Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Кәдірбек Сегізбай: Азамат

21.01.2016 93

Кәдірбек Сегізбай: Азамат



469883_487982634_927_Segizbay_Kadirbek.jpg


Айнала жап-жасыл. Тау да, қыр да, тіпті тау беткейіне тізіле өскен қарағайлар да – бәрі де жап-жасыл. Тек түңліктей болып төңкерілген аспан ғана көгілдір.


Қуаныш атынан түсіп, ауыздығын алды да, тұсап қойды. Көкесі сияқты маңғазданып барып, биіктеу бір жартасқа келіп жайғасты. Бытырай жайылып жатқан отары көз алдында. Өзі айналаны барлай шолып, сақ отыр. Үлкен қойшыларға, әсіресе көкесіне ұқсаған түрі. Өйтпей қайтсін, өмірінде алғаш рет бір отар қойды жайып келуді бұған сеніп тапсырған.


Кеше кешкілік көкесі:

– Қуанышжан, ертең түске дейін қойды сен жайып келе ғой. Менің Қарасарт жайлауына барып келетін бір шаруам болып тұрғаны, – деген.

– Жаямын, – деп Қуаныш бірден келісе кетіп еді, көкесі де оны қолпаштап қойды.

– Жаяды. Қуанышжан азамат болып қалды емес пе?!.

– Әй, Қуаныш, не ұйықтап қалып, не ойнап кетіп, малдан айрылып қалма! – деп шешесі.

Сөйтіп, бір тостақ қатық айранға тойып алған соң Қуаныш бір отар қойды өріске айдады.


... Күн қыза Қуаныштың ұйқысы келе бастаған соң, қасында шоқайып отырған күшігі Дөңгежатпен «күресіп» ойнады. Одан жалыққан соң қызыл қанат, көк қанат көбелектерді қуалауға кірісті. Гүлдерге қонған көбелектер де сол гүлдерден айнымайды-ау! Сол кезде Дөңгежат та сайға қарай жүгіріп, шәуілдей үрген. Отардың шеті де дыр етіп үрікке еді. «Қасқыр!» Қуаныштың ойына оралған алғашқы үрейлі ой осы болатын. Көзі қарауытып, буындары дірілдеп, атына әрең мінді. Қойды үркіткен түлкі екен. Бөктерде бұлаң қаққан қызыл түлкі бұларға жалтақ-жалтақ қарап қойып, кетіп барады. «Бала қойшы мен көк күшік маған не қылар дейсің?» деп мазақтап бара жатқандай, айылын да жияр емес. Қуаныш атынан қайтадан түскен жоқ. Отардың шетін ауылға қарай қайырмалады. Ол өзінің орынсыз қорқып кеткеніне ұялды. Бір жақсысы онысын көрген ешкім жоқ. Ақырын ол жымиып күліп қойды. Соңыра көкесінің мұны арқасынан қағып, «Міне, жігіт болды деген осы!» деп мақтайтынын ойлады. Сол-ақ екен, өзін үлкен азаматтай сезінді.





Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар