26 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Алматыда Қанат Әбілқайырдың "Көршінің қызы" кітабының тұсаукесері өтеді

28.03.2016 175

Алматыда Қанат Әбілқайырдың "Көршінің қызы" кітабының тұсаукесері өтеді


коршинин кызы.jpg

2016 жылдың жылдың 30 наурызы күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жазушы Қанат Әбілқайырдың жуырда «Баспа-Сөз» баспасынан жарық көрген «Көршінің қызы» атты кітабының тұсаукесері өтеді.


Қазақтың сөз өнеріне өзіндік үнімен келген Қанат Әбілқайырдың бұл жинағына соңғы жылдарда жазылған хикаяттары мен бір топ әңгімелері енгізілген.


Қанат Әбілқайыр 1986 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы Сүмбе ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Республикалық басылымдарда әртүрлі қызметтер атқарған.


«Көршінің қызы» атты хикаяты 2014 жылы халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің бірінші орнын иеленген. Ер-Жәнібек Бердеулетұлының 300 жылдығына арналған прозалық мүшәйраның бас жүлдегері. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Осыдан бес жыл бұрын «Текес теріс ағады» атты әңгімелер жинағы жарық көрген еді. «Көршінің қызы» автордың екінші кітабы.


Тұсаукесерге белгілі жазушылар мен журналистер, дәстүрлі әншілер қатысады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

8 702 750 6450

 (727) 271 14 99, 271 33 57

ggub@bk.ru info@zhambyl-lib.kz

(Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 43 үй, Райымбек даңғылымен қиылысы)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар