Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сәдібек Түгел: Кешке қарай қазы жеп, қымыз ішіп жату керек

01.03.2016 130

Сәдібек Түгел: Кешке қарай қазы жеп, қымыз ішіп жату керек


Сәдібек ТҮГЕЛ.jpg

 

Мен, осындай қорытындыға өз өмірінде тоғыз әйел алып, одан 33 ұл, 20 қыз көрген Ұлы атамыз Сатый батыр Жәйілмісұлының өмірбаяны мен тарихын зерттегенімде көзім жетті. Сатый атамыз қазақ әскерінің шешуші шайқастарда жоңғарларды ойсырата жеңіп, тас-талқанын шығарып жерімізді жаулардан тазартқан кезеңде өмір сүрген, жүрек жұтқан батыр,жекпе-жектерде бір жеңілмеген, аты аңызға айналған ұлт перзенті. Ол кісі туралы мына әңгіме ел арасында кең таралған. Қолбасшы Жарылғап Қожакелдіұлы Қабанбай батырмен оңтүстік өңірді хиуалықтардан азат етуге аттанады. Сол сәтті пайдаланған қалмақтар кенеттен оның еліне шабуыл жасайды. Сонда, 18 жасар жас жігіт Сатый ерліктің үлгісін көрсетеді. Ол қалмақтың батырын жекпе-жекте ат үстінен құлатып,ата жауға қарсы соғысты өзі бастап, жеңіске қол жеткізеді. Жорықтан оралған Жарылғап батыр Сатыйға өте риза болып, алмас қылышы мен астындағы қазанат тұқымды тұлпарын сыйлаған екен.


Әр аймақта сол өлкенің тарихын ерінбей жалықпай зерттеп, халық арасындағы аңызға айналған әңгімелерді теріп, қағазға түсіріп, реті келгенде майын тамызып айта алатын ағайындар бар. Солардың бірі Тоқан аға.


-Сәдібек, Ертуған ағамыз туралы, оның еркектік күшінің кереметтігін кітабыңда жақсы жаздың. (Автордан: Ертуған аға «Ертуған» атты повесімнің бас кейіпкері, өмірде болған адам. Төлеген Тоқтаровпен Москваны қорғауға қатысқан жауынгер қазақ. Оның аты еркектік конституциясының мықтылығымен шыққан. Оның еркектік мүшесі аттың мойынына ілінетін ауыр қамытпен қайыңнан иіліп жасалған доғаны бірдей көтеретін халде болған. Ертуған ағаның бір өзі жаз жайлауда жылқы бағып жүріп, соғыста күйеулерінен айырылған үш ауданның жесір әйелдерінің алпыс екі тамырларын жібітіп, иінін қандырып, көздерін ашып, мауқын басқан. Соғыста қолы қалт еткенде орыстың жесірлерін риза қылған. «Ертуған» кітабын «Фолиант» баспасы үш рет басып шығарды. Іздесеңіздер, сол баспадан тауып аласыздар.) Ал, 9 әйел алып, 53 бала тудырған Сатый атаң туралы неге жазбайсың?-деп сұрады.


- Әрине, жазуға болады. Ол үшін оның тарихынан мәлімет керек-деп мен жауап қаттым.


-Онда тыңда, деп, аға, әңгімесін бастады.-Атамыз тоғыз келіншекке әйелжанды болып үйленген жоқ. Қазақ жесірін тастамаған, жетімін жылатпаған халық. Осы Ұлы Дала заңымен ауыл ақсақалдары ерлері майданда мерт болған жесірлерді ал деп оған айтып отырған. Ол өз кезегінде үлкендердің айтқандарын бұлжытпай орындап отырған. Әсте, бұл жерде мәселе бірнеше әйелдерге үйленуде емес, соларды еркек болып игеріп, көп бала таптыруда ғой. Оның екі сыры бар. Бірі, жейтін тамақ пен ішетін сусын. Екіншісі, бұзылмайтын кесте-график. Атамыз әр күнін, бір түнін бір әйеліне арнайды екен. Тоғызына тоғыз түнейді. Өз кезегінде жаңағы тоғыз әйел бірімен бірі жарысып атамызға тамақ дайындайды. Сондағы ең күшті тағам қазы мен қымыз екен. Қазыдан кертіп жеп, қымыздан ұрттап ішкен атамыз кішкене сатыйларды жасай берген, жасай берген. Мен мұны айтып тұрғаным, соңғы жылдары денсаулық саласының мамандары қазақ жігіттері әлсізденіп барады, олардың 30 пайызы белсіздік дертіне шалыққан деп дабыл қағуда. Дұрыс айтады. Бұл сырқат бағзым заманнан біздің генафондымыз қалайтын қазыны жеп , қымызды ішпегендіктен болып тұрғаны анық. Сондықтан, жас келіндер күйеулеріне кешке жатардың алдында міндетті түрде қазы жегізіп, қымызды сіміртіп отырулары керек. Сонда сөзсіз, қарадомалақтар қаптайды, қазақтың саны өсіп, сапасы артады, деп Тоқан ағам әңгімесін аяқтады.


Менің қосарым, қорытындынды шешімді әрқайсыларыңыз өздеріңіз жасаңыздар.



2016 жылдың 16 қаңтары

«Отаутүскен» ауылы

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар