Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Айбол Қожахметұлы: Қос бөрі

16.03.2016 219

Айбол Қожахметұлы: Қос бөрі



кос батыр.png

Шырылдап өмірге келгенде 

Төсінен таулардың таң атқан. 

Ананың ақ сүтін емгенде 

Күш қуат дарытқан Жаратқан. 

Жүрегің сездіріп білдірді 

Жекпе-жек жарыста жеңгенде, 

Намыстың алауы тұтанды, 

Қазақпын дейтұғын кеудеңде.


Ауылдың ақ көңіл баласы 

Аулада күресіп алыстың. 

Жазира кең байтақ даласы 

Желменен жүгіріп жарыстың. 

Түскенше тас теуіп тағасы 

Көкпар деп иықпен қағыстың. 

Сұлу деп өзеннің жағасы 

Өмірмен сол сәтте таныстың. 

Оянып ішкі рух санасы 

Бір үміт сездірді қар ұшқын.


Қиялдап құздарға қарадың, 

Арманның іздедің мекенін. 

Сол кезде білдің ғой, қарағым, 

Арманның алыста екенін. 

Бөрісі шатқал құз даланың, 

Көкке ұлып қиянға қарадың. 

Күшейді ішкі рух талабың. 

Арманы биікте болады 

Тауларда ер жеткен баланың. 

Жан- тәнің болса да жаралы 

Жарадың бауырым, жарадың!


Қиындық қыл бұрау қысқанда, 

Қазақты қандасы байқасын. 

Қаһарын көрсетер дұшпанға 

Көкбөрі қазағым, қайдасың?! 

Намыс пен рухани күш барда 

Жауды да жеңеміз найзасыз. 

Азаттық бақ құсы ұшқанда 

Көрмейік қандастың шайқасын.

Жадыңда сөздерім сақталар 

Жыраудың тыңдашы термесін!


Жауқазын жырларым ақ батам, 

Жамандық жұртыма келмесін. 

Хадистен келеді хат-хабар, 

Күндесіп көршіңді жеңбессің. 

Ұятын күйдіріп қақтаған 

Наданның қайтемін теңгесін. 

Қанды көз қаскөйлер қаптаған 

Мейірің болса егер ермессің. 

Бауыр деп біріне батпаған 

Айбектей асыл, Ғабиттей текті, 

Иманын жүректе сақтаған 

Көкбөрі ұлдарың ерлесін. 

Жұлыссаң, күледі жат қарап 

Қан төгіп соғыспа, жерлесім. 

Мәуелі мекенім ақ далам 

Қазақ боп өмірге келгенбіз. 

Түркі де, ғұндар да, сақ- бабам,

Баһадүр еді ғой теңдессіз. 

Күлімдеп, қуанып, шаттанам 

Қазаққа қазағым сенсеңіз. 

Қос бөрі батырмен мақтанам 

Рухтанып күшейді еңсеміз. 

Сақтансаң, Құдайым сақтаған 

Айбек пен Ғабитім тұрғанда 

Жеңеміз жауды да семсерсіз.


Алматы облысы

Сүмбе ауылы  


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар