Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Тіл - татулық тірегі» форумына қатысушылардың үндеуі

13.05.2016 221

«Тіл - татулық тірегі» форумына қатысушылардың үндеуі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 13 мамырда Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумын өткізді.

Форум аясында салтанатты жиын, дөңгелек үстел және акция ұйымдастырылды.


Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, өңір басшылары, республиканың барлық өңірлерінен мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде қызмет істейтін мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.


Форумның нәтижесінде қатысушылар еліміздің жастарына үндеу жариялады.



«Тіл - татулық тірегі» этнос жастары республикалық форумына қатысушылардың еліміздің жастарына 


ҮНДЕУІ



Біз, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына қатысушылар, тәуелсіз еліміздің патриоттары ретінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қоса отырып, республика жастарына үндеу жариялаймыз.


Біз, қоғамның негізі болып табылатын қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға бағытталған Елбасының салиқалы саясатын қолдаймыз.


Біз, Елбасының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарын іске асыруға атсалысамыз.


Ұлт жоспары - еліміздің гүлденуі, жарқын болашаққа бастар жол екенін ескеріп, қазақстандық жастарды осы істің ұйытқысы болуға шақырамыз.


Қуатты мемлекеттің тұрақтылығы мен татулығына негізделген, Ел бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, мерейін өсіру әр қазақстандықтың азаматтық борышы деп санаймыз.


Біз – тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті жастары бейбітшілік пен татулығы жарасқан елімізде Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» саясатын қолдай отырып:


- қазақ тілін мемлекеттік тіл;


- орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі;


- ағылшын тілін жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде дамытатын боламыз.


Сондай-ақ:


- мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйренуге;


- мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға;


- мемлекеттік тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамытуға;


- мемлекеттік тілді Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тіліне айналдыру жолында бар күш-жігерімізді біріктіруге шақырамыз!


Мемлекеттік тіл - жаһандану үрдісінде өз қолтаңбасын айшықтай отырып, рухани келісімнің нығаюы мен ел тыныштығының мызғымас кепіліне айнала берсін! 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар