Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада “Азаттығым – ғажап күнім” атты жыр антологиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті

01.06.2016 242

Астанада “Азаттығым – ғажап күнім” атты жыр антологиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті


2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Ауыл” Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен, Астана қаласында “Шабыт” өнер академиясында “Азаттығым – ғажап күнім” атты жыр мүшәйрасы мен жыр антологиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті.


Би тобы.jpg


Аталған шараға алыс-жақын шетелден келген жүзге тарта қазақ қандасымыз бен 300-ден аса делегат қатысты.


“Азаттығым – ғажап күнім” атты жыр мүшәйрасы мен жыр антологиясының тұсаукесер рәсімі 1.jpg


Қазылар алқасы.jpg


“Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен сәтте, әсіресе шетелде тарыдай шашылған қандастарымыз бөркін аспанға атып қуанды. Тәуелсіздік – жырақта жүрген қандастарымыздың келешек тағдырын айқындап бере отырып, қандас бауырлар сол кезеңнен бастап лек-легімен атамекеніне орала бастады. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін шетелде жүрген қандастарымыз жоғары бағалап, ерекше түсінеді. Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет” екенін жеткізе отырып әрі қатысушыларды құттықтады “Ауыл” ХДПП-ның төрағасы Әли Бектаев.


Ә. Бектаев.jpg


Әлемнің төрт бұрышынан келген қазақ ақын-жазушыларының туған елге, отансүйгіштікке және тәуелсіздікке бағытталған өлең жырлары тұсауы кесілген “Азаттығым – ғажап күнім” жинағына енді. Антологиялық жинаққа Қазақстаннан 45 ақын-жазушы, Қытайдағы қазақ диаспорасынан 40 өкіл, Моңғолиядан 15 ақын мен Ресейден 5 қазақ ақынының жырлары топтастырылған.


Антологияның таныстырылымынан кейін ақын-жыршылар Тәуелсіздікке арнаған жырларын оқып, жыр мүшәйрада суырылып көзге түскен қалам иелеріне арнайы сыйлық пен дипломдар табыс етілді. Мүшәйрада, I орынды Құндыз Тұрдықызы иеленді. II орынды ақын Айжан Тәбәрәкқызы иемденсе, III орынға Әлімжан Әлішер мен Бауыржан Игілік қол жеткізді.


Марапат.jpg


Әлімжан Әлішер.jpg


Айта кетерлігі, шетелдік қандастардың қаламынан тербеген атамекен, ел мен жерге деген ыстық сағынышы мен халқына деген сезімдері әрбір жанның жүрегін лүпілдетіп, санасын бір сілкіндіріп тастады.


Көк ту.jpg


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар