27 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жахит Сыткы Таранжы поэзиясы қазақ тіліне тәржімаланды

28.01.2016 387

Жахит Сыткы Таранжы поэзиясы қазақ тіліне тәржімаланды


Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Юнус Эмре Түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен түрік әдебиетінің белді өкілдерінің бірі, белгілі ақын Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтті. 

IMG_0060.JPG

Кештің мақсаты - Жахит Сытқы Таранжының шығармаларын қазақ оқырмандарына таныстыру, насихаттау.

Поэзия кешіне түркітанушы мамандар, докторанттар мен оқытушы қызметкерлер ақынның шығармашылығын талқылап өз ойларын ортаға салып, ой пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, ақын Таранжы небәрі 46 жыл өмір сүрсе де, артына мол мұра қалдырған түрік әдебиетінің классик ақындарының бірі ретінде танылғаны тілге тиек етілді.

Кеште Таранжының өлеңдерін тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімалаған ақын Маржан Ершу, аудармаларын оқырмандармен бөлісті. Ақынның бұл аудармалары өзінің "Пырақ" атты кітабында жарияланған.

Юнус Эмре атындағы Түрік Мәдени Орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина, ақын Маржан Ершуға Жахит Сытқы Таранжы атындағы cыйлықты табыс етті.

Қысқаша айтар болсақ, Жахит Сыткы Таранжы - түрік әдебиетінің көрнекі ақындарының бірі болып табылады. Ол, 1910 жылдың қараша айында Түркияның Диярбақыр қаласында дүниеге келген. Бастауыш мектепті сонда бітіріп, кейіннен Стамбулдағы Санкт-Иосиф атындағы французша орта білім беретін оқуды тәмамдаған. 1931 жылы Галатасарай лицейінде білім алған. Француз тілін жақсы меңгерген. Батыс ақындарынан Шарль Пьер Бодлер, Жан Николя, Артюр Рембо, Стефан Малларменнің шығармаларымен етене танысқан. «Өмірімдегі тыныштық» атты алғашқы өлең жинағын студент болып жүрген жылдарында жариялаған.

Кейіннен «Жумхуриет» газетінің иесі Надир Надидің қолдауымен университетті бітіру үшін Парижге барған. Парижде тұрған кезінде «Париж радиосының» түрікше бөлімінде жұмыс істейді және танымал түрік қаламгері Октай Рыфатпен осында танысқан. 1945 жылы Жумхуриет партиясы жариялаған конкурсқа «Отыз бес жас» деп аталатын өлеңімен қатысып, бірінші орын алды. Осы өлеңі оған танымалдық әкелді. 1952 жылы «Түстен де әдемі» деген атпен басылды.

Ақын өмірінің соңғы жылдарында қиыншылық пен азапты басынан өткерді. 1953 жылы сал болып төсекке таңылды. 1956 жылы ем қабылдау үшін Австрияға барған кезінде қайтыс болды. Жарық көрмеген жырлары мен өзіне арнап жазылған өлеңдер «Ақын кеткен соң» деп аталатын жинаққа енді.

Жахит Сытқы Таранжы шығармашылығынан француз әдебиетінің әсері көрінеді. Өлеңдерін француз ақындарының стилінде жазды. Тілі өте қарапайым.Өмірде де, өлеңде де ақынша ғұмыр кешкен Жахит Сытхы Таранжы «Өнер, өнер үшін болуы керек» деген принципті ұстанды. Оның шығармалары Түркияда көп оқылатын ақындардың санатында, әрі осы күнге дейін оқырмандарын қызықтырып келеді. 

Басты шығармалары: «Өмірімдегі тыныштық» (1933), «Отыз бес жас» (1946), «Түстен де әдемі”, (1953), «Кейін» (1957) атты өлеңдері мен «Күн күледі тереземнен» (1976) атты повесті жарық көрген.


IMG_0055.JPG

IMG_0064.JPG

IMG_0071.JPG

IMG_0073.JPG

IMG_0090.JPG

IMG_0093.JPG

IMG_0098.JPG

IMG_0101.JPG

IMG_0106.JPG

IMG_0111.JPG


adebiportal.kz




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар