Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін Есенқұл ақынның туған күні

10.02.2016 202

Бүгін Есенқұл ақынның туған күні


8Vd5p8602S0bY9F9113KAFks9H966d.jpg

Бүгін яғни, 10 ақпан ақын Есенқұл Жақыпбековтың туған күні. Ақпанның ақ түтек ақ боранында дүниеге келсе де, ол қазақтың жүрегіне көктем ұялатқан ардақ тұтар асыл ақыны еді. Алаштың аяулы ақыны 60 жасқа жетер-жетпес шағында өмірден өтті. Қаламының қасиетімен, сөзінің құдіретімен, нәзік, терең лирикалық әндерімен ерекшеленген ақын қазақ әдебиетінде өшпес өнегелі із қалдырды.

Есенқұл Жақыпбеков Жамбыл ақынның жыраулық мектебінің түлегі. «Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай!», «Жан қисса», «Бұл жаз да өтер», «Тау басында кәрі қар», «Сарғайған сары терезе» және тағы басқа да жыр жинақтары ақынның көзі тірісінде оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.

Ал, ақынның «Тазқара құстың тағдыры» атты кітабы ақынның өмірінің соңында жазылған туындысы болып саналады.


ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК


Болмаппыз шыны керек туа мықты,

Жабысқан дерттен жаным суалыпты.

Азайып анамыздың ақ үміті,

Алмапты Туу жайлы куәлікті.

Үміттің үзілген тек жері бар ма?

Бәрібір тоқтамапты өмір арба.

Жыл өткен соң тіркепті ауыл Совет,

Туды деп мені оныншы февральда.

Өлер деп көздің жасын сан ағызған,

Өмірге қайта кепті жаңа бір жан.

Бір күнге мен осылай кеш туыппын,

Мұзбалақ Мұқағали ағамыздан.

Туа сап сол ақынға ауды да есім,

Пір көріп өттім өлең дәу киесін.

Мұқаңнан мені өмірге кеш әкелген,

Ауыл Совет, сен қандай әулиесің?

Шынымен болмасақ та, туа мықты,

Мұқалмас жырмен Мұқаң суарыпты.

Өлең сенің өзіңнен алсам деймін,

Туу жайлы ендігі куәлікті.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар