25 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін «Әдебиет порталына» 2 жыл

25.12.2015 165

Бүгін «Әдебиет порталына» 2 жыл


2о.jpg


Қадірлі оқырман қауым! Бүгін біз үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Себебі – осыдан тура екі жыл бұрын өздеріңіздің сүйікті әдеби тұғырнамаларыңыз - «Әдебиет порталы» www.adebiportal.kz дүниеге келген болатын. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсететін «Қазконтент» акционерлік қоғамының бірегей жобасы - «Әдебиет порталының» тұсауын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы және Астана қаласындағы зиялы қауым өкілдері кескендігін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде бұл әдеби портал өз оқырмандарын тауып, үлкен әдеби алаңға айналды, әдебиет сүйер қауымның көзайымы болып, көпшіліктің көңілінен шықты.


Айта кетейік, осы күнге дейін «Әдебиет порталына» төрт тілде 3 336 электронды кітап жүктеліп, 3 180 автордың жеке парақшасы ашылған, 200-ге тарта кітаптардың қысқаша мазмұны, 600-ден астам әдебиет тақырыбындағы аудио-видео орналастырылған және 1 495 блогер порталға өз шығармаларын өздері қойып, оқырманмен кеңінен бөлісуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, портал әдебиет әлемінде күнделікті болып жатқан жаңалықтарды үздіксіз жариялап, ақын-жазушылармен тұрақты сұхбат жүргізіп, олардың сиясы кеппеген шығармаларын дер кезінде оқырманға ұсынып отыр. Порталға аптасына 50-60 мың, айына 150-200 мың оқырман кіреді. 2014 жылы Award.kz XII Ұлттық интернет байқауында «Мәдениет және өнер» аталымы бойынша жүлдегер атанды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар