Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітабы жарық көрді

24.05.2016 243

Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітабы жарық көрді


IMG_1535.JPG




Бүгін Ұлттық Академиялық кітапхананың академик М.Жолдасбеков атындағы залында «Қазақстан Жастарының Конвенті» жеке қорының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақ радиосы директорының орынбасары – Шалқар радиосының директоры Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.


Тұсаукесер рәсімін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидар Амантай жүргізді. Қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы ел тәуелсіздігінің тұғыры әрі алғышарттарының бірі ретінде қарастырылған кітаптың тұсаукесер рәсіміндегі лентасын ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов,«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы және тележурналистиканың ардагері, жазушы, сыншы, Сұлтан Оразалин қиды.

 

Сондай-ақ дөңгелек үстел форматында өткен келелі жиынға Астана қаласындағы зиялы қауым өкілдері мен ҚР Парламент Мәжілісінің депутатары және белгілі ғалымдар қатысты. Олар өзара пікір алмасып, қазақтың ұлттық идеясы мәселесін бүгінде өз дәрежесінде бағамдай алып жүрміз бе деген мәселе тұрғысында ой бөлісті.


Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен онға жуық кітапты жарыққа шығарған Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» атты жаңа кітабы магистранттар мен докторанттарға, профессор-оқытушылық құрамына және қазақ ұлттық идеясының философиялық мәселелері қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналған.


IMG_1592.JPG

Бұл тәуелсіздік hәм қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы тағылымын бүгінгі ұрпаққа сіңіру парыз. Жалпы ұлттық идея тақырыбында атқарылар ауқымды жұмыс алда. Қазақтың ұлттық идеясы мәселесінде кәсіби мамандармен қатар, қалам ұстаған қауымның жазған жаңа еңбектерін рухани айналымға қосу парыз. Бұл өсер ұлттың өрісін кеңейтіп қана қоймай, болашаққа бағдар болары анық.


IMG_1584.JPG



IMG_1669.JPG


IMG_1609.JPG



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар