Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Арайлым Мұратәлиеваның жаңа жыр жинағы таныстырылды (фото)

20.03.2016 297

Ақын Арайлым Мұратәлиеваның жаңа жыр жинағы таныстырылды (фото)



10274194_1036713196375370_2995186729499811647_n.jpg

Поэзия – Жаратушының жер бетіне жіберген сәлемі. Екінің бірінің маңдайына бұйырмайтын бақ. Кім көрінгеннің көкірегінен шыға бермейтін тәкаппар, кірпияз, құсни киелі құндылық. Әуелі есі дұрыс, он екі мүшесі сау өлең туу үшін, ақынның өзі де соған лайық болу керек. Сол бір өлең бейнесіндегі ұлы сәуле 18-ге енді толған жас ақынның жүрегінде тұмадан тұнған тамшыдай мөлдіреп тұрса қалай қуанбаймыз.


Әр өлеңі шынайы, мінезді Шымкент қаласында тұратын талантты жас ақын қыз Арайлым Мұратәлиеваның «Ай зер» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті. Кітаптың ойашарына елге белгілі, сөз ұстаған ақын ағалары Әкім Ысқақ, Абай Қалшабек, Дәурен Айманбеттермен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Болат Жанабіл, Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Айтбаев мырзалар арнайы келіп, құттықтады.


10400335_1036713229708700_6055240578960543503_n.jpg


Арайлым өзінің facebook-тағы парақшасына: «Бүгінгі кешке келген кісілерге рахмет! Кітапқа келер болсақ, менің жоспарымда болмаған нәрсе. Болған күннің өзінде де барлығы шығарып болған соң шығаратын едім) Оның жарыққа шығуына себепкер, идея авторы және демеушілік жасап отырған қоғам қайраткері Әкім Ысқақ ағаға ерекше алғыс білдіремін. Мен мұны ол кісінің маған жасаған ағалық қамқорлығы деп түсіндім. Өлеңнің шынайы оқырмандарына, достарыма кітап жетпеген сияқты. Кейін жолығып жатсақ сыйлаймын, тек оқитын адамға ғана!» деп жазды. «Әдебиет порталының» ұжымы да Арайлымға шығармашылық табыс тілейді.


12809625_1595391837452167_8892614988012058259_n.jpg


10609604_1595392217452129_8884568308316065955_n.jpg


10400335_1036713229708700_6055240578960543503_n.jpg


3021_1036713726375317_6280653958357973790_n.jpg


10612715_1036713776375312_5701882816470426113_n.jpg


10392043_1036714119708611_6887381187389403892_n.jpg


12196295_1036713299708693_7400767640979336396_n.jpg


946415_1036713419708681_161655244472873606_n.jpg


1909834_1036713493042007_836683443542981410_n.jpg


12800127_198250457212671_9111662301464158645_n.jpg


947328_1036713556375334_4041210411607713860_n.jpg


6845_502046669983723_3626239552061050307_n.jpg




Арайлым Мұратәлиеваның "Махаббат, сенiң атың Кiм?" атты өлеңдер топтамасын оқыңыз




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар