Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдығына арналған кеш өтеді

10.12.2015 197

Астанада Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдығына арналған кеш өтеді


Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ХХ ғасырдың аса талантты перзенті, қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы әнұраны мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елдің жыр жұлдызы - Жұмекен» атты кеш өтеді.


Шараның мақсаты – автордың өмірі мен шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру. Көптеген шығармаларын, әндері мен күйлерін насихаттау.


Кеш барысында Жұмекен Нәжімеденов туралы естеліктер айтылып, автордың шығармалары және ол кісі сүйіп тыңдаған әндер мен күйлер орындалады.


Кешке Қазақстан Республикасы Сенатының детутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ақынның жары Нәсіп Мұстахқызы және ұрпақтары қатысады. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар