы ақындар мүшәйрасының жеңімпазы. 

 

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ассистенті. 

 

 

Өлеңдері республикалық мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланып жүр. 

 

12.12.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: