Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
АУДИОПОЭЗИЯ
Жұлдыз Молдағалиеваның өлеңдері
Жұлдыз Молдағалиеваның өлеңдері - adebiportal.kz

Жұлдыз Молдағалиеваның «Ертең махаббаттың жаназасын шығарамыз...» деп басталатын өлеңі бар. Бұл ақынның өзі айтқандай «қаңғырып жүрген тағдырың өзі қоңырау шалғандай» жан дүниеңді құлазытатын алапат өлең. Ішңдегі өзің ұмыта бастаған, қалғып кеткен сұрақтарың бас көтеріп, айналасынан өз «менін» аласұра іздейтіндей өлең. Жұлдыздың өлеңдері осындай өткірлігімен құнды. Оның өлеңдері ауыр да емес, жеңіл де емес, адам жанын әрі-сәрі күйге түсірер құмығыңқы, нәзік бір назым тектес. Нәзиралы жыр, сыбызғылы саз тәріздес. Асқақ. Өлеңдерін оқығанда құдды бетіңді жібек желдің жұпары өпкендей күй кешесің. Оның өлеңі алдамайтынын жан жүйеңмен сезінесің.

23.04.2021
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар