Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада Олжас Сүлейменовпен кездесу кеші өтеді

06.05.2016 205

Астанада Олжас Сүлейменовпен кездесу кеші өтеді


12 мамыр күні сағат 15.00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада 25 жасында бір поэмамен танылып, даңқы әлемге тараған асқақ ақын, тілтанушы, көне түркі тілін зерттеуші, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесу кеші өтеді.


Шараға еліміздің зиялы қауымы, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысады.




«Олжастың ұлттың тағдырына қатысты үш үлкен ерлік істеді. Бірінші, 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқандар Олжастан араша сұрап көп келетін. Ол 1987 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды қорғайтын құқықтық комиссия құрып, қылышынан қан тамған қызыл империяның кезінде қазақтың ұл-қыздарын қорғады. Екінші, 1988 жылы 24-сәуірде Орталық комитетке хат жазып, мені Жоғарғы соттың бастығымен жолықтырып, артынан комиссия құрып, Алаш арыстарын ақтауға тікелей мұрындық болған да Олжас. Үшіншіден, 1989 жылы 27-ақпанда «Невада-Семей» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына тікелей атсалысып, ұлтты ауыр қасіреттен аман алып қалды.

...Олжасты түсіну үшін Олжастың деңгейінде ойлау керек. Олжас өз ұлтының көк семсері!» - дей отырып, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Олжас ақынның нақты бағасын берген.


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар