Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Сағи Жиенбаев

Сағи Жиенбаев (1934–1994) - 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген  1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады. 

1956 жылдан бірыңғай әдеби жұмыспен айналысты. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды. Көп жылдар «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды.  Ғазиза Жұбанованың «ЕңлікКебек», Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операларының либреттосын жазған. Бірнеше ән текстерінің авторы. Ақын өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылған, шет ел тілдерінде басылған. А.Пушкин, М.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қаноатов өлеңдерін аударып жеке кітап етіп шығарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.


 

11.12.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: