Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада әйгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесу өтеді

08.12.2015 167

Астанада әйгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесу өтеді


ск фармация.jpg

адебиет порталы.jpg










14 желтоқсанда сағат 14:30-да Астанадағы «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстанның халық жазушысы, «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдарының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесу өтеді. Әдеби шараны «СК-Фармация» компаниясы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Айта кетейік, шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылып, даңқты қаламгердің елдік, ерлік, бірлік туралы ойларымен, жалпы Тәуелсіздіктің қадірі жөніндегі толғамдарымен бүгінгі ұрпақты сусындату үшін қолға алынған.


Елдік пен бірлік жалпы мемлекеттің ісі болғандықтан, мемлекеттік компаниялардың да осындай тәрбиелік, тәлімдік мәні зор әдеби кештерді ұйымдастыру бастамасы құптарлық жағдай.


Шара барысында қатысушылар әйгілі жазушыға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, соларға тұщымды жауап ала алады. Сонымен қатар, қаламгер өзі туралы, өзін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде келелі әңгіме құрмақ. Әдеби кешке қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары, жас әдебиетшілер, журналистер мен түрлі әлеуметтік топ өкілдері қатысады. 


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар