23 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада Славян жазбалары мен мәдениеті күндері өтеді

18.05.2016 74

Астанада Славян жазбалары мен мәдениеті күндері өтеді


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Славян жазбалары мен мәдениеті күндерін өткізеді.


Шара барысында славян жазбаларын зерттеуші жетекші ғалымдар славян жазбаларының түрлі аспектілері, славян тілдерінің бүгінгі ахуалы бойынша өзара пікір алмасады, сондай-ақ өзекті мәселелерді зерттеу мен бірлесе шешудің жолдары қарастырылады.


Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы славян және түркі мемлекеттерінің өкілетті елшілері, қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, этно-мәдени бірлестік және БАҚ өкілдері қатысады.


Шара аясында «Славян және түркі мәдени-тілдік байланыстары: дәстүрлер мен құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Шара славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған концерттік бағдарламамен аяқталады.


Байланыс телефондары: 8(7172)408367, 87023768400

Өтетін орны: Өтетін уақыты:

Конференция-

Астана қ., Кенесары к-сі, 39

Ресей ғылым

мен мәдениет орталығы 24.05.2016ж. сағ.: 14.00


Концерт-

Астана қ., Желтоқсан к-сі., 11

М.Горький атындағы

Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 24.05.2016 ж. сағ.:18.30



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар