Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Көркем прозамыздың бары мен нары

29.02.2016 200

Көркем прозамыздың бары мен нары


Шәрбану ҚҰМАРОВА,

жазушы



Қаламгер Әділбек Ыбырайымұлының «Ұяластар» романы қаны тамып тұрған бүгінгімізге желі тартқан. Және де күнделік өмірімізге дендеп енген жемқорлық, парақорлық, сыбайластық секілді қоғам қасіретіне айналған күрделі тақырыпты романға арқау еткен.


Еліміз тәуелсіздік алғанмен, қырықбуын құсап, аяққа оралғы кесепат-құбылыстар аз ба? Жайбарақат, жаңадан ғана қолы жеткен жалды қызметін атқарып жүрген Жапардың жай түскендей кенет жағдайы өзгерді: ортаншы інісі істі болған, «төрт адам бірігіп қылмыс істеп, қақпанға тұтылған». Өзінен кейінгі бауырынан қайран жоқ, қарызданып-қауғаланып, Жүсіпті қайтсе де сот тырнағынан босатып алуға қамданады. Сот-төреші Нұрланға жалбақтап, оның паңдана маңғаз кекірлігінің алдында отқа жанған қайыңның қабығындай маймаңдайды.


Кісілік пен кішілік критерийінің өлшемі осындайда.


Одан әрі де сормаңдай басқа өмір тауқыметі таңыла береді. Қос құлыншағының бірі сүйек құрты дейтін жазылмас дертке ұшырайды. «Ей, пендем, мен сені сынау үшін жараттым!» дейді екен Алла Тағалам. Жұмыр басы Алланың жұмыр добына айналған Жапардың әлі де көрешегі алда.


Автор осының бәрін өмірден ойып алған. Кейде бұлыңғыр, кейде бұлттың арасынан жылт етіп көрінген күн көзіндей оқиғалар керуені осылайша тізіле береді. Талантты жазушы Әділбек шындыққа оқушысын мойындатып, ешкімді бейтарап қалдырмауға тырысады.


Материал ықшамдалып алынды.

«Әдебиет айдыны» газетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 16 саны.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар