Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ауыт Мұқибек: Қабдеш болу бұл күнде әркімге арман

23.05.2016 246

Ауыт Мұқибек: Қабдеш болу бұл күнде әркімге арман



21720-6-_abdesh_zh_mad_lov_aza_ru.jpg

Қабдеш Жұмаділовке


Алатаусың сен бүгін, асқақ кеудең,
Именбейсің жаудан да тап-тап берген!
Бір обылыс жұрт болды бұл күндері,
Арғы беттен қазағың бастап келген!


Шеттегі елде шерлі көп, шерменде көп,
Күтеді ылғи телміріп елден көмек!
Ақорданың бүгінде ақылшысы,
Сол көшке еріп бесікте келген бөбек!


Табыстырдың сол елді елмен жаңа,
Импе́рия өзі оған берген баға!
Мемсыйлықтың иесі бұл күндері,
Сол көшке еріп тайыншамен келген бала!


Болдың бүгін біз үшін аға сыйлы,
Кең кеуденің ғана елге жаны айшиды!
Айтқаныңды тыңдайды бүкіл қазақ,
Жазғаныңды жастанып тағы оқиды.


Жаңылмадың сертіңнен, мақсатыңнан,
Қосылдың кеп талантты топқа тыңнан!
Оқырманың емес пе бір партия,
Құрам десең, қасқайып сапта тұрған!


Таулар аз ба өзіңдей даламда асқақ,
Сол тауларды бір сұмдар арандатпақ!
Біз бақытты болар ек, сертте тұрып,
Соған мүше болуға жарап жатсақ!


Іс бітпейді лепірген тойдағы әнмен,
Пана бола алмайды қойға қанден!
Қабдеш болу бұл күнде әркімге арман,
Қалай болу жағын да ойлаған жөн!


Тоқым төсеп, басына ер жастаған,
Енді қайтып кешегі келмес бабам!
Жалғай алсақ жақсы еді, арғы беттен,
Үзіп алмай сол Көшті сен бастаған!


Қанат қанат болмайды жел бітпеген,
Тұрмау керек ешқашан ерлік төмен!
Үмітіңді ақтар ек, сол Көшіңді,
Жеткізе алсақ жерлерге сен діттеген!


Заман бізді барады ескі ағысқа ап,
Тізгініңді тұрмасаң тектеп ұстап!
Көштің туын ұстадың, сол туыңды,
Бір ініңе жақсылап кет табыстап!


Пана болдың, жел соғып, уық сынса,
Аямадың заманды ел былықтырса!
Қазақ сорлы ешкімнен болмас еді,
Сексен жылда бір Қабдеш туып тұрса!!!


Ауыт Мұқибек


23.05.2016
Астана - Алматы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар