Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергеннің концерті өтеді

25.12.2015 203

Астанада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергеннің концерті өтеді


елмура.jpg

Бүгін, яғни 25 желтоқсан күні сағат 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымының кандидаты Елмұра Жаңабергеннің «Аралым – айдын-шалқарым» атты шығармашылық кеші өтеді.


Айта кетейік, өнер кеші Астана қаласы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің қолдауымен өтеді. Кешке түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетін әлемге насихаттап жүрген Роза Аманова (Қырғызстан), Фериал Башел (Түркия) және Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, шәкірттері Әлихан Дүйсенбай және басқа да өнер майталмандары қатысады.

Шараның басты мақсаты ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлтымыздың дәстүрлі өнерін насихаттау, жанашырлық таныту.

Сонымен қатар, кеште жыршының Салтанат және Сандуғаш атты қос қызы құрған «Айзере» тобы өнер көрсетеді деп жоспарланған. Екеуі де кішкентайынан құлағына ән-жырды сіңіріп өскен өнегелі ұрпақ. Үлкені Салтанат қобыз, жетіген, сазсырнайда ойнаса, кіші қызы Сандуғаш домбырамен ән салады. Сондай-ақ, концертте көрермендер Салтанат жасаған анимациялық туындыны да тамашалай алады.

Концертке келемін деушілерге есік ашық.

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар