Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ұлықбек Есдәулет: Қош

29.02.2016 237

Ұлықбек Есдәулет: Қош



10298876_648778051940057_7425440616238421099_n.jpg 



«Қазағым-ай!..» дегенде
көкірегің
қарс айрылып, қабаржып от реңің,
құлын даусың Құдайға жеткенменен
қайдан ұқсын саңырау, соқыр елің?
Әнің көкте
тұп-тұнық, таза, сырлы,
(айырбастай алмайды жез асылды...)
Қайран боздақ, қазаңды естігенде,
құлағы естіп, еліңнің көзі ашылды!..
«Қазағым-ай!..» -
арызың бақұлдасқан,
арман кетті-ау ішіңде оқылмастан...
«жердегілер ұқпаса маған кел» деп,
бәлкім сені өзіне шақырды аспан?
аспандағы аққудан ән үйреніп,
ұшып кеттің қайтадан «сәби болып»...
қолындағы қазақтың қыраны едің,
қолдан шығып кеткен соң зар иледік...
Бақұл бол, Тұрсеке!


Ұлықбек Есдәулет

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар