23 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Ханбибі Есенқарақызы оқырмандарымен кездесті

17.04.2016 677

Ақын Ханбибі Есенқарақызы оқырмандарымен кездесті


ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада «Бұл кітап әлемі…» атты Кітап айлығы аясында «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ханбибі Есенқарақызы мен оқырмандардың кездесуі өтті.


13.jpg


Басқосуда белгілі философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Кенжеғали Мыржықбай, сондай-ақ белгілі ақындар Серік Тұрғынбекұлы, Оңайгүл Тұржан, Ауыт Мұқибек және жас ақын Әлімжан Әлішер Х.Есенқарақызының шығармашылығы туралы келелі сөз толғай отырып, өздерінің өлеңдерін де оқып кештің шырайын кіргізді.


9 (1).jpg


Әнші Кенжеғали Мыржықбай Ханбибі ақынның сөзіне жазылған «Нұрикамал» әнін техникалық өңдеусіз тірі дауыста шырқап берді.


4.jpg


Осы кешке арнайы келген А.Айталы: «Ханбибінің поэзиясы бір бөлек, оның ұлт үшін сіңіріп жатқан қайраткерлігі бір төбе! Нақты айтқанда, осы Ханбибінің мұрындық болуымен баспаға әзірлеп дайындаған «Ақжол»-дың 20 томдығының 10 томын шығарды. Мұнан бөлек тағы да 5 томы дайын тұр екен. Осы атқарған ерен еңбегінің өзі – Мемлекеттік сыйлыққа лайықты емес пе?!» — деп ақын азаматтығына ерекше тәнті болды.


11.jpg


Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Әлихан Бәйменов: «Мен ақындарды ең бірінші философ деп ойлаймын. Олар өлеңмен үлкен ой айта алады. Бірақ барлық ақындарға бұлай баға бере беруге де келмейді… Ал Ханбибі Есенқарақызының өлеңдері сол тұрғыдан жауап бере алады деп ойлаймын», — деп өзінің ақжарма пікірімен ақын көңілін бір серпілтіп тастады.

10.jpg

Мұнан бөлек арқалы ақын Серік Тұрғынбекұлы әріптесіне өзінің арнаған өлеңін оқыды. Түркиядан келген Ыстамбұл университетінің профессоры, шоқайтанушы ғалым Әбдулақап Қара және ҚР Дін істері агенттігінің басқарма басшысы Айнұр Әбдірасылқызы, ақын «Тұмар» журналының бас редакторы, ақын Оңайгүл Тұржан Ханбибі ақын туралы ойлы естеліктер айтты.


3-1.jpg


«Жалған сөздің жарлығын жалп еткізіп сөндірдім» дейтін шамырқанулы шайыр Х.Есенқарақызы да оқырман қауымға өзінің жүрекжарды өлеңдерін оқып берді.




«Періште емес пендемін, Астана емес, елдемін» деп өлең оқыған ақын кеш соңында: «Кітапхана мен ақынның кіндігі қашаннан да бір ғой. Келген оқырман қауым көп болмаса да, бұл жерге керең құлақтар емес, өлеңді түсінетін, ақынын іздейтін нағыз елең құлақтар жиналған екен, соған ризамын!» — деп өз алғыс білдірді.


Бауыржан Берікұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар