Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін ақын Несіпбек Айтұлы оқырмандарымен кездеседі

13.04.2016 234

Бүгін ақын Несіпбек Айтұлы оқырмандарымен кездеседі


740681f7d3c330044434151d9906ddab (1).jpg


Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Әдеби мейманжайында» сағат 15.00-де «Бұл кітап әлемі...» атты Кітап айлығы аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Жамбыл және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, ақын Несіпбек Айтұлымен кездесу өтеді.


Несіпбек Айтұлы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы шығармашылық байланыста. Ақын – республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің мүшесі, әдеби кештерге де белсенді қатысып келеді. Өткен жылдың қараша айында кітапханада ақын Несіпбек Айтұлының 7 томдық жаңа жинағының тұсауы кесілді.


Жинақтың 6 томына автордың тырнақалды туындыла­рынан бастап, ақындық жолында жазылған таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енген. Ал соңғы 7-том­ында автордың публицистика­лық еңбектері мен әр жылдары бер­ген сұхбаттары ұсынылған. Мұнда әдеби үрдістер, әдеби сын жө­нінде айтқан сүбелі ой, тол­ғам­ды пікірлері бүгінгі қазақ әдебие­тінің де жай-күйінен сыр шертеді. Көп томдық көпшілік оқырманға арналған. Ғибраты мол ғұмыр жолында кейінгі ұрпаққа берері мол бедерлі жырлар мен салиқалы мақалалар топтастырылған бұл жеті том оқырмандарына ой салып, қазақ әдебиетінің сан салалы қойнауына жетелері сөзсіз.


Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағы мен басқа да еңбектері, ақынға арналған кітаптар кітап көрмесінде ұсынылады.

Кездесу кешінде Несіпбек Айтұлы өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, жаңа жұмыстарымен таныстырады, аудиторияның сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ ақынның жыр жолдарынан үзінділер оқылады.



Несіпбек Айтұлының жаңа өлеңдерін оқи отырыңыз


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар