Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астана «Жастар театрында» премьера!

15.12.2015 194

Астана «Жастар театрында» премьера!


16-17 желтоқсан күндері Астана қаласы әкімдігі «Жастар театрының» көркемдік жетекшісі және бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай көрерменге Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» қойылымын ұсынады. Қашанда жаңашылдықты жанына серік еткен режиссердің бұл жолы да көрерменіне ұсынар жаңалығы аз емес. Әуезді әуен мен бейнелі биді қатар өрген қойылым көңіл пернелерін дөп басып, сахна сұлулығын өзгеше қырынан әйгілейді.


ахметов.jpg

 



Өмірінде шынайы махаббатын кездестірген адам, әрі қарай бұрынғыдай тіршілік ете алмайды. Оның көзқарасы, дүние танымы, бәрі-бәрі өзгереді. Ғашықтық сезімі адамды жынды етеді немесе талантты өнер иесіне айналдырады. Алайда сүйгенің басқа біреудің некелі жары болса, не істеу керек? Аласұрған сезім мен ар-намыс арасындағы күрес, қайсысы жеңбек?


Сахнада дарынды актриса, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина Сұлу образына енсе, оны бір көріп, өмір бойы сүйіп өткен Суретшінің бейінесін театрдың талантты актері, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Әділ Ахметов сомдайды. 

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар