Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Ғылымхал Манайұлы

Ғылымхал Манайұлы

Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы Қазанның 12 жұлдызында Монғолия елі,  Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

2014 жылы Қарағанды қаласында өткен халықаралық көркемсөз оқу байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген. Факультеттегі өзін өзі басқару ұйымында «факультет деканы» қызметін атқарды.

2015 жылы  Қалалық, Обылыстық және Астана қаласында өткен XVII Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» республикалық жастар фестивалінде III орын иегері. 

«Шабыт» студент-жастар театрының актерлер құрамында болып, белгілі жазушы, драматург Софы Сматаевтың «Көгілдір такси» мелодрамасын сәтті сахналағаны үшін мақтау грамотасымен марапатталған.            

2015 жылы Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған «Ертіс толқыны» атты жас ақындардың жинағына өлеңдері енген.

 

21.02.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: