Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Көңіл қымбат» кітабы оқырманға жол тартты

10.02.2016 320

«Көңіл қымбат» кітабы оқырманға жол тартты


Кеше Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын, журналист, жазушы және сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтті.


Оған еліміздің беделді тұлғалары, бас редакторлар клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазу­шылар, ұстаздар және студенттер қатысты. Ақынның «Көңіл қымбат» деп аталатын жаңа кіта­бының тұсаукесер «лентасын» академик Болат Көмеков пен Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков қиды. Көңілді кештің құрметті қонақтары жазушының өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындады.


– Бүгінгі басқосудың орны ерекше, олай болатын себебі, менің «Кө­ңіл қымбат» деген авторлық радио­­­бағдарламам бар. Мен осы бағдарламаны бірнеше жылдан бері жүргізіп келемін. Енді, міне, арнайы кітап етіп шығардық. Шынында да, адам баласына мына өмірде көңілден қымбат ештеңе жоқ. Сенің қаншама миллиондаған ақшаң бол­ғанымен, адам­дық қа­сиетің болмаса ешкім де бағаламайды. Қазақта «күлкі – ашылған гүл, көңіл – шашылған нұр» деген жақсы бір мақал бар.. Мына өмірге келген әрбір азамат адам­дық қасиетімен танылып, біреуге жақсы сөзін арнаса ғана, жақсы жауап еститіні анық. Сол се­бепті, бұл фәниде адам­дық көңілдің қымбат екендігіне еш талас жоқ.


Жалпы, бүгінгі кездесу Тәуел­сіз­дігіміздің 25 жылдығына, Қазақ радио­сының 95 жылдығына және Шалқар радиосының 50 жылдығына арналып отыр, – деді кеш иесі Әкім Ысқақ.


Сонымен қатар, ақынға «Халық­аралық журналистер одағының мүше­сі» төсбелгісі табыс етілді.


Эльмира МӘТІБАЕВА,

«Егемен Қазақстан».


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар