Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ: «ЖҮРЕКТІҢ КӨЗІ АШЫЛСА...»

04.04.2016 535

Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ: «ЖҮРЕКТІҢ КӨЗІ АШЫЛСА...»




11423686_1481752012148655_7536626419791701697_n (1).jpg

«Жүректің Көзі ашылса, - Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса, - Адамның хикмет кеудесі.

Наданның көңілін басып тұр қараңғылық пердесі.

Ақылдан бойы қашық тұр - ойында бір-ақ шаруасы».


 Міне - біздің ғылыми танымымыздың сұқыты! "Бәтір-ау, "Жүректің Көзі" деген бұл ұғым бабаларымыздың Адамтанудағы көнедүниетанымдық өз қазынамыздан емес пе екен осы?" - деген ырысты Ой әлгілердің бір де бірінің қаперіне кіріп те шыққан емес. Ол да - заңды. Өйткені, біз - соңғы ғасырлар бойы өзгені - құдай, өзін құл санап, ұдайы жалбаңдаған ессіз елікпе елпеңнен ой-санасының отыз екі омыртқасы да екі бүктеліп қалған сорлы халықпыз ғой. Жартылайдінді-жартылайдінсіз бұқара жағдайының да "ақылдан бойы қашық тұр - ойында бір-ақ шаруасы" болатындығы да содан.


"Жүректің Көзі", шынында да, - байырғы дана бабаларымыздың Адамтану ғылымының кескекті бір көркем ұғымы.

Сонымен, әңгімемізді бастаймыз.


1


Кезінде "Қазақ Әдебиеті" газетінде осы аттас мақаламыз жарияланар ма еді, жарияланбас па еді, егер, профессор-математик әрі діндар бір ағамыз аталмыш газеттегі Ата Тіл туралы мақалаларымыздың бірінде ислам діні туралы айтылған бір ауыз пікірімізге қарсы дау көтермегенде? Содан екі жыл бойы үздік-создыққа түскен пікірталас ақыры "Жүректің Көзі" ашылса..." атты мақаламызбен аяқталды. Онда оппонентіміздің біздің дәлелдер мен дәйектерімізге қарсы қолданған соңғы "мықты аргументі" ретіндегі "Гедел теоремасының" ("адам ақылының шектеулілігі" жөніндегі философиялық-математикалық бір қисын) да тас-талқаны шықты. Әрине, оны "талқандаған" да біз емес, - бағзы бабалар қалдырған кемел дүниетаным қағидаттары мен Ата Тілдегі аңқымалық дана постулаттар. Әрине, бұ жазбаларымызда біз оларды бастан-аяқ қайыра қайталап айтып жатпаймыз. Десек те, "адам ақылы шектеулі" деген тұжырымның мүлде қате пайым екендігі жөнінде, бұ жолы да қысқа-нұсқа бірер сөз айтуға бәрібір міндеттіміз. Мәселен, христиан мен ислам діндеріне салсақ, "адам - Құдайдың ақыл-есі шектеулі құлы". Яғни, мұсылмандар да сондай жалған пайымға имандай ұйыйды. Ұйымағанда қайтеді енді, егер, бар білген "ғылым-білімдерінің" негізгі ұстыны "бес парыз" ғана болса. Ол мынадай: 1. Алланың барлығына, бірлігіне, Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне еш күмәнсіз сену. 2. Бес уақ намаз. 3. Зекет. 4. Ораза тұту. 5. Жағдайы болса, қажылыққа бару.


"Осы бес парызды адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман" саналады. Неге солай ғана болу керек, оған мұсылман бауырлар бас қатырып жатпайды. Еш ойланбайды, еш ізденбейді. Олардың ақыл-есінің шектеулі болатындығы да сондықтан. Ал, соларға "Адам дегеніңіз - Рух (Эго) пен оның бағымындағы Жан (Ақыл-Ес) емес пе?" Адамды кемел танып білуіміз керек қой" - деп, Адамтану ғылымы жөнінде әңгіме бастауға ниет ете қалсаңыз: "Олар сенен жан (руһ) туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана", - де" ( "Исіра" сүресі. 85-аят. 243-б. Құран. ауд. Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уаһап Қыдырханұлы. Алматы. Жазушы. 1991 ж.) деген аятты көлденеңдете қояды. Оларға одан басқа "аксиоманың" қажеті жоқ. Яғни, "Құдай бізге ақыл-сана бере тұрып, оны шектеп тастаған". Ендеше, Құдай дегеніңіз барып тұрған әділетсіз болғаны да! Ә-әә, жоқ, Құдайды олайша жазғыру - кәпірлік. Құдай - әділетті: "Ақыл деген - ө л ш е у с і з бір жарық Нұр" (әулие Шаһкерім). Абайдың 28-Сөзінің тұжырымына сәйкестендіре айтсақ та, "Құдай бізге сана берді. Оны шектеулі етіп қойған Құдай емес - өзіміз" деген ақиқат айқындалады.


2


Демек, адамның ақылы шектеулі емес, "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр" (Шаһкерім әулие). Соның өзі - "Адамның Басы - өзінше бір нұрлы Күн (Кіші Күн)" деген де сөз. Ол танымның мәнісін қаузай бастасақ, әңгіме ұзаққа кетеді. Сондықтан, негізгі тақырыпқа ауысайық.


"Жүректің Көзі ашылса, - Хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, - Адамның хикмет кеудесі" (Абай). Мұндағы "хикмет" сөзі - "керемет сырларға толы ақылдың құпия ғаламы" деген мағынада. Адам сондай ғажапқа ие болу үшін, "жүрек Көзінің ашылуы" шарт екен. Ол нендей "Көз"? Ол "Көз ашылғанда, сәуле түсіретін Хақтық" дегеніңіз - нендей жұмбақ дүние? Ал, "іштегі кір" ше? Міне, осы сұрақтарға жауап беруіміз керек.


Сонымен, өте тұрпайы түсінік бойынша, "жүрек дегеніңіз - өле-өлгенше жұмыс істеп тұратын қан насосы". Насос дегеніңіз - механизм. Ал, механизмнің "Көзі" болушы ма еді? Әрине, болмайды. Ендеше, жүрек туралы сөзге жүректің рухани қабілетін басты бағдар етіп алмақ абзал. Ол нендей "рухани қабілет"? Оны айтпас бұрын, әуелі "ЕС (Қош Еге + Көсеге) пен оның он екі мүшесі" деген аңқымалық көне танымды білмек жөн. Оның мәнісін біз "Естің он екі Ес-Ұлы - "Иисустың он екі апостолы" және "Мүңкімелік "Иуданың" аңқымалық сыры" атты жазбаларымызда (олар парақшамызда сақтаулы) біршама айтып өткен болатынбыз. Яғни, арғы дана бабаларымыздың "ЕС пен оның он екі мүшесі" деген аңқымалық көне хақ танымы "Бес Күндік Жалған" Бестігі (КҮН-Күн нұры-Ауа-Су-Топырақ) негізінен еш бұлжымайтын "ЖҰПАР ШЫНДЫҚ - Аңыз - Миф - Ертек (я Кырықөтірік) - Религия" түріндегі керкеткентанымдық керітрансформация кесірінен, "Иисус пен оның он екі апостолы" түрінде персонификацияланады екен. Ал, бір апокрифте "Иисустың" (Естің) жетікөзді" екендігі де айтылады. Ол дегеніңіз - Естің басты жеті мүшесі бар" деген сөз. Ол қандай мүшелер?


3


Апокрифтік шығармаларда "Иисустың" (Естің) жетікөзді" екендігі де айтылады. Ол дегеніңіз - "Естің басты жеті мүшесі ("көзі") бар" деген сөз. Ол қандай мүшелер? Оны анықтау үшін, "Естің он екі Ес-Ұлы - "Иисустың он екі апостолы" атты жазбаларымызда (олар парақшамызда сақтаулы) айтылған он екі мүшені қайта еске түсірмек абзал:

"он сезімдік мүше һәм тіл мен қол-аяқ".

Бұлардың соңғы екеуінің біздің заттанған әлемге сай "заттық мүшелер" екендігі де айтылды. Қалған сезімдік он мүше - "дәттік" мүшелер" деп аталуға лайық ағзалар. Олардың басты төртеуі - жүрек, өкпе, емшек және кәдімгі көз. Олардан кейінгі үшеуі - құлақ, мұрын һәм таңдай (дәм сезу органы; ол туралы "таңдайды жұлып кетеді", "таңдайға тату я татымау", "Таңдайдың тұшынуы", т.т. фразеологизмдер бар; әрине, тілдің де дәм сезуге қатысы бар, бірақ,, аңқымалық таным бойынша, ол - "сөйлеу мүшесі", қол-аяқ - "істеу мүшесі"). Осы жеті мүше - басты мүшелер. Онан кейінгі үшеудің басы - жыныс мүшесі. Ол тұстан, ұрықпен қоса, несеп те сыртқа бөлінетіндігі белгілі. Онан кейінгі ретте - "көтенмен" аяқталатын асқорыту һәм қан өндіру, т.с.с. физиологиялық қызметтерді атқаратын мүшелер жиынтығы. Ең төменгі, түпкі сезім - "ден сезімі" аталуға" лайық сезім. Оның өзі төртке бөлінбек: ыстық пен суықты, ауыр мен жеңілді, қатты мен жұмсақты һәм дымқыл мен құрғақты сезу.


Осы оны түрлі он сезім мүшелері осында айтылған ретпен өзінше бір "иерархия" құрайды. Оған "заттық мүшелер" ретіндегі тіл мен қол-аяқты қоссақ, - он екі. Сол он екінің "Патшасы" - ЕС (Қош Еге+Көсеге). Яғни, Естің басты "жеті көзі" ("Иисустың жеті көзі") - осылардың ең жоғарғы төртеуі (жүрек, өкпе, емшек, көз) мен құлақ, мұрын, таңдай. Жүрек бастатқан төртеу, физиологиялық қызметпен қоса, рухани қызмет те атқарады. Біз оларды тәптіштеп айтып жатпаймыз.


Бұл айтылғандардың бір түйіні - "он көзді Ес" деген аңқымалық танымның өте көне екендігі. Олай болмаған жағдайда, жетікөзді Иисус" персонификациясы да болмаған болар еді. Яғни, бабаларымыздың аңқымалық сол кемел танымының мүңкімелік (христиандық) түрге енуі үшін, өте-өте көп заманның өтуі керек болатындығы өзінен-өзі түсінікті.


4


Қош. Сонымен, Естің он екі мүшесін біршама таратып айттық. Олардың "сөйлеу мүшесі" (тіл) мен "істеу мүшесі" (қол-аяқ) ретіндегі екі мүшесінің заттанған осы әлемге сай "заттық мүшелер" екендігі де баяндалды. Қалған оны - сезімдік мүшелер. Олар - жүрек, өкпе, емшек, кәдімгі көз, құлақ, мұрын таңдай, жыныс мүшесі", көтенмен" аяқталатын асқорыту һәм қан өндіру, т.с.с. физиологиялық қызметтерді атқаратын ағзалар жиынтығы (біз оларды тұтастай алып, шартты түрде, "қорек мүшесі" деп атаймыз) және "ден" мүшесі".

Бұл онның "иерархиялық" реті кемпірқосақ аяларының орналасуы заңдылығынан еш бұлжымайды:

жүрек (ақжалын нұр)

өкпе (мөлдіржалын нұр)

емшек (қызылжалын нұр)

көз (қызылсарыжалын нұр)

құлақ (сарыжалын нұр)

мұрын (жасылжалын нұр)

таңдай (көгілдіржалын нұр)

жыныс мүшесі (көкжалын нұр)

"қорек" мүшесі (күлгінжалын нұр)

"ден" мүшесі (қаражалын нұр)

Кәдімгі Күннің ақ нұрының "Ньютон ашты" делінетін "спектрінің" орналасу ретінен (ол жаңалық та Ньютон ашқан жаңалық емес - байырғы бабаларымыздың танып-білгені, оның бір сырын біз осы жазбалар барысында айтып та берерміз) еш бұлжымайды. Неге? Өйткені, Қош Еге мен Көсегенің біртұтастығы ретіндегі ЕС жарықтық - қандайда бір "жасампаз АҚ ОТ-НҰР" ретіндегі Күн (Кіші Күн). Яғни, "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр" (әулие Шаһкерім). Ол "Кіші Күннің" он түрлі он нұры "Ес кемпірқосағын" түзеді. Сол "кемпірқосақтың" он түрлі он аясында - он түрлі сезім мүшелері орналасқан. Басқаша айтсақ, Адам дегеніңіз - қандайда бір "Күн+Кемпірқосақ" біртұтастығы.


5


Енді, аталмыш он (10) мүшеге байланысты, аңқымалық ежелгі танымдардың бір парасын келтірейік:

1. "Төрт Көз".

2. "Төрт Көзіміз - түгел".

3. "Екі көзім - төрт болды".

4. "Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді.

Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді".

5. "Бес - бересі, алты - аласы".

6. "Берерменге - бесеу аз, аларманға - алтау аз".

7. "Алты бақан - алауыз".

Осылардың әрбіреуі - Аңқымадағы Бестаным (Адамтану, Табиғаттану, Күнтану, Ғарыштану, Тәңіртану) ғылымының басы ретіндегі Адамтану ғылымының бір-бір постулаты. Әңгімелеуге кіріссек, бұлардың әрқайсысы - өзінше бір даналық. Ал, біз, әдеттегідей, өте қысқа да нұсқа сөйлеуге тырысамыз. Кезек - Бестанымның негізі ретіндегі Сөзтанымда.

1. "төрт Көз".

Жүрек, өкпе, емшек, көз.

2. "Төрт Көзіміз - түгел".

Бұл - "төрт Көзіміз - кемел" деген сөз.

3. "Екі көзім - төрт болды".

Бұл да - құрамына кәдімгі екі көз де кіретін "төрт Көздің" (жүрек, өкпе, емшек һәм кәдімгі екі көз) түгелденуін яки кемелденуін білдіретін постулат.

4. Төртеуі түгел болса, - төбедегі келеді,

Алтауы ала болса, - ауыздағы кетеді".

Аталмыш нақылдың "жарместенген" нақыл екендігін ұғу үшін, біз "Бассыз қалған Ел" атты жазбамызда (ол да парақшамызда сақтаулы) баяндалған "Сөздің Бассыз қалуы" құбылысын да еске аламыз. Мысалы, "Тау басына хан көтеру" фразеологизмі "... басына хан көтеру" (ерекше құрметтеп, сыйлау.,) түрінде "бассызданады". Сондықтан, әуелгі аңқымалық мағынасы да өзгеріп кетеді. Себебі, өзіндік бір ғажап көркемтанымдық философияға ие аңқымалық ежелгі Тау я Төбе культі баяғыда адыра қалған. Сондай-ақ, "Нақыл-сөз ақсайды" я "аяғынан біржола айырылады". Немесе, кейбір даналық Сөздердің "беломыртқасы күйреп кетеді". Тіл тірлігінде, тіпті, "Сөздің ақымақтануы" құбылысы да бар. "Есінен адасып қалған Сөздер" де болады. Біз солардың барлығына мысал келтіріп, сөзді көбейтпейміз.


6


Біз солардың барлығына да мысал келтіріп, сөзді көбейтпейміз. Тек, "Есінен адасып қалған Сөздердің" біріне ғана тоқталайық.

Егер, біз Адамтанудың алда айтылған "Төрт Көз", "Төрт Көзіміз - түгел (кемел)". "Екі көзім - төрт болды" постулаттарын еске алсақ, онда ұлттық Жадымыздан аңқымалық мына бағзы нақыл жалқындап шыға келеді:

"Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көз көреді.

Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөз өледі".

Қадымдағы аңқымалық осы кемел нақыл "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді" түрінде "есуастанады" да, оның мағынасын жұрт сан-саққа жүгіртіп, естері шығады. Неге? Себебі - бұрын айтқандағымыздай: "Бес Күндік Жалған" аталмыш осы Әлемнің "КҮН - Күн нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)" түріндегі керітрансформациялық заңдылығынан ешкім де, ешнәрсе де тыс қала алмайды. Заманалар да сол заңдылық бойынша, "ЖҰПАР ШЫНДЫҚ" замандары - "Аңыз" замандары - "Миф" замандары - "Қырықөтірік" замандары - Религия замандары" түрінде керітрансформацияланады (келешекте сондай "сөну" трансформациясы" заманаларына керісінше "жану" трансформациясы" заманасы басталмақ; ол жөнінде де біз соңыра бір сөз айта кетеміз). Яғни, Адам Баласы керкеткен заманалар бойы ұдайы арсыздана жадсызданумен болады да, ақыры, өздерінің "Жұпар Шындық" замандарындағы арғы бабалары кемел меңгерген Сөзтанымдық-Бестанымдық барша қош қағидалардан мақұрым күйге түседі. Сөйтіп, соқыр сенім ілімі (Мүңкіме) ретіндегі діндерге заманалар бойы құлдануға көшпек. "Адамзаттың есуастануы" дегеніміз - сондай қасірет. "Есуас" адамзаттың Сөздерінің де "есуас" болмағы және заңды. Ал, ақылды адамдар бақытты ғұмыр кешкен байырғы "Жұпар Шындық" замандарынан арғы кезең - АҢҚЫМА (Жұпар Ақиқат) дәуірі. Оның өзі де - бес Күндік Жалған Бестігінің басында Күн Құдайы тұратындығына сәйкес заңдылық. "Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді. Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі" нақылы да - сол, Аңқыма дәуіріндегі Адамтану ғылымының кемел постулаттарының бірі. Енді аңқымалық осы қағиданы барынша қысқа да нұсқа түрде талдауға көшелік.


7


Әрине, жұрттың білері - бес-ақ сезім ғана: көру, есту, иіс, дәм және "ден" сезімі. Яғни, бабалар айтқан он сезімнің бақандай бесеуінен мүлде мақұрым. Сондықтан, олар "алтыншы сезім" деген қайдағы бір қияли "құбылысты" ойлап тапты. Бірақ, онысын өздері бір-біріне дұрыстап түсіндіріп те бере алмайды. Әншейін, "түйсік түкпіріндегі қандай да бір көреген сезім ғой" деп қана жұбатады өздерін. Ал, қарындарының ашқанын я тойғанын сезсе де, оны сезімге жатқызбайды. Түн баласы өздерін (ересектерді айтамыз) интимдік көңіл-күйге бөлейтін, ләззат силайтын жыныстық сезімді де сезім деп есептемейді. Енді, сондай қарапайым құбылыстарды да білмейтіндер он сезімнің ең жоғарғы мәртебелілері болып табылатын қасиетті "төрт Көздің" (жүрек пен өкпенің һәм емшек пен кәдімгі көздің) табиғатын қалай танымақшы? Тани алмайды әрине.

Жә, сонымен, біз аталмыш он сезімге қатысты аңқымалық постулатты мейлінше қысқа да нұсқа түрде талдауды бастаймыз.

"Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді.

Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі".

Мұндағы "төрт Көз" - жүрек, өкпе, емшек және кәдімгі көз. Ал, "төрт Көз түгел болса" дегенді Сөзтаным ғылымы "төрт Көз кемел болса" түрінде түсіндіреді. "Төрт Көздің кемел болуы" деген не сөз? Ол - сол "Көздердің" әрқайсысының өзіне ғана тән рухани нұрының барынша қуаттануы" деген сөз. Онда, "Төбедегі Көз" дегеніміз нендей "Көз"? Оны білмек үшін, әуелі, Адамтанудағы "Төбе" терминінің мәнісін білмек керек. Аңқымадағы "Төбе" туралы танымның қасиетті ұғымдары "Төбенің Көкке екі елі жетпей қалуы", "Екі қолын төбесіне қою", "төбе шаш", "Төбелес", т.с.с. болып кете барады. "Құдайдың төбеден ұруы", "Төбемен жорту", "Төбеден жай түсу" секілді қарғыстармен қатар, "Төбе Бій", "Төбе Ұл", "төбе ит" (төбет), "Мартөбе", "Күлтөбе", "Көктөбе", "Жайтөбе" ("Тайтөбе"), т.т. төбелік сансыз терминдер және бар. Әрқайсысы өзіндік ғылымға ие. Ал, нақты адамның тұрқына қатысты алғанда, "Төбе" деп Бастың мый орналасқан бөлігінің жоғарғы жағын айтады. "Естің он екі Ес-Ұлы - "Иисустың он екі апостолы" атты жазбаларымызда (олар парақшамызда сақтаулы) біз ол Төбенің Аңқымадағы көркемтанымдық ежелгі сипаты діни персонификациясының "АЛ"-"гол(г)офа"-голова" екендігін де айтқанбыз. Қош. онда, сол "АЛ-Төбедегі Көз" дегеніміз қандай "Көз"?


8


"Төбедегі Көз" дегеніміз қандай "Көз"? Оны айтпас бұрын, "Көкірек Көзі", "Көңіл Көзі" деген фразеологизмдерге тоқталайық. Олар - жүректің "Көзіне" қатысты пайымдар. "Ой Көзі" (Абай), "Жан Көзі" (Шаһкерім), "Төбетесік" ("Төбесі тесік" түрінде де айтыла береді) және "Төбекөз" (Төбедегі Көз) деген анықтамалар - мыйдағы Рух "Көзіне" я Көз"-Рухқа байланысты қолданылады.

Керкеткен заманалар кесірінен, "Төбетесік" ("төбесі тесік") деген ежелгі ұғымының о бастағы "Адамның көз көрмейтін дүниелерді көріп тұрарлық төбедегі Көзі" деген аңқымалық мағынасынан қалғаны - "өзге тілді түсінерлік қабілеті бар" деген шалапайымдық түсінік қана. Ал, "Төбетесік" терминінің синонимі ретіндегі "Төбекөз" атауы - Бестанымдағы аңқымалық өте көне термин. Оның мәнісін біз былайша түсіндірейік. Мәселен, Бестанымның (Бес Танымның) бірі ретіндегі Күнтаным ғылымы бойынша: "Күн - "нұрлы Бас", Бұ Дүние - "Дене". Оның екінші бір аналогы - "Күн - "Жұмақ Ес әлемі", Бұ Дүние - "Тау". Аңқымалық бұл көне танымдар жайында біз бұрынғы жазбаларымызда (олар парақшамызда сақтаулы) да біршама айтып өттік. Осы аналогиялық екі танымды біріктіре қарастырсақ, мынадай болып шығады:

"КҮН (нұрлы Бас-Жұмақ Ес әлемі) + БҰ ДҮНИЕ ("Тау-Дене")

Енді, Күннің "құдайлық Көз" екендігі жайында бір-екі сөз. Мәселен, Күн Құдайы (Рухы) мен Күннің көнедегі сансыз атауларының бір парасы - "ҚАР", "АҚ", "ӨС", "АЛ ӨС". "БӘТ ЫРА". Алдыңғы екеуі, сынесімдік тұрғысынан қарастырғанда - синоним сөздер. "ҚАР" (Ақ Күн.,) = "АҚ" (ақнұрлы Күн; Күннің ақнұрлық ағымы.,). Ал, аңқымалық көркемтаным бойынша, Күннің өзі - "бүкіл әлемді бақылап-көріп тұратын Құдай Көзі". Күннің көпмағыналы көне "ҚАР" атауынан - "қара" ("ҚАР+а"; смотри) сөзінің; ал, "Әк", "Әке", "Аға", "Оқ", "Хақ", "Уық", т.с.с. сансыз сөздер туындайтын көне "АҚ" атауынан славяндық "ока" ("ОК+а"; ) сөзінің туындауы да содан. Сол сияқты, славяндық "смотри" ("с+Мот Ри"; қара) сөзі де - Күннің ежелгі "БӘТ ЫРА" (жайнаған Күн.,) атауынан туындаған сөз. "Бәт Ыра" атауы, Б-М құбылы арқылы, "Мәт Ыра" (Мәтыра) кейпіне енеді де, одан бүлінгі "с+Мотри" сөзі пайда болады. "Бәт Ыра" (Бәтыра) атауы негізінде "бадырай", "бадырақ" сөздерінің туындауы да - аңқымалық көркемтаным бойынша, бабаларымыздың Күнді "Құдай Көзі", "құдайлық Көз" деп санағандығынан.


9


Әрине, бұл мысалдар сөздер құрамындағы дыбыстық ұқсастықтарды малданған "қожанасырлық" пайымдар емес, - Тіл тірлігіне қатысты "Сөз - Сөзден туады, сөйлемесе, қайдан туады" (Ой - Ойдан туады, ойланбаса, қайдан туады) қағидасына орай, Сөзден Сөздің (я Сөздердің) құбыла я бүліне жаратылуы, т.т. заңдылықтары ғылыми негізге алына нақтыланған тұжырымдар. Ол заңдылықтарды тәптіштеп жату бізге мақсат емес. Ал, жалпы, "Сөз - Сөзден туады..." түріндегі әмбебап қағиданы "бір Ел Тілінің негізінде өзге бір жұрттардың тілі құбыла я бүліне түзіледі" түрінде де ұғына білген жөн. Оның мәнісін де айтып жатпаймыз.

Қош. Аналогиялық мысалдарды ары қарай жалғастырайық.

Күннің "Алаш", "Алас", "Ұлыс", "үлес", "ылаж", "Балхаш", т.с.с. (сәйкесінше, славяндық "Луч", "Лук", "власть", "волос", "волост", "лад", "лысый", "луга", "лошадь", "лось", и т.д,) түрде басталып берер сансыз сөздерді туындататын көнедегі "АЛ ӨС" атауы негізінде, паразит "Г" дыбысы арқылы, славяндық "глаз" ("г+Ыл Аз") сөзі пайда болған. Сол сияқты, Күннің "Каспий" ("к+АС+п+ий"), "Окс" ("О+к+С"; Сырдарияның көнедегі бір атауы), "Гуз" ("г+УЗ") я "Оғыз" ("о+ғ+ЫЗ"), "Ост гот" (шығыс Құт) дегендегі "ОС+т", т.т. тарихи көне атауларға да негіз болған байырғы "ӨС" атауы паразит "Г" дыбысы арқылы, "г+ӨС" кейпіне бір еніп, "гөз" яки "көз" ("к+ӨЗ") түрінде түпкілікті қалыптасады. Сол "ӨС" атауы, "С+Б" симбиозы арқылы, бүлінгі "өС+Б" кейпіне бір еніп, түбір сөздің "Ө" дыбысының түсіп қалуы (Сөздің түбірсізденуі-тексізденуі) салдарынан, "Спи" (көне Сақ тілінде "көз" дегенді білдіреді) деген кейіпте, Геродот "Тарихында" қалды.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болды. Соның бәрі - дана бабаларымыздың Күнді "Құдай Көзі", "құдайлық Көз" "Әлем Көзі" деп те білген бағзы көркемтанымдық ғылымынан.

Енді, осы айтылғандарға орай, алдыңғы жазбада талданған "КҮН ("нұрлы Бас-Жұмақ Ес әлемі") + БҰ ДҮНИЕ ("Тау-Дене")" біртұтастығын "КҮН ("Бас-Көз") + БҰ ДҮНИЕ ("Тау-Дене")" түрінде интерпретациялаймыз. Осы интерпретация бізге мифология мен фольклордағы "Төбекөз", "Киклоп", "Полифем" аталмыш "жалғызкөзді Дәулердің" қадымдағы аңқымалық, көркемтанымдық сырын да ашып береді. Яғни, "Киклоп" та, "Полифем" де - біздің арғы ата-бабаларымыздың ежелгі аңқымалық-көркемтанымдық кемел ұғымдарының персонификацияланған нұсқаларының атаулары.


10


Өткен жазбаларымызда біз Тіл тірлігіндегі текораттық (тектестікке орайғы аттастық) заңдылық жөнінде айтқанбыз. Ол бойынша, Күн Құдайы қалай аталса, оның бағымындағы Жұмақ Күн де, Жұмақ Күннің жұпар Нұры ("САМАЛ+а"; жұпаржелді Нұр) да, ол Нұрдан Жер бетінде жаралып-таралып жататын Табиғат та яки осы Дүние де, "Күн Құдайының жердегі елші-өкілі" ретіндегі елбасылық Тұлға да, т.т. да, бәрі аттас болады. Оған бір мысал етіп, біз "ҚОШ ҚАР... " атты жазбаларымызда "КҮН + БҰ ДҮНИЕ" біртұтастығы формуласының "ЖАУ (нұрлы Күн) + ЖАУ ("ТАУ")" үлгісін де келтіргенбіз. Яғни, Күн астындағы Бұ Дүниенің бастапқы "ЖАУ" атауының таукультіндік бір варианты - "Ж-Д(т)" құбылы арқылы қалыптасқан "ТАУ" (мировая гора) атауы. "КҮН + БҰ ДҮНИЕ" біртұтастығы атауының әуелгі текораттық "ЖАУ+ЖАУ" нұсқасының көркемтанымдық "ЖАУ (Күн) + "ТАУ (Бұ Дүние)" түріне көшетіндігі де содан. Дәл сол көркемтанымдық заңдылық бойынша, "нұрлы Бас" ретіндегі Күннің "алып Денесі" саналатын Бұ Дүниенің ежелгі "ЖАУ" атауы, тағы да сол "Ж-Д(т)" құбылы арқылы, "ДАУ" яки "ДӘУ" кейпіне көшеді. Оның арықшаланған "Дйу" (қате үлгісі: "Дию") үлгісі де бар. Осы айтылғандарды һәм Күннің "Бас-Көз" екендігін де ескерсек, "КҮН + ӘЛЕМ" біртұтастығының "КҮН (Бас-Көз") + БҰ ДҮНИЕ ("Дәу")" варианты да анықталады. Бұл біртұтастық өрнегін "Бас-Көз" (КҮН) + "Дәу" (БҰ ДҮНИЕ) түрінде қолдансақ та, оның мәнісі өзгермейді. Бабаларымыздың аңқымалық көркемтанымындағы "Бас-Көз + Дәу" яки "жалғызкөзді Дәу" ұғымы осылай қалыптасқан. Ал, Күн жай ғана "Көз" емес, "алып Дене" ретіндегі Бұ Дүниенің "төбесіндегі Көз". "Бас-Көз" ретіндегі Күннің "Төбекөз" атауы содан шығады. Сөйтіп, "Бас-Көз" (КҮН) + "Дәу" (БҰ ДҮНИЕ) біртұтастығының "ТӨБЕКӨЗ" ("Төбекөз" атты жалғызкөзді Дәу"-Әлем") деген көркемтанымдық ортақ атауы пайда болмақ.


11


"Бас-Көз" (КҮН) + "Дәу" (БҰ ДҮНИЕ) біртұтастығының "ТӨБЕКӨЗ" ("Төбекөз" атты Дәу"-Әлем) деген көркемтанымдық ортақ атауының "КӨК ҰЛ" және "АЛ ЕМ" деген синонимдік аналогтары және бар. Яғни, аңқымалық көне "Көк Ұл" термині - "КӨК" (Күннің Рух-Құдайы мен оның бағымындағы Жұмақ Ес-Күн) аталмыш Ғажаптың ұлдық ипостасының атауы. Бұл атау да, "Төбекөз" атауы секілді, "Бас-Көз" (КҮН) + "Дәу" (БҰ ДҮНИЕ) біртұтастығының "КӨК ҰЛ" ("Көк Ұл" атты жалғызкөзді Дәу-Әлем") деген көркемтанымдық ортақ атауына айналады. Күн Құдайы мен Күннің сансыз атауларының бірі ретіндегі ежелгі "АЛ ЕМ" ("АЛЕМ"; шипалы ақ емшек-Күн.,) атауының да "АЛ ЕМ" ("Алем" атты жалғызкөзді Дәу"-Бұ Дүние) атауына айналуының сыры сонда.

Бабаларымыздың көркемтанымдық "КӨК ҰЛ" ұғымы көнегрек мифологиясына "КИКЛоп" ("Кик Ыл+оп": жалғызкөзді Дәу") түрінде енеді. Көркемтанымдық көне "КӨК ҰЛ" терминінің "К-С(ж, з, ц.,)" құбылы арқылы қалыптасқан гректік "цикл", "Циклоп" ("Цик Ыл+оп)" үлгісімен қатар, италияндық "Сиц Ил(ия)" ("жалғызкөзді Дәулер мекендеген арал") түрі де бар. Сондай-ақ, Тіл тірлігіндегі текорат заңдылығына орай, "Көк Ұл" термині күнтекті елдің атауына да айналмақ. Ол қазір "Хах Ол" (украиндық бауырлардың арғы-арғы бабаларының күнтектілікті білдіретін ежелгі елдік атауы) түрінде тірлік етеді. Ал, жалпы, Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы бойынша, "Көк Ұл" атауынан "көкіл", "көгал", кекіл", "кәкіл", т.т. сөздер туындаса, славяндық туынды тілде одан "кукла", "гоголь, "хахаль", "хохол" сөздері тарамдалады.

Қош. Енді, "Төбекөз" атты жалғызкөзді Дәу"-Әлем" мәселесіне қайыра оралайық.


12


Қош. Енді, "Төбекөз" атты жалғызкөзді Дәу"-Әлем" мәселесіне оралайық.

Керкеткен заманалардағы жаппай жадсыздану кесірінен, көркемтанымдық "Төбекөз" атты жалғызкөзді Дәу"-Әлем" ұғымы мифтене, "Төбекөз" аталмыш жалғызкөзді Дәу" түрінде персонификацияланып, кейін, оғыз тілінде жазылған "Қорқыт Ата кітабының" "Бисат туралы жырының" басты бір қаһарманына айналып та кетеді. "Төбекөз" атты Дәудің оғызеліндік Бисат батырдың қолынан өлгенін" баяндайтын мифологиялық ол Жырдан біз бір замандағы Оғыз Елінің "Төбекөз" атты күнтекті елді соғыста жеңгендігін аңғарамыз. Елдің ондай күнтектілік бір атауы Геродот "Тарихында" "Аримаспи" ("Арима көз") түрінде де кездеседі. Дұрыс нұсқасы - "ӨРІМ ӨС". Ол - "ӨС" атауы доминант болатын Күн атауларының өзімізге белгілі "АЛ ӨС" ("Алаш"; "Луч".,), "ЖАУ ӨС" ("Зевс"), "МАН ӨС" ("Манас"), "ӨС ӨН" ("Асан"; "Посейдон".,), т.с.с. көптеген атауларының бірі ғана. Елдің күнтектілігін білдіретін "КӨК ҰЛ" атауының "ХАХ ОЛ" түрін де айттық.


Жә, "Қорқыт Ата Кітабындағы" "жалғызкөзді Дәу-Төбекөздің" образы мен мазмұны "Гомер" ("г+Өмір") атты ақынның шығармасы" деп есептелінетін "Одиссеяда" да сол қалпында, еш өзгеріссіз қайталанады. Тек, "Дәудің" аты "Төбекөз" емес, - "Полифем". "Полифем" ("жалғызкөзді Дәу") - біздің арғы бабаларымыздың өзіміз алдында айтып кеткен "АЛ ЕМ" ("Алем" атты жалғызкөзді Дәу"-Бұ Дүние) деген көркемтанымдық көне ұғымының персонификацияланғандағы бүлінгі атауы. Былайша керітрансформацияланады: "Ал Ем - "Алем" - "п+Олем" - "п+ОЛ+и+ЕМ" - "п+ОЛ+и+ф+ЕМ". Бұл жерде біз "КҮН + БҰ ДҮНИЕ" біртұтастығы өрнегінің ежелгі "ЖАУ ӨС + АЛ ЕМ" түріндегі үлгісін де еске аламыз. Оның көнегректік мифологиядағы персонификациясының "Зевс + Олимп ("Олим+п"; "Тау")" түріне көшкендігін де һәм ол өрнектің Тіл тірлігіндегі текоратттық заңдылыққа қайшы екендігін де айтқанбыз. Яғни, Бұ Дүниенің таукультіндік "Ал Ем" (Әлем) атауына орай, Күннің де "Ал Ем" аталуы тиіс болатын: "Ал Ем (КҮН) + Әлем (БҰ ДҮНИЕ)". Ол біртұтастықтың солай аталғандығын көркемтанымдық ежелгі "АЛ ЕМ" ("Алем" атты жалғызкөзді Дәу"-Бұ Дүние) атауы айтып тұрады. "АЛ ЕМ" аталмыш ол ұғымның персонификациясы - "ПОЛИФЕМ" ("жалғызкөзді Дәу").

Жоғарыда айтылғандар - "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы бойынша, біздің арғы бабаларымыз өмір сүрген бабатілді бір қуатты Елден алуантілді өзге жұрттар туындағанының да философиялық, лингвистикалық һәм тарихи дәлелдеріне жатады.


13


Ендігі бірер сөз - "Төбекөз" атты жалғызкөзді Дәу"-Әлем" Ғажабының "Төбекөзі" ("Күн Көзі" деп те айтылады) болып табылатын Күн туралы. Ол "Төбекөздің" өзі - "Күннің Рух-Құдайы мен оның бағымындағы "Жұмақ Күн-Естің" біртұтастығы болып табылады. Ол біртұтастықтың адам жаратылысындағы аналогы - "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы. Адамдық "Төбекөз" - сол.


Осы айтылғандарға орай, біз кәдімгі көз туралы да бір-екі сөз айтайық. Көздің ертедегі бір атауы - "қарақ" (қараушы, көруші). Бұл атау да өзінің негізін Күннің ежелгі "ҚАР" атауынан алады. Яғни, "сана" сөзінен - "санақ", "тара" сөзінен - "тарақ", "жала" сөзінен - "жалақ", "құра" сөзінен "құрақ" сөздерінің жаратылатындығы секілді, Күннің "Қар" атауы негізінде пайда болған "қара" сөзі негізінде де "қарақ" (қараушы, көруші; Көз) сөзі дүниеге келеді. Сол "қарақ" (Көз) сөзі, "көз" сөзінің қолданыстағы белсенділігіне байланысты, біреуді жақсы көре еркелетуге қажетті сөз ретіндегі "қарақ" ("көзім") түрінде ғана қолданылуға көшеді. Яғни, "көз" деген мағынада қолданылған көне сөздің бірі - "қара" (смотри) сөзінен жаратылған "қарақ". Бірақ, ол - көздің қарасының жалпылама атауы. Ал, көздің қарасының ішкі "ноқатының" атауы - "қара" сөзінен жаратылған "қарашық" (зеница ока) сөзі. Көздің көздік қасиеті мен қуаты сол қарашықта. Көретін ("ойлайтын") қасиетке сол ғана ие. "Көздің қарашығындай сақтау" фразеологизмі де қарашықтың ерекше қасиетін айқындайды. Қарақ болса, қарашыққа көрерлік (ойларлық) "информация жиып" қана береді. Өйткені, қарашық - "Көсеге" аталмыш Жұмақ Естің (Кіші Күннің) Құдай-Рухы ретіндегі Қош Егенің "белгісі", қарақ - Қош Еге басқарымындағы Көсегенің "белгісі". Енді осы ғылымды Күнге қатысты қарастырайық. Яғни, Күннің Құдай-Рухы - "Төбекөз" ретіндегі Күннің "қарашығы" болса, Күннің өзі - "қарақ".


14


Иә, Күннің Құдай-Рухы - Күннің "қарашығы" (қарашық: зеница ока) болса, Күннің өзі - "қарақ". Яғни, сол "қарашық"-Күн Құдайы мен "қарақ"-Күннің біртұтастығы - Бұ Дүниенің төбесінде жайнаған ғаламдық Төбекөз. Ол - қараңғылықтың да қауқарын көріп тұратын, мылқаулықтың да мысын естіп тұратын таң-ғажайып "Көз". Бұ Жалған Дүниедегі әр пенденің кешегі істеген ісі мен бүгінгі айтқан сөзі тұрмақ, ертеңгі ойланар Ойы да Оның қырағылығынан ешуақытта тыс қала алмайды. Ол - өзінің аса ғажап қайырымды да мейірімді жасампаз Нұрымен алты құбылада бірдей Өмір жаратып тұратын Керемет! Уақытқа да бағынбайтын ол "Көздің" назары кешегі, бүгінгі һәм ертеңгі үш заманды да бірмезетте тұтас қамтып тұрады. Өз басқарымы мен бағымындағы барша планеталардың да бүткіл тыныс-тіршілігі соның бақылауында. Өзі өмір сүретін "Құс Жолы" аталмыш галактиканың да түгел қыр-сырын естіп-біліп тұратын ол "Төбекөз, тіпті, шексіз ғарыштың түп Ійесі ретіндегі Жұпар Ійенің де дидарын көріп тұрады!


Бағзы бабалар Аңқымасы солай дейді.


Сондықтан, ғаламат жасампаз ол "Төбекөз"-Күнді "Құдайдың адамдар тірлігін жарық етіп тұруына һәм адамдардың мерзімді анықтауына қажетті етіп жаратқан аспандық бір шам-шырағы ғана" деп ойлайтын христиандар мен мұсылмандардың діни пиғыл-түсінігі - барып тұрған кәпірлік, ересен ерсі надандық!


15


"Қарашық"-Күн Құдайы мен "қарақ"-Күннің біртұтастығы - Бұ Дүниенің төбесінде жайнаған таң-ғажайып ғаламдық Төбекөз. Біз "кәдімгі" деп айтуға үйренген КҮН. Оның кіші бір аналогы - ҚОШ ЕГЕ (жұпарнұрлы адамдық Рух-Құдай) мен оның басқарым-бағымындағы КӨСЕГЕ (жұпарнұрлы Жұмақ Ес) біртұтастығы. Яғни, "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы - "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр" (Шаһкерім) аксиомасы арқылы анықталатын Кіші Күн. Аңқыма бойынша, ол Кіші Күн - "Бастағы Бақ" деп те аталады.

Сонымен, біз Аңқымадағы Адамтану ғылымының "Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді. Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі" постулатындағы "Төбедегі Көз" яки адамдық Төбекөз туралы да алғашқы бір сөзді айттық. Енді, ол Төбекөздің барша қасиеті мен қабілеті жайында айтпас бұрын, аталмыш аңқымалық қағиданы талдау ісін ары қарай жалғастырайық.

Нақылдағы "алты Көз" - қандай "Көздер"? Олардың "ала болмақтығының" себебі неде? Олар өзіміз бұрын айтып өткен "төртеуі - түгел, алтауы - ала" сезімдік он (10) мүшенің мына алтауы: құлақ (сарыжалын нұр), мұрын (жасылжалын нұр), таңдай (көгілдіржалын нұр), жыныс мүшесі (көкжалын нұр), "қорек" мүшесі (күлгінжалын нұр), "ден" мүшесі (қаражалын нұр). Енді, осылардың "ала болмақтығының" сырын түсінуге тырысалық. Негізінде, сезімдік бұл он мүшенің өзі, бейнелеп айтқанда, үш түрлі "музыкалық үш октаваға" бөлінеді. Жоғарғы "төрт Көз" (жүрек, өкпе, емшек, кәдімгі көз) - "жоғарғы октава", құлақ, мұрын, таңдай - "ортаңғы октава", жыныс мүшесі, "қорек" мүшесі, "ден" - "төменгі октава".

Ал, шынында, бұл он мүшенің әрқайсысының өзіндік нұрымен қоса, өзіндік "музыкасы" да болады.


16


"Жоғарғыоктавалық" төртеу - "рухани бекзат" мүшелер. Басшысы - жүрек (жалпы, он сезімнің баршасының басшысы - жүрек). "Ортаңғыоктавалық" үшеу, яки, құлақ, мұрын, таңдай - "жартылайрухани" мүшелер. "Төменгіоктавалық" жыныс мүшесі мен "қорек" мүшесі һәм "ден" мүшесі - "бейрухани" мүшелер.

Осы арада мынадай бір сұрақ. Егер, өзі аш, өзі жалаңаш адамды қақаған суыққа шығарып қойса, ол ең алдымен не жөнінде қайғыра ойлар еді, мәселен, жылы киімді немесе жыныстық ләззәтті я болмаса тамақ ішуді? Әрине, бірінші ол жылы киінуді қалайды. Сонсоң ше? Сонсоң, тоя тамақ ішуді. Тек, сонан кейін барып қана, ол төсек ләззәтін де татып көрмекке талаптанар. Осы реттіліктің басқаша болуы мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытынды, - адамды пенде ететін ең сұрапыл сезім - төрт қасиетке ие "қаражалыннұрлық" "ден" сезімі. Онан жоғарғысы - "күлгінжалыннұрлық" "қорек" сезімі. Одан жоғарғысы - "көкжалыннұрлық" жыныстық сезім. Осы үшеуі - адамды мүсәпір де кісәпір ететін "бейрухани" ең жойқын, талғамсыз сезімдер. Олардан жоғары тұратын "ортаңғыоктавалық" үшеу (құлақ, мұрын, таңдай) - "жартылайрухани", сезімдер. Міне, адам баласы, көбінесе, әуелі осы алты сезімнің қажетін көбірек ойлайды да, хайуандардан онша айырмашылығы бола қоймайды. Яғни, адамның адамдығының кемелденуі тұрғысынан алғанда, ол алтаудың талаптары мен қасиет-қабілеттері "жоғарғыоктавалық" бекзат "төрт Көз" (жүрек, өкпе, емшек және кәдімгі көз) ғажаптарына тән рухани жоғары талаптармен һәм қасиет-қабілеттермен мүлдем үйлеспейді. Олардың "алты ала Көз" я "алты бақан - алауыз" атанбағы да содан.


17


"Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді. Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі" аксиомасындағы "алты Көз" бен олардың "ала болатындығының" сыры туралы бір-екі сөз айтылды. Ендігі кезек - "ауыздағы Сөздің өлетіндігі" мәселесінде.

Егер, "жоғарыдағы "төрт Көз" бен төменгі "алты Көздің" адамдық қажеттіліктегі талаптары өзара үйлеспесе, онда, сол он сезімнің басында тұрған "От-Жалындық" жалғыз ОЙ мүшесі" ретіндегі Мый да өз жұмысын жөндем атқара алмайды, яғни, өзара үйлесімсіз он түрлі жалыннұрлы сезімдерден трансформацияланған "от-жалын" Ойлардың өзі де ойлану процесі барысында өзара "алауыздыққа" беріліп, нәтижесінде, онсезімді Есті басқарушы Патша-Рух та өз бағымында болуы тиіс Мыйды яки Ақыл-Есті дұрыстап басқара алмайды. Ондай басқарымсыз Ақыл-Естегі "алауыз Ойлардың" ауыздан шыққандағы сөздік үлгілері де "оңбаған кейіпте" болмақ. Әне, "алты Көз ала болса, - ауыздағы Сөз өледі" постулатының мәнісі сонда.

Әрине, Патша-Рух өз басқарымындағы онсезімді Ақыл-Естің әлгіндей берекесіздігінен ұдайы сабақ алу арқылы, өзі үнемі кемелдене де бермек. Ол кемелдену, бірмезетте, - бір ойлық мүше (Мый) мен он сезім мүшелерінің де бірге кемелдене нұрлануы түрінде өрбіп отыратын рухани үздіксіз процесс. Сөйтіп, Рух (Эго), ақырында, Патша-Құдай ретінде, өз бағымындағы Ес патшалығын кемел билеуге жетісіп, Қош Егеге айналады да, Ес патшалығы да, сәйкесінше, Көсегеге (Жұмақ Еске) айналайынданбақ. Яғни, басты мәселе - "Аңқыр+Мүңкір" қабілеттер біртұтастығы ретіндегі Рухтың "Аңқыр" жағының ұдайы мықты болуында. Өйткені, өзінен төменгі тоғыз сезімнің тоғысынан қуат алатын жүрек те Мыйға сыртқа ортадан "аңқырлық" жағымды әрі мүңкірлік" жағымсыз "информацияларды" тасымалдап отыратын трансформациялық орган. Жұлын бойымен ағыла, мыйшықтағы жүрек орталығы арқылы Мыйға келіп жататын "аңқыр-мүңкірлік" сондай қисапсыз "информациялар" тасқынын дәйім кемел саралап, соның нәтижесінде үнемі кәміл шешім шығарып отыру - Патша-Рухтың ғана құзырындағы шаруа. Рух жұпар болса, мыйшықта орналасқан жүрек орталығы да Көңілстан ретінде ұдайы қош болмақ. Жалындаған қошкөңілдік ол қуат жүректің өзін де жасампаз жұпар нұрға қайыра малындырып тұрады...

Жалпы, бұл айтылған ғажаптарға біз сәл өзгеше аспектіде қайыра ораламыз.


18


"Ала болатын алты Көздің" тағы бір анықтамасы - "алты бақан - алауыз". Яғни, Рух басқарымындағы жалғыз Ой мүшесі (Мый) мен он сезім мүшелерінің архитектоникасы, аңқымалық көркемтаным бойынша, мынадай сипатта болмақ. Он түрлі он сезім мүшесі - оны он түрлі жалын нұрлардан "өрілген" қандайда бір "кемпірқосақтық" он ұстын-бақан. Олар Мыйдағы "алапат рухани От-Жалын ғаламын" яки Кіші Күн ретіндегі Ақыл-Есті "Көкке көтеріп" тұрады. Ол нұрлы Ақыл-Естің басқарушы-бағушы Патша-Құдайы - Адамның өзі яки Рух (Эго).

Адамның рухани нұрлы архитектоникасы сондай біртұтас ғажап. Сол архитектоникадағы он ұстын-бақанның алтауы - "ала болуға" бейім "алты Көз" (құлақ, мұрын, таңдай, жыныс мүшесі, "қорек" мүшесі һәм "ден" мүшелері). "Алты бақан - алауыз" дегендегі алтау - солар.

"Алты бақан" дегеннен шығады, мәнісі жоғарыда баяндалған "архитектониканың" көркемтанымдық тағы бір аналогы бар. Оның тұтастай алғандағы атауы да - "Алтыбақан". Яғни, ол құрылым - кәдімгі алтыбақан сипатында. Енді, соның Адамтануға қатысты көркемтанымдық философиясы жайында бір-екі сөз айтайық.

Алтыбақанның негізгі тірек бөлігіндегі оңжағындық үш бақан - ортаңғы үш сезім мүшелерінің (құлақ, мұрын, таңдай) символы, солжағындық үш бақан - төменгі үш сезім мүшелерінің (жыныс, "қорек", "ден" ) символы.

Төбедегі көлденең бақан - "түгел" (кемел) я тұтас боларлық жоғарғы төрт сезім мүшелерін (жүрек, өкпе, емшек, кәдімгі көз) ишаралайды. Екі ұштары көлденең орнатылған сол жоғарғы бақанның екі жағына байлана салбыраған үш арқан - Ақыл-Естің "Аңқыр+ (ЕС) +Мүңкір" сипатындағы біртұтас үштік ипостасын бейнелейді. Ал, ортаңғы арқанға аяқтарын тіреп, екі шеттегі арқанға жайғаса, оңға-солға тербеліп тұратын жігіт пен қыз - "аңқыр-мүңкірлік" қосқабілетті Рухтың образы.

Бұл айтылғандардан біз ежелгі дана бабалардан мирас қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып я этнографиялық өзге де рухани қазыналар тұрмақ, олар мұра етіп қалдырған кәдімгі ойын құралы ретіндегі алтыбақанның өзі де Адамтанудың өзінше бір ғажап философиясына ие, қасиетті зат екендігін анық көріп отырмыз. Әне, бабалар даналығы сондай!


19


Қазіргі қазақ "бес - бересі, алты - аласы" нақылын өзінің "ешкімге де, ештеңеге де қатысы жоқ" екендігін айтқысы келгенде қолданады. Керкеткен заманалар кесірінен жадсызданудың бір дәлелі сондай. Ал, ежелгі дана бабалар қалдырған бұл нақыл - Адамтанудың басты бір постулаты болып табылатын "төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз (Төбекөзіміз) көреді. Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі" нақылына тікелей қатысы бар Аталы Сөз. Яғни, "алты - аласы" дегендегі "алты" сөзі "алты ала Көз" дегенді білдіреді, "аласы" (алушы) сөзі сол "алты Көздің" "тойымсыз тұтынушы аларман" сезімдер екендігін айтады. "Алты - аласы" ("алты ала Көз" - аларман").

"Бес - бересі" компонентіндегі "Бес" дегеніміз - Мый және жоғарғы дегдар "төрт Көз" (жүрек, өкпе, емшек, кәдімгі көз). Осы бесеуі - "бересі" (беруші-берермен).

Осы орайда біз "берерменге - бесеу аз, аларманға - алтау аз" мәтелінің де мәнісін айта кетейік. Біріншіден, "берерменге - бесеу аз" сөзі бізге "берерменнің бесеу" екендігін де айтып тұрады. Яғни, "бес берермен". Ал, ол "бесеу" - жоғарыда айтылған бесеу (Мый - және "төрт Көз"). Аталмыш "Бестің "бересі" (беруші) яки "Бес - бересі" екендігін ескерсек, ондай жомарт "берерменге" бесеу" тұрмақ, бес миллионның да аз болатындығы өзінен өзі түсінікті. Сол сияқты, "аларманға алтау аз" деген сөз де бізге "аларманның алтау" екендігін айтады. Ол "алты аларманның "тойымсыз, ашқарақ" "алты ала Көз" ("Алты - аласы") екендігі де белгілі. Әрине, ондай "ашқарақ алты аларманға" "алтау" түгіл, алты миллион да аз болмақ.

Осымен, біз әңгіме басында айтылған жеті Сөздің әрқайсысын белгілі бір мөлшерде саралап шықтық десек те болады. Енді, негізгі мәселелерге көшеміз.


20


Енді, негізгі мәселелерге көшеміз. Ол мәселелер де "төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді. Алты Көзіміз ала болса, - ауыздағы Сөзіміз өледі" түріндегі бас постулаттан өрбиді.

"Төрт Көзіміз түгел болса, - Төбедегі Көзіміз көреді". "Төбедегі Көздің" ТӨБЕКӨЗ ("қарашық" ретіндегі Қош Еге мен "қарақ" ретіндегі Көсегенің біртұтастығы) екендігі баяндалды. Ол "Көздің" көруінің я "ашылуының"(кемел Көзге айналуының) шарты - "төрт Көздің түгел (кемел) болуы". Ал, қалған "алты ала Көз" қайда қалады?

"Алты Көздің" "ала" болуы я болмауы "төрт Көз - түгел (кемел)" ғажабына байланысты. "Төрт Көз түгел (кемел)" болса, онда, қалған "алты Көз" де кемел (түгел) болмақ. Демек, сезімдік он (10) мүшенің барлығы кемел болғанда ғана, Төбекөз (1) "ашылады". Осының сырын айқындай түсу үшін, тағы бір-екі мәселені білуіміз қажет. Алдымен, Тіл тірлігіндегі текорат (тектестікке орайғы аттастық) заңдылығын еске алайық. Ол бойынша, айталық, Күн қалай аталса, "Күн-Қала" саналмыш қалалар да солай аталуы тиіс. Ол, шынында да - солай. Ертедегі "Күн-Қалалардың" атауларының барлығы да - Күн атаулары. Мәселен, Күн мен Күн Құдайының көнедегі сансыз атауларының бірі - көпмағыналы "ЙАР" (қолдап-қорғаушы Күн-Құдай.,). Одан, "Й-Ж" құбылы арқылы - "ЖАР", "Й-Г" құбылы арқылы, "ГАР" сөздері тарамдалады. Бұл туралы біз "Қош Қар Ата" атты жазбаларымызда да айтқанбыз. Осы "Жар" да, "Гар" да - "Күн-Қаланың" атаулары. "Жар" (Күн-Қала) сөзі қазір "Шәр" түрінде қолданылады. Оның "ә" дыбысының созыла айтылуы салдарынан, "Шәәр" сөзі пайда болып, ол паразит "һ" дыбысының ("маданқұрт") кесірінен, бүлінгі "Шәһәр" ("Шә+һ+әр") кейпіне енбек. Сол сияқты, "Гар" варианты да, "р+т(д)" симбиозы кесірінен, бүлінгі "Гар+д" кейпіне бір енеді де, оның метатезалық жұқана "Град" (славян. Қала) үлгісі негізінде, "город" сөзі түпкілікті қалыптаспақ. Күннің ежелгі "ӨН" атауы да бүлінгі "г+ӨН+д" кейпіне бір еніп, "Кент" ("к+ЕН+т"; қала) түрінде қолданысқа енеді. Мұндай мысалдарды ары қарай жалғастырудың маңызы жоқ. "Күн"-Қалалар" атауларының барлығының да Күн атаулары болғандығына осы мысалдар да жеткілікті. Ал, "Күн-Қала" культі қайдан шыққан? Ол культ те - біздің бағзы дана-ата-бабаларымыздың аңқымалық көркемтаным ғылымынан.


21


"Күн-Қала" культі қайдан шыққан? Ол культ те - біздің бағзы дана ата-бабаларымыздың аңқымалық көркемтаным ғылымынан. Ол культтің басты формуласын келтірмес бұрын, біз керкеткен заманалар бойғы жаппай жадсыздану-тексіздену кесірінен, Сөздердің де, Тіл тірлігінде дәл адамдар секілді "Бассыз қалатындығы", "Есінен айырылатындығы", "ақымақтанатындығы", т.т. жағдайларға ұшырайтындығы жөнінде айтқандарымызды еске түсіре отырып, "аяқтарынан айырылған" Сөздерден де бір мысал келтіреміз: "Тоғыз жолдың торабы...". Мұның жоғалған "аяғы" - "Күн-Қала" сөзі. Яғни, "Тоғыз жолдың,,," деп басталатын көне фразеологизмнің толық нұсқасы: "ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ - КҮН-ҚАЛА". Оның жұқана үлгісінің бүлінгі бір түрі ортағасырлық мына сөз: "барша жол Римге апарады". "Рим" ("Ром+а") деген атау да "Өрім" деген ежелгі Күн атауы ("Өрім"-Күннің ұлдық ипостасының атауы - Өрім Ұл"; римдік мифологияға ол "Ромул" түрінде енген) болғанмен, бұл мәтелде ешқандай ғылым жоқ. "ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ - КҮН-ҚАЛА" фразеологизмі - "Күн-Қала" культінің басты постулаты. "Күн-Қала" деп бабаларымыз Ел Астанасын айтқан. Жөн. Енді, осы постулаттың ғылымына келейік. Ол ғылымды білу үшін, әрине, әуелі Күн туралы білуіміз қажет. Өйткені, аталмыш постулат та Күн мен "Күн-Қала" культінің аксиомасы ғой. Ал, "Күн-Қала" деген ұғым қайдан шыққан? Оны ұғыну үшін, Күн культінің бір тармағы болып табылатын Тау культін еске түсіреміз. Яғни, Бұ Дүние - "ғаламат биік Тау", Күн - сол "Таудың басында орналасқан нұрлы Жұмақ". Ол "Жұмақ"-Күннің "қалалық" сипаты - "жан-жағы биік қорғанмен қоршалған нұрлы Жұмақ Қала". Оған да өте көп мысалдар келтіруге болады. Біз соның өзіміз бұрын айтып кеткен дағыстандық "ГЕОРГий + гора "ДЖАЛГАН" вариантын келтірейік. Мифі мынадай : ""Джалган" деген таудың басында ауыл бар. Онда "Георгий" деген әулие жерленген". Сондағы "Георгий" дегеніңіз - "ЖАРЫҚ" ("Йарық-Георг") деп те аталған Күннің персонификациясы. "Джалган" аталмыш Тау - "Жалған" аталмыш Бұ Дүниенің персонификациясы. "Жалған" таудың басындағы ауыл - Жұмақ Күн-Қаланың персонификациясы. Осындай "Күн +Тау" (бір аналогы; "Бас+Дене") культінің басты бір қағидасы - "Жар-Бас + Тау" өрнегі. Ол өрнек "Таудың Жар-Басы" деп аталады (жұқана бүлінгі үлгісі - "Таудың ұ+Шар-Басы"). Интерпретациясы - "Таудың Басы - Жар".


23


"Таудың Басы - ЖАР". Мұндағы "Таудың" Бұ Дүние екендігі белгілі. Бұ Дүние ретіндегі "Таудың Басы" саналмыш "Жар" дегеніңіз - Жұмақ Күн-"Қала". Енді, осыған орай, Күн Жүйесін пайымдайық. Күннің ежелгі атауларының бір парасы - "АЛ" (бери; белый; белое Солнце.,), "ҚАР" (Ақ Күн; Күннің Ақ Нұры.,) және "АҚ" (Ақ Күн; Күннің Ақ Нұры,.). "ҚАР" мен "АҚ" атаулары жайында біз "Қош Қар Ата..." әңгімесінде айтып өттік. Демек, Күн дегеніміз - ғаламат "Ақ От-Жалын" түріндегі бір құпия ғалам. Сол Ақ Күннен әрқайсысы өзінше ая (сфера) түзіп, оны он түрлі он Нұр тарала жаралады: ақжалын Нұр, мөлдірж. Нұр, қызылж. Нұр, қызылсарыж. Нұр, сарыж. Нұр, жасылж. Нұр, көгілдірж. Нұр, көкж. Нұр, күлгінж. Нұр және қараж. Нұр. Бір ғажап "ғарыштық Кемпірқосақ".

Қош. Бабалар көркемтанымы бойынша, "Төбекөз" ретіндегі КҮН - "Тау(Дәу)-Дене" ретіндегі Бұ Дүниенің "нұрлы Басы". Ал, адамның Басы - Кіші Күн (Мый; "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр". Шаһкерім). Бұл қағидалар жөнінде де айтылды. Жә, кәдімгі "нұрлы Мый"-Күннен саулап тұрған бастапқы Нұр - ақжалын Нұр (жүрек). Одан төменгісі - мөлдіржалын Нұр. Оның аясында - Меркурий (өкпе). Қызылжалын Нұр аясында - Шолпан (емшек), қызылсарыжалын Нұр аясында - Жер (көз), сарыжалын Нұр аясында - Марс (құлақ), жасылжалын Нұр аясында - Юпитер (мұрын), көгілдіржалын Нұр аясында - Сатурн (таңдай), көкжалын Нұр аясында - Уран (жыныс мүшесі), күлгінжалын Нұр аясында - Нептун ("қорек" мүшесі), қаражалын Нұр аясында төрт қасиетке ие "ден" сезімінің мүшелері ретіндегі планеталар. Алғашқысы - Плутон.

Яғни, Күн Жүйесі дегеніміз - "Мыйы ("Ой мүшесі) мен он сезім мүшесі" бар ҚОШ БІТ ("Гос Подь"; Жұпар Жаратушы) Ғажабы. Аналогы: Мыйы (Көсегесі) мен он сезім мүшесі бар ҚОШ ЕГЕ (Жұпар Эго) . Соңғысының алғашқысынан айырмашылығы - заттанған Бұ Дүниеге орай қалыптасқан "заттық" қосымша екі мүшесі (тіл мен қол-аяқ).

Адам баласының Кіші Күн Жүйесі екендігі осылайша анықталады. Әрине, мұны анықтап отырған біз емес, дана бабаларымыздың "Төрт Көз түгел болса, - Төбедегі (Мыйдағы,.) Көз көреді; алты Көз ала болса, - ауыздағы Сөз өледі" қағидасы. Яғни, "Төбекөз"-МЫЙ (Қош Еге + Көсеге; Кіші Ақ Күн), ақжалыннұрлы Жүрек (Күннің Ақ Нұры), мөлдірж. Өкпе ("Меркурий"), қызылж. Емшек ("Шолпан"), қызылсарыж. Көз ("Жер"), сарыж. Құлақ ("Марс"), жасылж. Мұрын ("Юпитер"), көгілдірж. Таңдай ("Сатурн"), көкж. Жыныс мүшесі ("Уран"), күлгінж. "Қорек" мүшесі ("Нептун"), қараж. "Ден" мүшелері ("Плутон" бастатқан планеталар").


24


Алдында айтылған ұғымға оралайық: "Таудың Басы - ЖАР".

Мұндағы "Таудың" Бұ Дүние екендігі белгілі. Бұ Дүние ретіндегі "Таудың Басы" саналмыш "Жар" - Жұмақ Күн-"Қала".

Дана бабаларымыздың "Бұ Дүние" деп отырғаны, шын мәнісінде, - ақжалын Нұр саулатқан Күннің "астындағы" ғалам. Ол ғаламның "құрамына" Жер ғана кірмейді, біз атап өткен планеталардың бәрі де кіреді. Сол планеталардың әрқайсысының Күнді айналарлық өз "жолы" бар. Яғни, әрқайсысы - өзіндік Нұр сферасы яки өз "нұрлы жолы" арқылы қозғалады. Ол "жолдардың" саны - тоғыз. Оныншысы - "Таудың (Бұ Дүниенің) Басы" ретіндегі ақжалыннұрлы "ЖАР" ("ЖАР": қолдап-қорғаушы Күн-Құдай.,). "ЖАР" сөзінің "Күн-Қала" культіне орайғы үлгілерінің "Шар( ("Шаһар") я "Гар" (("град-город") екендігі де айтылды. Яғни, ақжалыннұрлы Күннің өзі - қандайда бір "нұрлы Жұмақ Қала".

Осы айтылғандардың дана бабалар қалдырған көркемтанымдық формуласы: "ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ (тоғыз планетаның Күнді айнала қозғалатын сфералық "жолдарының") ТОРАБЫ - КҮН-ҚАЛА".

Енді, осы формула-постулаттағы "торап" (узель дорог) сөзіне тоқталайық. "Торап" сөзінің екінші бір мағынасы - фокус (средоточие). Демек, "торап" сөзі "көп жолдардың өзара тоғысатын жері" дегенді білдіреді. Аталмыш постулатта ол жолдардың саны - тоғыз, Бұл - бір. Екіншіден, санесімдік "тоғыз" сөзі - етістіктік "тоғыс" сөзінен пайда болған сөз. Оның мағынасы да: "тоғыз жақтан келіп, бір жерге шоғырлан". Яғни, "тоғыс" сөзі затесімденгенде "тоғыз жолдың тоғысар жері" дегенді де айтады. Ендеше, аталмыш постулаттың бір интерпретациясы: "ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОҒЫСАР ЖЕРІ - КҮН-ҚАЛА". Мұндағы "тоғыз жолдың" - тоғыз түрлі жалын Нұр екендігі, "Күн-Қаланың" ақотжалыннұрлы Күн екендігі белгілі. Осының өзі - "тоғыз нұр тоғысынан - Ақ От-Жалын Нұр (Күн) пайда болады" деген де сөз. Ал, тоғыз Нұрдың ақжалыннұрлы От-Күннен таралып-жаралып тұрғанын ескерсек, онда, "ақжалынды От-Күннен тоғыз Нұр таралады" деген ақиқат та айқындалмақ.

Бұл айтылғандарды былайша түсіну керек.


25


"ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОҒЫСАР ЖЕРІ - КҮН-ҚАЛА". Ал, мұның бір интерпретациясы - "КҮН-ҚАЛАДАН ТОҒЫЗ ЖОЛ ТАРАЛАДЫ". Ол - "ақжалынды От-Нұр" ретіндегі Күннен тоғыз түрлі жалын Нұр таралады" деген ақиқат. Енді соны былайша қарастырайық:


АҚ ОТ-НҰР КҮН

ақжалын Нұр

мөрдіржалын Нұр

қызылж. Нұр

қызылсарыж. Нұр

сарыжалын Нұр

жасылж. Нұр

көгілдірж. Нұр

көкж Нұр

күлгінж. Нұр

қараж. Нұр


Соңғы Нұрдан бастап санасақ, тоғызыншы жалын Нұр - мөлдіржалын Нұр. Яғни, жалын Нұрлардың тоғысы - мөлдіржалын Нұрда деген сөз. Қалған сегіз Нұр осы мөлдіржалын Нұрда "тоғысып" (ол тоғыстың құрамында мөлдір Нұрдың өзі де бар екенін ескере отырайық), ақжалыннұрлы Күнге ("нұрлы Күн-Қалаға") айналады екен. Егер, мөлдіржалын Нұрдың "мөлдір призма" екендігін ойласақ, Исаак Ньютонның "Күннің ақ нұрын мөлдір призма арқылы "сындырып", оның кемпірқосақтық жеті нұрға таралатындығын һәм сол мөлдір призма арқылы өзара тоғысқан жеті нұрдың қайыра ақ сәулеге айналатындығын анықтағандығының" мүлде жаңалық емес екендігі де ашылады. Біріншіден ол жарықтығымыз қаражалын Нұрдың бар екендігін білмеген. Ал, қаражалын Нұр - ақжалын Нұрдың трансформация барысындағы ең төменгі ("сөнген") түрі. Яғни, ол қараңғы болса да, - Нұр (қара Нұр) деген сөз. Екіншіден, Исаак жарықтық ақжалын Нұр төгіліп тұрған Күнді де есептемеген. Үшіншіден, жарық спектрінің бар заңдылығын айқындап тұрған "ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ (тоғысар жері) - КҮН-ҚАЛА" постулаты - Күн-Қала культінің қағидасы. Ол қағида - Ньютонның жетпіс жеті атасынан да арғы замандарда қалыптасқан аңқымалық ежелгі аксиома. Тағы бір мысал. Мәселен, шаңырақтың Күн символы екендігі аян. Уықтар - Күннен төгіліп тұрған ақжалын Нұрдың символы. Сол уықтарға жалғасып тұрған керегедегі алаша - ақжалын Нұрдың спектрының символы. Ал, Киіз Үйдің тарихы мыңдаған жылдарға кетеді. Демек, "сәуле спектрын анықтау - Ньютон ашқан жаңалық" деу - өте күлкілі.


25


Тау культінің постулаты жайындағы сөзімізді аяқтамас бұрын, ол жөнінде алдында айтылғандарды бір тұжырымдап алайық.

"Тоғыз жолдың торабы - Күн-Қала" постулаты, негізінде, - Ұлы Дала кеңістігіне қарата айтылған аксиома. Әрине, біз оны алдымен "Тау басында - Күн-Қала" ("Таудың Басы - Жар") интерпретациясы бойынша қарастырып, оның нақты Күн Жүйесіне қатыстылығын айттық. Күн мен оның Жүйесін кеңістіктегі жазықтық бойынша қарастырсақ, "тоғыз жолдың торабы - Күн-Қала" аксиомасының мәнісі тіптен айқындала түседі. Бірақ, мәселе оның қай тұрғыда қарастырылғанында емес, мәселе - оның бестанымдық Күнтану-Адамтану ғылымдарындағы айырықша маңыздылығында. Сол бойынша біз "Ортаңғы Күн" ретіндегі кәдімгі Күннің Жүйесі мен "Кіші Күн" ретіндегі Адамның Жүйесінің аналогиялық Жүйелер екендігін білдік. Ал, Құдырет Күннің Жүйесі - аталмыш екі Жүйені де қоса қамтып тұратын ғаламат. Ол жайында біз сөз соңында айтамыз.

Енді, "тоғыз жолдың торабы - Күн-Қала" аксиомасын Ұлы Дала Еліне қатысты қарастырайық. Ол бойынша, "Күн-Қала" - Ел Астанасы. Яғни, Адам Жүйесіндегі "Төбекөз" болып табылатын "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы - он сезімді Денені бағып-қағып, әділ басқарып тұрушы өзінше бір "Астана" болса, "он сезімді Дене" ретіндегі Ұлы Даланы (Елді) әділ басқарып, бағып-қағып тұрушы қамқор Орталық - "Патша + басты бійлік органдары" түріндегі біртұтастық болып табылатын Астана-Қала. Елдің "Төбекөзі" - сол. Егер,ол "Көз ашылса", - "Дене" ретіндегі Ел де "жанарлы әрі жұпарлы" болмақ. Аңқыма солай дейді.

Біздің ендігі міндетіміз - адамдық "Төбекөздің ашылуына" байланысты.


26


Күндік Жүйе бойынша мынадай аналогия:

МЫЙ ("ҚОШ ЕГЕ + КӨСЕГЕ"; АҚ ОТ-НҰР, КІШІ КҮН)

Жүрек (ақжалын Нұр; Кіші Күн Нұры)

Өкпе (мөлдіржалын Нұр; "Меркурий")

Емшек (қызылж. Нұр, "Шолпан")

Көз (қызылсарыж. Нұр; "Жер")

Құлақ (сарыж. Нұр; "Марс")

Мұрын (жасылж. Нұр; "Юпитер")

Таңдай (көгілдірж. Нұр, "Сатурн")

Жыныс мүшесі (көкж Нұр; "Уран")

"Қорек" мүшесі (күлгінж. Нұр; "Нептун")

"Ден" мүшелері (қараж. Нұр; "Плутон бастатқан планеталар")

"Бес Күндік Жалған" Бестігі бойынша, мынадай аналогия:

МЫЙ (КҮН) - Жүрек (Күн Нұры) - Өкпе (Ауа ) - Емшек (Су) - Көз (Жер).

Бұлар - "Төбекөз бен төрт Көз" яки "Бес - бересі".

"Тоғыз жолдың тоғысы - Күн-Қала" постулаты бойынша, қарастырсақ, сәуле спектрының заңдылығы бойынша, төменгі сегіз сезім мүшелерінің ("ден" мүшелері, "қорек" мүшесі, жыныс мүшесі, таңдай, мұрын, құлақ, көз, емшек) нұрлары тоғызыншы сезім мүшесі болып табылатын Өкпе кереметінің мөлдіржалын нұры ("Ауа"; "мөлдір призма") арқылы тоғысып, Жүректің ақжалын Нұрына айналады. Ол ақжалын Нұр, жұлын арқылы жоғары көтеріле, мыйшықтағы "жүрек орталығына" барып, Көңілдің қошын түзумен қатар, "Кіші Күн" ретіндегі Мыйдың ақжалынды От-Нұрына трансформацияланбақ. Ол От-Нұр, мыйшықтағы "Көңілстан" мен жұлын арқылы, ақжалын Нұр түрінде қайыра Жүрекке "саулап", сәуле спектрының заңдылығы бойынша, Өкпе Нұры арқылы, сегіз түрлі сезімдік сегіз нұрға "таралады". Міне, "сезімдерден - Ойлар, Ойлардан қайыра - сезімдер" түріндегі осындай бір ғажап Айналайын бар! Сол Айналайын (круговорот, кругооборот духовности) - пендені Адамға Айналайын (духовное преображение) ететін бір ғажап!


27


Төбекөздің "ашылуы" үшін не істеу керек?

Оның сыры да оңай ашыла салатын сыр емес, - жұмбақ сыр. Біз соның басты-басты бір-екі сөзін ғана айтайық. Әуелі Көңіл туралы. Көңілдің өзі - жатқан бір ғылым...

Жақсы адам не я кім үшін өмір сүреді? Өзінің қ о ш (жұпар) Көңілі үшін өмір сүреді. Қош Көңіл қайдан пайда болады? Жақсылық үшін жасампаздық көрсетуден пайда болады. Мәселен, сіз бір жетім баланың маңдайынан өбіп, оған өзінің жақсы көретін ойыншығын сыйлайсыз. Бала оған қуанбаса да, бәрібір, сіз өз ісіңізге мәзсіз. Ол да - Көңіліңіздің қошы. Бала қуанса, Көңіліңіз одан сайын гүлдеп кетеді! Әне, "кемел қош Көңіл" деген кереметіңіз сол! Ал, сондағы Ж ұ п а р (қош) кереметіңіз яки Көңіліңіздің жұпарлы жасампаз ақжалын Нұры, ғаламат шалқып-тасып, Ақылыңызды да жұпарлайды! Яғни, Ақылыңыздың "Бастағы Баққа" (ж ұ п а р л ы Жұмақ Еске) айналуының басты кепілі - қош Көңіл! Сонсоң, "Бастағы Бақ" қайыра қош Көңіл тілейді!..

Сондай Айналайын (круговорот-кругооборот духовности) ғажабының тұрақтылығы - өзіңіздің Айналайын (духовное преображение.,) болуыңыз барысында, өзіңіздің Төбекөзіңіздің "ашылуына" сеп болар ғажап. "Қош Еге + +Көсеге" біртұтастығы ("Бастағы Бақ") - сондай тылсым Төбекөз! Ұдайы Көңілінің қ о ш болуын тілеуші Жасампаз! Оның Көңілінің жасампаз ақжұпар Нұры өзінің айналасын ғана бақытты етпейді, Жаратушының Бағын да еселей түспек!..

Әрине, "көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?!" дегеннен шығады; Көңіл дегеніңіз, шынына келсек, - "қырық құбылған" бір "Сайтан" құбылыс. Оны "Аруға" ("жұпармінезді көркем Қызға") айналдыру үшін, Рух (Эго) мықты әрі жасампаз болу керек. Соның жасампаздығымен жақсы Ойлар ойланылады, жақсы сөздер сөйленеді, жақсы істер атқарылады. Қош Көңіл содан пайда болмақ.

Қазір біреулер - өздерінің құр байлығына, біреулер өздерінің құр билігіне (т.с.с.) мәз. Көптің игілігіне арналған ешқандай жасампаздықтары жоқ. Барша қарекеттері - өздерінің бас пайдасы үшін ғана. Шетінен "кеуделеріне нан піскен" болып келеді. Олар да өздерін қош сезінгендей күпиіп жүреді, талтаңға басады. Жоқ, олардікі қош Көңіл емес, - Кеж Егеге тән кеж Көңіл. Бірақ, олар оны ұқпайды, өздерін бақытты санайды. Олардың сол "бақыты" - хайуанның күйіс қайыруымен бірдей жабайылық. Сол "күйіс қайырған" қалыпта, "Төбекөздері" мүлде жабық күйде, осы Дүниеден сорлап өтеді олар.


28


Сонымен, ҚОШ КӨҢІЛ жайындағы Ойларымызды тиянақтайық.

Көңілдің "қырық құбылып" тұратындығын айттық. Соған орай, оның түрліше атаулары да болады. Мысалы, "ақ Көңіл", "қара Көңіл", "суыған Көңіл", "пәс Көңіл", "өскен Көңіл", "патша Көңіл", "қам Көңіл", "қалған Көңіл", "қайтқан Көңіл", "шерлі Көңіл", т.т. болып кете барады. "Патшасы" қош Көңіл болып табылатын солардың әрқайсысының, Ақылға шалқып тұратын, кәдімгідей, өзіндік симфониялары да болады. Ондай Көңіл музыкасы тұла-бойды қоса билеп тұрмақ.

Аңқымалық "КӨҢІЛ" терминінің әу-бастағы түп нұсқасы - көпмағыналы "ӨН ҰЛ" ("ӨН" аталмыш Күн мен Күн Құдайының ұлдық ипостасының атауы: "Жұпар Періште-Ұл".,) термині. Аңқымада мұндай ұлкультіндік атаулар жетіп артылады. Солардың қосалқы компоненттерінің бір буынды сөз түрлерінде болып келетін бір парасы: Қош Ұл, Қар Ұл, Жар Ұл, Ес Ұл, Мар Ұл, Өс Ұл, Бақ Ұл, Біт Ұл, Ал Ұл, Үр Ұл, Жам Ұл... Алдыңғы төртеуі жайында бұрынғы жазбаларымызда біршама айтылған осылардың бірі - "Өн Ұл" атауы. Паразит "к (г,ғ,қ,һ)" дыбысы арқылы, "Өбелек" сөзінен - "к+Өбелек", "енші" сөзінен - "к+Енже", "Өс" атауынан "к+Өз" (т.с.с.) түріндегі туынды сөздердің жаратылғандығы секілді, "Өн Ұл" терминінен де "к+Өн Ұл"" яки "КӨҢІЛ" (періштелік Жұпар Сезім әлемі) сөзі қалыптасқан. Яғни, Көңіл дегеніңіз "қош Көңіл" деп айтпасақ та - Жұпар "Жаратылыс". "ӨН ҰЛ" терминінің тағы бір туынды түрі - "Аңқыл" ("Ангел"), христиандық бүлінгі түрі - "Понтий Пилат" ("п+ОН+т+ий п+ИЛ+а+т"). Яғни, "Понтий Пилат" - "Өн Ұл" ұғымының персонификациясы. Ол жөнінде әңгімелеп жатпаймыз.

Он сезім мүшелерінің барша "сезімдік информациялары" Мыйдағы жүрек орталығында Ой түріне трансформациялану барысында, Көңілдің сезімдік Нұрын да қоса түзеді. Ал, "Ақыл-Ес жалыны" ретіндегі Көңілдің Нұры ойлық Нұр болып табылады.

Жә, Көңіл жарықтықтың Рух пен Жанның (Ес-Ақылдың) һәм тәннің дұрыс жұмыс істеуі мен кемелденуіндегі атқарар қызметінің ғаламаттығын "қалған Көңіл - кеудеден шыққан Жанмен тең" нақылы да айтып тұрмақ. Жалпы, егер, адам баласында Көңіл болмаған болса, онда оның жетілген роботтан еш айырмашылығы да болмас еді. Адам - Көңілмен ғана Адам.

Көңілдің қош болмағы - Рухтың мықтылығы мен жасампаздығынан. Мәселен, қазіргі сайтандық заманда Көңілді қош ету оңай шаруа емес. Тек, Рухы мықтылар ғана ұдайы қош Ой ойлай алады. Тіпті, ажал алдында да. Олардың Көңілінің үнемі қош болатындығы да содан. Ал, намазбен, тантра я псальмалармен Көңілді шынайы қош ету мүмкін емес. Қошы жоқ Көңіл - жауынан (нұрынан) айырылған көзбен бірдей. Ол Ақылды да соқырландырады.


29


Сонымен, Төбекөздің "ашылуы" химетіндегі қош Көңілдің мәнісі мен маңызы туралы бір-екі сөз айттық. Әлбетте, Көңіл туралы ғылым - бағзы бабалар бізге мирас қалдырған Аңқыманың жеке бір жұпар концепциясы. Оны жан-жақты саралап айтып тауысу мүмкін де емес. Мәселен, "Көңіл көтеру" деген ұғым бар. Ол туралы айтқанда, әулие Мәшһүр Жүсіп "ит өз құйрығын өзі көтеріп жүрмесе, оның құйрығын кім көтеріп жүреді" мәтелін келтіреді. Соның мағынасын бізге дұрыс ұқпақ керек. Аталмыш нақыл иттің құйрық қайқайтуының маңызын емес, жалпы, иттің құйрықты болып жүруінің мәні мен мәнісін һәм маңызын айтады. Яғни, "өз құйрығын өзі көтеріп жүре алмайтын ит - құйрықсыз ит" деген сөз. Құйрықсыз ит - айбарсыз ит, иттік "көңілінің" күшін өзгеге көрсете алмас сорлы ит. Демек, "ит өз құйрығын өзі көтеріп жүрмесе, оның құйрығын кім көтеріп жүреді" нақылының интерпретациясы: "Өмір сүруге басты рухани қажеттілік болып табылатын Көңілдің үнемі көтеріңкі яки қош болуы үшін, адамның (Рухтың) өзі ұдайы қам жеуі тиіс". Көңілсіз адам - сорлы адам. "Көріксіз бала көңілсіз к..... туады" деген де даналық бар. Мәселе - Рухта. Қош Көңіл - Рухтың өмір сүрудегі басты қалауы, басты қажеті болу керек. Сонда ғана адам "Көңіл көтеру" я "қош Көңіл" деген қасиетті ұғымдарды шараптану я ойнастыққа салыну, т.с.с. жеңіл қызықтармен еш шатастырмайтын болады.


Көңіл қошы - "Көкірек (Көңіл) Көзінің" ашылуының" кепілі. "Көкірек Көзі (Жүрек Көзі) ашылса, Төбекөз ашылады". Төбекөз "ашылса", Жаратушының да ғаламатын "көретін" болады. Ондай бақшылық-әулиелік қасиетке жету үшін, дінге беріліп тыраштанғаннан түк те шықпайды. Дін атаулы - жалған ілім. Ал, жалған ілім қуаты осы Жалған Дүниеден әрі аспайды. О Дүниеде дін жоқ, Қош Ақыл мен қош Көңіл бар! Аңқыма солай дейді.


"Қош Көңіл - Рухтың өмір сүрудегі басты қалауы һәм қажеттілігі" десек те, Көңілді ұдайы қош ұстау - айтуға ғана оңай. Ол үшін, басқа да рухани қажеттіліктердің түгенделуі шарт. Оның мәнісін білу үшін, алдымен, Абайдың "талап, еңбек, терең Ой, қанағат, рақым (ойлап қой) - бес асыл іс, көнсеңіз" деген тұжырымына көңіл бөлейік. Мұндағы бес ұғым Аңқымадағы Бестік Жүйе бестіктеріне ұқсатыла айтылса да, - түрлі категориялық ұғымдар. Мәселен, ЕҢБЕК - Рух жасампаздығының Бестігіне, ТЕРЕҢ ОЙ - жасампаз Рух Бестігіне, ҚАНАҒАТ пен ТАЛАП - рухтық таным Бестігіне, РАҚЫМ адамгершілік сезімдер категориясына жатады.


30


"Талап, еңбек, терең Ой, қанағат, рақым (ойлап қой) - бес асыл іс, көнсеңіз" (Абай).

Абайдың бұл Сөзінің "Жүректің Көзі ашылса..." атты осы жазбаларымызға тікелей қатысы бар. Талдамаққа деген ниетіміз де содан. Әуелі мына бір мәселелерді айтып алайық.

ТӨБЕКӨЗ (Қош Еге + Көсеге) + ОН КӨЗ ("алтауы - ала, төртеуі - түгел"). Кемел Адам дегеніміз, негізінде, - осындай Жаратылыс. Басқаша айтсақ, "Күн + Кемпірқосақ" түріндегі біртұтастық. Заттанған Бұ Дүниеге орайғы "заттық" қосымша екі мүшесі: тіл мен қол-аяқ.

"Бастағы Бақ" (Қош Еге + Көсеге) ғажабына тән қасиеттер:

Ар, Ұнар (қош Періштеге тән жұпар мінез), іңкәрлік, қош қиялдау я қош армандау түріндегі қош Ой ойлау (қош сөйлеу, қош әрекеттену), қош Ғылым, көрегендік, қош даналық (шешендік, көсемдік.,), қош Таным, қош Сенім, қайрат, ыждаһат, қош Өнер, ақ ниет, Жігер, қош Білім, қош Талап, аңқылдақтық, сабырлылық, ықыластық, мәрттік, жомарттық, әділдік, адалдық, пәктік, құштарлық, қайсарлық, сергектік, Қанағат, қош Еңбек, т.т.

Әлбетте, кемел Адамды "Бастағы Бақ құрылымы" деп қана қарастыру дұрыс болмайды. Өйткені, кез келген Рухтың (Эго-Адамның) өзі - "Қош Еге + Кеж Еге" түріндегі біртұтастық. Өз ішінде сондай қарама-қайшылықта болатын сондай Рухтың кемел болуының сыры - "Ійе" ретіндегі Қош Егенің "Кійе" ретіндегі Кеж Егені өзінің "құдайы қосағы" ретінде сүйе білуінде әрі басқара һәм баға білуінде. Оның өзі - жатқан бір ғылым. Соның екі мысалының бір-екі сөзін ғана келтірейік. Аңқыма бойынша, Қош Еге - жұпар еркек-Періште, Кеж Еге - сасық ұрғашы-Сайтан. Қош Еге барша қасиеттері жағынан өте мықты болса, сасық ұрғашы-Сайтан болып табылатын Кеж Еге оның "сүйіп қосылған ақылды да ажарлы Қыз (Ару)" түріндегі "құдайы қосағына" Айналайын (духовное преображение) болады. Сөйтіп, олар "бақытты өмір сүрмек". Немесе, "Адам" болып табылатын Қош Еге "Хайуан" (Жылқы) болып табылатын Кеж Егеге "бас білдіреді". Сөйтіп, ол "Хайуан" Қош Егені мұратына жеткізер "көлікке" айналады. Яғни, Кеж Егенің "антиподтық" барша жамандықтары Қош Егенің барша жақсы қасиеттерімен қандайда бір ғажап үйлесімде болады. Рухтың кемел Рух болуының сыры сондай. Ондай Рухтың мәңілік қалауы мен қажетінің ҚОШ КӨҢІЛ болмағы да сондықтан.


31


"Талап, еңбек, терең Ой, қанағат, рақым (ойлап қой) - бес асыл іс, көнсеңіз" (Абай).

Әуелі осындағы "терең Ой", "Қанағат", "Талап", "Еңбек" ұғымдарын аз-маз талдап өтейік. ҚОШ ЕГЕ Ғажабына қатысты айтылған бесеудің бұл төртеуі - ЖҰПАР ІЙЕ (Түп Құдай болып табылатын Жұпар Жаратушының аңқымалық бір атауы; арабтар "Жұпар" сөзін "жаффар" түрінде қолданады) Ғажабының ғарыштық Бестігі заңдылығынан һәм ҚОШ БІТ ("Гос Подь"; "Ортаңғы" Жұпар Құдай) Ғажабының қош басқарым-бағымындағы "бес Күндік Жалған" аталмыш Бұ Дүние Бестігінің заңдылығынан еш бұлжымайтын түрлі категориялар бестіктерінің компонеттері:

ЖҰПАР ІЙЕ (Құдірет Күн - Эманация - Уақыт - Қозғалыс - Кеңістік)

ҚОШ БІТ (Күн - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)

ҚОШ ЕГЕ (Көсеге - қош Ой - қ. Сөз - қ. Іс-әрекет - қ. Жүзе)

ҚОШ ЕГЕ (Ұнар - қош Өнер - қ. Білім - қ. Ғылым - қ. Еңбек)

ҚОШ ЕГЕ (қош Таным - қ. Сенім - қ. Талап - қ. Жігер - Қанағат)

Соңғысынан бастаймыз.

"ҚАНАҒАТ" (довольство). Бұл ұғым, тегінде, - жамандық атаулыға қойылар шектеудің атауы. Қанағаттан ассаңыз, - Сайтансыз. Ал, жақсылықта қанағат жоқ. Жақсылық дамыған үстіне дами беруі тиіс. Сондықтан, жақсылық жолындағылар "барға - қанағат" деп ешуақытта тоқтап қалмайды. Олардың қанағатының қашанда қош ЖІГЕР (жігер: решимость) құбылысына ұласатындығы да сондықтан. Қош Жігер құбылысы, өз кезегінде, қош ТАЛАП (талап: упорное желание, стремление) құбылысына ұласады. Ол өз кезегінде, қош СЕНІМ (сенім: вера) құбылысына ұласпақ. Қош Сенім - қош ТАНЫМ (таным: познание) кереметіне айналады. "Жану" трансформациясы заңдылығы бойынша - осылай. Яғни, "талапты Ерге Нұр жауар". Мұндағы "Нұр" - қош Таным Нұры. Бұл жерде біз "таудай Талап бергенше, бармақтай Бақ (Көсеге) бер" мәтелінің дұрыс емес екендігін де айта кетуіміз керек. Себебі, қош Талап болмайынша, Бастағы Бақ та болмайды. Ал, қанағатшылдар тірлігі бес Күндік Жалғанның "Күндегі жасампаз нұрлы қуаттың топыраққа айнала сөнуі" сипатындағы керітрансформациялық Бестігі (КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ) негізіндегі мынадай "сөну "трансформациясы түрінде болмақ:

"қош Таным - қ. Сенім - қ. Талап - қ. Жігер - Қанағат"

Яғни, қанағатшыл жандар қош Таным, қош Сенім, қош Талап, қош Жігер - төртеуінен де бірдей айырылып, Қанағатпен ғана өмір сүрмек. Олардың "көп айтса көнді, жұрт айтса болды - әдеті надан адамның" (Абай) керінде болмағы - өзінен өзі түсінікті. Ешқандай қош Танымсыз соқыр сенімдегі діндарлар да - солардың бір түрі.


32


Сонда, Қанағатты "бес асыл істің" қатарына жатқызып, Абай қателесіп отыр ма? Қателесіп отырған жоқ. Себебі, Қанағат - қош Танымның қайнар көзі. Бізге соны ұқпақ керек.

Енді, "бес асыл істің" бірі ретіндегі Еңбек құбылысына келейік.

"ЕҢБЕК" (труд). Біздің "Еңбек" деп жүргеніміз - мәнісі Абайдың "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" Сөзімен анықталатын құбылыс. Мәселен, сіздің қасқа сиырыңыз таңертең алыстағы өріске "ерінбей" барып (өйткені, ауылдың маңы - қу тақыр), "еңбек етеді" яки оттайды. Сөйтіп, "қарны тіленбей тояды" да, кешке ауылға қайтып келіп, ала қазықтың қасында, жап-жасыл раһат күйіс қайырып жатады. Яғни, данышпанымыз аталмыш Сөзін ой-өрісі қасқа сиырдың ой-өрісімен деңгейлестерге арнап айтқан. "Солайша өте қарапайым айтқанда ғана олар еңбектің не екендігін түйсінеді" деп отыр Абай. Десек те, ондай Еңбек - қарынтойдыру машығы ғана. Бірақ, ол - қош Еңбектің қайнар көзі. Абайды біз осы тұрғыда дұрыс ұғынуымыз керек. Мәселен, Энгельс айтты делінетін "Адамды адам еткен - еңбек" сөзі - ақымақтың сөзі. Өйткені, біз айтып отырған күнкөріс я күнелту еңбегі маймылтектес жаратылысты баяғы бір замандарда қас топасқа айналдырған. "Маймылтектесті қас топасқа айналдырған - еңбек". Яғни, маймылтектес жаратылыс алма ағашының жоғарыдағы жемісін кез келген бір таяқ арқылы төменде тұрып-ақ алып жеуге жетіскен. Оның алманы алып жеуі - "күнелту еңбегі". Таяқты қолдануы - "күнелту ғылымы". Сондай қарекеттер оның санасына "күнелту білімі" болып та жазылады. Сөйте жүріп, ол, жай таяқ емес, алманы жұлып алуға ыңғайлы ілгекбасты таяқты да әдемілеп жасауды үйренбек. Онысы енді - өнер, "күнелту өнері". Әне, "күнелтпелік Еңбек - күнелтпелік Ғылым - күнелтпелік Білім - күнелтпелік Өнер" түріндегі сондай прогрессивтік процесс оны алғашқы жабайы адам ретіндегі қас топасқа айналдырады. Ал, біздің содан бергі эволюциялық жетістігіміз - пенделік деңгейге ғана жеткеніміз. Әлі Адам емеспіз. Яғни, мынадай "жану" трансформациясы:

"маймылтектес жануар - қас топас - топас - Пенде".

Біздің "еңбек, ғылым, білім, өнер" деп жүргендеріміздің, жалпы алғанда, күнелту деңгейіндегі пенделік еңбек, ғылым, білім, өнер болып табылатындығы да сондықтан. Неге? Өйткені, бізге ҰНАР (періштелік ақжұпарнұрлы Мінез өнері) жетіспейді. Ол болса, мынадай адамдық ғажап Бестік болар еді:

ҰНАР - қош Өнер - қош Білім - қош Ғылым - қош Еңбек.


33


"ҰНАР - қош Өнер - қош Білім - қош Ғылым - қош Еңбек"

Осындағы адамдық "қош Еңбекті" былай түсінген абзал. Мәселен, шебер етікші өз етігін тігерде, оның аяққа жайлы да жылы болуын һәм тез тозбауы мен сымбатының көркемдігін де қоса ойлайды. Етігін сондай талғам мен талап үддесінен шығарлықтай дәрежеде тігеді. Енді, ондай етікті аяққа киюдің өзі обал. Сөйткенмен де, ол - пендеге тән күнелтпелік өнер туындысы. Яғни, етікші сондай етіктерді өз күнкөрісі, бас пайдасы үшін ғана тігетіндіктен, ондай күнелтпелік өнер, өнер емес - адамдық қош Еңбек болып қана табылмақ. Ал, адамдық Өнер (қош Өнер), ол - періштелік Өнер, тек заттылығы ғана болмаса. Ондай қош Өнер - пендеге емес, Адамға ғана тән ҰНАР (періштелік ақжұпарнұрлы Мінез өнері) хикметі арқылы ғана мүмкін болатын шаруа. Ондай Өнер біздің "үш ұйықтасақ, түсімізге де кірмейді". Өйткені, ондай Өнердің бар екендігін білу тұрмақ, біз сол қош Өнерді жаратушы Ұнар хикметінің атауы ретіндегі "Ұнар" деген аңқымалық бағзы терминнің өзін де мүлдем ұмытып кеткенбіз әлдеқашан. Славяндық тілде ол терминнің түбірсізденген яки "ҰН" (ақжұпар Нұр; теңеумәндік түрі - "ұн" (мука)) түбірінің "Ұ" дыбысының түсіп қалғандағы ("НАР") бүлінгі жұқана "норов" ("НОР+ов"), "нрав" ("НР+ав") үлгілері ғана сақталып қалған. Соңғысынан "ҰНАР" (періштелік ақжұпарнұрлы жағымды Мінез өнері) терминінің мағынасына сәл-сәл ғана жуықтау "нравственность" сөзі пайда болады.

ҰНАР ғажабында өзінен таралатын қош Бестіктің (қош Өнер, қ. Білім, қ. Ғылым, қ. Еңбек) барлығының рухани қуаты бар. Сәйкесінше, қош Өнерде - өзінен кейінгі үшеудің, қош Білімде - өзінен кейінгі екеудің, қош Ғылымда қош Еңбектің қасиеттері мен қабілеттері болады.

Аталмыш Бестіктің қош (жұпар) болатындығының себебі, олар - ҚОШ ЕГЕ (Жұпар Ійе-Рух) Ғажабының Бестігі, көшпелі өмір сүру салтын сақтаған қош Елге тән қош Бестік.

Кеж Егенікі, әрине, керісінше:

"Пасық-сасық Мінез - сасық Өнер - с. Білім - с. Ғылым - с. Еңбек.

Осының өзі, сәйкесінше, - отырықшы тірлік ету салтындағы керкеткен елдің сасық Бестігі.

Жоғарыда айтылған қарама-қайшы екі Бестікке байланысты аңқымалық екі постулат бар. Бірінішісі: "Мүңкірлік (сасықсайтындық) өнерді үйрен де, - жирен!". Қош Еге ұстанымы. Екіншісі: "Өзің білме, білгеннің тілін алма!". Кеж Еге ұстанымы.


34


Абай айтқан "бес асыл істің" бірі - "терең Ой". Ол құбылыс - Ердің (кемел Рухтың) "Маңдайдағы бес елі Ырыс" аталмыш Бестігінен:

ҚОШ ЕГЕ (Көсеге - қош Ой - қ. Сөз - қ. Іс-әрекет - қ. Жүзе)

Яғни, "терең Ой" дегеніңіз жай Ой емес, - қош Ой (Періштеге тән жұпар Ой). Көсегедегі түпнұсқа қош Ой да, оның сыртқы ортада жасампаздық көрсету барысындағы ағымдық нұсқасы да - қош Ой. Оның дыбыстық сипаты да жай Сөз емес, - қош Сөз.

Бұл айтылған аңқымалық құбылыстардың көне бір постулаты: "Бас - Бақ (Көсеге), ауыз - дарбаза, Сөз - самал ("самал Сөз" - "Бастағы Бақтың елші-хабаршы жұпар Періштесі".,)". Ондай кемел я қош (аңқыр) Сөз Ійелерінің серті: "сөйлесем, - Даусым аңқыған!" (Ер Махамбет).

Жоғарыдағы Бестіктің "қош Жүзе" түрі - өзіміз айтып кеткен қош Өнер.

Жә, бұл арада біз "Адамдық" Бестігін де атап өтейік:

АДАМДЫҚ (Мәрттік - Жомарттық - Адалдық - Қайсарлық - Сабыр).

Мұның наданға тән Бестігі - өзінен өзі түсінікті.

Енді, Көңіл күйлері мен алуан сезім түрлері хақында айтпас бұрын біз "ҚОШ КӨҢІЛ" Бестігін де біле кетеміз:

ҚОШ КӨҢІЛ (ақ Көңіл - тоқ Көңіл - жай Көңіл - қам Көңіл - қара Көңіл)

"Ақ Көңіл" - сангвиникке, "тоқ Көңіл" - флегматикке, "жай Көңіл" -холерикке, "қара Көңіл" меланхоликке тән. "Көңілдің жайлануы" деп "жай Көңіл" туралы айтылады. "Ақ Көңіл" құбылысы "шын Көңіл" деп те аталады. Ал, өзіміз "өркениетті" деп жүрген елдердің психологиясы мен психологизмі ҚОШ КӨҢІЛ (періштеге тән ақжалыннұрлы жұпар Көңіл) ғылымынан әлі күнге дейін мақұрым. Өйткені, ол елдер ежелден отырықшы елдер болғандықтан, ондағы адамдардың психологиясы да, жалпы алғанда, - кежегелік психология. Сондықтан, олар Адамтанудың басты каноны болып табылатын "Бастағы Бақ пен Сор" ғылымынан да, "Көңіл" ғылымынан да бейхабар. Олардың психологиялық терминологиясындағы бір де бір термин аңқымалық "қош Көңіл" термині тұрмақ, "Көңіл" терминінің өзінің де мәні мен мәнісін һәм маңызын еш түсіндіріп бере алмайды. Ал, ҚОШ КӨҢІЛ (Періштеге тән ақжалыннұрлы жұпар Көңіл) Ғажабы - АҢҚЫЛДАҚ (Аңқылдақ: ешкімнен сырын жасырмай, қош Ой ойлайтын, қош Сөз сөйлейтін, қош әрекеттенетін жұпарперіштетектес) жандарға ғана тән тәңірлік қасиет. Қазақ - аңқылдақтығын әлі жоғалтпаған халық.

Қош. Сонымен, біз Төбекөз туралы әңгімеміздің ең күрделі бөлігіне де келіп жеттік. Оны Абай айтқан "бес асыл істің" бірі ретіндегі "РАҚЫМ" (милосердие) құбылысынан бастаймыз.


35


Абай айтқан "бес асыл істің" бірі - РАҚЫМ (милосердие) құбылысы.

Рақым яки Қайырым (доброта, отзывчивость; сочувственное, участливое отношение к нуждам других) - Адамның ең жоғарғы рухтық бес Сезімінің бірі. Яғни, "бес асыл істің" мәні мен мәнісі һәм маңызы біршама баяндалған төртеуі "Ақыл" категориясына жатса, Қайырым - "Көңіл" категориясына жататын рухани құбылыс. Ал, біз КӨҢІЛ ("к+ӨН ҰЛ"; алуанжұпарнұрлы періштелік сезімдер Әлемі) хақында біршама айтып өттік. Ол - "қырық құбыла" жалындаған рухани сезімдердің таң-ғажайып жасампаз да жойымпаз тылсым Әлемі. Сондағы "қырық құбылу" - Көңілдің күйлеріне байланысты бір керемет шұғылалық құбылыс. Неге "қырық құбылу", ол - өзінше бір ғылым. Яғни, ол күйлердің әрқайсысының өзіндік нұры, музыкасы, диапазоны, иісі, салмағы, т.т. параметрлері болады. Оны "КӨҢІЛ КҮЙІ" фразеологизміндегі "КҮЙ" (1. кюй, симфония. 2. обжигающий. 3. состояние) сөзі де айтып тұрады.

Жалпы алғанда, сезімдер мынадай төрт категорияға бөлінеді: рухтық Сезімдер, жандық Сезімдер, мінездік Сезімдер һәм тәндік Сезімдер.

Төменгі сезімдерден бастайық.

1. "Алты - аласы" мүшелерге тән, тәндік Сезімдер:

"ден" сезімі (ыстық-суықты, ауыр-жеңілді, құрғақ-ылғалды, қатты-жұмсақты сезіну); "қорек" сезімі (аштық-тоқтықты сезіну); жыныстық сезімі (жыныстық қозу мен жыныстық "шағылыс" ләззәтін сезіну); дәм сезімі; иіс сезімі; есту сезімі.

Әрине, бұл "алты - аласы" мүшелердің де әрқайсысы - бір ғажап "индикатор". Олар ішкі-сыртқы барша "информациялардың" нанабөлшектен де кіші мөлшердегі нюанстық реңктеріне дейін мұқият "аулап" тұрады.

2. Мінездік жағымды-жағымсыз Сезімдердің бір парасы: құлшыныс, зар, үміт, ыза, наз, мұң, қуаныш, масат, сүйіспеншілік, ашу, аяушылық, жалыныш, шаттық, күдік, құштарлық, өкпе, жұбаныш, реніш, насат, қайғы, лепіріс, қынжылыс, масат, ықылас, қызыныс, абыржу, абдырау, кіжініс, үрей, сағыныш, кек, таңғалыс, жиіркеніш, алданыш, қорқыныш, құмарлық, өкініш, қызғаныш, ашыныс, ризашылық, күйініш, сүйініш,...

Бұлардың да әрқайсысының өз нұры, дыбысы, иісі, т.т. қасиеттері бар.

3. Жандық Сезімдер дегеніміз - "иманигүлдік" сезімдер. Олар - әкелік, шешелік, перзенттік, біртуғандық, бауырлық, туыстық, достық, ... ұлттық, "космополиттік", әлемдік һәм ғарыштық сүю сезімдері. Бұлардың "антиподтық" сыңарлары - өзімшілдік, жаттық, тасбауырлық, қастық, безбүйректік, жершілдік, трайбалистік, т.т. сезімдер.


36


Тәндік, "мінездік" ("көңілдік"), "жандық" сезімдер жайын біраз баян еттік.

4. Рухтық Сезімдер.

Абайдың "бес асыл ісіндегі" Қайырым - рухтық Сезімдердің бірі. Рухтық Сезімдер қатарына, сондай-ақ, Мейірім, "Аяныш" һәм Іңкәрлік Сезімі жатады. Бұлар - "төрт Көз", "төрт Көзі - түгел (кемел)", Төрт Көзі түгел болса, - Төбедегі Көз (Төбекөз) көреді, алтауы ала болса, - ауыздағы Сөз өледі" постулаттарында айтылатын "төрт Көзге" ғана тән Сезімдер. Ал, ол "төрт Көздің" жүрек, өкпе, емшек және кәдімгі көз екендігі айтылды. Демек, сол "төрт Көзге" аталмыш төрт Сезім ("Аяныш", Мейірім, Іңкәрлік, Қайырым) сәйкес келеді. Бірақ, қай Сезім қай "Көзге" тән? Оны білу үшін, "төрт Көздің" әрқайсысының рухани қасиеттері мен қабілеттерін аздап болса да білуге міндеттіміз. Кәдімгі көзден бастайық.


"КӨЗ" деген сөздің - Күн Құдайы (Рухы) мен Күннің (Рух басқарымындағы таң-ғажайып нұрлы Ақыл-Естің) көнедегі "ӨС" атауының негізінде пайда болған туынды бүлінгі сөз ("к+ӨЗ") екендігі айтылды. Яғни, КӨЗ - кәдімгі нұрлы Күннің ишараты. Оны "Көздің жауы (Нұры)" фразеологизмі де растап тұрады. "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр" (Шаһкерім) аксиомасы да - адамдық Ақыл-Естің Күн (Кіші Күн) екендігінің бір қағидасы. Сол Кіші Күннің өзі - "Қош Еге +Көсеге" біртұтастығы. Қош Еге - қарашық (зеница ока), Көсеге - қарақ (қарашық "кемпірқосағы"). Кіші Күн болып табылатын "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы тірі моделінің Көз екендігі солай анықталмақ. Рух пен оның басқарым-бағымындағы рухани процестердің барлығының Көзден "көрініп" тұратындығы да содан. Оның бір анықтамасы - "Көз - Көңілдің айнасы". Немесе, "Көз көрмей - Көңіл сенбес". Мұндағы "Көңіл" сөзі Көңілді ғана айтып тұрған жоқ, Ақыл-Есті де айтып тұр.


"Қош Еге + Көсеге" Ғажабының заттылығы болып табылатын Мыйдың сыртқа ортаға шығып тұратын бірден-бір бөлігінің Көз ғана екендігі - жоғарыда айтқандарымыздың қосымша дәлелі.


37


Бабалар көркемтанымы бойынша "Төбекөз Дәу" болып саналатын Бұ Дүниенің "маңдайындағы жалғыз Көзі" - кәдімгі Күн. Сондай-ақ, аңқымалық көркемтаным бойынша, Күн Нұры ("Көздің жауы") - "Ақыл-Ес Нұры", "аталық шауһет", "енелік сүт", "жасампаз шебер қол", т.с.с. болып саналған. Сонымен бірге, ол Нұр Қош Біт (Күннің жұпар Рух-Құдайы) "Көңілінің" жұпар Нұры ("САМАЛ-а"; жұпаржелді Нұр) болып та табылады. Ал, Көңілстан - Ақыл-Ес Ійесіне тән барша нұрлы сезімдердің тылсым Әлемі. Ендеше, кәдімгі Күннен ағылған Самала-Нұрда Күн Ійесі ретіндегі Қош Бітке де тән "Аяныш", Іңкәрлік, Қайырым, Мейірім Сезімдерінің де нұрлары бар деген сөз. Кәдімгі "Күн"-Көзде де солай. Демек, кәдімгі Көзге де аталмыш төрт Сезім тән бе? Жоқ. Неге? Өйткені, кәдімгі Көз - "Көңілдің (Ақылдың да) айнасы" ғана. "Айна"-Көзде өзіндік рухани сезім болмайды (бұл жерде "рухани сезім" деп, Көздің физиологиялық көру қасиетін айтып отырған жоқпыз, рухани сезімдік қасиетін айтып отырмыз). Ал, "айна" ретіндегі Көзге емес, рухани мүше ретіндегі Көзге өзіндік рухани төл Сезім тән. Ол қандай Сезім? Оны біз "кісінің көзіне көзің түссе, Көңілің жібіп, мейір түсер" нақылынан ("Қазақ мақал-мәтелдерінің Алтын Кітабы. Құрыстырған Ж. Кейкин) біле аламыз. Көзге тән рухани төл Сезімнің МЕЙІР яки МЕЙІРІМ ("антиподтық сыңары" - мейірімсіздік) екендігі солайша анықталады. Сонымен, қатар, Көздің өзінше бір "жадтық" қасиетімен қатар, өзінше бір "ойлау" қасиетінің де болатындығын білмек абзал. Соңғысын Абайдың "Көзінен басқа Ойы жоқ" дегенінен де аңғаруға болады. "Күн"-Көздің рухани жағынан жоғары "төрт Көздің" құрамына кіретіндігі де содан.


Рухани қасиеті мен қабілеті жағынан алғанда, "Көзден жоғары" саналатын Емшек те Күнді ишаралайды. Оның үрпісі - "Күн Рухы", қалған бөлігі - "Күн". Енелік емшектен саулайтын сүт - "Ақ Күннің ақжалын Нұры". Сәби сондай "ақжалын Нұрмен" қоректенеді. Соның өзі - Ананың балаға деген қамқорлығы. Қамқорлықтың практикалық басты сипаты - қайырымды іс. Қайырым Сезімінің Емшекке ғана тән Сезім екендігінің заңдылығы сондай. Емшектің аты емшек болғандықтан, енелік я аталық емшек болсын, бәрібір, - оған ҚАЙЫРЫМ СЕЗІМІ тән.


Енді, "төрт Көздің" екеуі (жүрек пен өкпе) ғана қалды. Жоғарыдағы айтылған Сезімдерден қалғаны да - екеу, "Аяныш" пен Іңкәрлік Сезімдері. Алдымен "Аяныш" Сезімі туралы айтайық.


38


"Аяныш" деп біз шартты түрде атап отырған Сезімнің табиғатын түсіну үшін, алдыңғы айтылғандардан екі аналогияны қайыра еске түсіреміз.

Бірінші аналогия:

"АҚ ОТ-НҰР (МЫЙ) - Ақжалын Нұр (Жүрек) - мөлдіржалын Нұр (Өкпе) - қызылжалын Нұр (Емшек) - қызылсарыжалын Нұр (Көз)".

Екінші аналогия:

"КҮН (Мый) - Күн Нұры (жүрек) - Ауа (өкпе) - Су (емшек) - Топырақ (көз)"

Бұл айтылғандардан мына теңшеп анықталады:

мөлдіржалын Нұр = Ауа = Өкпе

Енді, мына ақиқатты білгеніміз абзал. Ақ От-Нұрдың да, одан тарала жаралатын тоғызы тоғыз түрлі жалын Нұрлардың да (олар: ақжалын, қызылжалын, қызылсарыжалын, сарыжалын, жасылжалын, көгілдіржалын, көкжалын, күлгінжалын, қаражалын Нұрлар) НҰР болмағы - олардың барлығының құрамында да өзі жеке-дара ая (сфера) да түзетін мөлдіржалын Нұрдың болмағында. Мөлдіржалын Нұрсыз ешқандай Нұрдың болуы мүмкін емес. Өйткені, ол - Өмір Нұры. Физиологиялық тұрғыда оның ДЕМ (тыныс) мүшесі болатындығы да сондықтан. "ДЕМ" деп ертеде Жанды да айтқан (мысалы, "Дем салу": "Жан бітіру") емді де (ем-дом) айтқан. Сол "Дем-Дом" Нұрсыз ешқандай тіршілік те болмайды, оның Дыбысынсыз (Ы; І) ешқандай дыбыс та болмайды. Яғни, алуан жалыннұрлы сезім атаулының сезім болмағы да - олардың кез келгенінің құрамында қандайда бір мөлдір ("ғайып") Сезімнің болатындығында. "Өмір Нұры" деп атауға лайық бір ерекше жұмбақ Сезімнің бар екендігі солайша мағлұм болмақ. Біз оны "ӨМІР СЕЗІМІ" деп атаймыз да. Ал, жоғарыдағы "мөлдіржалын Нұр = Ауа = Өкпе" теңшебіне қарасақ, ол Сезімнің Өкпеге ғана тән Сезім екендігі де айқындалмақ. Яғни, Өкпеге ғана тән төл Сезім - қандайда бір жұмбақ Мөлдір Сезім, Өмір Сезімі. Демек, біз "түгел боларлық төрт Көзге" тән жоғарғы рухани төрт сезімнің бірі болып табылатын Іңкәрлік Сезімінің Жүрекке ғана тән Сезім екендігін де біле аламыз.


39


Сонымен, "төрт Көздің" әрқайсысының өзіндік төл Сезімдері айқындалды:

ЖҮРЕК (Қан тарату мүшесі; ақжалыннұрлы Іңкәрлік Сезімі)

ӨКПЕ (Дем мүшесі; мөлдіржалыннұрлы Өмір Сезімі)

ЕМШЕК (Ата-енелік қуат мүшесі; қызылжалыннұрлы Қайырым Сезімі)

КӨЗ (Көру мүшесі; қызылсарыжалыннұрлы Мейірім Сезімі)

Әрине, Жүреккке тән Іңкәрлік Сезімінде өзінен төменгі үш Сезімнің де қабілет-қуаты болады. Емшекке тән Қайырым Сезімінде де солай, - өзінен "төменгі" кәдімгі Көздің Мейірім Сезімінің де қуаты бар. Өмір Сезімі барша Сезімнің "құрамында" болады.

Бұл жерде біз екі нәрсені айта кетуіміз керек. Біріншісі - Іңкәрлік Сезімі жөнінде. Оның қандай Ұлы Сезім екендігін біз Бестанымның (Бестаным: Өзтаным, Табиғаттану, Күнтану, Ғарыштану, Тәңіртану) негізі ретіндегі Сөзтанымға жүгіне отырып, анықтай аламыз. Мәселен, Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы негізінде, бағзы бабалар Аңқымасының "АҢҚЫМА" (тәңірлік-періштелік Жұпар Таным Ілімі) деген көне терминінен оның арықшаланған туынды "ӘҢГІМЕ" үлгісі пайда болмақ. Керкеткен заманалар бойғы жаппай жадсыздану кесірінен, біз оның "Қош! Қош!" деп келетін елші-хабаршы жұпар қонақ-Періштелердің қош хабары" деген аңқымалық бағзы мағынасынан да мақұрым болып қалдық. Қазіргі мағынасын орысшаға аударсақ - "разговор".

"Сөз - Сөзден туады" заңдылығына тағы бір-екі мысал.

Көпмағыналы "АҢҚЫЛ" (елші-хабаршы жұпар еркек-Періште.,) терминінен - "Аңғал" (арам ойлауды білмейтін жұпарперіштетектес аңқау жан), "Әңгел" (қорғаушы жұпар Періште; жұқана үлгісінің мәні: "көңілдес адам"; "Көк Ұл - "Хахаль" трансформациясында да солай) сөздері пайда болса, "Аңқыл" терминінің латындық "Анжел" үлгісінен христиандық діннің "қасиетті кітаптарының" ортақ "Інжіл" атауы шығады. Ал, "Аңқыл"-дың гректік "Ангел" үлгісі бүлінгі "Евангелие" ("е+в+Ангел+ие") атауына негіз болмақ. Сол сияқты, "АҢҚЫЛ" синонимі болып табылатын бағзы көпмағыналы "АҢҚЫР" (елші-хабаршы жұпар еркек-Періште.,) терминінен де "Әңгүр" (жұпар жүзім атауы), "Інжір" (инжир) және метатезалық "Нақыр" (исламдық мифологияда - "Накур") үлгісі пайда болып, одан "Нөкер" (қолдап-қорғаушы жұпар Періште; ауыс мағынасы: "мәртебеліні қорғаушы жауынгер") сөзі туындайды. Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығының кереметі сондай.

"АҢҚЫР" атауынан туындайтын сөздердің ең ғажабы - "ІҢКӘР" (Аңқыр Періштеге тән Жұпар Махаббат) сөзі. Яғни, "Іңкәрлік Сезімі" дегеніміз - "Аңқыр Періштеге тән Жұпар Махаббат Сезімі" деген сөз. Жұпарперіштелік ол Жұпар Сезім - Жүрекке тән.


40


"Түгел боларлық төрт Көздің" әрқайсысының өзіндік ерекше жұпары бар төрт түрлі Сезімдері тұтасып, Ар Сезімін "құрайды":

"АР СЕЗІМІ = Іңкәрлік Сезімі + Өмір С. + Қайырым С. + Мейірім С."

Адамдық барша сезімдердің Патшасы болып табылатын Ар Сезімі (барынша кемелденген Ұят Сезімі) туралы арлы да дана бабаларымыз қалдырған постулаттардың ең мықты екеуі:

"Малым - Жанымның садағасы, Жаным - Арымның садағасы" және "Өлімнен - ұят күшті".

"Ұят" деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған "қысымның" аты. Ол уақытта тілге Сөз де түспейді, Көңілге Ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді" (Абай).

"... Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай Ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар. Хатта өзін өзі өлтіретұғын кісілер де болады" (Абай).

Адамдық ең жоғарғы рухани Сезім болып табылатын Ар Сезімі пенделерде мүлде болмайды, қуаты түрлі деңгейдегі ұяттық сезімдер ғана болады. Олардың "Мүңкірі" ("МҮҢКІР": Рух пен оның бағымындағы Естің һәм Жадтың "сасық ұрғашы-сайтандық" табиғаты; жойымпаз қабілет) "Аңқырынан" ("АҢҚЫР": Рух пен оның бағымындағы Естің һәм Жадтың "жұпар еркек-періштелік" табиғаты; жасампаз қабілет) үстем түскен кездерде, қуаттары түрлі деңгейдегі сол ұяттық сезімдерінің өзі де жоғалып кетеді. Кейбіреулерде, тіпті, Ұят Сезімі мүлде жоқ. Ондайлар - топастар мен қас топастар. "Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. "Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?" - дейді" (Абай).

Абайдың Ұят туралы айтқандағы "бір ит боласың" дегенін "Ұятты сезінгенде ит боласың" деп те ұғынбақ жөн. Терең ойлай білетін адамдар одан "Ұят образы - "ит" қағидасын да аңғармақ. Шынында да, Аңқыма бойынша, Ардың (кемел Ұяттың) зооморфизмдік бір сипаты - күзетші сырттан ит. Оның мәнісі неде?


41


Аңқыма бойынша, Ардың (кемел Ұяттың) зооморфизмдік бір сипаты - күзетші сырттан ит. Оның мәнісі неде? Алдымен Сөзтанымға жүгінеміз.

"Бастағы Бақ" (Қош Еге + Көсеге) Ғажабының қадымдағы аңқымалық сансыз атауларының бірі - көпмағыналы "ҮР" ("Жұпар Рух + жұпарлы Жұмақ Ес"., ауыздан шыққан жұпар жел) Сөзі. Тіл тірлігіндегі текорат (тектестікке орайғы аттастық) заңдылығы бойынша, бұл "ҮР" термині - Қош Біт (Гос Подь) пен оның бағымындағы кәдімгі Күн ("Ортаңғы" Жұмақ Ес-Күн) Ғажабына да, Жұпар Ійе мен оның бағымындағы Құдырет Күн (Тәңірлік түпкі Жұмақ Ес-Күн) Ғажабына да ортақ атау. Өйткені, "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы да, Аңқыма бойынша, "Күн" (Кіші Күн) болып саналады. Әңгіме барысында осы айтылғандарды ұдайы ескереміз.

Жә, Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы бойынша, бір өзінен "Ер", "Ару", "үрпі", "көрпе", "Хүр" ("Хор"), "бүр", "өрт", "бір", "Аброй", "бөрі", т.т. бүлінгі туынды үлгілер тарала жаралған көне "ҮР" (Қош Еге + Көсеге.,) терминінен, Тіл тірлігіндегі текорат заңдылығы бойынша, толықша "АР" (Қош Еге мен Көсегеге тән жұпар Ұят) Сөзі жаратылады. Оның туынды бүлінгі бір үлгісі - ("А+б+Р+ой"; Честь) Сөзі. "ҮР" термині, сондай-ақ, Ардың зооморфизмдік ипостасының "ҮР" ("Қош Еге басқарымындағы Көсегені күзетіп-бағатын жұпарүнді жұпар ит") атауына да айналмақ. Оның бүлінгі туынды бір түрі - "бөрі" ("б+ӨР+і"; волк-самец). Яғни, Ардың зооморфизмдік тағы бір сипаты - бөрі. Ол - "КӨК БӨРІ" (мұндағы "көк" компоненті түр-түсті ғана білдірмейді, Жұмақ Ес Ійесін (ЕР) және Жұмақ (ҮР) пен Жұмақ "орналасқан" Аспанды да білдіреді). Бағзы бабалардың кейінгі мифологиялық эпостардан ("Оғыз қаһан", "Көк бөрі", "Манас", т.т.) белгілі "Көктегі нұр-сәуледен түсетін Көк бөрі" культінің қадымдағы мәнісі де Рух пен Ес жайындағы сондай аңқымалық ежелгі қағидаларда жатыр.

Аңқымалық көркемтаным бойынша, АР дегеніміз - Рух пен Ес-Ақылдың қырағы күзетші сырттан иті". Ол "ит" ертеде "ҮР" сөзінен өркендеген "Үрер" ("ҮР+ер") сөзімен де аталған. "ҮРЕР" атауының бүлінгі үлгісі - "Цербер" я "Кербер" (көнегр. миф. "к+ЕР+б+ЕР"; Тамұқтың үшбасты күзетші иті). Ол туралы да, "Церера" ("ц+ЕРЕР+а"; древнегр. миф. Богиня плодородия и земледелия) яки "ҮРЕР" (Жұмақ пен Жұмақ Құдайы) туралы да біз тарата айтып жатпаймыз.

Сонымен, АР дегеніміз - "ҮР" аталмыш "Бастағы Бақ" (Қош Еге + Көсеге) Ғажабын қорғап тұратын қырағы күзетші. Зооморфизмдік басты бір сипаты - ҮР (сырттан ит). Абайдың "Ар-ұяттың - бір Ақыл - күзетшісі" (мұндағы "Ақыл" сөзі Рух пен оның бағымындағы Есті білдіреді) сөзінің де интерпретациясы - "Рух пен Ес-Ақыл өздерін күзететін Арды қорғайды".


42


Сонымен, ит культінің Арға қатысты мәнісін де түсіндік. Әсіресе, маңыздысы - Көк бөрі культі. КӨК БӨРІ - "Ер (Қош Еге + Көсеге) мен Елді (Қош Еге-Патша + Көсеге-Ел) қорғаушы, күзетуші һәм соларға жол көрсетуші" Ар Ғажабының символы. Арсыз Рухтың (Ердің) өзі де азғынданып бітеді, оның бағым-басқарымындағы Ес-Ақыл да сорлап қалады. Қаншама революция болса да я қаншама реформация жасалса да, Рух Арлы болмай, Ес ешқашан түзелмейді. ЕС түзелмесе, - ешкім де, ештеңе де түзелмейді. Демек, Рух пен Естің кемелденуінің басты кепілі дін де емес, революция да емес, мемлекеттік түрлі идеологиялар да, заң да, қару да, ақша да емес. Рух пен Естің кемелденуінің басты кепілі - АР (Қош Еге мен Көсегеге тән жұпар Ұят) Ғажабы. Сондықтан, "Әлемді сұлулық құтқарады" (Ф.М. Достоевский) деп адасуға да болмайды. Себебі, сұлулықтың басты символы - Әйел-Ана. Әйел Арсыз болса, Әлем де әдірем қалады. Адамзатты АР ғана құтқарады, Адамзатқа тәңірлік Ақ Жолды АР ғана көрсетеді.

"Еңбекпенен, өрнекпенен Өнер Ойға тоқылса!

Жайнар Көңіл, қайнар Өмір - Ар Білімі оқылса!" (әулие Шаһкерім)

Ардың һәм Жүрекке тән Ар Сезімінің мәні мен мәнісі, әне, сондай керемет.

Әрине, Жүректің Ар Сезіміне ие болмағының кепілі - "Бастағы Бақ" (Қош Еге + Көсеге; жұпар Мый) Ғажабы. Өйткені, бағусыз, басқарымсыз Жүрек - тулаған бір хайуан яки Мөңкір (сасып тулаушы Жылқы). "Жүректің аттай тулауы" фразеологизмі де соны айтып тұрады. "Жүрек" ("ЖҮР+ек"; Сердце, ходячий) сөзінің "Р+Д" симбиозы арқылы түзілген "жүрдек" (жүР+Д+ек"; быстроходный) үлгісі де Жүректің сондай хайуандық сипатын білдірмек. Сөзтаным солай дейді. Демек, "Ар-ұяттың - бір Ақыл - күзетшісі" (Ар-ұяттың күзетшісі - бір Ақыл) түріндегі Абай қағидасы - Жүректің Ар Сезіміне ие болуы кепілінің бірден-бір аңқымалық постулаты.


43


Алдында айтылған аңқымалық мына аналогияларды еске алайық:

МЫЙ ("ҚОШ ЕГЕ + КӨСЕГЕ"; АҚ ОТ-НҰР, КІШІ КҮН)

Жүрек (Қан тарату мүшесі; ақж. Ар Сезімі + Іңкәрлік Сезімі; Кіші Күн Нұры)

Өкпе (Дем мүшесі; мөлдіржалыннұрлы Өмір Сезімі; "Меркурий")

Емшек ("Ата-енелік қуат мүшесі; қызылж. Қайырым Сезімі; "Шолпан")

Көз (Көру мүшесі; қызылсарыж. Мейірім Сезімі; "Жер")

Құлақ (сарыж. Есту мүшесі; "Марс")

Мұрын (жасылж. Иіс сезу мүшесі; "Юпитер")

Таңдай (көгілдірж. Дәм сезу мүшесі; "Сатурн")

Жыныс мүшесі (көкж. Жыныстық қозу һәм ж. раһат сезімі; "Уран")

"Қорек" мүшесі (күлгінж. Аштық-тоқтық сезімі; "Нептун")

"Ден" мүшелері (қараж. "ден"сезімдері; "Плутон + ұсақ планеталар")

Осының өзі мынадай біртұтастық:

ҚОШ ЕГЕ басқарымындағы БІР ОЙ МҮШЕСІ + ОН СЕЗІМ МҮШЕСІ.

Сезімдік он мүшенің төменгі алтауы - тәндік сезім мүшелері. Олардың "ашкөздік" қуаты өте сұрапыл. Өйткені, олар - заттанған Бұ Дүниеге сай "заттық" (тәндік) мүшелер. Ал, Бұ Дүниенің "Дене" ("тән") екендігі көркемтанымдық "жалғызкөзді Төбекөз Дәу" (Күн-"нұрлы Бас-Көз" + Бұ Дүние-"алып Дене") ұғымынан белгілі. Аталмыш "заттық" сезім мүшелерінің ерекше рухани Сезімдерге ие жоғарғы "төрт Көзден" айырмашылығы да; соған орай, "алты ала Көз" я "алты бақан - алауыз" атанғандығы да содан. Басқаша айтқанда, олар - "Жерлік сезім" мүшелері. Ал, "түгел" (кемел) боларлық жоғарғы "төрт Көз" - "Аспандық сезім" мүшелері.

Төменгі сегіз мүшенің барша "жалын-информациялары","тоғыз жолдың торабы - Күн-Қала" постулаты айқындайтын "кемпірқосақтық тоғыз жалын Нұрлардың тоғысынан Ақжалын Нұрдың түзілетіндігі" заңдылығы бойынша, дем мүшесі болып табылатын тоғызыншы мүше ретіндегі Өкпенің "Өмір" Сезімінің "мөлдірі" (физика пәнінде - мөлдір призма) арқылы өзара "тоғысып", Жүректің ақжалыннұрлы Іңкәрлік Сезіміне айналады. Ол жалын Сезім, өз кезегінде, жұлын ("жұлын" сөзі - "жалын" (пламя) сөзінің туынды бір үлгісі) бойымен, жоғарғы рухани төрт Сезімнің "тоғысынан" пайда болған Ар Сезімі түрінде мыйшыққа жетеді. "Құрамында" он сезім мүшелерінің барша "жалындық информациясы" бар сол Ар Сезімі мыйшықтағы "Көңілстанда" (Жүрек "орталығында") ерекше жұпарлана, "оттық (Ойлық) информациялар" яки "Жұпар Ән" түрінде Мыйдың сансыз "орталықтарына" трансформацияланып, сол "орталықтардың" өзара үйлесімді тірлігі арқасында, Ақыл-Естегі қош Ой ойлау түріндегі жұмақтық ("Бастағы Бақтық") жасампаз өмір басталмақ.


44


Мыйдағы жасампаз қош Ойлардың жұмақтық өмірі мыйшықтағы "Көңілстан" орталығын қайыра жұпарлай отырып, яғни, қош Көңіл түзіп, ол қош Көңіл Нұры Ар Сезімінің жұпарлы жалын Нұры арқылы кері трансформацияланады. Солайша, ол қош Қуат жұлын бойымен Жүрекке "құйылады" да, дем мүшесі ретіндегі Өкпенің Өмір Сезімінің мөлдірі арқылы, "кемпірқосақтық" сегіз түрлі сегіз жалын нұр түрінде сезімдік төменгі сегіз мүшеге "музыкалық жұпар хабар" таратады.

"Қош сезімдерден - Қош Ой, Қош Ойдан - қош сезімдер, қош сезімдерден - қайыра қош Ой" яки "қош Көңілден - қош Ақыл, қош Ақылдан - қош Көңіл" түрінде болатын ондай үздіксіз Айналайын (круговорот-кругооборот духовности) кереметі - пендеден Адамға түпкілікті Айналайын (духовное преображение) болған әулие я Бақшы ("БАҚ+шы": "Бастағы Бақ" Ійесі) жандарға ғана тән қасиет. Сондай Адамдар ғана барша тіршілік иелеріне һәм Қош Біт ("Гос Подь"; кәдімгі Күн-Естің Жұпар Рух-Құдайы) пен Жұпар Ійеге (Түпкі Құдірет Күн-Естің Жұпар Рух-Құдайы) аса іңкәр, Арлы Айналайын (жақсы көрейін; садағаң кетейін-құрбандығың болайын) дәрежесіне жетпек. Ал, пенделерде олай емес. Себебі, олардың "заттық" сезімдерге ие төменгі "ашқарақ" алты Көзі" көп жағдайда заттанған Бұ Дүниенің уақытша жалған қызықтарына еш тоймағандықтан, жоғарғы "төрт Көздің" рухани Сезімдерінің қуаты да төмен дәрежеде болмақ. Соның өзі "Төрт Көз түгел (кемел) бола алмайды", "төрт Көз ешуақытта ашылмайды" деген де сөз. Яғни, "Алты Көз ала болса, - ауыздағы Сөз өледі". Оларда "қош Ақылдан - қош Көңіл, қош Көңілден - қош Ақыл" Айналайынының өте сирек болатындығы да сондықтан. Яғни, пенделер - "Жерлік" сезімдердің құлдары. Ал, "ЖЕР" (Земля; о б ж о р а) сөзі жақсы сөз емес...


45


Парсылық "Пенде" сөзі - Аңқыманың көпмағыналы көне "ЕН" (қандайда бір ортаға ен; қандайда бір ортаға ене, шіріп-сасып өл.,) терминінің бүлінгі бір үлгісі: "Пенде" ("п+ЕН+д+е"; смердящий смертный.,). Пенделердің "сасыған ажалды" болуының басты мәнісі - "Жерлік" (ЖЕР: Земля; обжора) алты сезімге "құл болуында". Абайдың: "аларманда - алтаусың"-дегені де - сол ашкөз алтаудың аңқымалық "мінездемесі" негізінде айтылған сөз. Яғни, пенделер Бұ Дүниеде яки Жер бетінде құр ғана жерлік (жерге тән; жалмап жұтарлық) тіршілік иесі болып қала береді. "Аспандық" Сезімдер болып табылатын бес Сезімдері (Ар, Іңкәрлік, Өмір, Қайырым, Мейірім Сезімдері) кемелденбегендіктен, "бес - бересі Көздері" (Мый, Жүрек, Өкпе, Емшек, кәдімгі Көз) де еш ашылмақ емес. Абайдың: "Берерменде - бесеусің"-дегені де - сол "бес Көздің" аңқымалық "мінездемесі негізінде айтылған сөз. Ал, "бес Көзі "соқырланған" тірлік - хайуандық сипатта күнелту я күн көру. Оның аңқымалық постулаты: "Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы. Боқтан сасық боларсың өлсең тағы" (Абай). Ондай "боқ көтерген боқтың қаптары" ана Дүниеге де сол сасыған хайуандық сипатта аттанбақ. Әрине, сондағы олар тап болатын "мекеннің" Жұмақ болмайтындығы Айдан анық. Өйткені, "сасыған етке - борсыған май".

Пенделердің Адамдық дәрежеге дейін кемелденуінің сыры неде? Пенденің қандай жағдайда да (тіпті, ажал алдында да) үнемі қош Ой ойлауға тырыса білуінде. Ондай ниет пен талапқа қалай жетпек керек? Ол үшін - арғы Арлы дана бабаларымыз кемел танып-білген өзіндік барша сыры Сөзтаным арқылы ғана ашылар Бестаным (Өзтаным, Табиғаттану, Күнтану, Ғарыштану, Тәңіртану) ретіндегі Аңқыма Ілімін меңгермек абзал. Біздің аталмыш жазбаларымыз - сол Аңқыманың басты танымдық ғылымы болып табылатын Адамтану (Өзтаным) доктринасының негізгі канондары жайындағы аздаған тұжырымдар ғана.

Аңқыма Ілімін меңгермектер үнемі қош Ой ойлауға тырысады. Ондағы басты принцип - "пайда ойлама, - Ар ойла!" (Абай). Солайша Қош Ой ойлау Көңілді қош етпек. Қош Көңіл, өз кезегінде, қайыра Ақылды жұпарлайды. Сол Айналайын (круговорот-кругооборот духовности) кереметі - "бес бересі" (Мый, Жүрек, Өкпе, Емшек, кәдімгі Көз) мүшелерге тән рухани бес Сезім (Ар, Іңкәрлік, Өмір, Қайырым, Мейірім) нұрларының барынша кемелденуінің тәңірлік кепілі. Сондағы Ар Сезімінде "төрт Көздің" нұрлары ғана емес, жандық, мінездік, тәндік сезімдердің баршасының нұрлық қуаты болады. Ар Сезімі тұрақты Рух - Қош Еге. Ал, "қарашық"-Қош Еге + "қарақ"-Көсеге" біртұтастығы - "ашылған" Төбекөз". Ондай "Төбекөздің" "төрт Көзі де - түгел (кемел)". Ол "төрт Көздің" біртұтастығы "Көңіл Көзі" деп те, "Көкірек Көзі" деп те атала береді. "Жүректің Көзі ашылса..." деген Сөздің астарында аңқымалық сондай жұпар сыр бар.


46


Жүрек хақында көп нәрсе айтуға болады. Мәселен, аңқымалық көркемтанымдағы Жүрек образдары: "Ұрғашы", "жылқы", "Көңіл", "ақ жалын", "сал", "әуен", т.с.с. Солардың ішіндегі басты бірі: "Жүрек - Патша-Мыйдың уәзір-қатыны". Әлсіз "Патша"-Мыйды қуатты "уәзір-қатын" ретіндегі Жүрек билеп-төстейді. Ақыл-Ес патшалығын сорлататын ол құбылысты "Хан жарлығынан - қатын қарлығы күшті" нақылы да айқындап тұрады. Жүректің кеуде ішінде "солақай" орналасуы да - оның "оң басқарушы" ретіндегі Мыймен "бақталас-бәсекелес" екендігінің бір ишараты. Ал, аталмыш нақылдың керкеткен заманалар бойғы жаппай жадсыздану кесірінен пайда болған үлгісі: "Хан жарлығынан - қатын жарлығы күшті".

Жүректі - "аларман алтау" бұзады. Мінездің қисық-қыңырлығы да содан. Адал Жүректің Сезімі - қош Көңілдің "Сөзі". Ондай "Сөз" адасқан Ақылды жөнге келтіреді. Патша-Мыйда ондай "Сөзді естірлік құлақ" болса, әрине.

Қош. Мәшһүр Жүсіп пен Шаһкерімнің Жүрек туралы ой-толғамдары да - Аңқымадағы өзтанымдық ғылым Сөздерінен. Абайдың Жүрек жайындағы айтқандары да - біз әңгімелеп отырған бабалар даналығынан. Талдау үшін, біз тек Абайдың "Төбекөз" бен "Жүрек Көзіне" һәм "Жүрегінің Көзі ашылғандарға түсер Хақтық Сәулесіне" тікелей қатысты тоғыз Сөзін ғана таңдап алдық. Оларды он тармақ етіп талдаймыз:

1. "Жүрекке құйылып жан-раһат бір Сәуле". 2. "Жүректе Оты жоқ адамда - мый болмас". 3. "Жатқан надан не білер - Көңілге сәуле толмаса?".

4. "Білімдіден шыққан Сөз талаптыға келсін кез.

Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын Көз".

5. "Тәңірінің берген Өнері көк бұлттан ашылса,

сылдырлап өңкей келісім тас бұлақтың суындай,

кірлеген Жұрек өзі үшін тұра алмас әсте жуынбай.

Тәңірінің Күні жарқырап, ұйқыдан Көңіл ашар Көз.

Қуатты Ойдан бас құрап, еркеленіп шығар Сөз.

Сонда Ақын белін буынып, алды-артына қаранар.

Дүние кірін жуынып, көрініп Ойға, - Сөз салар".

6. "Қуаты оттай бұрқырап, уәзінге өлшеп тізілген;

жаңбырлы жайдай сырқырап, көк бұлттан үзілген -

- қайран Тіл, қайран Сөз - наданға қадірсіз!"

7. "Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған Ойды кім түртпек?

8. Ақылға Сәуле қонбаса, хайуанша жүріп күнелтпек".

9. "Жалын мен Оттан жаралып, жарқылдап Раһит жайды айдар.

Жаңбыры Жерге таралып, жасарып шығып - гүл жайнар.

Жайына біреу келсе кез, белгілі жұмыс - сор қайнар.

Қуаты күшті нұрлы Сөз, қуатын білген - абайлар".

10. Көңілге түрлі Ой түсер, әр тереңге нұсқасаң".


47


Пайғамбар Абайдың "Төбекөз" бен "Жүрек Көзіне" һәм "Жүрегінің Көзі ашылғандарға түсер Хақтық Сәулесіне" тікелей қатысты тоғыз Сөзін аз-маз саралайық. 1. "Жүректе Оты жоқ адамда - мый болмас" яки "Ар Сезімі жоқ адам - айуанмен тең". Өйткені, "Жүрек Оты" - Ар Сезімінің қош Нұры. Ол қош Нұр Ақылды жұпарлайды. Жұпар Ақылдың Төбекөзі ашылады. 2. "Жатқан надан не білер - Көңілге сәуле толмаса?" яки "Ар Сезімінсіз (Нұрынсыз) адам - надан". 3. "Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған Ойды кім түртпек?" яки "Жүрегінде Ар Сезімінің қуаты жоқ адамның Ақылы - қараңғы".

Бұл жерде Жүрекке тән Іңкәрлік Сезімі де міндетті түрде ескерілуі керек.

4. "Жалын мен Оттан жаралып, жарқылдап Раһит жайды айдар.

Жаңбыры Жерге таралып, жасарып шығып, - гүл жайнар".

Мұндағы "Раһит" ("ЫРА+һ+ит") - Күн мен оның Рух-Құдайының (Қош Біттің) көнедегі "ЫРА" атауының бүлінгі бір үлгісі. "Жалын мен Оттан жаралған Ыра". Яғни, Ар Сезімі ("Жалыны") мыйшықтағы "Көңілстанда" трансформацияланып, қалайша Қош Еге мен Көсегелік Ойға ("Отқа") айналады, дәл сондайлық рухани процесс "ЫРА" аталмыш кәдімгі Күн (Қош Біт + Күн-Ес) кереметке де тән. Ал, Оттың жалынсыз болмайтыны секілді, "От" сипатындағы Ой да сезімсіз ("жалынсыз") болмайды. Демек, "Қош Біт + Күн-Ес" біртұтастығы болып табылатын кәдімгі Күн - қандайда бір ғажап "От пен Жалыннан" (сезімді Ойлардан) ұдайы өркендеп-өсіп-құлпырып жатқан бір ғажап жасампаз Ес Ғаламы. "Жалын мен Оттан жаралған Ыра(ит)" дегеннің сондай аңқымалық сыры бар. Ендеше, Қош Біттің "бес Күндік Жалған" аталмыш Бестігі мен Қош Егенің "маңдайдағы бес елі Ырыс" аталмыш Бестігі түріндегі аналогияға қаралық:

"КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)"

"ЕС - ағымдағы Ой - Сөз - Іс-әрекет - Жүзе"

Жоғарыда айтқанымыздай, Күннің өзі - "ҚОШ БІТ ("Гос Подь") + КҮН-ЕС" біртұтастығы болса, Естің өзі "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы. Яғни, аналогиялық Бестіктердің ортақ өрнегі:

КҮН (ЕС) - Күн Нұры (ағымдағы Ой) - Ауа (Сөз) - Су (Іс) - ЖЕР (Жүзе).

Бұл өрнек Жер бетіндегі барша тіршілік иелерінің де Күн-Естің жасампаз жұпар Нұрынан (Самаласынан) жаратылатындығын дәлме-дәл көрсетіп береді. "Жаратушы Күн - жербетіндік жаратылушылар" түріндегі сондай процестің постулаты: "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" (Шаһкерім). Күн Нұры - ағылған сәуле түріндегі "жаңбыр", кәдімгі жаңбыр - ағылған су тамшылары түріндегі жаңбыр. Яғни, пайғамбар Абай Қош Біт Бестігіндегі Күн Нұры (нұр-жаңбыр) мен Суды (жаңбыр) ғана атап отыр. Ол екі субстанция Қош Біттің "ағымдағы Ойы" мен "Іс-әрекеті" болып табылады. Жер бетіндегі тіршілік солардың "Жүзесі" (түпкі нәтижесі). "Жаңбыры Жерге таралып, жасарып шығып, - гүл (жербетіндік Өмір. Т.Ә.) жайнар!".


48


Сонымен, "Жалын мен Оттан жаралған Ыра ("ЫРА+һ+ит")" дегеніміз - айналасына тегіннен-тегін таң-ғажайып жасампаз жұпаржелді Нұр ("САМАЛ+а") таратып тұратын "ҚОШ БІТ + КҮН-ЕС" біртұтастығы. Ендігі айтар әңгімеміз ұғынықты болу үшін, біз ол біртұтастықты "КҮН" деп қана қарастырамыз. Дана бабаларымыздың аңқымалық көркемтанымы бойынша, ол Күннің "жалғыз Көз" түріндегі нұрлы Бас" екендігі де аян. Сәйкесінше, Бұ Дүние - "алып Дене". Ал, жалпы, аңқымалық көркемтаным бойынша, "маңдайындағы жалғыз көзі бар Төбекөз- Дәу" болып саналатын сол біртұтастық "бес Күндік Жалған" деп аталады. Яғни, мына Бестік тұтастай "жалған" (ложный-бренный мир):

"КҮН ("Бас") + БҰ ДҮНИЕ ("Дене": Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ-Жер").

Сонда, бұл Бестік неге тұтастай жалған?

Себебі, ол бірден-бір негізгі ХАҚ болып табылатын Жұпар Ійенің мына басты Бестігінің "көшірмесі":

"Құдырет КҮН - Эманация - Уақыт - Қозғалыс - Кеңістік (шексіз Ғарыш)".

Бірақ, "Бұ Дүние - жалған" фразеологизмі "нұрлы Бас" ретіндегі кәдімгі ("Ортаңғы") Күннің де "Хақ" екендігін аңғартып тұрады. Ол да - заңдылық. Себебі, "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" (Шаһкерім) постулаты бойынша, жербетіндік барша тіршілік иелері - "Қош Біт + Күн-Ес" біртұтастығы болып табылатын Күндегі "Жалын мен От" түріндегі сезімді түпнұсқа Ойлардың "көшірмесі":

КҮН (ЕС; түпнұсқа Ойлар) - КҮН НҰРЫ (ағымдағы Ой: түпнұсқа Ойдың "көшірмесі") - АУА (Сөз: түпнұсқа Ойдың дыбыстық "көшірмесі") - СУ (Іс: түпнұсқа Ойдың әрекет түріндегі "көшірмесі") - ЖЕР (Жүзе: түпнұсқа Ойдың заттанған түпкі "көшірмесі").

Яғни, Жаратушы-Күндегі тылсым Ғалам - өзінше бір ХАҚ. Демек, "Жүректің Көзі ашылса, - Хақтықтың түсер Сәулесі" (Абай) қағидасындағы "сәулелі Хақтық" - Қош Біт басқарымындағы Күн-Ес ғаламаты.


49


5. "Тәңірінің берген Өнері көк бұлттан ашылса: сылдырлап өңкей келісім тас бұлақтың суындай, кірлеген Жүрек өзі үшін тұра алмас әсте жуынбай. Тәңірінің Күні жарқырап, ұйқыдан Көңіл ашар Көз. Қуатты Ойдан бас құрап, еркеленіп шығар Сөз. Сонда Ақын белін буынып, алды-артына қаранар. Дүние кірін жуынып, көрініп Ойға, - Сөз салар".

"Тәңірінің берген Өнері". Мұндағы "Тәңірі" - Құдырет Күннің Ійесі (Рух-Құдайы) болып табылатын Түп Құдай яки Жұпар Ійе. "Тәңірінің берген "Өнері" дегендегі "Өнер" - кәдімгі ("Ортаңғы") Күн. Бағзы замандарда бабаларымыз Күнді "ӨНЕР" ("ӨН+ер"; жұпар Нұр шаша өсіп-өркендер; Жұмақ Күн; Күн нұры, Искусство.,) деп те атаған. Аңқымалық көне "ӨНЕР" терминінің бастапқы "Ө" дыбысы түсіп қалғандағы түбірсіз (тексіз) "НӨР" үлгісінің негізінде пайда болған һәм мәні мен мәнісі Сөзтаным бойынша анықталатын туынды, бүлінгі сөздердің бір парасы: "Нар" (монғ. Күн), "Нур" (ар. Нұр), "Нуур" ("НУ+у+Р"; монг. Көл), "нор" (шоғыр), "Нарт" ("НАР+т"; қызыл Күн), "Нұра" ("НҰР+а"; ен дала), "Натура" ("НА+т+уР+а"; гр. Табиғат), "Нұра" ("НҰР+а"; ағын, өзен), "Нерв" ("НЕР+в"; лат. Жүйке талшығы), "Норка", (НОР+ка"; терісі бағалы кішкене аң), "Нутрия" ("НУ+т+Р+ия"; исп. Құндыз), "Нәр" (нәр), "Нәһәр" ("НӘ+һ+әР"; түркмен. Тамақ-ас), "Нар" (нар), "Нәр" (қарақал. Ақ мамық), "Нәрәта" ("НӘР+ә+т+ә"; Ау).

"Тәңірінің берген Өнері" дегендегі "Өнердің" Күн екендігін аталмыш жырдағы "Тәңірінің Күні жарқырап" сөзі де қуаттайды. "Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай". Бұл - көркемтаным бойынша, "кәусар" я көсір" болып та бейнеленетін Күн нұрының ("Ар Сезімінің") образы. Күннің Ақжалын Нұрының "Жүрек Нұры" екендігі де белгілі. Сол ақиқат "кірлеген Жүрек өзі үшін тұра алмас әсте жуынбай" түрінде айтылып тұр. "Тәңірінің Күні жарқырап, ұйқыдан Көңіл ашар Көз". Мұндағы "жарқырап" сөзі де Күн Нұрын білдіреді. Ал, "Жүректің ақжалын Нұрының (Күн Нұрының) кемелденуінің "Көңіл Көзінің (Жүрек Көзінің) ашылуын" білдіретіндігі де баяндалды. "Ұйқыдан Көңіл ашар Көз" деген сөз де сол ақиқатты растай түседі. "Қуатты Ойдан Бас құрап" дегенді "қисапсыз от-жалын Ойлар жиынтығы - Күн-Ес" деп ұғынбақ абзал. "Еркеленіп шығар Сөз" - сол Күн-Естен (нұрлы Бастан) сансыз нұрлар түрінде өзара үйлесім құрай саулап (сөйленіп) тұратын Қош Біт Сөзі. Сол ғажапты кәміл ұққан кемел адам (Ақын) Бұ Дүниеге өз Төбекөзімен қарайды. Сонда Ақынның сол "Ой-Көзіне" (Төбекөзіне) Бұ Дүние өзінің барша құпия қыр-сырын көрсетеді де, Ақынның Ақыл-Есінде ғажап Ой (дыбыссыз Сөз) пайда болады. Сол кереметті пайғамбар Абай: "Сонда Ақын белін буынып, алды-артына қаранар. Дүние кірін жуынып, көрініп Ойға, - Сөз салар" - деп жырлайды.


50


6. "Қуаты оттай бұрқырап, уәзінге өлшеп тізілген;

жаңбырлы жайдай сырқырап, көк бұлттан үзілген -

- қайран Тіл, қайран Сөз - наданға қадірсіз!".

Мұны былайша оқимыз: "Көк бұлттан үзілген жаңбырлы жайдай сырқырап, қуаты оттай бұрқырап, уәзінге өлшеп тізілген қайран Тіл, қайран Сөз - наданға қадірсіз!"

Бұл да - бес Күндік Жалған Бестігінен:

КҮН (ЕС) - Күн Нұры (ағымдағы Ой) - Ауа (Сөз) - Су (Іс) - ЖЕР (Жүзе).

"Көкірегі - сезімді, Көңілі ойлыға бұл Сөзімнің суреті тұрар дайын" (Абай). Яғни, "наданға қадірсіз қайран Тіл мен қайран Сөз" - бізді өз Ақылының (Күннің) Нұрымен тікелей жаратушы Қош Біттің (Қош Біт: Жұпар Құдай-Рух; славян. үлгісі: "Гос Подь": Құдай ) Тілі, Қош Біттің Сөзі! "Жүректің Көзі ашылса, Хақтықтың түсер Сәулесі" (Абай) қағидасындағы "Хақтықтың Сәулесі" "жалын мен Оттан жаралған" сондай Тіл, сондай Сөз! Төбекөзіміз ашылмай, ол "Тілді" бізге ұғу жоқ, Көңілдің Көзі ашылмай, ол "Сөзді" бізге есту жоқ! Сол себепті де, Абайдың "Жалын мен Оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар?" деген сұрағына, міне, ғасырдан асып кетті, - әлі жауап жоқ.

7. "Білімдіден шыққан Сөз талаптыға келсін кез.

Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын Көз".

Пайғамбар Абай Жаратушы "Сөзінің" (Тілінің) "қаріпсіз, дауыссыз" екендігін де айтты. Жаратушысына "тартып туған" Адамның Тілі де - қаріпсіз, дауыссыз. Оны мына аналогиядан ұғамыз:

"КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)"

"ЕС - ағымдағы Ой - Сөз - Іс-әрекет - Қаріп"

Яғни, ойланылатын кез келген Ой бірмезетте дыбыссыз, қаріпсіз сөйленіп те тұрады, Мый ішінде: "Ой + дыбыссыз Сөз". Сөйленілмейтін Ой еш ойланылмайды да. Ойдың дыбысталуы - Сөз. Ол да - өзінше бір Жүзе (түпкі нәтиже). Бірақ, Ой өзінің іс-әрекеттік түріне енсе, онда оның жүзелік түпкі бір түрі кәдімгі жазу ("қаріп") болмақ.

"Білімдіден шыққан Сөз" дегенді "Қош Біттен шыққан Сөз" деп ұқпақ керек. Өзі жаратып-таратып, бағып-басқарып тұрған Әлемде одан асқан Білімдінің болу мүмкін де емес. Ол "Білімдіден шыққан Сөз" - өз басқарымындағы Күн-Естен ағылған жұпаржелді Нұр ("САМАЛ+а") түріндегі "нұрлы да сырлы жұпар Сөз". Яғни, Қош Біт Сөзінің Нұры да, сыры да, сонымен қатар, жұпары да болады. Басында Бағы бар Аңқылдақ Тұлғаларда да солай: "Бас - Бақ, ауыз - дарбаза, Сөз - самал".

Бош Біттің нұрлы-сырлы-жұпарлы Сөзін талаптылар ғана аңдамақ. Көкірек Көзі ("Көңіл Көзі") ашылған талаптылар Қош Біт Сөзінің (Тілінің) нұрын да, сырын да, жұпарын да анық көріп-білетін болады. Ал, Көкірек Көзінің ашылуы дегеніңіз - Төбекөздің ашылуы.


51


8. "Жүрекке құйылып жан-раһат бір Сәуле".

Мұндағы "Жүрекке құйылар жан-раһат Сәуле" - Іңкәрлік (жұпарперіштелік махаббат) Ғажабының жұпар Нұры. Іңкәрлік - пенделіктен ада, Мәрт (жұпармінезді Ер) пен Аруға (Ару: ажарлы да ақылды, жұпармінезді Қыз) ғана тән ақжұпарнұрлы жасампаз Сезім. Ондай жандар, көбінесе, бір-бірімен қосылмайды. Әрқайсысы өз бетінше құсалықтан сарғайып өледі. Қосыла қалса, олардың Іңкәрлік Сезімі "заттық" я тәндік сезімдермен "былғанбақ". Тек, Рухы күштілері ғана жербетіндік барша тіршілік иелерін ерен сүйдіретін, аялай білдіретін Іңкәрлік Сезімін Жүрегінде таза сақтай алады. Ол үшін, бірақ, пенделік тірліктен түбегейлі бас тартпақ я алыс болмақ ләзім. Сондықтан, әулиелікке жеткізер ондай құбылыс - өте сирек, жоқ десе де болады. Кәдімгі пенде ретіндегі кейбір жігіт пен қызда Іңкәрлік Сезімі бастапқы кездерде болуы мүмкін. Бір-бірін тани келе, ондай сезімдері "өшіп" қалады. Егер, оны "сөндірмей" сақтап, үйлене қалса, олар ондайлық Сезімді пендешілікпен бәрібір сақтай алмайды. Сондықтан, олардікін жай ғана "махаббат" деп атаған жөн. Оның өзі - "уақытша махаббат". Өйткені, ол уақыт өте келе, "жандық сезімдерге" ұласады. Онда да, олар бірге ғұмыр сүре алса.

"Жүрегінің Көзі ашылғандарға" - Мәрт пен Арудағыдай іңкәрлік Сезім тән. Қош Біт иелігіндегі Жұмақ Күннен таралып тұрған жұпаржелді жасампаз Нұрдың "құрамында" да Қош Бітке тән Іңкәрлік Сезімінің шапағаты мен шарапаты бар. Сол шапағат пен шарапат та Төбекөзі ашылған жандардың Жүрегіне "жан-раһат бір Сәуле" түрінде "құйылып" тұрмақ. Яғни, ол да - "Жүрек Көзі ашылғандарға Хақтық тарапынан түсер Сәуленің" бір түрі.

9. "Ақылға Сәуле қонбаса, хайуанша жүріп күнелтпек".

Төбекөзі ашылмаған жандарға Абай айтқан "Хақтықтың Сәулесі" ешқашанда "түспейді". "Түспеген" соң, хайуанша күн көргеннен я күнелткеннен басқа амал да қалмайды ондайларға. Бұл тақырыпқа соңыра қайта ораламыз.

10. "Көңілге түрлі Ой түсер, әр тереңге нұсқасаң".

Бұл Сөз - "Төбекөзі ашылған" жандарға ғана тән болатын ерекше қасиет хақындағы қағида. Оның бір сырын біз былайша айтып өткенбіз: "Қуатты Ойдан Бас құрап" дегенді "қисапсыз от-жалын Ойлар жиынтығы - Күн-Ес" деп ұғынбақ абзал. "Еркеленіп шығар Сөз" - сол Күн-Естен (нұрлы Бастан) сансыз нұрлар түрінде өзара үйлесім құрай саулап (сөйленіп) тұратын Қош Біт Сөзі. Сол ғажапты кәміл ұққан кемел адам (Ақын) Бұ Дүниеге өз Төбекөзімен қарайды. Сонда Ақынның сол "Ой-Көзіне" (Төбекөзіне) Бұ Дүние өзінің барша құпия қыр-сырын көрсетеді де, Ақынның Ақыл-Есінде ғажап Ой (дыбыссыз Сөз) пайда болады".

Енді, "Төбекөз дегеніміз кім я не?" деген сұраққа нақты жауап іздейік.


52


Көнеүнділік пагодалардың қайсыбірінде "маңдайында жалғыз Көзі бар Құдайдың" мүсіндері мен суреттері сақталған. Ол "жалғызкөзді Құдайдың" прототипі де - қадымдағы біздің бабалар қалыптастырған аңқымалық бағзы көркемтанымдағы мәнісін өзіміз баян еткен "ТӨБЕКӨЗ" (төбесінде жалғыз "Көз"-Күн орналасқан "Дене"-Әлем). Өйткені, үнділік пантеонда "жалғызкөзді Құдай" жоқ. Олардың "буддизмінің" де негізі - біздің дана бабалар түзген кемел Адам хақындағы көне доктрина. Оның мәнісін тарата айтып жатпаймыз. Ал, жалпы, ол елдің йогалық-факирлық ұғымдарындағы Төбекөздің атауы - "Аджна-чакра" ("үшінші Көз"). Онысы - "кәдімгі екі көзден басқа, маңдайтұсындық мый ішінде бәрін көріп тұратын бір ғажап үшінші Көз бар" деген ұғымнан пайда болған атау. Ол ұғым да - "Кіші Төбекөз" болып табылатын кемел Адам хақындағы өзіміздің бағзы танымымыздан. Абайда ол "Көз" - "Ақыл Көзі", "Ой Көзі" деп аталса, Шаһкерімде "Жан Көзі" деп аталады. Біз ол "Көздің" "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы екендігін де баян еттік. Күнге қарата айтсақ: - "ҚОШ БІТ + ЖҰМАҚ КҮН" біртұтастығы. Аңқымада, тіпті, әлі күнге дейін қолданыстан шықпаған "Көкірек Көзі", "Көңіл Көз" терминдері бар. Абайда ол - "Жүрек Көзі".

Адамдық "үшінші Көздің" көне бір атауы - "Төбетесік". Йсалмастық ("иісалмастық") кесірінен біз оны "төбесі тесік" (кез келген ортаның тілін түсінетін адам) түрінде қолданамыз. "Көзі ашық" ("білімді адам") түріндегі тұрақты сөз тіркесі де - сондай йсалмастықтың бір дәлелі. Өйткені, ол - өзіміз "бассыздықтарына" осыған дейін де сандаған мысалдар келтірген "Бассыз" Сөздердің бірі. Оның "жоғалған Басы" - "Төбе" культімен бірге жадымыздан өшіп кеткен "Төбе" термині. Яғни, "көзі ашық" сөзінің бастапқы дұрыс нұсқасы: "Төбекөзі ашық" ("Төбе+көзі ашық") фразеологизмі. Адамдық "үшінші Көздің" ертеден келе жатқан аңқымалық осындай ежелгі атаулары бар.

"Бәрін көріп-біліп тұратын Құдай Көзінің" христиандық символикасы - "теңбүйірлі үшбұрыштың і ш і н е орналасқан көз". Ол символиканың о бастағы аңқымалық дұрыс нұсқасы - "теңбүйірлі үшбұрыштың т ө б е с і н е орналасқан Көз". Ол символика - қасиетті "Ақ САРБАЗ" ұғымына да арқау болған "ЖАР-БАС Тау" (Күн-Бас Тау) аталмыш аңқымалық көне нышанат. Мәнісі өзімізге белгілі: Күн - "жалғыз Көз", Бұ Дүние - "Тау-Дене", яғни, "Төбекөз" деп те аталмыш "жалғызкөзді Дәу". "Біз оның "Көк Ұл" ("КИКЛ+оп"), "Әлем" ("п+ОЛ+и+ф+ЕМ") атауларын да мысалға келтіргенбіз. Ал, аталмыш "Жар-Бас Тау" - Тарбағатайда, "Ақ Шәулі" мен "Қоңыр Шәулінің" ортасында орналасқан.

Қалай десек те, әлемге таралған "ТӨБЕКӨЗ" доктринасы - біздің ежелгі дана бабаларымыз түзген аңқымалық көне концепция.


53


Төбекөздің мәнісін біз кемел Адамға қатысты етіп қана баяндайық. Өйткені, жай адамдарда (пенделерде) ол "Көз" "соқырланған" күйде болады яки "ашылмаған Төбекөз".

Төбекөздің жалпы болмысының "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы екендігін айттық. Ал, Ақыл-Есті Ақыл-Ес етіп қалыптастырушы да, оны бағып-басқарып тұрушы да - Қош Еге. Онсыз "ойланған-сөйленген" Ес - ойлау қабілетінен мүлде айырылған, қалай болса солай сандырақтап сөйлей беретін кәдімгі жынды-есалаң Ес. Төбекөз ретіндегі "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығындағы Қош Егенің - "қарашық", Көсегенің "қарақ" болатындығы да сол себепті. Яғни, Төбекөздің "Көз" ретінде "көретін" бөлігі - Қош Еге. Көсеге - соған "информация жиып беруші" ғана. "Көретін" сөзін тырнақшаға алып отырғанымыздың себебін де біз осы әңгіменің бас жағында айтқанбыз. Яғни, Төбекөз "Төбекөз" деп аталғанмен де, шын мәнісінде Ол көрмейтіні жоқ Көз ғана емес, Ол - Ес пен оның сезімдік он мүшесінің барлық қасиет-қабілеттеріне ие әмбебап жаратылыс.

Төбекөз адам денесінің қай жерінде орналасқан?

Тұтас табиғаты "Қош Еге + Көсеге" болып табылатындықтан, Оның Мыйда екендігі анық. Бірақ, Мыйдың қай тұсында? Оны білу үшін, біз Аңқыманың "АЙНАЛАЙЫН" деген көпмағыналы көне терминінің мәнісін білуіміз қажет. Оның басты мағыналары: "айнала қозғалайын", "жақсы көрейін", "садағаң кетейін" (құрбандығың болайын), "басқа кейіпке енейін". Ең басты аңқымалық мәні - "ұдайы айнала қозғалып ойлана-кемелдене, өзге кейіпке енейін". Неге? Себебі, "Айналайын" термині - әуел-бастағы "АЙЛАНАЙЫН" терминінің метатезалық түрі. Ал, "Айланайын" термині - "ОЙЛАНАЙЫН" (Ой ойлайын) сөзінің Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы негізінде пайда болған туынды бір түрі. Сөзтаным солай дейді. Мысалы, "Қош Еге" (Жұпар Ійе) терминінен - "Көсеге" (Жұмақ Ес), "Кеж Еге" (Қырсық Еге) терминінен "Кежеге" (Тозақ Ес.,шүйде, қарағұс) сөздерінің туындайтыны секілді. Ал, Қош Еге - Айналайын. Онда да, жай ғана "Айналайын" (айнала қозғалайын) емес, бір керемет АЙНАЛАЙЫН (айлана-ойлана қозғалып, өзгені жақсы көруші, құрбандығы болушы өзге кейіпке енейін) ғажабы. Ақыл-Естің (Көсегенің) бағып-қағып басқарушы қамқор Рух-Құдайы ретіндегі Қош Егенің Айналайын (духовное преображение; духовный преобразователь.,) болатындығы содан.


54


Сондай Айналайын болғандықтан ғана, Ол өз басқарым-бағымындағы Есті де Айналайын (рухани кемелдендіре, өзге кейіпке енгізу) етпек.

Төбекөз-Қош Еге сонда Ақыл-Естің қай тұсында тұрып, солайша Айналайын болмақ? Ақыл-Есті де қалайша Айналайын етпек?

Жауап біреу: Ақыл-Естің "қақ ортасында" я "кіндігінде" тұрып. Сол "жерде" тұрып, ол Ақыл-Есті де солайша өзіне ұқсас Айналайын етпек. Ол ғаламат рухани процестің адамтанымдық сырын ұғу үшін, Аңқымадағы баяғы "Төбекөз+Төбе" култінің төмендегідей көркемтанымдық қағидаларын еске түсіреміз.

"Төбекөз-Қош Егенің өзі - "қандайда бір қасиетті Төбенің басында тұрған Төбе Бій", Көсеге - "Төбе Бійді айнала қоршай алқа-қотан (Айналайын) орналасқан қатардағы Бійлер", Дене - "сол қасиетті Төбенің төменгі бөлігі болып табылатын халық".

Иә, бағзы замандарда ел басындағы Төбе Бій мен алқа-қотан (Айналайын) Бійлердің біртұтастығы "Бас Алқа" деп аталған. Сол Бас Алқадағы Төбе Бійдің өзі "Айналайын" (айнала қозғалайын) бола тұрып, айналасындағы Айналайын (алқа-қотан) Бійлерге кезек-кезек Айналайын (айнала қозғалайын) Сөз кезегін беріп отырған. "ҚАРА" (черный; чернь; сатана; скот., туловище) ретіндегі қарашаны солайша Айланайын-Ойланайын түрінде бағып-қағып басқарудағы басалқалық сол Кеңестің бізге жеткен аңқымалық формуласы:

"Күлтөбеде (Күнтөбеде) - күнде жиын (кеңес)".

Қош Еге мен Көсеге біртұтастығының яки Төбекөздің он сезім мүшесі орналасқан денені бағып-қағып басқара отырып, қоршаған ортада жасампаздық көрсетпегінің аңқымалық сондай бағзы мәнісі - қазір мүлде ұмыт болған сондай ежелгі "Төбекөз+Төбе" культін қалыптастырған.

Айналайын боларлық сол Бас Алқаның яки "Қош Еге+ Көсеге" біртұтастығының аңқымалық символикасы бар ма? Бар болғанда қандай! Ол жай символика емес, - тірі символика:

Бастың төбе бөлігіндегі шаш орайы мен шаш.


55


Бұл жерде біз Аңқыманың "БІЙ" термині жөнінде де бір-екі сөз айта кетелік. Күн мен Күн Құдайының "Қазыналы Ата Құдай-Күн" деген мағынадағы көне "БАЙ" (түпнұсқасы: "АБАЙ") атауының арықшаланған текораттық туынды үлгісі - "БІЙ". Ол - "Күн мен Күн Құдайының жердегі өкілі" ретіндегі "Құдай"-Адамның яки ел басқарушының аңқымалық ежелгі мәртебесі. "АБАЙ" терминінің "Б-М" құбылы арқылы арықшалана түзілген туынды үлгісі - "ҰМАЙ" (Күн мен Күн Құдайының енелік ипостасының атауы). Түбірсізденген "МАЙ" түрінде де қолданыла беретін ол Сөз славяндық бесік жырларындағы "Бай у Бай" тіркесінде сақталған. Ұмай кейін Күн Құдайы мен Күннің символы ретіндегі Оттың "Құдайы" болып саналады да, оның "Ұмай" атауы түбірсізденіп, сондай қасиетті Оттың маздауына қажетті заттың яки майдың "май" атауын да туындатады. Керкеткен заманалар кесіріне қарайғы жаппай жадсыздану құбылысына байланысты, сол "Ұмай" атауы "Жердің Ене Құдайы" деңгейіне дейін де төмендейді. Сәйкесінше, көне "БАЙ" ("Қазыналы Ата Құдай-Күн") термині де ""күйеу" және "дәулетті адам" деген қос мағынаны беретін жұқана "Бай" сөзіне айналып кетеді.

Көнедегі "ЖАР-БАС ТАУ" (Күнбасты Тау яки "Күн - "нұрлы Бас", Бұ Дүние - "Тау-Дене") культіне байланысты, "Бай" аталмыш Күн Құдайының жердегі өкілі" ретіндегі "Бій" мәртебелі Бійдің "Тау" ретіндегі бұқараны басқарудағы биліктік басты ритуалы - Бійдің тау басына барып от ("Күн") жағуы һәм сол қасиетті оттың Айналайын Ійесі ретінде, Күнді бейнелейтін даңғыраны соққылай жүріп, сол отты айнала бій билеуі болатын. Біздің қазір "бійік" түрінде дұрыс айтып, "биік" түрінде сорлата жазып жүрген - "БІЙІК ("БІЙ+ік"; Бійге арналған тау); "бій" түрінде дұрыс айтып, "би" түрінде сорақы жазып жүрген "БІЙ" (танец) сөздеріміздің пайда болуының ежелгі мәнісі сондай көркемтанымдық көне білімде жатыр. Сондай-ақ, "бійшік" ("Бій+шік"), "бійе" ("Бій+е"), "Бійбі" ("Бій+бі"), "Төбе Бій" деген мағынадағы "Дөй Бій" (кейін бұдан "дойбы" сөзі қалыптасқан) сөздерінің әрқайсысында - баяғыдағы сол Бій культінің аңқымалық бір-бір тағылымы бар. Оларды біз сөз көбейтіп, талдап жатпаймыз.

Кейінгі йсалмастық замандарда алғашқы патша-құдайлық мәртебесі қазылық дәрежесіне дейін төмендеген Бійлердің ежелгі замандарда шынында да елбилеуші патша болғандығын "Бій" сөзінен жаратылатын "БІЙЛІК" ("БІЙ+лік"; Бійге тән әмірлік) сөзі де растап тұрады. Біз ол сөзді де "билік" (власть) түрінде сорақы қолданамыз. Керкеткен заманалар бойғы жаппай жадсыздану кесірінен пайда болған йсалмастыққа ("ЙСАЛМАС": Аңқымадан мақұрым қалған топас) дауа жоқ әрине.


56


"Бій" мәртебесі бұрынғы замандарда "Бай" аталмыш Күн Құдайының жердегі патша-өкілі" дегенді ғана білдірмеген. Оның "Бақшы" (Бақсы) деген мағынасы да болған. Өйткені, Бійдің "Тау"-бұқараны басқарудағы биліктік басты ритуалы ретіндегі - "Бійдің тау басына барып от ("Күн") жағуы һәм сол қасиетті оттың Айналайын Ійесі ретінде, Күнді бейнелейтін даңғыраны соққылай жүріп, сол отты айнала бій билеу" ритуалы - бақшылық ритуал болып та табылатын. Яғни, бұрынғы бір замандарда Бақшылар Бій болған, Бійлер Бақшы болған.

"Қош Еге + Көсеге" біртұтастығындағы Қош Еге де - Бақшы ("БАҚ+шы"; Бақ Ійесі). Себебі, оның бағым-басқарымындағы Көсеге (Жұмақ Ес) - Бақ (Жұмақ). Яғни, Қош Біт те, Жұпар Ійе де - Бақшы. Олардың ортақ үштік ипостасының "Бақташы+ (БАҚШЫ) +Бағбан" екендігі жөнінде біз бұрын айтып өттік. Ал, йсалмастық кесірінен аңқымалық көне "Жақшы" (аңқымалық көркемтаным бойынша, "Жақ" яки "Садақ" ретіндегі Күннің Жақшы-Ійесі; "Жақ"-Күннің "жебелері" - Күн нұры) термині қалайша "Жақсы" кейпіне енеді, дәл сол сияқты, "Бақшы" термині де "Бақсы" сөзіне айналған.

БАҚШЫ - Төбекөзі ашылған ең кемел бесаспап Адам. Кіші Құдай қабілетіне ие болар ондай Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Ол туралы біз соңыра айтамыз.

Он екі ғасырдан астам уақытқа созылып келе жатқан исламдық сорақы экспансия Бақшының әуелдегі тәңірлік құдыретті образын жынды образына дейін сорлатты. Бақшылар үнемі жаппай репрессияға ұшыраумен болды. Өйткені, Бақшылардың ерекше тәңірлік қабілеттері мен олар ұстанған Аңқыма Ілімі тұрғанда, соқыр сенім ретіндегі ислам идеологиясы еш өркендей алмас еді. Ислам идеологиясы қайнап тұрған орталарда оларды дін басылар мен діншілдердің ұдайы жаппай қырумен, қуғынға ұшыратумен болғандығы да содан. Соның кесірінен, Басында Бағы (Жұмақ Есі) барлығына орай, тұқымында бақшылық қасиеті мейлінше қуатты болған бір замандардағы кемел Елдің генезисін ислам қаныпезерлігінен пайда болған сұрапыл қорқыныш түбегейлі тұншықтырып тастағандығы себепті, Қазақ генеалогиясында да Бақшылар сирек ұшырасатын болды. Ислам экспансиясы мен зорлығының кесірінен Бақшылықтың жеккөрінішті болып кеткендігі соншалық, Бақшылардың мүрдесі де ел қорымынан аулаққа жерленетін жағдай қалыптасты. Абайдың "моласындай Бақсының жалғыз қалдым, тап шыным!" сөзі - ел ішінде ғасырлар бойы әбден қалыптасқан сондай сорлы йсалмас топастықтың айқын дәлелі. Ал, қазіргі "бақшылық" - бұрынғы ғажап бақшылықтың имитациясы ғана.

Қош. Енді, "шаш пен шаш орайы" символикасына қайта оралайық.


57


Қош. Енді, "шаш пен шаш орайы" символикасына қайта оралайық.

Шаш орайының "кіндігі" - ұдайы Айналайын болып тұратын Қош Егені бейнелейді. Оның Көсегені де Айналайын етіп тұратындығының белгісі - "Көсеге" (жұпар нұр шаша, өсіп-өркендеуші Жұмақ Ес) сипатындағы шаштың Айналайын түріндегі орайдан басталуы. Орайдың үш түрі болады: орай, қосорай һәм үшорай. Қосорай - Қош Еге мен оның басқарымындағы Көсегенің "Аңқыр+Мүңкір" түріндегі жұптық ипостасын білдірсе, үшорай олардың "Аңқыр+ (Қош Еге+Көсеге) +Мүңкір" түріндегі үштік ипостасын ишаралайды. Қош Еге мен Көсегеге тән "Ата Құдай+ (ҰЛ ҚҰДАЙ) + Ене Құдай" үштігін де айқындаушы үшорай - өте сирек кездесетін физиологиялық құбылыс.

Көне "ОРАЙ" терминінің аңқымалық бағзы мәнісі: "жақсылық мақсатындағы жұпар үйлесім". Жұпар үйлесім болушы ма еді? Оның болатындығын мынадай "антиподтық" үйлесім (сасық үйлесім) формуласынан біле аламыз: "Сасыған етке - борсыған май". Бұл қағиданың қатары "қотыр қолға - қола сақина" түрінде басталып береді. Екіншіден, "жақсылық мақсатындағы жұпар үйлесім" (ОРАЙ) дегеннің мәнісі Қош Егенің "Аңқыр (жұпар еркек Періште)+ (ҚОШ ЕГЕ) +Аңқыр (жұпар ұрғашы періште)" түріндегі өзішіндік жұпар үйлесімінде. Бұл жұпар үйлесімнің сырын біз әңгімелеп жатпаймыз. Қош Егесі қандай болса, оның Көсегесінің де солай болмағы заңды. Үшіншіден, ОРАЙ - "Қош Еге + Көсеге" біртұтастығы түріндегі өзара жұпар үйлесімнің де символы.

"ОРАЙ" терминінің "жақсылық мақсатындағы жұпар үйлесім" деген мағынасындағы "жұпар" ұғымы қайдан пайда болған? Оның мәнісін біз "Орай" терминінің "Көк" деген мағынасынан табамыз. Синоним сөздер жұптығы болып табылатын "Көк-Орай" ("Көкорай"; жұқана мәні: "көкмайса-шалған") қос сөзі - соның дәлелі. Ал, "КӨК" термині - көпмағыналы сөз. Аңқымалық басты көне мәндері: "жұпарлы Жұмақ Күн-Естің қош Құдай-Рухы" ("КӨК+е": жұпар Ата Құдай-Рух), "долы Ене-Құдай-Рух" ("КӨК"), "жұпарлы Жұмақ Күн-Ес" ("Көк": жұпар нұр шаша, қаулап өсуші өсімдік әлемі), "Жұпар Аспан" (КӨК). "Жұпар Сөз" ("КӨК+і"). Йсалмастыққа орай, соңғысының жағымды мәні сақталмаған. Осы айтылғандардың ортақ символы - КӨК (жұпар нұр шаша, қаулап өскен өсімдік әлемі). Аспандағы (КӨКтегі) Күннің бағзыдағы аңқымалық атауларының қадымдағы әуелгі бір парасының көпмағыналы "КӨК" сөзімен синонимдес "ӨС", "ӨН", "МАН" ("ман+д+ы": көгере өсіп-өркенде , "ДАМ" ("дам+ы": көгере өсіп-өркенде.,), т.с.с. болғандығы да содан. Олардың қатарына аталмыш көпмағыналы "ОРАЙ" (жақсылық мақсатындағы жұпар үйлесім; жұпарлы өсімдік әлемі; "орай": воздаяние, возможность,. завиток волос (на макушке у человека)) термині де жатады. Өйткені, ол - көнедегі "ЫРА" (Жұмақ Күн; Жұмақ Күннің Патша-Құдайы) атауының жетілме "ЫРАЙ" (түбірсізденген славяндық жұқана түрі - "РАЙ: Жұмақ) үлгісі негізіндегі туынды сөз. Міне, Сөзтаным осылай да осылай дейді. Ал, ол Ғылым - Бестаным (Адамтану, Табиғаттану, Күнтану, Ғарыштану, Тәңіртану) Ғажабының рухани негізі.


58


Орайдың "Төбе" ретіндегі Бастың дәл "төбесінде" (на макушке) орналасуы - бағзыдағы "Төбекөзді Төбе Бій + Төбе" культі бойынша, өзі ишаралайтын Қош Егенің "Төбе басындағы Төбе Бій" екендігін де, "Төбе"-Дененің басында орналасқан "көсегелі Төбекөз" екендігін де ишаралап тұрса, Бастың төбелік бөлігінің дәл "кіндік" тұсында орналасуы - Қош Егенің Көсеге "кіндігінде" яки Мыйдың центрінде орналасқандығын және ымдап тұрады. Аңқыма бойынша - осылай. Ал, дін атаулы аңқымалық мұндай көркемтаным қағидаларынан мүлдем мақұрым. Оған қарағанда, материализм негізінде өркендеуші материалдық-техникалық ғылымдар жүйесі әлдеқайда прогресшіл құбылыс. Олардың Мыйдағы "орталық без" болып табылатын эпифиз (верхний мозговой придаток или шишковидная железа) жаратылысын "Рух безі" деп зерттей бастауы - соның айғағы. Бірақ, өркендеу жолы "бір жол бар - алыс, алыс та болса, - жақын" аталатын отырықшылардың сол Ғылымының да аңқымалық "Қара Шаш" құбылысына айналмағы - "дәт танушы" Жұпар Ілім" болып табылатын Аңқымасыз яки "жиреншілік" рухани даму жолы "бір жол бар - жақын, жақында да болса, - алыс" деп аталатын көшпелілердің Аңқымасынсыз еш мүмкін емес. Демек, "Дене" ретіндегі Бұ Дүниенің Төбекөзі" болып табылатын Қош Біттің таң-ғажайып жасампаз нұрлы Жұмақ Ес-Ақылы" ретіндегі "Ортаңғы" (кәдімгі) Күнді "термоядролық жарылыстар түріндегі Жұлдыз" деп қана танитын заттанушы ол Ғылым да әзірше "без" түрінде ғана тірлік етуші адамдық Төбекөз жаратылысынының құпиясын еш аша алмақ емес.


59


Адамдық Рух кемелденген Төбекөз емес, әлі пенделік "Төбебез" күйінде болса да, оны "Мыйдың түк көрмейтін, жұмыс істемейтін бір түйірі" деп ойлауға әсте болмайды. Ол сол "Төбебез" күйінде де "өзінше көреді, өзінше естиді". Мәселен, аңғарымпаз адам өзі қалғып бара жатқанда, Мый ішінен әлдекімдердің сөйлеген сөздерін кәдімгідей естіп қалып жатады. Ол "әлдекімдер" кімдер? Олар - Ақыл-Естегі "сөйленіп" жүрген Ойлар. Оларды адам өз құлағымен ести ме? Жоқ, оларды - өз басқарым-бағымындағы "жалғыз Ой мүшесі" ретіндегі Ес пен он сезім (һәм тіл мен қол-аяқ) мүшелерінің барлығының қасиет-қабілеттеріне ие Рух (Эго) естіп тұрады. Сондай "Төбебез" ретіндегі Рухтың "көруі" тіптен қызық. Оның жарқын мысалы - түс көру. Яғни, адам түсті өзінің кәдімгі екі көзімен көрмейді, оны "Төбебез" түріндегі Рух көреді. Ал, сол түстің өзі - "Төбебез"-Рухтың ұйқыда жатқан Ес ғаламын (оның ішінде жадішіндік "Жазмыш архиві" яки "кіші акаш хроникасы" мен Жазмыштың "бұдүниелік көшірме бөлігі" де бар) "шарлап" жүргендегі "виртуальдық өз "жасампаздығы". Мысалы, адамның күндізгі бір жылтетпе Ойы дер кезінде ақылдың белгілі бір мөлшердегі "пайымдау сараптамасынан" еш өтпегендіктен, яғни, белгілі бір Ой ретінде түкпілікті қалыптаспағандықтан, өзінің сондағы "мазасыз шала күйде қалған ойлық сәулесін" өз бойында сөндірмей сақтап қалады да (ондай Ойлар көбінесе, Мыйдың ойлау-сөйлеу орталықтарында сақталып қалады), ұйқыға батқан "қараңғы" Ес ішінде "қалғып" жатқан Рух "көзіне" бірден шалынады. Сол "көзге шалынудың" өзі оған Рух тарапынан "қонған" шапағат" болып та табылады да, ол өз кезегінде "ұйқылы жадтағы өзге бір Ойды оятып" алады. Ол өз кезегінде мыйішіндік өзге бір "орталықтарға" тән, ұйқыдағы жадтық өзге бір я бірнеше Ойларға "хабар" жеткізеді, яғни, түрлі Ойлардың "хаостық я үйлесімді ортақ тірлігі жандана" кетпек!... Соның бәрін белгілі бір мөлшерде "оянып" алған Рух бірмезетте "өзінше көріп-біліп-естіп һәм басқарып" тұрмақ. Әне, түс көру процесі солай басталады. Әрине, ол түстің белгілі бір мөлшерде "жүйелі я жүйесіз" болуы - Рухтың өзінің қаншалықты ояулығына һәм қуатына байланысты. Немесе, мынадай бір мысал. Мәселен, суық бөлмедегі ұйқылы адамның көрпеден шығып жатқан жалаңаш аяғы тоңа бастайды да, ол сезім Мый орталықтарына беріліп, нәтижесінде адам яки Рух өзінің түстік әлемінде "жалаңаяқ" екендігін көреді, я болмаса, сол "жалаңаяқ күйінде мұздай өзен суын жалдап жүреді". Түс көру солай да басталады. Ал, фантасмагориялық түстерді, көбінесе, психологиясында кінәрат бар жандар я ауру адамдар көрмек.


60


Әрине, түстегі Ойлар да - Жадымыздағы һәм ойлау-сөйлеу орталықтарындағы "сарапталмаған" Ойлар; кейбірі - бұлыңғыр, кейбірі белгілі бір зат бейнесінде болса, енді бірінің көкірегіне бүкіл Дала пейзажы тұтасымен сыйып кетеді, - барша-аң құстарымен, тоғайлы шалғынымен, үнімен, иісімен, бояуымен! Сондай-сондай сансыз Ойлар Түс түрінде, қандайда бір таң-ғажайып "голографиялық" сипатта, бір ғажап "виртуальды" заңдылықпен мың сан нұрлар түрінде жарқылдап жатады Мый ішінде! Ондай құдыретті Ойлардың жұпар үйлесімінен "Құдайдың бейнесін де құрастыруға" болады. Кейбір Түстерді Рух солайша да керім кемел жаратып жатады. Жан-Дүниесі рухани қазынаға бай адамдардың көрер Түстерінің, көбінесе, "поэтикалық проза" немесе "көркем қиял", я "фантастика", т.т. "жанрлар" түрінде өрбімектігі де содан. "Философиялық", "математикалық", "музыкалық", т.т. Түстер және бар. Түстерді солайша классификациялай беруге болады. Бірақ, біздің мақсат Түс көру құпиясының сырларын жан-жақты баяндау емес. Сондықтан, "Аян Түстер" жайында бір ғана сөз. Өздерінің көріну себептері мен мәні һәм мәнісі мен маңызы жағынан, "Аян Түстер" де бірнеше категорияларға бөлінеді. Біз соның біреуін ғана айтамыз. Кез келген Түстегі "қызылды-жасылды информациялар" - Жад қазынасынан һәм ойлау-сөйлеу орталықтарынан. "Аян Түстердің" материалдары" - жадішіндік "кіші акаша хроникасынан". Сондағы бір "информацияны" Рух басқарымындағы "архивариус" ретіндегі Жадтың өзіндік "Ійесі" "аян беруші адам" бейнесіне еніп, Ес "айнасына" көркемобразды "Аян" түрінде түсіреді. "Аян Түстерді" Арлы да ақылды һәм ойшыл да арманшыл адамдар ғана көре алады. Сондай-ақ, Рухы мықты адамдар өз Түстерін кемел басқара алады. Ал, Рухы әлсіз адамдар я сырқаты бар жандар өздерінің түстік әлемін басқара алмай, Ақыл-Есті басқарушы патша-құдайлық құзыретінен айырылып, кәдімгі пенделік күйде қашып-пысып жүреді сол әлемде. Жалпы, адам өзін өзі танығысы келсе, өз көрген Түстеріне айырықша мән беруі керек.Онда сіз өңіңіздегідей көлгірси де алмайсыз. Сіздің шынайы болмысыңыз сол әлемде әйгіленеді. Өйткені, Түс әлемі - өз Есіңіздің "жарқылдары".

Сонымен, Түс көру - Ес әлесі мен оның Ійесі ретіндегі Рухтың құдайлық ерекше қасиет мен қабылетке ие таң-ғажайып жасампаз құдырет екендігінің айқын дәлелі. Онымен салыстырғанда, өңдегі өмір - түкке тұрғысыз дүние.

"Төбебез" күйіндегі пенделік Рухтың да осал еместігі хақындағы сөзімізді осымен аяқтаймыз.


61


Шаш орайының "кіндігі" - ұдайы Айналайын болып тұратын Қош Егені бейнелейді. Оның Көсегені де Айналайын етіп тұратындығының белгісі - "Көсеге" (жұпар нұр шаша, өсіп-өркендеуші Жұмақ Ес) сипатындағы шаштың Айналайын түріндегі орайдан басталуы. Ал, аңқымалық

"ОРАЙ" (жақсылық мақсатындағы жұпар үйлесім; жұпарлы өсімдік әлемі; "орай": воздаяние, возможность,. завиток волос (на макушке у человека)) терминінің тағы бір ғажап мағынасы бар. Ол - қандайда бір дүниені я дүниелерді зақымданудан я басқа бір сыртқы әсерден сақтау үшін, оны я оларды бір затпен сыртынан орауды (мысалы, - шүберекпен) білдіретін мағына. Иә, "Қазақ Тілі - жұмбақ. не айтса, - бәрінің шешуі бар, шешуін білуге тырысу керек" (әулие Мәшһүр Жүіп). Ендеше, "Орай" терминінің осы соңғы мағынасының шешуін білуге тырысайық. Шаш орайының айналымдық эпицентрінің - Қош Егені, айналысты сипаттайтын орайдан басталмыш шаштың Көсегені білдіретіндігі жөнінде де, сондай-ақ, сол "Қош Еге + Көсеге" Біртұтастығының КІШІ КҮН екендігі жайында да айтылды. Демек, "Орай" терминінің "қандайда бір дүниені я дүниелерді зақымданудан я басқа бір сыртқы әсерден сақтау үшін, оны я оларды бір затпен сыртынан орау" деген мағынасы Күн атаулыға да байланысты деген сөз. Оны түсіну үшін, кәдімгі ("Ортаңғы") Күнді мысалға алайық және "АЙЛАНАЙЫН-ОЙЛАНАЙЫН" терминін еске түсірейік. Күннің Ійе-Құдайы - Қош Біт, Көсегесі - Күн. Қош Біттің өзі - бір ғажап "Айланайын-Ойланайын" керемет. Көсеге-Күннің де "Айналайын-Ойланайын болуы соған байланысты. Ол да айтылды. Екеуі де - Айланайын-Ойланайын Біртұтастығы. Сол Біртұтастық өз Жүйесіндегі (Күн Жүйесіндегі) барша планеталарды да өз осьтерінен Айланайын-Ойланайын етіп тұрады һәм сол планеталар да сол Біртұтастықты өз орбиталары бойынша ұдайы Айланайын-Ойланайын болып жүреді. Сол ғажапты тұтастай көз алдымызға елестетсек, мынадай көркемтанымдық көріністі ұғамыз: Қош Біті мен өзі Айланайын-Ойланайын болып тұрған Күннің айналаға тарап тұрған таң-ғажайып жасампаз ақыл-естік қош Нұры ("САМАЛ+а") Күн Жүйесіндегі әрбір Айланайын-Ойланайын планетаны "ОРАЙ" (қандайда бір дүниені я дүниелерді зақымданудан я басқа бір сыртқы әсерден сақтау үшін, оны я оларды бір затпен сыртынан орау) болып тұрады. Ол құбылысты біз тәптіштеп түсіндіріп жатпаймыз, "Көкірегі - сезімді, Көңілі ойлыға бәрі де анық тұрмай ма, ойлағанда" (Абай). "АЙЛАНАЙЫН-ОЙЛАНАЙЫН", "ОРАЙ" деген екі-ақ Сөзде, әне, сондай ғарыштық ғажап сыр бар екен. Рас, "Қазақ Тілі - жұмбақ. не айтса, - бәрінің шешуі бар, шешуін білуге тырысу керек".

Осымен біз аңқымалық "Орай" терминін Сөзтаным арқылы талдауды аяқтаймыз. Ал, "АЙЛАНАЙЫН-ОЙЛАНАЙЫН" термині жөнінде әлі де бір-екі ауыз Сөз айту - парыз.


62


Дүниенің діні мен философиясында, ғылым-білімінде һәм барша халықтар дүниетанымы мен тілдерінде байырғы Бабаларымыздың "ОЙЛАНАЙЫН" Сөзі негізінде қалыптастырған аңқымалық бір ғана "АЙЛАНАЙЫН" (АЙНАЛАЙЫН: айлана-ойлана қозғалып, өзгені жақсы көруші, құрбандығы болушы өзге кемел кейіпке енейін) терминінен асқан әмбебап та кемел даналық жоқ! Біз оның Күн мен Күн Жүйесіндегі астрофизикалық сұрапыл қасиеттер мен рухани ғаламат қабылеттерді тұтас бейнелеп тұратындығының жалпылама сипатына ғана бір-екі сөз арнадық. Адамдық Кіші Күн Жүйесінде де (ол Жүйе туралы да біз айтып өткенбіз) - дәл сол Айналайын-процесс!

Мәселен, бес Күндік Жалған Бестігінің "КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)" түріндегі кері трансформациясы да - бір ғажап Айналайын. Яғни, Күн-Естегі жасампаз Ойлар Нұры "Ауаға", "Суға" айналайындана келе, "Топыраққа" түпкілікті Айналайын болады да, жербетіндік барша тіршілік иелері содан "Айналайын" түрлерде жаралып, қайыра Жаратушы-Күнге ұмтыла "қаулап" Айналайын-өсумен болады! Айналайын-өсіп қана қоймайды, солардың баршасы да, "кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер" (Абай) һәм "Кетеді Жаным Нұрға таман..." (Шаһкерім) қағидалары бойынша, кезек-кезегімен "өлініп", Жаны денесінен бөлініп, Жаратушы Күнге қайыра Айналайын (қайта оралу) болып жатады! Сол керемет Айналайынның "Маңдайдағы бес елі Ырыс" Бестігі түріндегі кіші аналогиясы да белгілі:

"Кіші Күн-ЕС - ағымдағы Ой - Сөз - Іс-әрекет - Жүзе".

Мұндағы "Жүзе" де сезім мүшелері арқылы, Мыйға қайыра Айналайын болып жатпақ үнемі. Сол сияқты, Табиғат тіршілігінің негізі ретіндегі көміртек пен азоттың да Жер мен Әуе арасындағы өз Айналайыны бар. Тіпті, өлі денелер шіріндісінің өзі де табиғи Айналайын-өңдеуден соң, сол жасампаз азот-көміртек-Айналайынға қуат үстейді.

Алғыс пен қарғыс түріндегі "жүйелі Сөз - жүйесін табар, жүйесіз Сөз - Ійесін табар" аталмыш Айналайын немесе, "алаған қолым - береген", қарыз-парыз, обал-сауап, т.с.с. сан сипат пен алуан мәністе ұдайы жарқылдап жататын тірліктік қисапсыз Айналайындар! Бір сөзбен айтқанда, Өмірдің өзі - Айналайын! Ал, ғарышқа қарайық.


63


Біздің ғарышымыздағы протожұлдыздардың жаратылу барысы мен олардың жаратылысы болсын, қос жұлдыздар я нейтрон жұлдыздар, тіпті, галактикалар мен олардағы қара құрдым болсын, бәрінің қозғалысы мен табиғаты - Ойланайын-Айланайын! Өйткені, дана бабаларымыздың қадымдағы аңқымалық "ҮШ БАҚ" (Кіші Жұмақ Күн, Ортаңғы (кәдімгі) Жұмақ Күн мен Құдырет Жұмақ Күн һәм олардың үш Қош Ійесі: Қош Еге, Қош Біт һәм Жұпар Ійе; "Үш Бақ" терминінің йсалмастық үлгісі - "ұшпақ": Жұмақ) доктринасы бойынша, тоғыз қат Аспан түріндегі Құдырет Кемпірқосағының бірі - біздің ғарыш болып табылатын Құдырет Күннің (Шексіздіктің таң-ғажайып жасампаз "Ядросының") Патша Құдай-Рухы ретіндегі ЖҰПАР ІЙЕ де - Ойланайын-Айланайын Керемет! Барша Ойланайын-Айланайын атаулының "заттық һәм дәттік" негізі - сол Ғаламат Ойланайын-Айланайын!

Аңқымалық ежелгі "Ойланайын-Айланайын" терминінің қандай даналықпен қалыптасқандығын осы айтылғандардан-ақ бажайлай берейік енді! Бағзы діндер де, философия да, қазіргі ғылым да жұмбағын еш таппаған, таба алмай жүрген шексіз-шетсіз Ойланайын-Айланайын құдіретінің сырын бір ғана "ОЙЛАНАЙЫН-АЙЛАНАЙЫН" терминімен-ақ атамзаманда-ақ айқындап берген Аруағыңнан айналайық, байырғы Бақшы Бабалар!..


64


Енді, әдеттегідей, Сөзтанымға кезек берейік.

Бағзы "Ойланайын-Айланайын" терминінің аңқымалық тағы бір сыңары - "ӨЗГЕРІС" (изменение, перемена; преображение). "ӨЗ" (Эго) сөзінен жаратылып, "ӨЗ+ге+р+іс" түрінде жіктелетін бұл әмбебапмағыналы терминнің славяндық бүлінгі үлгісі - "ВОСКРЕС" (қайта тірілу). Яғни, "Өзгеріс" термині әуелі "Өзгірес" түрінде метатезаланып, соңынан паразит "б" (в,ф,п) дыбысы кесірінен, "в+Өзгірес" кейпіне енеді де, "воскрес" ("в+ОСКРЕС") түрінде түпкілікті қалыптасады. Мәселен, аңқымалық құпиясы "Бас - Бақ, ауыз - дарбаза, Сөз - самал" қағидасы арқылы ашылатын көп мағыналы аңқымалық көне "ЕС" (жұпар желдет; самал; самал Сөз - періштелік жұпар хабар.,) термині де аталмыш паразит дыбыс пен "С+Т" симбиозы арқылы, бүлінгі жұқана "в+ЕС+ть" (ор. Хабар) сөзіне айналған. ҰЛЫҚ - "в+ЕЛИК", ӨС - "в+ЫСь", ЕМ - "в+ЫМ+я", ҮР - "в+ЕР+а", АЛ ӨС - "в+ЛАС+ть" түрлеріндегі керкеткен транскрипцияларда да сол паразит "б" (в) дыбысы басты рөл атқарып тұр. Ондай мысалдарды мыңдап келтіруге болады.

Күре - күресін, бұрқа - бұрқасын, бүлдір - бүлдірсін ("бүлдіршін"), көгер - көгерсін ("көгершін"), сүйе - сүйесін, деме - демесін мысалдарындағыдай, "ӨЗГЕР" сөзіне де "сін" қосымшасының жалғануы арқылы, ықшамдалған "ӨЗГЕРСІН" ("Өз+ге+р+іс+ін"; изменение, перемена; преображение) сөзі қалыптасқан. Оның метатезалық "ӨЗГРЕСІН" үлгісінен славяндық бүлінгі "воскрешение" (в+ОСКРЕШЕН+ие"; қайта тірілу) һәм "воскресенье" (жексенбі) сөздері пайда болады. Әрине, бұл туынды бүлінгі сөздердің бәрі де - православиялық діни терминдер. Қалай солай? Өйткені, Өзгеріс я Өзгерсін болатын құбылыс - "ЕС" (душистый Дух; благоухающий Ум-Разум; ароматное Сознание; душистое Слово.,) аталмыш керемет. Яғни, православиялық аталмыш терминдердің құпиясы аңқымалық ежелгі "ЕС - ӨЗГЕРІС" () душистый Дух-Разум - преображение) фразеологизмінде жатыр. Оның мүңкімелік бір үлгісі "ИИСУС - ВОСКРЕС" болуы керек еді. Бірақ...


65


Православиялық аталмыш терминдердің құпиясы аңқымалық ежелгі "ЕС - ӨЗГЕРІС" (душистый Дух-Разум - преображение) фразеологизмінде жатыр. Оның мүңкімелік керкеткен транскрипциялық үлгісі "ИИСУС - ВОСКРЕС" болуы керек еді. Бірақ, православие "ХРИСТОС ВОСКРЕС" (Христос қайта тірілді) тұжырымын дұрыс көреді. Мұндағы бүлінгі "Христос" ("ХРИС+т+ос") атауы түпнұсқасының КІРІС" (Бастағы Бақ һәм сондағы рухани байлық) екендігін біз "Христиандық "Иисус" атты "Ұл-Құдай" мен мұсылмандардың "Иса пайғамбары" кім?", "Шекенің жұпар майға шылқуы", "Жұпар Гүлтәж бен сасық Тікентәж" атты жазбаларымызда айтқанбыз. Яғни, аңқымалық ежелгі "КІРІС" (Бастағы Бақ һәм сондағы рухани байлық) термині "Христос" түрінде персонификацияланады. Христиандардың "Христос воскрес" деп алжасатындығы да содан. Өйткені, "Христос воскрес" дегенді транскрипцияласақ, "КІРІС ӨЗГЕРІС" (Духовное благо преображение) болып шығады. Ол, тіпті, "Христос - воскрес" түрінде қолданылса да , "духовное благо - преображение" деген түсініксіздеу мағына берер еді. Ақиқатына келгенде, "ХРИС+т+ос" түрінде мүңкірленіп кеткен аңқымалық көне "КІРІС" (Бастағы Бақ һәм сондағы рухани байлық-Бақ) термині "Шекенің жұпаррухтық-жұмақестік жұпар майға шылқуы" атты ритуалдың (ол туралы да айтып өткенбіз) да қосымша атауы болып табылады. Аңқымалық ол көне ритуал - Бастағы Бақтың да яки Жұмақ Естің де һәм оның Ійе-Рухының да таң-ғажайып бір ЖҰПАР екендігін білдіретін ритуал. Ол "Жұпардың" "ҚОШ ЕГЕ + КӨСЕГЕ" (Жұпар Рух + жұпарлы Жұмақ Ес) Біртұтастығы екендігі бұрынғы жазбаларымызда сан мәрте айтылды. Ал, христиандық Мүңкіме "Шекенің жұпаррухтық-жұмақестік жұпар майға шылқуы" аталмыш ежелгі сол "КІРІС" ритуалын персонификациялап, "ХРИС+т+ос" ("шекесі жұпар майға шылқыған Патша) кейпіне енгізіп жіберген. Аңқымалық бағзы "ЕС - ӨЗГЕРІС" (душистый Дух-Разум - преображение) қағидасының Сөзтаным бойынша "КІРІС - ӨЗГЕРІС" түрінде оқылатын мүңкімелік "Христос воскрес" ("Христос тірілді") түріндегі жалған тұжырыммен алмастырылғандығы да содан. Ақиқатында, Аңқыма бойынша, "воскрес" ("қайта тірілу") яки Өзгеріс (преображение) болатын кереметіңіз "Кіріс" ("Христос") құбылысы емес, - "ЕС" (душистый Дух; душистое Происхождение) аталмыш ғажап болатын. Мүңкімелерде аңқымалық көне "ЕС" термині "Иисус", "Иса" , т.т. бүлінгі түрлерде тірлік етеді. Ал, "Көсеге" аталмыш ЕС (благоухающий Ум-Разум; ароматное Сознание; душистое Слово.,) кереметінің яки Кірістің Кіріс (благоухающий Ум-Разум - духовное благо) болмағы да оның өзін басқарып тұрған кереметтің ЕС (Жұпар Ійе-Рух) яки ҚОШ ЕГЕ (Жұпар Ійе-Рух) бола білуінен. Демек, "ЕС - ӨЗГЕРІС" (Душистый Дух-Разум - преображение) қағидасы жөн. Мүңкімеге салсақ, ол "Иисус - воскрес" түрінде жалған тұжырымдалар еді. Басты мәселе - "Өзгеріс" (преображение) терминінің "воскрес" (қайта тірілу") түрінде мүңкірленуі. Ендігі әңгіме - сол жайында.


66


Басты мәселе - аңқымалық ежелгі "Өзгеріс" (преображение), "Өзгерсін" (преображение) терминдерінің православиялық "воскрес" ("в+ОСКРЕС"; "қайта тірілу"), "воскрешение" ("в+ОСКРЕШЕН+ие"; "қайта тірілу"), "воскресенье" ("в+ОСКРЕСЕН+ье"; "жексенбі") түрінде жалғандана мүңкірленуі. Бұл мүңкірленулер неге басты мәселе?

Біріншіден, Бестанымның, оның ішінде, нақты Адамтану ғылымының көнедегі "Өзгеріс" я "Өзгерсін" терминдері - біз бұрын айтып кеткен "Ойланайын-Айланайын (Айналайын)" терминінің синонимдік түрлері. "Ойланайын-Айланайын" - Бестанымның әмбебапмағыналы ең кемел термині.

Екінші себеп - аңқымалық бағзы "ЕС - ӨЗГЕРІС" (душистый Дух-Разум - преображение) атты қағиданың православияда "КІРІС ӨЗГЕРІС" түрінде қолданыла мағынасыздануында. Сөйтіп, ол "Христос воскрес" ("Христос тірілді") түрінде жалғанданып кетеді. Сонда былай. Қадымдағы дана бабаларымыз түзген "АҢҚЫМА (жұпарқұдайлық-жұпарперіштелік Жұпар Таным Ілімі) Ғажабының бес Күндік Жалған Бестігіне орайғы керітрансформациялық Бестігі: "Жұпар Шындық - Аңыз - Миф - Қырықөтірік - Мүңкіме (соқырсенімдік-сайтандық жалған сасық ілім; Религия)". Бұл жөнінде бұрын айтылды. Яғни, керкеткен заманалар бойғы жаппай йсалмастану қасіреті "Аңқымадан - Мүңкіме" құбылысын туындатып, нәтижесінде, байырғы аңқымалық "ЕС - ӨЗГЕРІС" атты қағиданың анықтауыштық "Өзгеріс" ( п р е о б р а ж е н и е ) компоненті "в+ОСКРЕС" ("қ а й т а т і р і л у") түрінде, православиялық-славяндық жалған кейіпке енеді. Себебі, христиандық ілімде аңқымалық бағзы "ЕС - ӨЗГЕРІС" (душистый Дух-Разум - преображение) аталмыш қағида сақталмаған. Сақталса, ол православияда былайша жалғанданар еді: "ИИСУС - ВОСКРЕС" ("Иисус қайта тірілді"). Ал, біз "Христиандық "Иисус" атты "Ұл-Құдай" мен мұсылмандардың "Иса пайғамбары" кім?" атты жазбамызда, "Аңқымадан - Мүңкіме" заңдылығы бойынша, ежелгі "ЕС" терминінің де "Иса", "Айса", "Осия", "Ғайса", "Гошуа", "Иегошуа", "Иесус", "Иисус" түрлерінде мүңкірленетіндігін дәлелдеп айтып өткенбіз. Демек, "ИИСУС - ВОСКРЕС" ("Иисус қайта тірілді") ұғымы "ЕС - ВОСКРЕС" (Ес - "қайта тірілу") дегенді білдіретін болады. Ол дұрыс па?


67


Әрине, дұрыс емес. Өйткені, Рух пен Ақыл-Сана біртұтастығы ретіндегі "ЕС" (душистый Дух; благоухающий Ум-Разум; ароматное Сознание; душистое Слово., "Иисус") аталмыш керемет ешуақытта өлмейді. "Өлсе өлер табиғат, - Адам өлмес. Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. "Мен"-і (Эго-Рух. Т.Ә.) мен "менікі"-нің айрылғанын "өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес"; "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел-бастан, "менікі" - өлсе өлсін, оған бекі" (Абай), "кетеді Жаным Нұрға (Күннің Жұмақтық Әлеміне. Т.Ә.) таман" (Шаһкерім). Демек, "ИИСУС - ВОСКРЕС" ("Иисус қайта тірілді") өрнегіінің "ЕС - ВОСКРЕС" (Ес - "қайта тірілу") түрі де дұрыс емес, бірақ, соңғысының аңқымалық әуелгі "ЕС - ӨЗГЕРІС" нұсқасы жөн. Десек те, осы соңғы жөн қағида православиялық Мүңкімеде де сақталмаған және "ӨЗГЕРІС" (преображение) термині де "воскрес" ("қайта тірілу") түрінде мүңкірленіп кеткен. Бүлінгі "ВОСКРЕС" сөзінің "ӨЗГЕРІС" түріндегі о бастағы дұрыс нұсқасының аңқымалық мына ақиқатты айтпағы да содан:

"Иисус Христос" өліп, қайта тірілмеген", бар болғаны - ө з г е р г е н !

Өйткені, мүңкімелік бүлінгі "Иисус Христос" ("и+ИС+ус ХРИС+т+ос") атауының аңқымалық әуелгі түпнұсқасы - өзіміз бұрынғы жазбаларымызда айтқанымыздай, "ЕС - КІРІС" (душистый Дух-Разум - духовное благо) атты қағида болатын. Ал, "ЕС - КІРІС" қағидасы қайдан шығып еді? Оның мәнісін "Христостың Голгофа басында кіреске керілуі" деген мүңкімелік өтіріктің аңқымалық көне ақиқаты" атты жазбаларымызда айтқанбыз. Яғни, п е н д е л і к Естің өзі "ЕС - КЕРІС" (Дух-Разум - распря, р а с п я т и е) аталмыш құбылыс түрінде болады да, соңынан ол к е м е л а д а м д ы қ "ЕС - КІРІС" (душистый Дух-Разум - духовное благо) түріне Өзгеріс яки Ойланайын-Айланайын болмақ.

Жоғарыда сөз болған қағидалық "ЕС - ӨЗГЕРІС" атауы секілді, "ЕС - КЕРІС" (Дух-Разум - распря, р а с п я т и е) атауы да христиандық Мүңкімеде сақталмағанмен, "ЕС - КІРІС" (душистый Дух-Разум - духовное благо) атауы персонификацияланып, "и+ИС+ус ХРИС+т+ос" түрінде жалғандана сақталған.

ЕС - КЕРІС" аталмыш құбылыстың "ЕС - КІРІС" (мұндағы "Кіріс" терминінің толықша үлгісінің - "Кірес", ал, оның бүлінгі үлгісінің "Крес+т" екендігі де бұрынғы жазбаларымызда айтылған) аталмыш құбылысқа Өзгеріс яки Айналайын болмағының сыры неде? Оны біз "Жұпар Гүлтәж бен сасық Тікентәж" атты жазбамызда баяндадық. Енді, соны "Төбекөз", "Жүрек Көзі" ұғымдарына орай қарастырайық.


68


П е н д е л і к Естің өзі "ЕС - КЕРІС" (Дух-Разум - распря, р а с п я т и е) аталмыш құбылыс түрінде болады да, соңынан ол к е м е л а д а м д ы қ "ЕС - КІРІС" (душистый Дух-Разум - духовное благо) атты құбылысқа Өзгеріс яки Ойланайын-Айланайын болмақ. Соңғы атаудың мүңкімелік персонификациясы: "и+ИС+ус ХРИС+т+ос". Ал, "ЕС - КЕРІС" атты қағида бойынша, Рухтың өзі - екіжүзді, опасыз Кеж Еге. Ондай екіжүзілік - оның басқарымындағы Кежегеге де тән. Яғни, кежегелік Аңқыр мен Мүңкір де ұдайы "итжығыс" күйде болады. Әрине, хайуанға ғана тән күнелтпелікке я күнкөрмекке ғана жарайтын ондай кежегелік Естің "алты Көзі" "алты бақан - алауыз" принципінен еш таймақ емес. Сондықтан, "Абайша айтқанда, "пайда ойлайтын" ондай Есті басқарушы Рухтың "төрт Көзі" де ешқашан түгел (кемел) болмақ емес. "ЕС - КЕРІС" түріндегі сондай ЕС (Ес-Рух + Ес-Ақыл) ұдайы Өзгеріс яки Ойланайын-Айланайын процесі арқылы кемелденеді, Абайша айтқанда, "Ар ойлайтын" "ЕС - КІРІС" (душистый Дух-Разум - духовное благо) кейпіне енеді. Төбекөзі ашылған ондай Естің "төрт Көзі" ғана түгел (кемел) емес, "алты Көзі" де - түгел (кемел). Ондай жаратылыстың қол-аяғына дейін "көз" бітеді". Басқаша айтсақ, "ЕС - КІРІС" ("и+ИС+ус ХРИС+т+ос") кейпіне енген АДАМ - "ОН ЕКІ КӨЗІ БАР ТӨБЕКӨЗ-РУХ". Ал, біз бұған дейін Қош Біт Бестігі мен Аңқыма Бестігі түріндегі мына аналогияларды айттық:

"ҚОШ БІТ: КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)"

"АҢҚЫМА: ЖҰПАР ШЫНДЫҚ - Аңыз - Миф - Қырық өтірік - Религия".

Мұндағы "Религия" - МҮҢКІМЕ (сайтандық-соқырсенімдік сасық ілім). Яғни, керкеткен заманалар кесірінен пайда болатын "Аңқымадан - Мүңкіме" құбылысы. Дін атаулы - біздің дана бабалар Аңқымасынан дәл сол керітрансформациялық Өзгеріс арқылы қалыптасқан. Оның тайға таңба басқандай жүзпайыздық айқын бір мысалы - христиандық жалған ілім. Біз бұған дейін де оның этимологиялық, бестанымдық һәм көркемфилософиялық мынадай басты-басты дәлелдерін келтірдік:

АҢҚЫЛ - "Інжіл-Евангелие".

ЕС - "Осия-Гошуа-Иегошуа-Иесус-Иисус".

КІРІС - "Христос"

АЛ - "Голгофа".

КІРЕС - "Крест".

ӨТ - "Иуда".

Естің он екі мүшесі - "Иисус Христостың он екі апостолы".

ЕС - КЕРІС - бұлайша аталмыш постулат христиандықта сақталмаса да, оның діни мазмұны "Христостың Голгофа басында кіреске керілуі" баяны түрінде бар.

"Шекенің жұпар майға шылқуы" ритуалы - помазание ритуалы.

Кежегелік Тікентәж (тырнауық) - "Иисус басындағы Тікентәж (терновик)".

Олай болса, "без біткенге - көз біткен" кереметі болып табылатын аңқымалық "ОН ЕКІ КӨЗІ БАР ТӨБЕКӨЗ-РУХ" қағидасының да мүңкімелік персонификациясының Библияда болуы заңды. Ал, ол бар ма?


69


Иә, аңқымалық "ОН ЕКІ КӨЗІ БАР ТӨБЕКӨЗ-РУХ" қағидасының да мүңкімелік персонификациясының Библияда болуы заңды. Ал, ол Библияда бар ма?

Бар болғанда қандай:

1. "При наступлении дня Пятидесятницы все они были единодушно вместе.

2. И внезапно сделался шум с неба, как бы от несущегося сильного ветра, и наполнил весь дом, где оны находились.

3. И явились им разделяющиеся языки, как бы огненные, и почили по одному на каждом из них.

4. И исполнились все Духа Святого, и начали говорит на иных языках, как Дух давал им провещевать"

(Библия. Деяния святых апостолов. Глава 2. 131 стр. РБО. Москва 1998)

Түсіндірме.

Біз мәтінінен үзінді келтіріп отырған "Деяния святых апостолов" баянындағы "қасиетті апостолдар" - "Естің он екі Ес-Ұлы - "Иисустың он екі апостолы" атты жазбамызда айтылған "Естің он екі мүшесі".

1. Егер, "Манар-Күн + Манар Тау" культіне сайсақ, әр адам - "өзінше бір мұнара-храм". Оны Кіші Манар-Күн (Қош Еге +Көсеге) "жарықтандырып" тұрады. "Дененің - үй, оны жарықтандырып тұратын жарықтың Ақыл" екендігін әулие Мәшһүр Жүсіп те айтады. Пенде баласы Адамға Айналайын болып, Төбекөз (Қош Еге + Көсеге) ашылғанда ғана, "үй"-Денедегі он (екі) мүше де түгелдей "Көзге" айналады. Яғни, "түгел (кемел) боларлық төрт Көз" секілді, "алты бақан - алауыз" мүшелер де түгел (кемел) болмақ. Мүңкімелік "Все они были единодушно вместе" сөзінің аңқымалық әуелгі мәнісі осындай.

2. Жұпар Рухтың да, оның басқарым-бағымындағы Бақтың (Жұмақ Естің) да басты сипатының "самал" (жұпар жел) екендігін "Біз - йсалмаспыз" атты жазбамызда айтқанбыз. Ал, Аңқыма бойынша:

"Қош Еге + Көсеге" ретіндегі Кіші Күн - "Аспан", Дене - "Жер" ("Үй").

"Аспандағы" "Қош Еге + Көсеге" кереметінің қуатты "жұпар желі" "үй"-Денедегі он (екі) мүшенің барлығын жұпарлап тұрады (бұл жайында кейін толығырақ айтамыз). Мүңкімелік "И внезапно сделался шум с неба, как бы от несущегося сильного ветра, и наполнил весь дом, где они находились" сөзінің аңқымалық әуелгі мәнісі осындай.


70


3. Сондай-ақ, Төбекөздің ашылуы - пенделік Тілдің "ЙС ТІЛІ" аталуға лайық Жұпар Рух Тіліне айналуы болып та табылады. Ал, Аңқыманың Бестік Жүйесіне сай, ЙС (қош Рух - қош Тек) Тілінің де өз "бестігі" бар:

Ойлық Ес Тілі - Түйсіктік Ес Тілі - Сезімдік Ес Тілі - "Ұйықтық Ес" Тілі - "Мылқау Ес" Тілі ("қараэнергиялы қара Материя Тілі").

Күн Жүйесі жаралғаннан бері, пенде баласы соңғы төрт Тіл дәуірлерінен өтіп, Ойлық Ес Тілі дәуірінің соңғы стадиясында тірлік етуде. Біз олардың әрқайсысын талдап, сөз көбейтіп жатпаймыз. Тек, бір-екі мысал ғана айтайық. Мәселен, жалпы алғанда, "Сезімдік Ес" иелерінің Тілі - Өсімдік атаулының Тілі. Түйсіктік Ес иелеріне - балықтан бастап, барша аң-құстар жатады. Пенде Тілі - Ойлық Ес Тілі. Бұдан кейінгі Тіл дәуірі - ЙС ТІЛІ дәуірі. Құдайлық-періштелік Тіл болып табылатын Йс Тілі - Төбекөзі ашылғандарға ғана тән Жұпар Тіл. "Дауыссыз-қаріпсіз" әмбебап Тіл болып табылатын ол Жұпар Тілде өз тілдік бестігіндегі Бесеудің де барша қасиет-қабілеті бар. Яғни, Төбекөзі ашылғандар Дүниеде не бар болса, соның баршасымен тілдесе-ұғыныса алады. Әрине, ондай төбекөзді адамдар қоршаған Табиғаттағы әлгіндей "алуантілдік информацияларды" сезімдік он (екі) мүшемен қабылдап-түсінбек. Сондай-ақ, "АҚ ОТ-НҰР" сипатындағы Төбекөз ашылғанда, алуанжалыннұрлы он (екі) мүше де кемел жалындап-нұрланады.

Осы айтылған аңқымалық мәністер - христиандық Мүңкіменің "И явились им разделяющиеся языки, как бы огненные, и почили по одному на каждом из них" сөзіне негіз.

4. Бұрынғы жазбаларымызда біз Рухтың (сәйкесінше, оның басқарым-бағымындағы Естің) үштік ипостасының "Ата Құдай+ (ҰЛ ҚҰДАЙ) +Ене Құдай" түрінде болатындығын да баяндағанбыз. Мұндағы "Ұл-Құдайдың" өзі - қандайда бір "андрогиниялық жаратылыс". Рухтың бірлік сипаты - осы "ұлқұдайлық" сипат. Мүңкімеде жоғарыдағы үштік - Борхес "монстр" деп атаған "Ата Құдай+Ұл Құдай+қасиетті Рух" түрінде. Рухтың "ұлқұдайлық" сипатына христиандық "қасиетті Рух" сипаты сай келеді.

"Ұл Құдай"-Рухтың йстік яки әмбебап жұпаррухтық (құдайлық-періштелік) Тілінің "қош әуезі" он (екі) сезім мүшелерінің жалыннұрлық барша қуатын ұдайы жұпарлап тұрады. Ал, Йс (қош Рух - қош Тек) Тілі - кемел Адамның (Қош Егенің) Дүниеде не бар болса, соның баршасымен тілдесе-ұғыныса алатын құдайлық-періштелік Жұпар Тілі.

Жоғарыда айтылған аңқымалық сырлар христиандық Мүңкімеде "И исполнились все Духа Святого, и начали говорит на иных языках, как Дух давал им провещевать" сөзіне негіз болған.


71


"Төбекөз" ұғымын көздің көруімен ғана байланыстыратындардың болуы мүмкін. "Көзінен басқа Ойы жоқ" (Абай) жандар сөйтеді. "ТӨБЕКӨЗ" - кеңмағыналы ұғым. Оның бір мәнісін біз алдыңғы жазбамызда баяндадық. Яғни, Төбекөзі ашылғандар Йс Тілін меңгереді. Бірақ, ол да - төбекөзділердің сансыз қабілеттерінің бірі ғана. Өзге қабілеттері жайында өз кезегінде айтыла жатар. Төбекөздің нақты көру функциясы туралы тағы бір-екі сөз. Мысалы, пайғамбар Абайдың "Жүрек айнасы" дегені - "Көңіл айнасы" деген сөз. "Көңіл айнасы" - мыйшықта орналасқан жүрек орталығындағы "құрылым". Оның да сыртқы бір формасы - кәдімгі көз. "Көз - Көңілдің айнасы" нақылы соны айтады. Ал, мыйшықтағы "Көңіл айнасына" "Көзі ашылған" сезім мүшелері сыртқы ортадан "информация" жиып беріп отырады. Әрине, сондағы ең басты "информациялар" - пайғамбар Абай айтатын "Хақтықтан түскен сәуле" кереметі. "Көңіл айнасындағы" сезімдер үйлесімі түріндегі сондай таң-ғажайып алуан жалыннұрлық "информациялар" - "Ес айнасына" "от-жалынды" Ойлар түрінде трансформацияланады. "Ес айнасы" - Төбекөз-Рухтың құдіретті "мониторы". Кемел Рух нені көргісі келсе, "Ес айнасынан" соның бәрі, кәдімгі өмірдегідей, иісі, үні, дәмі, салмағы, көлемі секілді барша параметрлерімен жарқырап көріне кетеді. "Көріпкелдік" дегеннің мәнісі сонда.

"Ес айнасынан көру" мысалына - "Йегі (Жегі: жалмауыз) Бійбі көріпкелдігін" де жатқызуға болады. Рухтың (сәйкесінше, оның бағымындағы Естің) жағымды қабілетінің "антиподтық" сыңары ретіндегі жағымсыз қабілеттің көркемтанымдық образының атауы болып табылатын "Йегі Бійбі" я "Бійбі Йегі" атауы шығыс славяндардың мифтік дүниетанымында "Йага Баба", "Баба Йага" атаулары түріне құбылып түседі де, ол образдың қайдан келгенін білмейтін славяндар оны өздеріне меншіктеп алады. Аталмыш образдың еуропалық бірталай елдерге де таралғанын айтып жатпаймыз. Дегенмен, Рух пен Естің кемелденуіне орай, олардың "Йегі Бійбі" қабілеті "Біз Бійке" ("Біз!" деуші Бійке) аталмыш ізгі қабілетке айналайынданады. Яғни, әуелгі "Бій+ (БІЙ РУХ; БІЙ ЕС) +Жегі Бійбі" сипат кейін кемелдікті білдіретін "Бій+ (БІЙ РУХ; БІЙ ЕС) +Біз Бійке" сипатқа Өзгеріс ("воскрес") яки Ойланайын-Айланайын болмақ. Мұндағы "Бійбі" ("Бүбі" үлгісі де бар) мен "Бійке" мәртебелері - "Бій әйелі" дегенді білдіретін синоним сөздер. Бій қызы "Бійкеш" аталады. Ал, "Ал Жар" ("Алдар", "Ал Дйар"; "Алатырь", "Алтарь".,) туралы әңгіме - өз алдына аңқымалық бір ғылым.


72


Жалпы, Төбекөзі ашылғандар Төбекөзімен я болмаса сезімдік мүшелер ретіндегі "он (10) Көзімен" ғана көрмейді, - тұла-бойымен тұтас көреді. Себебі, Төбекөз денесінің әр жасушасы - "Көз". Мысалы, "көзінен басқа Ойы жоқ" хайуан-пенде кәдімгі көзімен ғана көре алатын болса, Төбекөзі ашылған адам пенденің көзбен де көре алмасын табанымен де көре алады. Яғни, Төбекөз дегеніміз - тұла-бойы тұтастай "көздерден" ғана тұратын бір ғажап Көреген. Осы орайда біз әдеттегідей Сөзтанымға кезек береміз. Сөзтаным - Бестаным негізі.

Төбекөз-Қош Егенің бір аты - көпмағыналы аңқымалық көне "ҮР" (ауыздан жұпар желдет; самал; жұпар Рух; жұпарлы Жұмақ.,) термині негізінде қалыптасқан туынды "ҮРІК" ("ҮР+ік"; жұпар жел; жұпар Рух) атауы. Оның ебірейлік бүлінгі үлгісі - Руакх" ("РУ+а+К+х": Дыхание), арабтық бүлінгі үлгілері: "Рих" (ветер) және "Рух" ( (Дух).

"Арақ" түрінде толықшаланып, одан метатезалық "Арқа" (Рух) кейпіне де енетін ежелгі "ҮРІК" (жұпаржелді қош Рух) термині - "Қош Еге" (жұпар Рух; жұпар Тек) терминінің синонимі.

Бұл жерде біз,Тіл тірлігіндегі текорат (тектестікке орайғы аттастық) заңдылығына орай, Рух пен оның басқарым-бағымындағы Естің аңқымалық атауларының ҮШ БАҚ (Кіші, Ортаңғы және Құдырет Күн-Ес; үш Күн-Естіің үш Патша-Құдайы) ғажаптарының үшеуіне де ортақ екендігін және ескере отырамыз.

Қош Еге дегеніміз - тұла-бойы көзге толы Төбекөз-Көреген. Яғни, "Қош Еге" атауының синонимі ретіндегі "Үрік" терминінің де бір мәнісі: "тұла-бойы көзге толы Төбекөз". Осы мағынадағы бағзы "Үрік" термині ежелгі грек дүниетанымында персонификацияланып, соңынан, көнегрек мифологиясында "Аргус" ("АРГ+ус"; великан-сторож) түрінде де тірлік етуге көшеді.

Үрік-Төбекөздің көзі тұрмақ, Көңілі де бәрін "көріп" тұрады.

Осымен біз Төбекөздің көру функциясы жөніндегі айтар сөзімізді аяқтаймыз.


73


Ал, енді, пайғамбар Абайдың мына Сөздеріне қайта оралайық:

Жүректің Көзі ашылса, - Хақтықтың түсер Сәулесі.

Іштегі кірді қашырса, - Адамның хикмет кеудесі".

"Ақылға Сәуле қонбаса - хайуанша жүріп күнелтпек".

Мұндағы "Жүрек Көзі" туралы айттық. Төбекөз ашылмай, Жүрек Көзінің ашылмасы жайында да баяндалды. Яғни, Жүрек бастатқан сезім мүшелерінің, жалпы, он екі мүшенің Патшасы - Мый (Рух+Ес). Оның дене төбесінде орналасуы да сондықтан. Мый кемел болса, Жүрек соның әмірін орындайды: жүр десе - жүреді, тоқта десе - кәдімгідей тоқтайды. Ал, Жүрек Мыйға бұйыра алмайды, оның жұмысын да тоқтата алмайды, тек, ықпал етуі мүмкін. Онда да, егер, Мый әлсіз болса ғана.

Ендеше, Абайдың "Құдай айтқан Сөз" мәнісінде келтірген мына Сөзін де есте мықтап ұстамақ керек: "Мені таныған - Ақылменен таныр" дегені қайда қалады?". Ақыл - "Рух+Ес" біртұтастығы болып табылатын Мыйға ғана тән. Жүректе Ақыл болмайды. Демек, Құдайды да, басқаны да Жүрекпен тану еш мүмкін емес. Арлы іңкәрлік күйіндегі Сүю Сезімі ғана - Жүрекке тән яки мыйшықтағы "Көңілстанға" тән.

Қош. Енді, "Іштегі кірді қашырса, - Адамның хикмет кеудесі" һәм "Ақылға Сәуле қонбаса - хайуанша жүріп күнелтпек" Сөздеріне тағы бір үңілелік.

"Іштегі кір" - Рухтың (сәйкесінше, оның басқарым-бағымындағы Естің де) "ЕС - КЕРІС" аталмыш "итжығыс" қалпынан (бұл да әңгімеленді) туындайтын екіжүзді пендешілігінің һәм Мүңкір қабілетінің Аңқыр қабілетінен ұдайы үстем түсіп отырарлық тұрақты сорлылығынан туындайтын хайуандығының кесірі. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің кез келгеніміз - пендеміз әрі хайуанбыз. "Іштегі кірді қашыра алмайтынымыз" да, "Ақылымызға Сәуле (Хақтық Сәулесі) қонбасы" да - содан.

Сұрақ: "ІШТЕГІ КІРДІ ҚАЛАЙ ҚАШЫРМАҚ" КЕРЕК?

Ендігі бір-екі Сөз осы сұрақтың жауабы жайында болмақ.


74


Аңқымада "Іштегі кірді қашырудың" - теория, практика һәм ритуалды дәстүр түріндегі рухани үш ұстыны бар. Мүңкіменікі де соған ұқсас. Бірақ, Мүңкіменің аты - Мүңкіме. Айталық, исламда ол үш ұстын мынадай:

мыңжарымжылдай уақыт бойы ақылды адамдар ойдан құрап-түзіп келген хадистердің арқасында ғана "қадірлі" болып тұрған Құран; бес парыз және шариғат. Соның бәрі түкке де татымайды, егер, адамда кемел Ұят яки Ар болмаса. Арлы адамға бұл үшеуінің де текке қажеті жоқ. Аңқыма солай дейді.

Исламның "іштегі кірді" қашырудағы "теориясы" үш негізде:

1. "Мұсылман - Құдайдың ақылы шектеулі құлы, пайғамбардың үмметі".

2. "Мұсылман - Құдай Жұмағының раһатынан дәмеленуші".

3. "Мұсылман - Құдай Тозағының азабынан қорқушы".

Бірінші негіз - адамды Құдай мен пайғамбарға деген соқыр сенім негізіндегі көзсіз құлшылыққа апарады. Құлшылық - қожа меншігіндегі құлдың ұстанымы. Ал, құлда қожасына деген махаббат емес, - қожасына деген кек һәм қожа болсам деген сасық арман ғана болады. Махаббатсыз әрі қожаға кекті және қожа болсам деген сасық арманы бар адамда Ар болмайды. Арсыз құлшылықтың рухани нәтижесі - нөл. Тағы бір құлшылық бар - мәңгүрттік құлшылық. Ол туралы айтып жатудың өзі артық. Себебі, мәңгүртте Ар тұрмақ, оны ойларлық ақыл да болмайды. Соңғысының бір дәлелі - әсірефанат-мұсылман. Ондай мұсылманнан, көп жағдайда, - қарны тоқ болса, жыртқыштығын да ұмытатын хайуан артық.

Екінші негіз - Жұмақ раһатынан дәмелі пенденің ақылдық-мінездік саудагерлігін, монтанылығын, аярлығын қоздырады. Яғни, "Жұмақ раһатынан дәмеленуші мұсылманның" ойлаған ойы мен сөйлеген сөзі һәм іс-әрекеті ешқашан шынайы болмайды, тек, "Жұмаққа апарарлық есеп" негізінде ғана болады.

Үшінші негіз - Тозақ азабынан үрейлі пендені психозға душарландырады. Өйткені, күнәсіз-кінәсіз пенде болмайды. Сондықтан, ондай психозға ұшырағандардың қайсыбірі өзін өзі өлтіруге дейін барады. Әрине, арланғандықтан емес - азап-қорлығы Құранда асқан садистікпен баяндалған "Тозақтан" шошығандықтан.

Демек, "іштегі кірді қашырудың" исламдық терориясының үш негізі де - Арды қалыптастырмайды, Ақылды кемелдендірмейді, керісінше олар -Құдай алдындағы нағыз күнәһарлық болып табылады. Өйткені, біріншіден, - Құдай адам ақылын шектеуші жексұрын да, құлиеленуші феодал да, "елшіге" мұқтаж амалсыз да емес. Екіншіден, Құдай Жұмақпен дәмелендіруші аяр я саудагер емес. Үшіншіден, Құдай садист емес.


75


Аңқыманың "іштегі кірді қашырудағы" теориясы Мүңкіме "теориясына" керісінше үш негізде:

1. Кемел адам - ақылы шектеусіз, құлдықтан ада еркін жаратылыс.

2. Кемел адам - Бастағы Бақ (Жұмақ Ес) Ійесі.

3. Кемел адам - Ардан қорқушы.

Бірінші негіз, яғни, Ақылдың шексіздігі ( "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр". әулие Шаһкерім) мен құлшылықтан ада еркіндік - адамға нұрлы таным негізіндегі таң-ғажайып құштарлық (влюбленность, страстное желание; түпнұсқасы - "ҚОШТАРЛЫҚ": өзгелерді өзінің жан-дүниелік рухани қошымен қолдап-қорғап жұпарлауға арналған адамдық жұпар қуат) сыйлайды. Ондай құштарлық яки қоштарлық - Жаратушы Ійенің яки Қош Біттің самалалы шапағатына бөленген еркін Ердің яки Кіші Құдай-Рухтың ұстанымы. Ал, ондай Қош Еге-Ерге - Ар (жұпары барынша кемелденген Ұят) және өзін жаратушы Қош Бітке деген іңкәрлік (жұпарперіштелік қош махаббат) пен ізгі арман тән. Ондай қош қасиеттер нәтижесі - Бақ+ы+т ("БАҚ+т"; Бастағы жұпарлы Бақтың яки Жұмақ Естің қош жасампаздығы һәм оның тұрақты түрдегі қош нәтижесі).

Екінші негіз - адамның одүниелік Жұмақ раһаты үшін еш алаңдамауының, онсыз да одүниелік Жұмаққа лайық екендігінің басты кепілі. Өйткені, "Бастағы Бақ" дегеніміздің өзі - "Жұмақ Ес" деген сөз. Басында Бағы бар кемел адамның өзі - сол Жұмақ Естің бағып-қағып өркендетуші Құдайы (Кіші Құдай) яки Қош Егесі. Оның бұдүниелік миссиясы одүниелік Жұмақты аңсау емес, - бүдүниелік тірлікті Жұмаққа айналдыру. Сондықтан, оның ойы мен сөйлеген сөзі һәм іс-әрекеті "мұсылмандардікі" секілді "одүниелік Жұмаққа апарарлық есеп" түрінде емес, қашанда бұдүниелік жасампаз Қош (қош: жұпар Қонақ-Періште) кейпінде болады.

Үшінші негіз - яғни, Ардан қорқу - Бастағы Бақтың "маңдайдағы Сорға" (Тозақ Еске) айналуынан қорқу. Қағидасы: "Малым - Жанымның садағасы, Жаным - Арымның садағасы" және "Өлімнен - Ұят күшті". Ондай ұстаным бойынша, Ар (жұпарлы нұры кемелденген Ұят ) - Бастағы Бақтың қырағы жұпар күзетшісі . Ондай күзетшісі бар Бақ Ійесі Құдайдан да, оның Тозағынан да қорықпайды. Өйткені, Ар - оны барша күнәһарлық пен кінәһарлықтан ұдайы қорғап тұрады.


76


"Іштегі кірді қашырудың" Аңқымадағы практикалық ұстыны жайында айтпас бұрын, оның "антиподы" іспеттес мүңкімелік ұстын жайында бір-екі сөз. Ол - "мұсылмандық бес парыз" аталады. "Бес Күндік Жалған" атауына өте ұқсас "бес парыз" атауымен аталған практикалық сол ұстынының жалғандығы - мұсылмандардың "іштегі кірді қашыруда" "Аңқыма" аталмыш жұпарқұдайлық-жұпарперіштелік нұрлы Таным Іліміне емес, керісінше, сасық соқыр сенім догматизмі түріндегі жалғандыққа ғана сүйенетіндігінде.

Мұсылмандардың "іштегі кірді қашырудағы" ритуалды дәстүрлік ұстыны аңқымалық көпмағыналы көне"ЖАР" (Күннің қолдап-қорғаушы Патша Құдай-Рухының әмірлік жария Сөзі; .,) термині негізінде пайда болған "Шариғат" ("ШАР+и+ғ+ат") сөзімен аталады. Шариғат - мұсылмандық тірлік ету салтының исламдық қатаң ережелері. Ол ережелерді жеке-жеке талдап жату біздің мақсат емес. Дегенмен, бір-екі мысал кетуге болады. Мәселен, "Жазықтыны таспен атып өлтіру", "Талақ" (үш қайтара "талақ!" деп айтып, некені бұзып жүре беру), әйелді еркектен қор санау. Осы үшеуі де - адамшылыққа мүлде жат ұғымдар. Осыларды "іштегі кірді қашырудың" Аңқымадағы ритуалды дәстүрлік ұстыны принциптерімен салғастыра, бір-екі сөз айталық. Шариғатқа қарағанда, айырықша гуманизмімен һәм даналығымен ерекшеленетін олар төмендегідей:

1. Жазықтыны жазалаудың басты түрлері "Елден аластау", "Құн" деп аталады. Олардың бүгінгі қазаққа да түсінікті мән-маңызын талдап жатпаймыз.

2. Аңқымада "Талақ" ұғымы мүлде жоқ. "Қосағыңмен қоса ағар" ("Жақсы болсаң, - құдайы қосағыңды да өзіңдей жақсы етуге тырысып, бірге өмір сүр) ғұрпы бар. "Жігіттің алған жары кінәлі болса, - төркініне қалың малымен қоса айтару". Ол да - аңқымалық әділ салт.

3. Аңқыма бойынша, Ер мен әйел - тең. Постулаттары: "Екі жарты - бір бүтін, ерлі-зайып - бір түтін", "Үйлес" (бір үйде өзара жарасымды өмір сүретін жұбайлар), т.с.с.

Жалпы, Аңқымадағы ритуалды дәстүрлік ұстын доктринасы - сан салалы өзінше бір көркемфилософия. Ол - "Үш Бақ", "Бес Ене - Пешене", "Бақшы", "Жақшы", "Ақ Жар Бас", "Қош Қар Ата", "Қош-Қонақ", "Тау", "Тау басына Хан көтеру", "Төбе", "Төбе ит", "Алтын қазан", "Алтын Шаңырақ, күміс уық", "Табалдырық - тау", "Бесік", "Төр", "Арал", "Он қазына", "Тасаттық", "Шашу", "Алажіп", т.с.с. аталмыш сансыз культ канондарының жиынтығы. Ал, арабтардың қазір өздеріне де белгісіз исламға дейінгі дүниетанымдық барша рухани қазынасын Шариғат жойып жіберген.

Қорыта айтқанда, "іштегі кірді қашырудың" мүңкімелік үш ұстыны да - далбаса. Ендігі бір-екі сөз - "іштегі кірді қашырудың" Аңқымадағы практикалық ұстыны жайында.


77


"Іштегі кірді қашыру" хикметінің Аңқымадағы практикалық ұстыны жайында бір-екі сөз.

"Іштегі кір" - бас пайданы ойлаудан түзілетін "сайтандық сасық кір". Бас пайдасын "Мен! Мен!" деуші менмен, меншікқұмар Кеж Еге (Тамұқ Естің қожа-Рухы) ғана ойлайды. Кежегелік ол "сасық кірді" Ар жұпары ғана кетіре алмақ. Абайдың - "пайда ойлама, Ар ойла!", Шаһкерімнің "Жайнар Көңіл, қайнар Өмір - Ар Білімі оқылса!" дейтіні сондықтан.

Ар (жұпары кемелденген Ұят) - Бастағы Бақты БАҚ (Қош Еге; Көсеге; жұпар Бақыт.,) етіп тұратын рухтық ерекше қош қасиет. Оның солай екендігін "үбір", "бүр", "бір", "бөрі", "үрпі", "көрпе", "Хүр" я "Хор", т.с.с. бүлінгі-құбылғы туынды үлгілері бар аңқымалық ежелгі ҮР (жұпар дем; Жұпар Рух; Жұмақ Күн.,) терминінен, Тіл тірлігіндегі "Сөз - Сөзден туады" заңдылығы бойынша жаратылған "АР" (бек жұпар Ұят) атауы да растайды. "АР" сөзінің бүлінгі туынды бір түрі - "Абырой" түрінде қате қолданылатын "Аброй" ("А+б+Р+ой"; душистая честь) сөзі. Метатезалық үлгісі - "Абиыр". Яғни, Ар дегеніміз, бірмезетте, - Аброй болып та табылады. "Аброй" сөзінің әуелгі "Абра" нұсқасының "берік қамал" дегенді білдірмегі де содан. Өйткені, Аброй болып та табылатын Ар - Қош Еге мен Көсегені қолдап-қорғаушы күзетші яки "берік қамал".

Ар дегеніңіз "кітаптан оқып-тоқып жинап" аларлық білім-ғылым емес, білім-ғылым - Ар көрсеткіші емес. Өйткені, "Шайтаннан" (кежегелік қабілеті қошегелік қабілетінен ұдайы үстем болатын сорлы Рухтан) асқан білімді-ғылымды болмайды. Бірақ, онда Ар тұрмақ, Ұят та жоқ. Топастар мен қас топастар - сондай жаратыластар. "Жартылайшайтан-жартылайперіште" түріндегі жаратылыстар болып табылатын пенделерде Ар жоқ, бірақ, түрлі деңгейдегі ұят сезімі бар. Абайдың "Ар мен Ұят сынбаса" деп, Ар мен Ұятты бөлек-бөлек қарастыратыны да содан.

АР - Үр-Рухтың ажырамас басты бір тума қасиеті. Үр-Рухпен бірге жаратылатын ол әуелі болмашы Ұят сезімі түрінде ғана болады. Ол сезім адамның бала кезінен бастап, ерекше қамқорлы күтімді қажет етпек. Ол қамқорлы күтім - Рухтың дұрыс басқарымындағы Ақыл-Ес тарапынан үздіксіз жүргізілетін өзтанымдық қош Тәрбие. Яғни, Ар - Бастағы Бақтың "қолдап-қорғаушы күзетшісі" болса, Бастағы Бақ та, өз кезегінде, - Ардың "қолдап-қорғаушы күзетшісі" Һәм "ұстазы". Аңқымалық постулаты: "Ар, Ұяттың - бір Ақыл - күзетшісі" (Абай). Олай болмаған жағдайда, өзтанымдық қош Тәрбие де жоқ. Жаман болады", "Жақсы болады", "Обал болады", "Сауап болады", т.т. фразеологизмдермен аталатын сандаған ырымдық-тыйымдық ғибраттардың барлығының рухани бастауы ретіндегі "ҰЯТ БОЛАДЫ" аталмыш аңқымалық тағылым канондары - өзтанымдық сол қош Тәрбиенің рухани негіздері. Өзтанымдық қош Тәрбие қағидалары - Ар Білімі. Ар Білімінің қоштәрбиелік қағидалары үнемі қолданыста болып, өмір сүрудегі рухани ережеге, дағдыға, сәт сайынғы қажетке айналса ғана, өз өрескел қылығыңыз үшін өзіңізді ғана ұялтатын Ұят өзіңізді өзгелер үшін де ұялтатын Ұят кейпіне ене кемелденіп, Арға айналады. Ол - Ақыл-Естің мейірі мен қайырының Һәм құштарлығының аңқымалық басты кепілі. Яғни, Ар дегеніңіз - ҰНАР (жұпарперіштелік жағымды мінез) кереметін қалыптастырушы бір ғажап жұпар субстанция. Ұнарлы адам - мейірлі адам. Ал, "Адам Көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі" (Абай). Бақшылықтың (бақсылықтың) да бір сыры - сонда.

Ар болмаса, Ар Білімі болмаса, "іштегі кірді қашыру" хикметінің Аңқымадағы теория, практика һәм ритуалды дәстүр түріндегі үш ұстыны да адыра қалады. Ар болмаса, - адам шайтанданады. Ар Білімінің қағидалары ескерілмеген ғылым-білімнің бәрі де - "Шайтан" (Кежегелік қабілеті қошегелік қабілетінен ұдайы үстем болатын сорлы Рух) құралдары мен қарулары.

Арды аман сақтаудың амалдары қандай?



78


Әрине, Арды аман сақтау үшін, оның "қолдап-қорғаушы қамқор ұстазы" ретіндегі Рухтың (Эго-Адамның) дұрыс болмағы керек. Яғни, біріншіден, Адам өзінің ойлайтын әр Ойын, сөйлейтін әр Сөзін, істейтін әр Ісін әуелі Ар тұрғысынан қарастыруы қажет. Екіншіден, ол үшеуінің өзіне ғана емес, өзгеге де әрдайым іигі дәулет болуын ескеруге міндетті. Үшіншіден, өзіне өзі сәт сайын, үздіксіз есеп беріп отыруы тиіс (оны әр кеш сайын қорытындылап отырмақ іләзім). Осы үш шарт ұдайы орындалып отырар болса, онда Адамның Ойының да, Сөзінің де, Ісінің де қ о ш (жұпар кемелдік) болғандығы. Ондай жұпар кемелдік - Бастағы Бақ ("Қош Еге + Көсеге") кереметіне ғана тән қасиет. Бастағы Бақтың басты бір қағидасы: "Бас - Бақ, (ауыз - дарбаза), Сөз - самал ".

Толық үлгісі мынадай:

БАСТАҒЫ БАҚ (Қош Еге + Көсеге) - ағымдағы қош Ой - қош Сөз - қош Іс-әрекет - қош Жүзе (қош Өнер туындысы).

Арды аман сақтаудың жоғарыдағы үш шарты пендені Басында Бағы бар Адамға Ойланайын-Айланайын етеді. Яғни, ұдайы қош Ой ойлау (қош Сөз сөйлеу, қош Іс істеу) - Рухтың (сәйкесінше, оның бағымындағы Естің де) Аңқыр (жұпар еркек-Періште)-қабілеті мерейінің Мүңкір (сасық ұрғашы-Періште)-қабілетінікінен ұдайы үстем болуына жеткізеді. Үздіксіз сипатта болатын ондайлық "қосағыңмен қоса ағар!" процесінің нәтижесінде, Мүңкір-қабілет те ұрғашы-Аңқыр-қабілетке айналайынданады. Бастағы Бақ дегеніміз - Рухтың (сәйкесінше, оның басқарымындағы Естің де) "Жұпар Ата + Жұпар Ене" түріндегі сондай жұпар гармониясы. Әне, Арды сақтаудың үш шартының кереметі!

Әрине, Мүңкір-қабілеттің ұрғашы-Аңқыр-қабілетке Айналайын болуының өзге де құпия нюанстары бар. Біз бастысын ғана айттық.

Рухтық-Естік ондай жұпар гармония тұла-бойды да кәдімгідей тұтас жұпарландырады. Яки, Жаны жұпардың - тәні жұпар. Ақыл-Есі де, денесі де жұпар ондай Арлы адамдарды бұрынғы замандарда "БАҚШЫ" ("Бақсы"; Бастағы Бақ Ійесі) деп те атаған. "Бақшы" (Бақсы) мәселесіне біз соңыра арнайы тоқталамыз.

Жә, бақшылық дәрежеге "Mens sana in corpore sano" (в здоровом теле - здоровый Дух) принципімен жету мүмкін бе? Мүмкін емес. Ондайға, тіпті, йогтық жаттығулар арқылы да ешкім жете алмайды.


79


Жүректің Көзі ашылса, - Хақтықтың түсер Сәулесі.

Іштегі кірді қашырса, - Адамның хикмет кеудесі".

"Ақылға Сәуле қонбаса - хайуанша жүріп күнелтпек".

Абайдың пайғамбарлық осы Сөздері жайында біз аңқымалық көптеген мағлұматтар келтірдік. Енді әңгімемізді түйіндеуге көшелік.

"Жанымыз - Күннен келген Нұрдан, тәніміз - топырақ пен судан" (Шаһкерім). Бұл әулиелікке ешкім де дауласпауы тиіс. Осы жөнінде айтпас бұрын, алдымен қарапайым мына сырды ұқпақ іләзім. Аңқыма бойынша, кәдімгі Күн - Ортаңғы Жұмақ Ес-Күн болып табылады. Яғни, ҮШ ЖҰМАҚ ЕС-КҮН бар: Құдырет Жұмақ Ес-Күн, Ортаңғы Жұмақ Ес-Күн, һәм Кіші Жұмақ Ес-Күн. Ійелері сәйкесінше - ЖҰПАР ІЙЕ ("Жаффар Ие"), ҚОШ БІТ ("Господь") һәм ҚОШ ЕГЕ. Құдайлық біртұтас иерархия құрап тұрған осы Үшеуі де - қош-жұпар. Оны олардың аңқымалық басты атаулары да растап тұрады: Ж ұ п а р Ійе, Қ о ш Біт, Қ о ш Еге. Олардың әр қайсысының иелігіндегі өз Күнінің ж ұ п а р н ұ р л ы ЖҰМАҚ ЕС болатындығы да содан.

Құдірет Күннің Ійесі ретіндегі Жұпар Ійе - Құдірет Күннің жасампаз Нұры арқылы шексіз ғарышты жаратып-таратып жатқан Түп Құдай. Ол шексіздікте - сансыз Күн Жүйесі бар. Солардың ең кемелі - кәдімгі яки ортаңғы Күн Жүйесі. Ійесі - Қош Біт. Ол - өз иелігіндегі Күннің (ортаңғы Жұмақ Естің) жасампаз Нұры арқылы, жербетіндік қисапсыз тіршілік иелерін жаратып-таратумен болады. Солардың ең кемелі - Кіші Күн Жүйесі. Ійесі - Қош Еге. Ол да, сәйкесінше, өз иелігіндегі Кіші Күннің яки жұпарнұрлы Көсегенің жасампаз қош нұрымен (қош Оймен) қисапсыз "Сөзді" жаратып-таратумен болады. Аңқымада ол шексіздік - "Сөз Жүйесі" деп аталады.

Аналогиялық осы Үш Ғаламатты дана бабаларымыз "ҮШ БАҚ" (Үш Жұпар Құдай; жұпарнұрлы үш Жұмақ Ес) деп те атаған. Ол атаудың йсалмастық үлгісі: "ұшпақ" (жұмақ).

Осы ақиқаттар жөнінде біз баспасөз беттерінде жарияланған аңқымалық мақалаларымызда үнемі айтып келеміз.


80


Мәселен, Кіші Күн Жүйесі мен кәдімгі Күн Жүйесінің "КҮН + КЕМПІРҚОСАҚ" сипатындағы мына аналогиясы жайында да баяндалды; "Көкірегі - сезімді, Көңілі ойлыға бәрі де анық тұрмай ма, ойлағанда" (Абай):

МЫЙ ("ҚОШ ЕГЕ + КӨСЕГЕ"; АҚ ОТ-НҰР, КІШІ КҮН)

1. Жүрек (Қан тарату мүшесі; ақж. Ар Сезімі + Іңкәрлік Сезімі; Кіші Күннің ақжалын Нұры). 2. Өкпе (Дем мүшесі; мөлдіржалыннұрлы Өмір Сезімі; "Меркурий"). 3. Емшек ("Ата-енелік қуат мүшесі; қызылж. Қайырым Сезімі; "Шолпан"). 4. Көз (Көру мүшесі; қызылсарыж. Мейірім Сезімі; "Жер"). 5. Құлақ (сарыж. Есту мүшесі; "Марс"). 6. Мұрын (жасылж. Иіс сезу мүшесі; "Юпитер"). 7. Таңдай (көгілдірж. Дәм сезу мүшесі; "Сатурн"). 8. Жыныс мүшесі (көкж. Жыныстық қозу һәм жын. раһат сезімі; "Уран"). 9. "Қорек" мүшесі (күлгінж. Аштық-тоқтық һәм дәрет сезімі; "Нептун"). 10. "Ден" мүшелері (қараж. "ден"сезімдері; "Плутон + ұсақ планеталар").

Мұның құдіреткүндік аналогиясы:

ЖҰПАР ІЙЕ басқарымындағы ҚҰДІРЕТ КҮН-МЫЙ және ОН АСПАН (Құдірет Ақ Күн мен оның ақжалын Нұры "біртұтас" болғандықтан, бабалар дүниетанымында "Аспандар саны - тоғыз"). Ол он Аспанның әрқайсысының аясында - Жұпар Ійенің "сезімдік бір-бір мүшесі". Ол мүшелердің қандай "құдіретті планеталар" екендігін Қош Біт қана біле алады.

"КҮН + КЕМПІРҚОСАҚ" сипатындағы аталмыш Үш Бақтың аналогиялық Бестіктері мынадай сәйкестікте:

ҚҰДЫРЕТ КҮН - қош Эманация - Уақыт - Қозғалыс - Кеңістік (Көк)

КҮН - Күн Нұры - таза Ауа - ағын Су - құнарлы Топырақ (қош Табиғат)

ЕС - ағымдағы қош Ой - қ. Сөз - қ. Іс-әрекет - қ. Жүзе (қош Өнер)

Дүниенің ғылымы осы аналогиядан шығады. Бір ғана мысал келтірелік.


81


Мәселен, бірінші мысал ретінде, бес Күндік Жалған Бестігін алайық:

"КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ".

Бұл Бестіктің пенделік аналогы бар ма? Бар. Пенденің артқы тесігінен нәжіс пен осырық шығады. Ол екеуі - Топырақ пен Ауа субстанцияларының нышанаты. Пенденің алдыңғы тесігінен аталық ұрық (енелік ұрық - "іште") пен несеп шығады. Ол екеуі - Күн Нұры мен Су субстанцияларының нышанаты. Бұл жерде біз аңқымалық көркемтаным бойынша, Күн Нұрының "аталық құт (ұрық)" һәм "енелік сүт (нәр)" екендігін де ескере отырамыз. Яғни, "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" (Шаһкерім) постулатында айтылып тұрған Күн Нұры - "Жер-Ене құнарына себілетін аталық ұрық". Жербетіндік барша тіршілік иелері Күн Нұрынан солайша жаратылады. Олардың қай-қайсысының да Күн Жүйесіне "тартып туатыны" сондықтан. Солардың ең кемелі - пенде баласы яки "планеталары" (он сезім мүшесі) түгенделген адамдық Кіші Күн Жүйесі. Аңқымалық осы кемел танымның Библиядағы мүңкімелік жұқанасы: "И создал Бог человека из праха земного, и вдунул в лицо его дыхание жизни, и стал человек душою живою" (Библия. РБО Москва 1998. Ветхий Завет, Глава 2 - 7, стр. 2). Бұл мүңкімелік жұқана кейін Құранға көшіріледі (ол аяттарды айту маңызды емес). Сөйте тұра, иудаизм де, христиандық та, ислам да жербетіндік тіршілік атаулының Күн Нұрынан екендігін мойындамайды. Біз оның топастық себептерін де айтып жатпаймыз.

Жә, бес Күндік Жалған Бестігінің адамдық төрт аналогы түгенделді:

"Күн Нұры (аталық ұрық) - Ауа (осырық) - Су (несеп) - Топырақ (нәжіс)". Енді кәдімгі Күннің адамдық (пенделік) аналогы ғана қалды. Адам Басы - Кіші Күн. Оның бір постулаты: "Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр" (Шаһкерім). Ес болып табылатын кемел Күн атаулының "жалындаған Ақ От-Нұр" екендігі де айтылды. Сондай ғаламат Ақ От-Нұр"-Ес нышанатының кәдімгі ауыз екендігін КЕМЕЛ СӨЗ ІЙЕСІНІҢ (Кіші Құдай-Адамның) көркемтанымдық сипатын бейнелеуші "отауызды, орақтілді" нақылы айтып тұрады. Яғни, Ауыз - От-Естің нышанаты. Ал, ауыздағы Тілдің Рухты бейнелейтіндігін "орақтілді" сөзі айтады. Өйткені, мұндағы "орақ" сөзін, көркемтаным бойынша, кәдімгі "орақ" (серп) сөзі ретінде де қабылдауға болады. Бірақ, ақиқатында, ол - аңқымалық көне "ҮРІК" (жұпаржелді қош Рух.,) сөзінің толықша бір түрі. Оның толықша "Арақ" үлгісінің метатезалық - "Арқа", ебірейлік бүлінгі - "Руакх", арабтық бүлінгі "Рух", көнегректік "Арг(ус)" үлгілерінің де бар екендігін біз бұрын баяндап өткенбіз.

Сонымен, бес Күндік Жалған Бестігінің адамдық аналогы:

КҮН ("Пенде Басы") - Күн нұры ("аталық ұрық") - Ауа ("осырық") - Су ("несеп") - Топырақ ("нәжіс").


82


КҮН - Күн нұры - Ауа - Су - Топырақ

пенделік КІШІ КҮН - аталық ұрық - осырық - несеп - нәжіс.

"Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы. Боқтан сасық боласың - өлсең, тағы" (Абай) деген осы енді. Яғни, Абайдың бұл Сөзде "адам" деп отырғаны Адам емес, - пенде ("п+ЕН+д+е"; смердящий смертный) жаратылысы. Ал, кемеладамдық сипат постулаттарының "Шекенің жұпар майға (Ес Жұмағының "жұпар майына") шылқуы" және "Жаны жұпардың - тәні жұпар" екендігі айтылды. Яғни, пенделіктің "сасықойлы БАС - аталық ұрық - осырық - несеп - нәжіс" түріндегі аталмыш бестігі Адамда тұтастай жұпар болады да, бес Күндік Жалғанның мынадай жұпар Бестігіне сай келеді:

ЖҰМАҚ КҮН - жұпаржелді Нұр ("Самал+А") - қош Ауа - ағын Су - құнарлы Топырақ (жұпар шаша өсіп-өркендеуші Табиғат).

Қазір бір замандардағы бұл Жұпар Бестікті де ашкөздене сасыған тажал Пенде Баласы өзіне сай барынша сасытып, экологиялық апатқа алып бара жатыр:

КҮН - Күн Нұры - сасық Ауа - лас Су - улы Топырақ.

Мұндағы "Күн" мен "Күн Нұры" да - улы. Өйткені, адам баласы өзі жаратқан дүниелері жақсы болса, олардан өзі қайыра ләззат алып, Көңілі қоштанып, Бастағы Бағының жұпары еселене түседі. Жаратқан дүниелері жаман болып шықса, көңілдік қошынан айырылып, Есі бүліне бастайды. Ондай Естің өзі де, Нұры да - жаман. Егер, жербетіндік тіршіліктің Күн нұрынан жаралып-таралып жататынын ескерсек, ең ақылды етіп жаратқан пендесіне дейін сасыған, экологиясы сұрапыл бүліне бастаған мына Жалған Дүниесінің төбесіндегі Жаратушы Күннің де, оның Нұрының да ЖАУ (Солнце; Свет; Враг) болмағы өзінен өзі түсінікті.

Енді екінші мысалға көшейік. "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан, тәніміз - топырақ пен судан" (Шаһкерім).


83


Екінші мысал:

"Жанымыз - Күннен келген Нұрдан.

Тәніміз - топырақ пен судан" (Шаһкерім).

Талдауымызды бұл постулаттың екінші бөлігінен бастаймыз.

"Тәніміз - топырақ пен судан".

Мұнда бес Күндік Жалған Бестігіндегі Су мен Топырақ субстанциялары айтылып тұр. "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан". Мұнда квинтэссенция (пятая сущность) ретіндегі Күн мен Нұр субстанциясы айтылып тұр. Сонда бес Күндік Жалғанның пенде Жаны мен тәніне қатысты Бестігінің мына төртеуі айқындалды:

КҮН - Күн Нұры - ... - Су - Топырақ.

Айтылмай қалғаны - Ауа субстанциясы. Бірақ, аталмыш постулатта ол да айтылып тұр. Қалайша? Себебі мынада. Күннің жасампаз Нұры жай ғана Нұр емес, - жұпаржелді Нұр. Аңқыма бойынша, оның "Самала" (жұпаржелді Нұр) деп аталатындығы да содан. Яғни, Самала" сөзі былайша жіктеледі. "САМАЛ (жұпар жел) + А". "Самала" түрінде "жұпаржелді Нұр" дегенді айтады. Постулатта жасырын тұрған Самал яки Ауа субстанциясы осылайша анықталмақ. Яғни, "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" постулатының интерпретациясы: "Жанымыз - Күннің жұпаржелді Нұрынан". Аңқымалық көне "ИС" (аромат; душистый Дух; ароматное происхождение) термині де соны растайды. Иә, "Күн - Атам, анық, Жер - Анам" (Шаһкерім).

"Жан ұрығы" ретіндегі Самаланың жұпаржелдік қасиетінен мақұрым заттанушы ғылым оны физикалық құбылыс ретіндегі жәй ғана "Күн желі" деп қана таниды. Оның өзін де олар өткен ғасырда ғана анықтады. Аңқымалық "Самала" термині атамзаманнан бері бар.

Сонымен, Аңқымадағы күнтанымдық-адамтанымдық мынадай ғылым постулаты айқындалады:

КҮН - "Жан" (Күн Нұры + Ауа) - "Тән" (Су + Топырақ).

Жербетіндік барша тіршілік иелерімен қатар, Пенде Баласының да Күн Нұрынан жаратылатындығын әулие Шаһкерім бізге "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан, тәніміз - топырақ пен судан" деп, солайша айтып кеткен.

Қош. Аңқыма бойынша дәлелдемек болған әуелдегі бестік аналогиямыз ақыры былайша толыға түсті; "Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл Сөзімнің суреті тұрар дайын" (Абай):

ЕС - ағымдағы Ой - Сөз - Іс-әрекет - Жүзе

ҚҰДЫРЕТ КҮН - Эманация - Уақыт - Қозғалыс - Кеңістік

КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ

КҮН - "Жан" (Күн Нұры + Ауа) - "Тән" (Су + Топырақ).

КҮН ("Пенде Басы") - Күн нұры ("аталық ұрық") - Ауа ("осырық") - Су ("несеп") - Топырақ ("нәжіс").

Аңқымалық осы аналогияның өзі-ақ діни концепция атаулының баршасын талқандап жібереді. Ал, енді, мұны ары қарай талдай бастасақ, ҮШ БАҚ ғажабына байланысты аңқымалық өзге сырлар да ашыла береді, ашыла береді!..


85


Біз Ойдан Ойға көше отырып, ақыры пайғамбар Абайдың Төбекөзге қатысты оныншы Өлеңіне де келіп жеттік:

"Көңілге түрлі Ой түсер, әр тереңге нұсқасаң".

1. Мыйшықтағы Жүрек орталығының "Көңілстан" екендігі айтылды. Көңіл мен Жүрек ассоциацияланады. Яғни, "Көңілге түрлі Ой түсер" Сөзінің интерпретациясы. "Жүрекке түрлі Ой түсер". Қандай жағдайда, қайдан? "Жүректің Көзі ашылса, Хақтықтың түсер Сәулесі" (Абай). "Әр тереңге нұсқасаң" дегендегі "әр терең" деген не? Шексіздіктің шексіз ғылымының тереңдігі. Соншалықты ғаламат "әр тереңге" кім нұсқайды? Әрине, Төбекөз (Кош Еге + Көсеге) нұсқайды. Төбекөз ашылмай, Жүрек Көзі ашылмайды. Демек, "Жүректің Көзі ашылса, хақтықтың түсер Сәулесі" постулатының интерпретациясы: "Төбекөз ашылса, Хақтықтың түсер Сәулесі". Мұндағы "Хақтық Сәулесі" дегеніміздің "Қош Біт (кәдімгі яки Ортаңғы Күннің жұпар Құдай-Рухы) Жазмышының жазулары" ("ортаңғы "акаш хроникасы") екендігін айтқанбыз.

2. "Көңілге түрлі Ой түсер". Адам - Көңілімен ғана адам. Көңіл болмаса, адамның роботтан айырмашылығы болмайды. Ақылды түзетін де, бұзатын да - Көңіл. Қош Көңіл - Бастағы Бақтың кепілі. Яғни, "Хақтықтан түскен Сәуле" - Көңілге түсетін түрлі Ой. Көңіл Ойы Қош Еге Ойына айналады.

"Хақтықтан түсер Сәуленің" бір сипаты - ӘН (душистая песня). Аңқымалық бір анықтамасы: "Көңілге түрлі Ой салар Ән" (Абай). Көңілдегі ол Ән-Ой Төбекөз Ойына айналады. Аңқымалық бір анықтамасы: "Жақсы Әнді тыңдасаң Ой Көзіңмен - Өмір сәуле көрсетер судай тұнық" (Абай). "Хақтық Сәулесі" - сондай керемет.

Жә, ендігі әңгіме - Төбекөзі ашылған адамның яки "Кіші Құдай" ретіндегі Бақшының (Бақсының) ғаламат қабілеттері жайында.


86


Иә, ендігі әңгіме - Төбекөзі ашылған "Кіші Құдай" ретіндегі Бақшының (Бақсының) яки Қош Егенің ғаламат қабілеттері жайында.

Бірақ, бұлай десек, "Кіші Құдайы" несі? Құдай деген біреу ғана емес пе?" деп ойлайтындар бізге қайтадан сұрақ жаудыра бастайды. Сондықтан, мәнісі өткен жазбаларда айтылған ақиқатты қысқа да нұсқа түрде тағы бір қайталап өтейік.

"Құдырет Күн" деп аталуға ылайық таң-ғажайып бір орасан Күн бар. Шексіздіктің "нұрлы Ядросы". Сол "Ядро"-Күннің "Кемпірқосағы" - тоғыз қат Аспан. Құдірет Күн Жүйесі. Ондағы "оныншы Аспан" - Түп Жаратушының Ақыл-Есі ("Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық Нұр". Шаһкерім) болып табылатын сол Құдірет Күннің ғажап жасампаз Ақ Нұр түріндегі ғаламат Эманация-Самаласы. Аңқымалық басты Бестік Жүйе (ЕС - ағымдағы Ой - Сөз - Іс-әрекет - Жүзе) бойынша, Құдірет Күннің бестік бір сипаты мынадай:

ҚҰДЫРЕТ КҮН - Эманация - Уақыт - Қозғалыс - Кеңістік (Космос).

Бұл Бестіктің қош Құдай-Рухы - "ЖҰПАР ІЙЕ" деп аталады. Ол - Құдірет Құдай, Түп Тәңірі. Оның жаратып-таратып жатқан шексіздігі болып табылатын Космоста сансыз Күн Жүйесі бар. Солардың ең кемелдерінің бірі - кәдімгі Күн Жүйесі. Кәдімгі Күнді біз, шартты түрде, "Ортаңғы Күн" деп атаймыз. Ол - "ҚОШ БІТ" ("Господь") аталмыш "Ортаңғы" Жұпар Құдайдың нұрлы Ақыл-Есі. Оның ғаламдық "Кемпірқосағының" әр аясында - бір-бір планета ("сезім мүшелері"). Қош Біттің басқарым-бағымындағы "Ортаңғы" Күннің Нұрынан жербетіндік барша тіршілік иелері жарала-таралумен болады. Солардың ішіндегі ең кемелі "Қош Еге" деп аталады. Оның нұрлы Ақыл-Есі - "Кіші Күн". "КӨСЕГЕ" (Қош Еге басқарымындағы Жұмақ Ес) аталмыш ол Кіші Күннің "Кемпірқосағының" әр аясында - Кіші Күн Жүйесін құрайтын бір-бір сезім мүшелері ("планеталар"). Қош Егенің яки Кіші қош Құдай-Рухтың жаратып-таратып жатқан барша кереметтері Аңқымада "Сөз Жүйесі деп аталады.

Осындай үштік иерархия біртұтастығын дана бабаларымыз "ҮШ БАҚ" деп атаған. Яғни, әрқайсысының өз Күні-Есі бар үш Жұпар Құдай: Құдірет Құдай - ЖҰПАР ІЙЕ, "Ортаңғы Құдай - ҚОШ БІТ һәм Кіші Құдай - ҚОШ ЕГЕ. Қош Біт - біздің тікелей Жаратушымыз. Баршамызды жаратып-таратып тұрған Түп Құдай - Жұпар Ійе.


87


Кіші Құдай ретіндегі кемел Адам жаратылысының кемелденген Кіші Күн Жүйесі екендігі жайында біз бұрынғы жазбаларымызда аңқымалық сандаған дәлелдер келтірдік. Тағы бірнеше мысал.

Мәселен, "ЫРА", "ЫРА ӨН", "ЖАРАТУШЫ ЫРА", "БАЙ ҚАМ ЫРА", "ҮР ЫРА", "АЛ БАС" түріндегі ежелгі аңқымалық терминдер де - Күн мен Күн Құдайының көне атаулары. Тіл тірлігіндегі текорат (тектестікке орайғы аттастық) заңдылығы бойынша, кәдімгі Күннің Рух-Құдайы яки "Ортаңғы" Құдай (тікелей Жаратушымыз) қалай аталса, "оның Жер бетіндегі елші-хабаршы патша-өкілі" ретіндегі Кіші Құдай (кемел Адам-Қош Еге) да яки Патша-Пайғамбар Тұлғалар да дәл солайша аталады:

Ыра - түбірсізденген көнемысырлық үлгісі: "Ра" (күнтекті патша-перғауын), Ыра Өн - бүлінгі үлгісі: "ф+Ара Он" (көнемысыр. Күнтекті патша), Жаратушы Ыра - бүлінгі үлгісі: авесталық "Заратуш+т+ы Ыра" (Пайғамбар), Бай Қам Ыра - бүлінгі үлгісі: "Пай Ғам+б Ар" (парс. Пайғамбар), Үр Ыра - бүлінгі үлгісі: "п+Ыр Оро+к" (славян. Пайғамбар), Ал Бас" - бүлінгі үлгісі: "Ал+а Бас" (көнетүрк. Пайғамбар).

Яғни, Адам - "Ортаңғы" Күннен жаратылған Кіші Күн". Бұл - бір.

Бұл айтылғандарды этимология тұрғысынан қарастырсақ, "Қазақ Тілі - әлемдік барша өркениет тілінің негізі ретіндегі Баба Тілдің қазынасын таза сақтап қалған бірден-бір таза Тіл" деген ақиқаттың белгісі көрінеді.

Екіншіден, мына дүниені ескерейік. "Бір ғажап Ақ От Нұр" болып табылатын Күннің Нұры он түрлі он жалын нұрларға "жіктеледі". Ол айтылды. Ол жалын нұрларды одан әрі "жіктесек", жалын нұр саны отыз екі (32) болмақ. Сондай "құрамдағы" Күн Нұры, "аталық ұрық" ретінде, Жер Ененің құнарына дарып, жербетіндік тіршілік иесі жаратылады. Бұл да баяндалды. Яғни, "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" (Шаһкерім), Адам - өзіндік Жүйесі бар Күнге тартып туған күнтекті жаратылыс.

Осы айтылғандардың адамдық аналогы:

Мый орналасқан Бас сүйек - "Кіші Күн", оған жалғас 32 омыртқа - "32 жалын нұр". Отыз екі омыртқа (жұлын) ұшы - "аталық ұрық" орналасқан енек. Одан шыққан ұрық Ене "құнарына" дарып, тіршілік иесі жаратылады.

Үшіншіден, "Күн + 32 нұр" (Бас + 32 омыртқа) кереметінің символдық аналогының төмендегідей екендігін "Отауызды, орақтілді" фразеологизмі де айтып тұрады. Ауыз - "От" (Күн), 32 тіс - "32 жалын нұр". Тіл - "Күн Құдайы" яки "Рух". Өйткені, "орақтілді" сөзіндегі "Орақ" сөзі - аңқымалық көне "Үрік" (жұпаржелді Рух) терминінің толықшаланған үлгісі. Ол туралы да біз алдыңғы жазбаларда айтып өттік.


88


Төртінші мысал.

"Кіндік" сөзі - "Күндік" (Күндікі, Күнге тиесілі) сөзінің құбылғы туынды бір үлгісі. Осы "Күндік-Кіндік" атауында да аңқымалық ғажап ғылым жатыр. Соның бір-екі сөзін қысқа да нұсқа түрде айта кетелік.

"Жанымыз - Күннен келген Нұрдан" (Шаһкерім) постулаты - жербетіндік тіршіліктің пайда болуы заңдылығының аксиомасы. Ол бойынша, Күн Нұры - Жер Ене құнарына дарушы "аталық ұрық". Ол "ұрық" әу-баста яки докембрий дәуірінде деуге де болады, Жер Ененің "Күндік-Кіндік" (экваторлық) тұсындағы бір жылы "теңізде" өсіп-жетіледі. Кәдімгі аталық ұрық та дәл солайша, енелік "Күндік-Кіндік" тұстағы қандайда бір "экваторлық жылы теңізде" (Ене жатырында) өсіп жетіледі. Оның Дүниеге келіп, кіндігінің кесілуі - "экватордағы докембрийлік жылы теңізде өсіп-жетілген күндік ұрықтың" теңізден құрылыққа шығуын да сипаттайды.

Әрине, бұл "Күндік-Кіндік" жөніндегі аңқымалық әңгіменің өзі - жатқан бір күрделі концепция. Оның ішінде, "Кіндіктен үрленген Үрік" (ҮРІК: үрленген жұпар жел-Рух), "Оны - бір қара жұмбақ" (білінгі үлгісі: "он бір қара жұмбақ") аталмыш канондардан басталып беретін көптеген аңқымалық доктриналар бар. Ал, біз айтып отырған "докембрий дәуіріндегі экваторлық жылы теңіз" құбылысын "Жер кіндігінде" орналасқан қазіргі Жерорта теңізімен шатастыруға болмайды. Өйткені, Аңқыманың бестік жүйесі бойынша, Жер планетасы - Күн Жүйесіндегі "Көз" планетасы:

КҮН (Төбекөз Рух-Мый) - Күн Нұры (Жүрек) - Ауа (Өкпе-Меркурий) - Су (Емшек-Шолпан) - Топырақ (Көз-Жер).

Бұл да айтылды.

Жер шары "Көз" болғандықтан, ол елу мың жылдай уақытта бір рет "ойнақшып" отырады. Сондайда Жердің полюстік "нүктелері" де орындарынан "жылжып" кететіндіктен, экваторлық белдеу де өзгеріп кетеді.

Жә, Адамның "Күн Жүйесіне тартып туған кемел Кіші Күн Жүйесі" екендігіне дәлелдерді осылайша келтіре беруге болады. "Көкірегі - сезімді, Көңілі ойлыға бәрі де анық тұрмай ма, ойлағанда" (Абай). Ал, түсінгісі келмейтіндерге миллион дәлел келтірсеңіз де, олар өз дегендеріне бағып қасарыса береді. Солардың ішіндегі ең қыңырлары - өздерін "дін жолындамыз, Құдай жолындамыз" деп есептейтін догматиктер.


89


ЖҰМАҚТЫҢ ҚҰРАНДАҒЫ СИПАТЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ


Құранда Жұмақ туралы сандаған аяттар бар. Бұ жерде оның бәрін сөзбе-сөз келтірудің керегі жоқ, қажет еткендер өздері-ақ оқып алады. Біз Жұмақтың Құранда баяндалған басты сипаттарына ғана тоқталамыз:

1. "Төменде өзендер (я бұлақтар) ағып жататын Жұмақ"

2. "Жұмақта алуан жеміс пен шәрбат һәм шарап бар, мас қылмайтын"

3. "Жұмақтағыларға қызмет етуге арнайы жаратылған, үнемі жап-жас, сұлу қалпында қалатын қызметшілер бар"

Енді осыларды аз-маз талдап көрелік.

1. "Төменде өзендер (я бұлақтар) ағып жататын Жұмақ".

Құран мәтінін тұтастай көктей өтетін осы тұжырымның мәнісін еш мұсылман білмейді. Себебі, ол ұғым - бағзы дана бабаларымыздың араб араб болмай тұрған замандарда түзген Аңқымасындағы "Нұры ерен тасқындаған жұмбақ Жұмақ-арал" концепциясы басты постулатының керкеткен замандарда қалыптасқан еш ғылымсыз бір жұқанасы ғана. Аталмыш концепция - көркемтанымдық ұзақ әңгіме. Сондықтан, оның аңқымалық ғылымын айтып жатпаймыз.

2. "Жұмақта алуан жеміс пен шәрбат һәм шарап бар, мас қылмайтын". Әрине, адамның мұқтажсыз өмір сүруі үшін, қоршаған ортаның - бау-бақшалары жайнаған бір тамаша Табиғат болмағы шарт. Сондықтан, оның символы ретіндегі Жұмақтың да "жеміс-жидекті, шәрбатты мекен" түрінде баяндалмағы өзінен өзі түсінікті. Түсініксізі - "Жұмақтың мас қылмайтын шарабы". Ол туралы Құранның (Құран кәрім. Алматы. Жазушы. 1991. Аударғандар: Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уаһап Қыдырханұлы.) "Саффат" сүресінің 47-аяты (392-93 бб.) мен "Уақиға" сүресінің 17-19-аяттары (482-б.) бар. Сонда дейміз-ау, "шарап ішу - күнә" деген исламдық ұғым қайда қалады? Рас, аталмыш аяттарда ол "шараптың" бас ауыртпайтын, мас қылмайтын шарап" екендігі айтылған. Бірақ, мың жерден "бас ауыртпайтын, мас қылмайтын шарап" болса да, шараптың аты шарап емес пе?! Оның үстіне, шарапты бұ Дүниеде де бас ауыртпайтындай, мас қылмайтындай мөлшерде ішуге әбден болады ғой. "Әр нәрсенің мөлшері барын, мөлшерінен асырса, боғы шығарын" әулие Абай да айтып кетті емес пе? Сонсоң, "бас ауыртатын мастық" дегеніңіз шарапқа ғана байланысты ма? Біле білгенге, бұ Дүниедегі тірліктік барша қарекеттің өзі де - тұтасымен, бас ауыртпақ түгілі, Жан ауыртарлық жойқын мастық емес пе? Ол жөнінде де біз бұрын айтып кеткен болатынбыз. Егер, "шарап ішу - күнә" болса, онда, Жұмақта, шараптану тұрмақ, "шарап" деген сөздің де мүлде естілмеуі керек еді-ау? Демек, шараптың о жақта да қажет болғаны ғой?!

Жә, "Жұмақ шарабы" жөнінде ары қарай әңгімелеудің еш мәнісі жоқ. "Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл Сөзімнің суреті тұрар дайын" (Абай).


3. "Жұмақтағыларға қызмет етуге арнайы жаратылған, мәңгі жап-жас, сұлу қалпында қалатын қызметшілер бар".

Алдымен, "Жұмақтағыларға қызмет көрсетушілер" жайында:

"Бар уақытта бір қалыптарынан аумайтын жас даяшылар ағып тұрған шарапты тостағанға, шәйнекке, шыныларға толтырып алып, алма-кезек ұсынып тұрады" (Сонда. "Уақиға" сүресі. 17-18-аяттар. 482-б.).

Тағы да сол "даяшылар" жөнінде:

"Қартаймайтын, үнемі жас қалпында тұратын даяшылар кезектесіп қызмет көрсетеді. Оларды көрсең, бейне бір (жіпке) тізілген меруерт екен деп қаласың" (Сонда. "Инсан" сүресі. 19-аят. 536-б.).

Тағы да сол "даяшылар" хақында:

"Бейне сәдеп ішіндегі інжудей жастар айналып-үйіріліп қызмет көрсетеді" (Сонда. "Тур" сүресі. 24-аят. 469-б.)

Сондай "мәңгі жас даяшылар құйып беретін жұмақ шарабы" туралы айтып өттік. Ал, жалпы, құрамында алкоголь болса да, еш мас қылмайтын, бас ауыртпайтын "жұмақтық" бір-ақ ішімдік бар. Ол - қымыз. Демек, "жұмақ шарабы" - кәдімгі қымыздың одүниелік бір түрі ғой.

Жә, "ағып тұрған (!) жұмақ "қымызын" пейіштегілерге мәңгі жас даяшылар құйып беріп тұрады" екен. Сонда олар қайдан келген "даяшылар"? Олар адам ба, жын ба? Жынысы бар ма? Құдай оларды Жұмақта жаратты ма, жоқ, өзге бір Дүниеден алып барған ба? Біз үшін, олардың мәнісін білу аса маңызды да емес. Даяшы ма, - даяшы, қызметші ме, - қызметші. Бірақ, қалай мөймөңкелесек олай мәймөңкелейік, қызметші дегеніңіз - өзіне емес, өзгеге жұмыс істейтіндіктен, - бас еркі жоқ құл (я күң) болып табылады. Яғни, жұмақтағылар - қожа, "жұмақтағы даяшылар" - солардың құлы (я күңі) деген сөз! "Жұмақтағы қожа мен құл (я күң)" түріндегі ондай әділетсіздікке, алалаушылыққа сонда кім жауапты? Құдай ма? Ол - бір. Екінші мәселе - "Үр ("х+Үр" я "х+Ор") қыздары". "Анығында, Біз хор қыздарын (ұжмақ үшін) жараттық. Оларды жаны таза, жұбайларына құштар, тең-тұс еттік" (Сонда. "Уақиға" сүресі. 35-36-37-аяттар. 483-б.). "Зуһруф" сүресінің 70-аяты (Сонда. 437-б.): "Сендер әйелдеріңмен бірге шат-шадыман болып, ұжмаққа кіріңдер!" (делінеді)".

Бұл аяттарды шынға баласақ, "жұмаққа әйелдерімен қоса барған әр еркекке Құдай бір-бір хор қызын қатындыққа арнайы және жаратады" екен. Егер, логика бойынша, "Жұмаққа бұ Дүниеден Ары таза, бірақ тұрмыс құрмаған қыздардың да баратынын" ескерсек, онда, әділетті Құдай олардың да әрқайсысына жұмақтық арнайы бір-бір бай жаратуы керек емес пе? Әлде, жұмаққа барар қыздардың ондайға қақысы жоқ па? Жоқ болса, ол - Құдайдың қандай әділеттілігі? Күйеуі - күнәһар, өзі әулие қатындар қай Жұмаққа бармақшы? Жұмақта оларға да бай табылмай ма?


90


Басты-басты тағы екі сипат.

1. Тұрмысқа қажетті бұдүниелік бұйымдар мен азық-түлік - одүниелік жұмаққа да тән.

2. "Алланың сүйген құлдары" жұмақта еш қайғысыз-қамсыз, мәңгі өмір сүреді.

Осы екеуіне жеті мысал:

Жұмақтағыларға (Т.Ә.) "алтын табақтармен (тағам), алтын тостағандармен (шәрбат) ұсынылады. Жәннатта көңілді байытып, көз қуантатын нәрселер бар. Сендер сол жәннатта мәңгі тұра бересіңдер" (Сонда."Зуһруф" сүресі. 71-аят. 437-б.).

"Жәннаттағылар үстеріне жұқа, қалың жібектен тігілген киімдер киеді, күміс жүзіктер тағады. Тәңірі оларды өте таза сумен сусындатады (Сонда, "Инсан" сүресі. 21-аят. 536-б.).

"Олар пейіште жасыл жастықтарға, көркем төсеніштерге сүйеніп отырады" (Сонда. "Рақман" сүресі. 77-аят. 481-б.)

"Ондайлар мәңгілік жәннатқа кіретіндер. Ұжмақта олар алтын білезіктер, інжу-маржандар тағады, кіл жібекті киінеді" (Сонда. "Фатыр" сүресі. 33-аят. 383-б.)

Жұмақтағылар (Т.Ә.) "қалың, жұқа жібек киімдері көлбеңдеп, біріне бірі қарсы қарап отырады. Біз оларды ботакөз хор қыздарымен жұптастырамыз. Жәнатта бейқам тұрып, жемістің қайсысын болса да әкеп беруді талап етеді"" (Сонда. "Духан" сүресі. 53-54-55-аяттар. 441-б.).

Жұмақта (Т.Ә.) "онымен қоса, қалаған жемістері, керегінше құс еті беріледі" (Сонда. "Уақиға" сүресі. 20-21-аяттар. 482-б.).

Жұмақтағы (Т.Ә.) "олар қатар-қатар қойылған тақтарға сүйеніп отырады. Ботакөз аруларды жұп етіп қосып қоямыз" (Сонда. "Тур" сүресі. 20-аят. 468-б.).

Құранның "Уақиға" сүресінде (15-16-аяттар. 482-б.) былай:

"Алттыннан тоқылған орындықтарда шынтақтай, біріне бірі қарап (бейғам) отыратын - осылар" ("ізгілігіне орай, ең алда болатындар". Т.Ә.).

"Алла оларға ("сүйген құлдарына". Т.Ә.) төменде өзендер ағып жататын жәннат дайындады. Онда олар мәңгі тұрады. Зор бақыт деген осы" (Сонда. "Тәубе" сүресі. 89-аят. 166-б.).

Енді, жұмақтың өзіміз алдыңғы жазбаларда атап өткен екінші, үшінші сипаттарын осы жазбадағы екі сипатпен біріктіре қарастырып, талдауға көшейік.


91


Сонымен, "Алланың өз сүйген құлдарына (исламда "Алланың күңдері" деген ұғым жоқ) ғана арналған жұмақтың" жалпы алғандағы сипаты мынадай екен:

"Жұмақ дегеніңіз - табиғаты өте көркем, сулары таза, жеміс-жидегі мол, азық-түлікке бай, одүниелік әлем. Оған Бұ Дүниеде Алланың ризашылығына бөленген еркектер ғана өз әйелдерімен бірге кіреді. Сондай-ақ, сол бақытты еркектердің бас-басына Алла, өзі арнайы жаратқан ботакөзді хор қыздарын және әйелдікке қосады. Сонда, ол еркектер жұмақтың майдақоңыр әсем табиғатында, суы таза бұлақтар мен өзендер жағасында, алтыннан тоқылған тақтарда (Уақиға" сүресінде "биік (жұмсақ) төсектер" де айтылады), қалың да жұқа жібек киімдер киіп, күмістен жүзік тағынып, еш уайымсыз-қайғысыз, бір-біріне қарап, әдемі күйде сұхбаттасып отырады. Әрине, құр ғана әңгімелесіп отырмайды, құс еті мен жеміс-жидек жеп, шәрбат пен мас қылмайтын, бас ауыртпайтын шарап ішеді. Ол ризықтың бәрін оларға Алланың өзі еш қартаймайтындай етіп арнайы жаратқан қызметшілер дайындап, алтын табақтарға салып, алтын тостағандарға құйып, қанша сұраса сонша әкеліп беріп тұрады. Алланың сүйген құлдары сондай раһат жұмақта, еш қайғысыз-қамсыз, мәңгі тұра береді".

Ал, енді осыны талдайық.


92


"Құран - Құдайдың, Жәбірейіл періште арқылы, Мұхаммедке түсірген аспандық қасиетті кітабы". Барша мұсылман соған имандай сенеді. Жарайды, солай-ақ болсын делік: "Құран - Құдай Сөзі".

Әрине, жұмақтың бар екендігіне де күмән жоқ, оның ерекше құлпырған табиғат түрінде болмағына да ешкім дау айтпайды. Алайда, жұмаққа қатысты бізді мазалайтын сұрақтар - сансыз. Оның бәрін тізбелеп, сөзді көбейтудің қажеті шамалы. Біз ол тұрғыда өзімізге басты-басты бірнеше сұрақ қана қоялық.

Бірінші басты сұрақ. Бұл әлемде "боқ дүние" категориясына жататын алтын табақтар мен алтын тостағандарды, күміс жүзік пен жібек киімдерді, алтыннан өрілген тақтарды, кәдімгі жерлік тағамдарды (мысалы, құс етін) Құдай Тағала неге және не үшін О Дүниеге де тән етіп қойған? Сонда қалай, жұмақ тұрғындарының тұрмысына қажетті бұйымдар мен қорек түрлерін құдіреті шексіз Құдайдың жұмаққа ғана тән ерекше бір қасиеттерге ие етіп, өзгеше жарата алмағаны ма? Яғни, Құдайдың қиялы мен жасампаздығы шектеулі деген сөз ғой?

Екінші басты сұрақ. "Жұмаққа әйелдерімен бірге кіретін еркектерге Құдай өзі арнайы жаратқан хор қыздарын әйелдікке және қосақтайтыны қалай, бір еркекке бір әйел аз дегені ме? Әлде, Құдай полигамияны ғана құптай ма? Ол - бір. Екіншіден, сол хор қыздарының өз бас еркі, өз таңдауы жоқ болғаны ма? Солай болса, Құдайдың онысы нендей әділеттілік?

Үшінші басты сұрақ. Жұмаққа "кірген" еркектерді, өз әйелдерінің үстіне, хор қыздарымен де қоса жарылқайтын Құдай оларға деп даяшы-қызметшілерді (құлдарды я күңдерді) де және арнайы жарататыны несі? Бұ Дүниенің капитализмі мен феодализміне ғана тән қожа мен малай проблемасы жұмаққа да тән болғаны ма? Құдайдың онысы нендей жұмақтық демократия?

Төртінші басты сұрақ. Бұ Дүниеде тұрмыс құрмаған немесе тұрмыс құрып үлгермеген Аруларға; байлары күнәһар болса да, өздері ізгімінезді болған опалы әйелдерге; арлы жесірлер мен зарлы жетімдерге; періштекөңіл бала-шағаға жұмақ есігі тарс жабық па? Әлде, Құранда олар жайлы айтуды Құдай мүлде ұмытып кеткен бе? Әлде, жұмақтың өзі тұтастай патриархаттық жұмақ па?

Келесі сұраққа да кезек келді...


93


Бесінші басты сұрақ. "Құдай Сөзі" саналатын Құранда "Құдайдың өз сүйген құлдарына (әрине, олары - еркек мұсылмандар ғана!) сыйлаған Жұмағының да, ондағы өзге раһаттардың да" - бірыңғай т ә н қ а ж е т і н қ а н а ғ а т т а н д ы р у ғ а ғ а н а керекті категориялар түрінде баяндалып, Ж а н қ а ж е т і н і ң м ү л д е ұ м ы т қ а л ғ а н ы қалай?

Міне, осы сұрақтан өзге де сұрақтар туындайды. Яғни, "бәйбішесі мен тоқалы ("хор қызы") әрі даяшы-қызметшілері" (құлдары я күңдері) бар жұмақтық сол мұсылман еркектердің "асыл киініп, алтын тұтынып, мас қылмайтын шарап қызуымен өзара дуылдаса, ас ішуді ғана білетін жатыпішер-арамтамақ кейіпкерлер" түрінде ғана суреттелетіні несі? "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық - аздырар адам баласын" (Абай) аксиомасы ол ғаламда сандырақ болып қабылдана ма? Жұмаққа сай Бастағы Б а қ т ы ң яки Ж ұ м а қ Ақыл-Естің т ө р т жұпар ж а с а м п а з д ы ғ ы болып саналатын қош Өнер мен қош Білім, қош Ғылым мен қош Еңбек қайда? Әлде, Жұмақтағы өмірде ол жасампаздықтардың мүлде қажеті жоқ па? Тіпті, "бұ Дүниеде орнауға тиіс коммуналық Жұмақ" саналған кешегі атеистік коммунизм принципі де - "қабілетіне қарай - жұмыс істеу, қажетіне қарай - тұтыну" принципі емес пе еді?! Демек, "... Өлімнен соң, біртүрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан" (әулие Шаһкерім) постулатының да адыра қалғаны ғой?


94


Алтыншы басты сұрақ. "Құдай Сөзі" саналмыш Құранда "Алланың сүйген құлдарының яки мұсылман еркектердің жұмақтағы жатыпішерлік жиіркенішті тоғышар тірліктерінің м ә ң г і (вечный) болатыны" қалай, "м ә ң г і" (бессмертный дурак) құбылысын идеалға айналдыру насихаты ма?

Қалай десек те, "Құдайдың құлы ретіндегі мұсылман еркектерге арналған Жұмақ - мәңгі". Құранның бұлжымас пайымы сондай.

Мейлі ғой, адам үшін, мәңгі-бақилық Бақыт идеалы Жұмақ болсын-ақ делік. Бірақ, "адамзаттың осыған дейінгі тұтас тарихын ғарыштық уақытпен есептер болсақ, оныңыз небәрі 1,5 сағатқа ғана созылады" екен. Ал, "адамның орташа ғұмыры (70-80 жыл) небәрі "0, 16 ғарыштық секундқа тең" көрінеді. Әне, сондай кибернетикалық есеп бар. Жә, олай болса, сондай, жоққа тән фәнилік уақытқа ғана созылар пенделік тірліктерінде еркек мұсылмандар Бесене (Абсолют уақыт) Ійесі ретіндегі құдіретті Құдайдың мәңгі-бақилық таң-ғажайып Жұмағына бек ылайықты болатындай, соншалықты не керемет жасап үлгереді? Күн жаратып, Ай жұмырлап жібере ме?!.. Яғни, "небәрі ғарыштық секундтың нөл бүтін, жүзден бәленбай бөлшектерінің біріне ғана тең мұсылмандық ғұмыр кешу - құдіретті Құдайдың мәңгі-бақилық Жұмағына ылайық" деп ойлау ақылға сия ма? Өйтіп бір бағаласа, есуас қана бағалайтын шығар! Әлде, жұмақтық мәңгі өмірдің өлшемі - "Құдайдың басыбайлы құлы" ретіндегі әр пенденің "мұсылмандық бес парызы" ма? Олай ойласақ та, Құдайдан ұят емес пе?! Өйткені, ол "бес парыз" да - "Құдайдың кәрінен әрі Құдайдың мәңгілік тозағынан қорқатын Құдай құлдарының" соқырсенімдік құр жалбарынышпен ғана һәм "мәңгілік Жұмаққа" баруды көздеудегі саудагерлік есекдәмемен ғана орындайтын далбасалығы ғана.

"Жұмаққа баруды көздеудегі саудагерлік есекдәме" демекші, Жұмақтың Құрандағы сипаты туралы жазбаларымызды Құрандағы "Тәуба" сүресінің 111-аятындағы мынадай "жәбірейілдік хабармен" түйіндейік:

"Мүъминдердің жандарын да, малдарын да Алла оларға жәннат беріп, сатып алғаны анық..." (Сонда. 169-б.).

Яғни, "Жұмақ" дегеніміз - "саудагер Құдайдың пенделерге саудалаған дүниесі" болады да шығады! "Құдай Сөзі" ретіндегі Құран солай дейді! Масқара-ай!..


95


ӘЙЕЛЗАТЫНЫҢ ҚҰРАНДАҒЫ СТАТУСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ


Жалпы, Библия негізінде жазылған "қасиетті кітапта" яки Құранда әйелзаты жөнінде біраз сөздер бар. Алайда, олардың дені - тұрмыс-тіршілік төңірегіндегі ұсақ-түйек байламдар. Біз маңыздыларына ғана тоқталамыз. Олар онша көп те емес. Бірақ, Ой маздатуымызға жеткілікті. Солардың бірі - талақ мәселесі. Ол жөнінде де біршама аяттар бар. Ең маңыздысы мынау:

"Ері әйелін үшінші рет талақ етсе, онда әйел басқа біреуге тиіп шықпайынша, (қайта қосылуға) рұқсат етілмейді. Алда-жалда, әйелді екінші тиген ері талақ етсе, Алланың шарты бойынша, бірге тұруға (әуелгі ерімен) екеуі де бел байласа, онда қайта қосылуларына болады. Алланың шарты осы. Білген адамға Алла осылай баян еткен" (Құран кәрім. Аударғандар: Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уаһап Қыдырханұлы. Алматы. Жазушы. 1991 ж. "Бақара" сүресі. 230-аят. 33-б.).

Осыдан көптеген орынды сұрақтар туындайды:

1. Үшінші рет талақ етілген әйел бастапқы күйеуімен қайта қосылу үшін, неге міндетті түрде басқа бір еркекке тиюі керек?

2. Сонда оған ақыл кіре ме?

3. Әлде, ол талап - талақ етіліп бір азапталған әйел сорлыға қосымша жаза ма?

4. Мүмкін, жолай қосылған еркек оған талақ етілмеудің құпиясын үйрететін болар?

5. Екінші күйеуінен талақ етілген әйел ғана неліктен бірінші күйеуімен қайта қосылуына мүмкіндік алмақ?

Барып тұрған абракадабра! Енді осындай нонсенсті "Алланың шарты" деу - не сандырақ? Жаратушыға өйтіп жала жабуға бола ма?

Жә, бұл парадокстың басты себебінің әйел теңсіздігінде жатқандығын айтып жатудың өзі артық. Мәселен, әйелін күйеуі неліктен талақ ете алуы тиіс те, күйеуін әйелі неге талақ ете алмайды? Хақысы жоқ па? Неге? Жалпы, талақ дегеннің өзі нендей ақымақтық?


96


Екінші мәселе - күңдік пен көпқатындылық.

Тегінде, әйелзатын күң етуге бола ма? Оларды қатын үстіне қатын етуге бола ма? Болса, гуманизм принциптері қайда қалады? Әлде, гуманизм дегеніміз жай шатпырақ па? Құранды оқып отырсаңыз, солай сияқты, яғни, "әйелдердің еркектерге күң болуы һәм әйелдердің бір еркекке қатын үстіне қатын болуы - заңдылық, әділет". Соған бір-екі мысал келтірейік.

"Егер жетім қыздарға (үйленсеңдер) әділетті ұстай алмайтын түрлерің байқалса, оның басын босатып, өздеріңе ұнаған әйелдерден екеуін, үшеуін, тіпті, төртеуін алсаңдар да, айып емес. Жалпы, әйелдерді тең ұстай алмайтындай болсаңдар, ең жақсысы - біреуімен ғана қалу, тіпті, күңдеріңмен күн көрсеңдер де болады. Бір әйелмен қанағаттану - қиянаттан аулақ болудың ең тура жолы" (Сонда. "Ниса" сүресі. 3-аят. 64-б.)

Әйел біткеннің бас бостандығын, өзіндік ерік-жігерін, таным-талғамын, тағдырын тәлкек қылатын осынау аяттың соңғы сөзі ғана дұрыс: "Бір әйелмен қанағаттану - қиянаттан аулақ болудың ең тура жолы". Неге дұрыс? Оны біз соңыра айтамыз.

"Әйелдердің еркектерге күң болуы һәм әйелдердің бір еркекке қатын үстіне қатын болуы - заңдылық, әділет" деген көрсоқырлыққа келесі мысал:

"Әйелдері мен күңдерінен басқаға көзін сүзсе, шариғатта шектен шығады" (Сонда. "Мүъминун" сүресі. 7-аят. 292-б.)

Енді, осы тұрғыда, "пайғамбарға Құдай тарапынан берілген льготтар" мәселесіне келейік.


97


"Пайғамбарға Құдай тарапынан берілген басты льгот" мынадай:

"Ей, пайғамбар! Өзің қалың төлеп алған әйелдеріңді, өзіңнің несібіңе бұйырылған күңдер ішінен ықыласың ауған әйелдерді сенің адал жарың болсын деп ұйғардық. Атаңның туыстары мен апа, сіңлілерінің қыздарын, анаңның туыстары мен апа-сіңлілерінің қыздарын (алам десең, рұқсат), өйткені, олар сенімен бірге көшіп-қонып жүреді. Егер, бір мүъмин әйел өзін пайғамбарға арнаса, пайғамбар оны (қалыңсыз-ақ) аламын десе, бұл іс боларлық мүъминдерге емес, тек саған ғана рұқсат етіледі. Олардың әйелдері және күңдері туралы шығарған үкімдерімізді өзіміз білеміз. Мұның өзі - саған таршылық болмауы үшін берілген артықшылық. Алла барынша жарылқағыш, барынша мейірімді" (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 50-аят. 371-б.)

Мұнда үш бейморальдық айтылған:

1. "Қожасынған өзге еркектер секілді, әйелзатын күң ету - пайғамбар үшін де қалыпты жағдай".

2. "Пайғамбарға - өзінің көп әйелдерімен қоса, күңдерін де қатындыққа алуға - рұқсат".

3. "Бірге көшіп-қонып жүру үшін, пайғамбарға инцест негізіндегі арсыздықты ұстану күнә емес".

"(Ей, пайғамбар!) Әйелдеріңнің үстіне тағы әйел алуға саған болмайды. Тіпті, басқа әйелдер сұлулығымен қызықтырса да, оған назар аударма; егер, өз қарамағыңдағы күңдерге көзің түссе, оның жөні - басқа. Тегінде, Алла бар нәрсені бақылап тұрады" (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 52-аят. 371-б.)

Мұнда - алғашқы екі бейморальдық һәм күңдермен ашыналық айтылып тұр.

"Олар - абиырларын сақтайтындар. Бұған өз әйелдері мен күңдері қосылмайды. (Олармен жақындасу) күнәға саналмайды" (Сонда, "Мағарыж" сүресі. 29-30-аяттар. 523-б.).

Мұнда да - алғашқы екі бейморальдық көрінеді һәм күңдермен ашыналық аңғарылады.

Қош. Енді талдауға көшелік.


98


"Атаңның туыстары мен апа, сіңлілерінің қыздарын, анаңның туыстары мен апа-сіңлілерінің қыздарын (алам десең, рұқсат), өйткені, олар сенімен бірге көшіп-қонып жүреді".

Жоғарыда біз мысалға келтірген аятта (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 50-аят. 371-б.) осылай делінген. Осы үшінші бейморальдық (инцест негізіндегі арсыздық) жайында біз бір-ақ сөз айтамыз:

аспантектілік қасиеттерін қашанда таза сақтаған дегдар да жауынгер ата-бабаларымыз "бірге көшіп-қонып жүруге байланысты инцест негізіндегі арсыздықты ұстанғандарды" ат құйрығына байлап, сүйреп өлтірген.

Ал, жалпы, инцест негізіндегі сорақылыққа әлгіндегідей арнайы аят арқылы, Құдай мен пайғамбар атынан ашықтан-ашық үгіттеу - барып тұрған күнәһарлық. Тұқым-Текті азғындаудан сақтау ғылымынан бейхабар ол жабайылық - "өз қарындастарын қатын қылған Қабыл мен Абыл" деген қадымғы өтіріктен де тайға таңба басқандай анық көрініп тұрады. Ал, бағзы дана бабаларымыздың аспандық дүниетанымына жүгінсек, "Жұмақ", "Жұмақтан қуылған Адам мен Һауа", "Қабыл мен Абыл" деген діни ұғымдар - Бес Күндік Жалғанның "КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Жер" түріндегі аңқымалық Бестігінің көптеген аналогтарының мына бір түрінен пайда болған:

"ЖҰМАҚ КҮН - Адам - Һауа - Абыл - Қабыл"

Бүлінгі бұл атаулардың дүниетанымдық ежелгі ғылымы Қазақтың Ата Тілінің қазынасы арқылы ғана кемел ашылады. Талдап отырған мәселеміз басқа болғандықтан, егжей-тегжей сыры "Аңқыл" атты қолжазбамызда баяндалған ол концепцияны біз бұл жазбада айтып жатпаймыз.


99


Ендігі баян - өзіміз мысалға келтірген Құран аятындағы (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 50-аят. 371-б.) үш бейморальдықтың мына екеуі жайында:

1. "Қожасынған өзге еркектер секілді, әйелзатын күң ету - пайғамбар үшін де қалыпты жағдай".

2. "Пайғамбарға - өзінің көп әйелдерімен қоса, күңдерін де қатындыққа алуға - рұқсат".

Әйелзатын күңдікте ұстау - қиянат атаулының бір сорақысы. Оны дәлелдеп жатудың өзі - ақымақтық. Десек те, аталмыш аяттан біз - әйелзатын күңдікте ұстаудың Мұхаммед заманында қалыпты жағдай болғандығын анық көреміз. Егер, Құранның аталмыш аятының да "Құдай Сөзі" екендігі рас болса, онда, "пайғамбардың күңдері" туралы жайбарақат әңгіме соғып отырған" Құдайдың да әйелзатын күң етуді қолдайтын қиянатшыл болғаны ғой. Құдайдың солайша қиянатшыл болуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес. Бұл - бір. Екіншіден, мына жәйтке назар аударайық. Жарайды, Мұхаммед заманындағы қараңғы халық әйелзатын күң етудің қиянат екендігін білмеді делік. Ал, Мұхаммед ше, ол да білмеген бе? Онда оның пайғамбарлығы нендей пайғамбарлық? "Құдай Сөзін жеткізуші пайғамбар" басымен қоластында күңіренте күң ұстауға оның дәті қалай шыдаған? Ар-ұяты қайда?..

Мәселе пайғамбарда емес, мәселе - Құранды түзушілер мен оны өңдеушілерде.

Жә, енді, Мұхаммедтің аталмыш аятта айтылған әйелдеріне келейік.

Сөз жоқ, әйел теңдігі ауызға да алынбайтын со заманда араб жұртындағы полигамия (көпәйелалушылық) құбылысының да өзіндік себептерінің болғаны анық. Бұл жерде оның бәрін долбарлап-талдап жатудың маңызы шамалы. Біз, әңгімені ұзаққа созбау үшін, қисыны онша келмесе де, "Мұхаммедтің әйелдері оған өз еріктерімен жұбай болған" деп ойлайық та қоялық. Ал, аталмыш аятта Құдай: "өзіңнің несібіңе бұйырылған күңдер ішінен ықыласың ауған әйелдерді сенің адал жарың болсын деп ұйғардық" деп, онсыз да полигиник Мұхаммедті және "жарылқайды". Құдай-ау, қожайынына күң болып - бір қорлық көргенімен қоймай, қожайынына еріксіз қатын болып - екі қорлық көретіндей, әйелзаты соншалықты не жазды екен Құдайға? "Құдайдың өзі солайша қиянат ұйғарып тұрса", Мұхаммедтен не әділдік сұрайсың?.. Ал, Құдайдың және пайғакмбардың дәл сондай қиянатшыл болуы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Демек, аталмыш аят - "Мұхаммедтің әсіреполигамиялық әрекетін" Құран түзушілердің Құдай атынан арсыз "заңдастырып беруі" болады да шығады. Басқа түк те емес. Неге? Өйткені, ақиқатына келгенде, әр адамның бір ғана жары болуы тиіс: "екі жарты - бір бүтін, ерлі-зайып - бір түтін". Осы "ҮЙЛЕС" (бір үйдегі яки бір отбасындағы ерлі-зайыптылардың жарасымы) құбылысының тәңірлік бұлжымас қағида екендігін біз әңгімеміздің соңында айтамыз.


100


Әйелдерге деген құрандық сорақы көзқарас Мұхаммедтің әйелдері мен күңдері жайындағы мына аяттардан да анық көрінеді:

"(Ей, пайғамбар!) Әйелдеріңнің үстіне тағы әйел алуға саған болмайды. Тіпті, басқа әйелдер сұлулығымен қызықтырса да, оған назар аударма; егер, өз қарамағыңдағы күңдерге көзің түссе, оның жөні - басқа. Тегінде, Алла бар нәрсені бақылап тұрады" (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 52-аят. 371-б.)

"Олар - абиырларын сақтайтындар. Бұған өз әйелдері мен күңдері қосылмайды. (Олармен жақындасу) күнәға саналмайды" (Сонда, "Мағарыж" сүресі. 29-30-аяттар. 523-б.).

Егер бірінші аяттағы "өз қарамағыңдағы күңдерге көзің түссе" сөзі "өз әйелдеріңе айналған күңдерге көзің түссе" түрінде болса және екінші аяттағы "өз әйелдері мен күңдері" деген сөз "өз әйелдері мен өз әйелдеріне айналған күңдері" түрінде болса, аталмыш екі аяттағы мағына да басқаша болар еді. Алайда, олар жоғарыдағыдай нақты жазылған. Демек, аталмыш аяттардың ортақ мәні - "Мұхаммедтің өз күңдерімен ойнастыққа баруын да Құдайдың құптағаны" болып шығады. Өйткені, "әр аят - Құдай Сөзі" ғой!

Жаратушыға солайша жала жабуға кімнің дәті барады? Күңдікке түскен сорлы әйелдердің арын шімірікпей таптайтын шіркіндердің ғана дәті барады.

Ақиқатында, Құранды түзушілер ("Құранды түзушілер" дейтін себебіміз - пайғамбар саналған Мұхаммед ондай суайттықтарға бармас еді) мен өңдеушілер осы аяттармен де өз пайғамбарларының беделіне нұқсан келетінін аңғармаған.


101


Құранды (аударғандар - Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уаһап Қыдырханұлы. Алматы. "Жазушы". 1991 ж.) оқығандар - оны жазған адамның (я жазғандардың) әйелзатына деген көзқарасының бірыңғай жабайы патриархаттық түрде ғана болғандығын жақсы білуі тиіс. Әйелзатының еркекпен тең статусы тұрғысынан алып қарастырсақ, сондай тұрпайы көзқарастың салдарынан, Құрандағы алты мыңнан астам аяттардың (олардың саны 6236 деп те айтылады) ішінде, тек ж а л ғ ы з аят қана (Сонда. "Ахзаб" сүресі. 35-аят. 369-б.) - "Ізгі еркектермен қоса, ізгі әйелдерге де Алланың әзірлеп қойған жарылқауы мен сауабы барлығы" жөнінде "хабарлайды". Оның өзі де - "жалпылама хабар" түрінде. Яғни, ол "жарылқау мен сауаптың" бұдүниелік Бақ я одүниелік Жұмақ екендігі де белгісіз. Жұмақ демекші, Құран бойынша, "Жұмаққа ізгі еркектердің әйелдерінің ғана (онда да, күйеулерімен бірге) кіретіндігі" туралы да, басқадай жерлік әйелзатының жұмақтық өмірі жайында ештеңе айтылмағандығы турасында да біз алдыңғы жазбаларымызда баяндағанбыз.

Иә, айтары жоқ, кәдімгі сорақы дискриминация!

Құранда "Алланың таңдауына ие болған әйелдің тек біреу ғана" екендігі айтылған:

"Ей, Мәриям! Ақиқатында Алла (әйелдер затынан) сені таңдады. Сені - пәк, жер бетіндегі әйел затының бәрінен артық етті", - деді періштелер" (Сонда. "Ғимран" сүресі. 42-аят. 47-б.).

Бұл аяттағы "Мариям" - Иисус (Иса) Христостың шешесі". Ал, біз бұрынғы жазбаларымызда (олар парақшамызда сақтаулы) ешқандайда Исаның (Иисустың) болмағандығын, персонализмдік ол жалғандықтың бағзы дана бабаларымыз түзген "ЕС" туралы доктрина" негізінде кейін пайда болған жалғандық екендігін де бірсыдырғы саралап-талдап көрсеткенбіз. "Мариям" ("МАР+ия"; бабалар дүниетанымында - МАР: жылан, зұлымдық, қараңғылық... сасық, Жер, Тозақ)" да - христиандық кейінгі қырықөтірік персонификацияларының бірі ғана. Сәйкесінше, "Мариям күйеуінің ныспысы" ретіндегі "Иосиф ("и+ОС+иф") атауының байырғы таза үлгісі: "ӨС" (ізгілік, жарық, Күн., Аспан, Жұмақ). Яғни, кәдімгі Естің "Аңқыр+ (ЕС) + Мүңкір" түріндегі үштік формуласының бір аналогы: "Өс+ (ЕС) +Мар".

Осылай дейді бабалар Аңқымасы.

Демек, "Мариям - Алланың таңдауына ие болған жалғыз әйел" деген пайым да өтіріктен басқа ешнәрсе де емес.


102


Әйелзатына деген дискриминациялық пайымдардың Құрандағы басты бірі мынадай аят:

"Әйел деген - сендер үшін егінжай тәрізді (сендер олардан нәсіл аласыңдар), ал, егінжайға көңілдерің соққан жағдайда баруларың, ол үшін, өздеріңді әзірлеулерің керек. Алладан қорқыңдар, онымен кездесетіндеріңді ұмытпаңдар, мүъминдерді қуантыңдар" (Сонда. "Бақара" сүресі. 223-аят. 32-б.).

Бұл аяттың интерпретациясы:

"Әй, еркектер, әйел - егін алқабы сияқты. Егіндіктен қалай өнім жыйнайсыңдар, әйелдерге де солай бала таптырасыңдар. Сондықтан, олармен жыныстық қатынасты көңілдерің қалаған жағдайда ғана жасаңдар. Ол үшін, сендерге бап керек!"

Осы шындықты адамзатта я арабта Мұхаммед заманына дейін ешкім білмей келген бе сонда? Ондай жағдайды адам түгіл, хайуан да біледі ғой, ықылым заманнан. Ақылмен болсын, түйсікпен я сезіммен болсын, ол жағдайдан күллі тіршілік иелерінің барлығы да "хабардар" емес пе? Жаратушы Ійе ондай сезімді - жаратылушылардың барлығының да бойына о баста "дарытып" қоймай ма? Өйтпесе, олар қалай өсіп-өркендер еді? Егер, аталмыш аят та "Құдай Сөзі" болса, осырақ қоңыз екеш осырақ қоңыз да білетін сондай жыныстық жәйттің мәнісін Құдай несіне тәптіштеп отыр?!..

Әрине, Құдай ондай мыжыма ақымақ емес. Құранды түзушілер ғой ("Құранды түзушілер" дейтін себебіміз - пайғамбар саналған Мұхаммед ондай суайттықтарға бармас еді) Құдайды солайша ақымақ қылып отырған. Оларымен қоймай, "Алладан қорқыңдар, онымен кездесетіндеріңді ұмытпаңдар, мүъминдерді қуантыңдар" дейтіндерін қайтерсің! Не үшін қорқуымыз керек, "еркектермен "жақындасқан" әйелдер ғана бала табатынын, әйелдерге бала тапқызу үшін, еркектердің қалауы мен бабы болу керектігін" бізге Құдай Мұхаммед заманында қайтадан түсіндіргені үшін" қорқуымыз керек пе?! Сонда қалай, "егінжай" ретіндегі әйелдер еркектерге бала табу үшін ғана қажет болғаны ма? "Мүъминдерді сол үшін қуантуымыз" керек пе?! Кез келген егінжай - маусымдық дүние. Демек, "егінжай" ретіндегі әйелдер сондай "маусымдық мерзімдерінен" тыс уақыттарда еркектерге мүлде қажет болмағаны ғой?!..

"Шіркінде ес болсайшы сезед деген" (Абай)


103


Әйелзатына деген Құрандағы дискриминациялық пайымдардың барлығы да сондағы екі-ақ аяттың ақиқатқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мазмұнынан өрбіп шығады. Соның бірі - аталмыш "Бақара" сүресінің 228-аяты. Онда (32-б.) өзіміз бұрын талқылап кеткен талақ мәселесі айтыла келе, былай делінген: "Дегенмен, еркектер әйелдерден бір саты жоғары үстемдікке ие".

Әйелзатына деген дискриминациялық екінші аят мынадай:

"Еркек - әйелдерге билік жүгізеді. Неге десең, Алла оларды бір-бірінен артық етіп жаратқан және ерлер әйелдер үшін мал-мүліктерін сарп етеді. Жақсы әйел еріне бойұсынады; ерлері жоқ кезде, бір Алланы ғана пана тұтып, өздерінің абыройын сақтайды. Ал, егер, олардан босаңдық байқасаңдар, онда ескертіңдер, бір төсекте бірге жатпаңдар; тіпті болмаса, сабап та алыңдар. Егер, бағыныштылық көрсетсе, оларды мазаққа салмаңдар. Алла сендерден ұлы да үстем" (Сонда. "Ниса" сүресі. 34-аят. 69-б.).

Сонымен, "еркектер - әйелдерден бір саты жоғары үстемдікке ие". Мұндағы "үстемдік" дегеніміз не? Ол - әйелді бағыныштылықта ұстайтын қожа еркектің менмен билігі. "Еркек - әйелдерге (яғни, бір әйелге ғана емес, барша әйелге. Т.Ә.) билік жүргізеді" дегендегі билік - барша әйелдерді бағыныштылықта ұстайтын менмен қожа еркектің дәл сол озбыр билігі. Яғни, әр еркек - әйелдерге қожа. Әрине, ол - қиянат. Соны ойлай қалсаңыз, түсініксіз болса да, - жауап дайын: "Неге десең, Алла оларды бір-бірінен (яғни, еркекті әйелден. Т.Ә.) артық етіп жаратқан". Неге "артық етіп жаратқан"? Оған жауап жоқ. Жә, бұл мәселені алдағы әңгімелердің еншісіне қалдыра тұралық. "Ерлер әйелдер үшін, мал-мүліктерін сарп етеді". Ал, "әйелдер еркектер үшін мал-мүліктерін сарп етеді" деген сөз жоқ Құранда. Демек, "әйелдерде өзіндік мал-мүлік те болмайды, тіпті, бола қалса да, олар оны еркектер үшін сарп ете алмайды" деген сөз. Жарайды, солай болса, ол дискриминацияға да көнейік. "Жақсы әйел еріне бойұсынады; ерлері жоқ кезде, бір Алланы ғана пана тұтып, өздерінің абыройын сақтайды". Осындағы соңғы сөздер белгілі бір мөлшерде дұрыс айтылған десек те, "жақсы әйел еріне бойұсынады" дегенді қалай түсінбек керек? Сонда қалай, күйеуі жаман болса да, жақсы әйел оған бойұсыну керек пе? Солай болса, ол да - парадокс. Мейлі, ол мағынасыздыққа да бас қатырып жатпайық. "Ал, егер, олардан (өз әйелдеріңнен. Т.Ә.) босаңдық байқасаңдар, онда ескертіңдер, бір төсекте бірге жатпаңдар; тіпті болмаса, сабап та алыңдар" деген не сөз? Тіпті, сондай жағдай бола қалған күннің өзінде, кез келген сабырлы да ақылды еркек өз әйеліне де, өзге әйелдерге де еш қол көтермей-ақ, бәрін парасатпен шешер еді ғой. Демек, "сабап та алыңдар" деп кеңес беріп отырған Құдайдың өзі сабырсыз, ақымақ, еркек қожа болғаны ма? Әлбетте, олай емес. Мәселе - Құранды түзушілердің әйелге деген сорақы көзқарасында. Ал, "Құранды түзушілер" дейтін себебіміз - пайғамбар саналған Мұхаммед те ондай суайттықтарға бармас еді.


104


Алдында біраз талданған екі аяттың "Еркектер әйелдерден бір саты жоғары үстемдікке ие. Себебі, Жаратушы - еркекті әйелден артық етіп жаратқан" деген дискриминациялық сорақы пайымдарын шынға баласақ, онда, өле жатқан еркек өзін таң-ғажайып аналық махаббатпен тоғыз ай, он күн құрсағында тылсым мүсіндеп адам етуші өз Шешесінен де артық жаратылған болып шығады. Яғни, "ұрғашылық кеміс - еркектік кемелді жаратады". Барып тұрған арсыз абсурд! Жә, осы арсыз абсурдтың негізін біз "Һауаны Құдай Адамның қабырғасынан жаратқан" деген библиялық өтіріктен де іздеп жатпаймыз, "Һауа - Құдай жаратқан "долли саулығы" деп те, күлкіге қалар жайымыз жоқ. Десек те, "әйелзатының "қабырғадан" жаратылуы" ұғымы - біздің бағзы дана бабалар дүниетанымындағы өте көне өзінше бір көркемтаным. Оның мәнісі - әуелгі қосжынысты біртұтас болмыстың, эволюция заңдылығына орай, келе-келе, жеке-дара жыныстық болмыстарға бөлінуі процесін айтады. Библияны түзушілер ол көркемтанымның бес Күндік Жалған Бестігінен еш бұлжымас "сөну" трансформациясына байланысты керкеткен замандардың кесірінен туындаған ертектік-мифтік негізінде, өздерінше суайттық пайым қалыптастырған. Кейін ол пайым Құран беттеріне көшкен. Өйткені, Құранды түзушілерге ("Құранды түзушілер" дейтін себебіміз - пайғамбар саналған Мұхаммед ондай суайттықтарға бармас еді) сондай пайым тиімді болған. Сол себептен де, олар сол Библияның мынадай әуелгі Сөзін қажет етпеген:

"И сотворил Бог человека по образу Своему, по образу Божию сотворил его; мужчину и женшину сотворил их" (Ветхий завет. Бытие. Глава 1 - 27. Росс.библобщес. Москва 1998. стр. 2) "

Осыдан кейін барып қана, Бытие"-нің алғашқы айтылғанға мүлде қарама-қайшы мына Сөзі айтылады:

"И создал Господь Бог из ребра, взятого у человека, жену, и привел ее к человеку" (сонда. Глава 2 - 22. стр 2).

Құранды түзушілер өз пайымдарына негіз етіп, осы өтірікті алған. Сондықтан, ол жалған пайым "еркектің әйелден артық жаратылғандығының" дәлелі бола алмайды. Мәселе - басқа мәністе. Ендігі әңгіме сол жайында.


105


Енді мына екі аяттың мазмұнына қарайық:

"Екеуін (Адам мен Һауаны. Т.Ә.) сайтан азғырып, жәннаттан тайдырды, оның игіліктерінен айырылды. "Бір-біріңе қас болып, Жерге түсіңдер" - деді (Алла). Жер беті сендерге мәлім уақыт мекен болады және онда сендер пайдаланатын жағдай бар" (Сонда. "Бақара" сүресі. 36-аят. 7-б.).

"Біріңе біріңе дұшпан болған күйде, бәрің де ұжмақтан шығыңдар!" - деді Алла оларға (Адам мен Һауаға. Т.Ә.). - Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, қияметте қасірет көрмейді. (Сонда. "Та-Һа" сүресі. 123-аят. 273-б.).

Иә, бұл айтылғандардың "Жұмақтан қуылған Адам мен Һауа" туралы екендігі бәрімізге де белгілі. Белгісізі - Адам мен Һауа Жұмақтан қуылғанда, олардың бір-біріне неліктен қарадай өш болуы. Оның мәнісін мына аяттың мазмұнынан аңғарамыз:

"Сендер (Адам мен Һауаға айтылып тұр. Т.Ә.) біріңе бірің қас болып (Адам мен Шайтан) жағаласқан бойы Жерге түсіңдер. Ажалдарың жеткенше Жерде тұрасыңдар және көптеген (ризықты) пайдаланасыңдар" - деді Алла" (Сонда. "Әғраф" сүресі. 24-аят. 127-б.).

Жә, Құранның араб тіліндегі нұсқасында да жақша ішіндегі "Адам мен Шайтан" деген сөз бар ма? Біз оны бар деп есептейміз; себебі, аяттары талқыға түсіп отырған Құранды аударған Рәтбек Нысанбайұлы мен Уаһап Қыдырханұлы - араб тілін жақсы меңгерген әрі діни сауаты өте жоғары жандар. Олардың Құран мәтінінен саналы түрде алшақтап, "Адам мен Шайтан" сөздерін өз беттерінше долбарлап қосып қоюы мүмкін емес. Демек, "Адам мен Һауаның Жұмақтан бір біріне өш болып қуылған кездегі болмыстық сипаттарын" осы аян айғақтап тұр деген сөз. Яғни, адамдық қасиет - Адамға ғана тән. Сондықтан, жақша ішіндегі "Адам" анықтамасы "Адам Атаның" сипатын білдіреді. Олай болса, "Һауа Анаға" қалатыны - "шайтандық" сипат. "Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл Сөзімнің суреті тұрар дайын" (Абай).

Егер, "Сайтанның антиподтық негізгі қарсыласының Періште екендігін" ескерсек, онда "Жұмақтан қуылған кездегі "Адамның - "Періште" кейпінде, "Һауаның "Сайтан" кейпінде болғаны". Міне, сұрақ атаулының небір көкесі осы пайымнан туындайды.


106


Ол сұрақтардың басты-бастылары мынадай:

1. Жұмақ" дегеніміз не?

2. Құдайдың Жұмағы қайда орналасқан?

3. "Періште" мен "Сайтан" - нендей ұғымдар?

4. Құранда айтылғандай, Адам мен Һауа Жұмақтан қуылғанда ғана Тәңірі тарапынан сондай сипаттарға ие болды ма, жоқ әлде, олар Жұмақта да "Періште мен Сайтан" кейпінде болған ба?

5. Неліктен Адам (яки Еркек) "Періште" болу керек те, Һауа (яки Әйел) "Сайтан" болу керек? Неге керісінше емес?

6. Періштелік - артықшылық па? Сайтандық - кемдік пе?

7. Құранның әйелзатына қатысты дискриминациялық барша пайымдары аталмыш "Әғраф" сүресінің "Әйел - Сайтан" дегенді анық аңғартатын 24-аятына (127-б.) негізделген бе?

Бұларға жауап беру үшін, әуелі "Адам мен Һауа (Ева)" жөніндегі библиялық мифтің неден шыққандығын емес, жалпы, миф дегеннің өзінің не екендігін біліп алуымыз керек.


107


Бағзыдағы дана бабалар түзген, бірақ, сол дана бабалардың тікелей ұрпағы болып табылатын қазіргі Қазақтың өзі оның нендей Ілім екендігінен мүлде бейхабар "АҢҚЫМА" (жұпартәңірлік-жұпарперіштелік қош Ілім) атты кемел Ілімнің Бестік Жүйесінің басты формуласы - біз өмір сүріп жатқан бес Күндік Жалғанның мына Бестігі:

"1. ЖҰМАҚ КҮН - 2. Самала (жұпаржелді Нұр) - 3. Самал (жұпар жел) - 4. ағын Су - 5. Тозаң (яки ЖЕР)"

Мұны қарапайым түрде былайша да өрнектеуге болады:

КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)

Бір квинтэссенция (лат. Пятая сушность) + төрт субстанция.

Бұрынғы жазбаларымызда біз бұл Бестік хақында сан мәрте айтқан болатынбыз. Тағы бір қайталайық. Төбесінде квинтэссенция ретіндегі Жұмақ Күн жайнаған осынау жарық әлеміміздің " б е с Күндік Жалған" болып аталғандығы да - оның "сөну" трансформациясы заңдылығы негізіндегі осы бес сипатына байланысты.

Қош. Аталмыш Бестіктің - "сөну" трансформациясы негізіндегі Бестік екендігі - ойлай білетін кез келген адамға түсінікті жәйт. Яғни, Жұмақ Күннен (Жұмақ болған соң, ол міндетті түрде жұпар болады) таралған Нұр да - жұпаржелді Нұр яки Самала. Оның солай екендігін "Самала" атауының "Самал+а" түріндегі жаратылысы да айтып тұрады. Яғни, "Самал" дегеніміз жәй жел емес, - жұпар жел. Сол "Самал" сөзінен "Самала" (Самал+а"; жұпаржелді Нұр) сөзі жаратылады.

Сонымен, Жұмақ Күннен - Самала, Самаладан - Самал, одан - Су, Судан Топырақ "бөлініп" шығады. Біріне бірі жалған (жалғанған; Бұ бес Күндік Дүниенің көпмағыналы "Жалған" деген атауының басты мәнісі де сонда) болатын осы Бесеудің өзі - мынадай түрдегі бес стадиядан тұратын "сөну трансформациясы:

Күндегі "От" - жалынға, жалын - газға, газ - сұйыққа, сұйық, өз кезегінде, қатты затқа айналады".

Осының бәрі - Күндегі ерекше жасампаз да тылсым Қуаттың эманациялық түрлері.

Аталмыш Бестік - өзінше Құдай (жербетіндік барша тіршілік иелерін тікелей жаратушы Құдай) болып табылатын Күн Рухының Бестігі. Аңқымада "ҚОШ БІТ" ("Жұпар Жаратушы"; яғни, Жұмақ Күннің құдайлық Рухының да жұпар болмағы заңды; славяндық тілде "Гос Подь" түрінде) деп те аталатын ол Құдай-Рухты - ғылым тілімен айтсақ, - "Күннің таң-ғажайып жасампаз ядросы" деуге де болады.


108


Сонымен, бес Күндік Жалғанның "КҮН - Күн Нұры - Ауа - Су - Топырақ (ЖЕР)" Бестігі, өте қарапайым қарастырғанда, мынадай кері ("сөну") трансформация екен:

"Күндегі "От" - жалынға, жалын - газға, газ - сұйыққа, сұйық, өз кезегінде, қатты затқа айналады". Яғни, кері ("сөну") трансформация барысында, "От сөнеді де, топырақ түріндегі "күл" ғана қалады".

Адамзаттың (оның ішінде, отырықшы жұрттардың) Ақыл-Санасының заманалар барысындағы кері ("сөну") трансформациясы да бес Күндік Жалғанның керітрансформациялық заңдылығынан еш бұлжымайды. Себебі, адамзат сол заңдылықтың негізі болып табылатын бес Күндік Жалғанның "құрсағында" тірлік етіп жатыр. Адамзат танымының б е с т і к кері трансформациясының да мынадай сипатта болмағы содан:

"Қош АҚИҚАТ - Аңыз - Миф - Қырықөтірік (ертек) - Религия".

Бес Күндік Жалған Бестігінің бір ғана Ійеден яки Құдай-Рухтан (оның бір атауының "Қош Біт" екендігі айтылды) "тарала сөнетіні" секілді, бұл бестік те АҢҚЫМА Ілімінен "тарала" сорлайды. Басқаша айтсақ, керкеткен заманалар бойғы кері трансформация барысында, сол Аңқыма Ілімі аңыздық, мифтік, қырықөтіріктік стадиялардан өте келе, ақыры, әуел-бастағы аңқымалық ақиқаттан мүлдем ада Религия кейпіне енеді. Религия атаулының "Мүңкіме" (сасықсайтандық соқырсенім ілімі) болатындығы да сондықтан. Аңқымадан - Мүңкіме. Демек, өзімізді, Табиғатты, Тәңірді танығымыз келсе, бізге Құранға және көшіп алған библиялық "Адам мен Һауа" ертегісінің де бағзы көшпелі дана бабаларымыз түзген о бастағы аңқымалық "түпнұсқасын іздеуге" тура келеді. Ал, Аңқыманы жаңғырту дегеніңіз - сандаған Академиялар жылдар бойы жұмыла атқаратын өте күрделі де ауқымды шаруа. Соңғы ширек ғасырдайғы ізденісімізде соған көзіміз анық жетті.



109


Иә, өзімізді, Табиғатты, Тәңірді танығымыз келсе, бізге Құранға және көшіп алған библиялық "Адам мен Һауа" ертегісінің де бағзы көшпелі дана бабаларымыз түзген о бастағы аңқымалық "түпнұсқасын іздеуге" тура келеді. "Аңқымалық ол "түпнұсқа" - өзінше бір концепция. Аса күрделі әрі өте қарапайым көркемтанымдық көне ол ғылымды бұл арада ұзақ сонар әңгімелеп жатудың қажеті де шамалы. Ойлай білетіндер басты ақиқаттың мәнісін бес Күндік Жалғанның "ЖҰМАҚ КҮН - Самала - Самал - ағын Су - құнарлы Топырақ (ЖЕР)" түріндегі Бестігінің керкеткен заманалар барысында барынша жалғанданған мына аналогы арқылы да түсіне алады:
"ЖҰМАҚ - Адам - Һауа - Абыл - Қабыл (Каин)"
Ал, жалпы, Бес Күндік Жалғанның "ЖҰМАҚ КҮН - Самала - Самал - ағын Су - құнарлы Топырақ (ЖЕР)" түріндегі Бестігінің бірыңғай "енелік" (Бес Ене), бірыңғай "ұлдық" (бес Ырыс Ұл), бірыңғай "тегіндік" (Бес Тегін), т.т. аналогтары бар. "Тарғытай (әйелімен) және оның үш ұлы", "Нұх (әйелімен) және оның үш ұлы" немесе "Геракл (жылан-әйелімен) және оның үш ұлы" сияқты мифтік үлгілері де біршама. Соңғы бестік үлгілердің қатарына "ЖҰМАҚ - Адам - Һауа - Абыл - Қабыл (Каин)" бестігі де кіреді.
Осы аталған Бестіктердің барлығының да аңқымалық көне сыры Қазақтың Ата Тілі арқылы айқын ашылады. Оның себебі біреу ғана: қадымда әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған барша отырықшы жұрттардың т і л і н е (Тегіне, генеалогиясына, тарихына, тағдырына, дүниетанымына, дініне, салт-дәстүріне, т.с.с.) негіз болған бастапқы дана да Баба Тілдің бірден-бір Мирасқоры - Қазақтың Ата Тілі. Біз бұл феноменнің де сырын егжей-тегжей баяндап жатпаймыз. Саналы жандар төмендегі бір-екі мысалдың өзінен-ақ сол ақиқаттың этимологиялық дәлелді белгілерін анық аңғара алады. Мәселен, "ЖҰМАҚ - Адам - Һауа - Абыл - Қабыл (Каин)" бестігіндегі "ұлдың" саны - екеу: "Абыл" және "Қабыл". Бұл атаулардағы "ыл "қосымшасы, ақиқатына келгенде, - "ҰЛ" деген аңқымалық ежелгі термин. Яғни, "Аб Ұл" (Су Ұл) және Қаб Ұл" (Жер Ұл). Енді осы екеуін аз-маз талдап өтейік.


Жалғасы бар...

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар