Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Рюноскэ Акутагава: "Жел шулайды қарағаймен қосылып..."

04.12.2015 224

Рюноскэ Акутагава: "Жел шулайды қарағаймен қосылып..."


 

124969351_Akutagava.jpg

«Текодоның* хайкулар жинағы» кітабынан

 

 

***

Жылымық жағып барады мына.

Балауыз жақтым жасанды гүлдің

Аталығы мен аналығына...

 

 

***

Бамбукты орман. Суық түн.

Қара жолдың оң жағы мен

Сол жағынан шу ұқтым...

 

 

***

Қысқы боран қысып алды.

Қақталған балық желбезегінде

Теңіз толқынының түсі қалды...

 

 

***

Қыс гүлі гүлденді.

Жаңбырлы маусымда

Аспан да бозарған түрге енді...

 

 

***

Алхоры ғой – бұл тұрған,

Бұтақтары иілген,

Гүл қауызы жылтырайды дымқылдан...

 

 

***

Ерте күз алапты кезуде.

Қолыма ұстаған шегіртке

Жұп-жұмсақ саусақпен сезуге...

 

 

***

Күз келіпті бар баққа.

Жемістері бамбуктің

Салбырап тұр шарбақта.

 

 

***

Кәрлі боран – тұлан дем.

Тау шатқалы жабылды

Күңгірттенген тұманмен...

 

 

***

Күздігүні жел соққанда бүйірден

Сауырағаш қисайды –

Ұшар басы иілген...

 

 

***

Көгалданған бақтағы

Жолдың бетін теп-тегіс

Азалия гүлі қаптады...

 

 

Ауырған кезде

 

Таң атуда себеппен.

Ал шатырдың астындағы шегіртке

Әнін үзіп үнсіз қалды кенеттен...

 

 

***

Қыстың да жаңбыры жауды ұзақ.

«Шәйхана»*  – арықтың бойында,

Ішінде қонақ бар жалғыз-ақ...

 

 

***

Суық – суыт жүрісті.

Тауда өскен шәй гүлінің қауызы

Бұтағында бүрісті...

 

 

Жер сілкінісінен* кейін

Масуэ храмы маңында адасқанда

 

Жел шулайды қарағаймен қосылып,

Өңімізде естиміз тек біз оны,

Жазғы қалпақ, осыны ұқ!..

 

 

***

 

Жел ашуы басылды.

Бұлт қалмады аспанда,

Жұлдызды түн ашылды...

 

 

***

Келді, міне, «кіші көктем»*.

Қалың бамбук арасымен

Жапалақты көрмедім ұшып өткен...

 

 

***

Кәрі қарағайдың көлеңкесі де тым ыстық.

Тыпыршиды қалғып-мүлгіп тауықтар –

Таба алмастан тыныштық...

 

 

***

Ән салшы бір, көкегім,

Бойды шабыт буғанда,

Таңғы жұлдыз* туғанда...

 

 

***

Түс мезгілі – қапырықты, ығырлы.

Қойнауына таулардың

Қарағайлар тығылды...

 

 

***

О, қыс гүлі, марғасқам!

Саңырауқұлақтар ілінген

Бұтақтарыңа – қар басқан...

 

 

Арбада

 

Симоносеки* қаласы.

Ыс пен күйе ұшып жүр,

Таңғы аспанға қарашы...

 

 

***

Жаңбыр жауған шақ мынау.

Ал күзетші мұнарасы басында

Жылтылдайды ақ қырау...

 

 

Кугэнума*

 

Шатырымыз қамыстан.

Күн астында жота жатыр бүгіліп,

Ыстық сағым бұлдырайды алыстан...

 

 

***

Нөсерлі көктем-дүр биылғы.

Жап-жасыл жапыраққа оранған

Жас шыбық тасада иілді...

 

 

***

Қандай ыстық бұл дала!

Ана тұрған қоян да

Құлақ тікті мұңдана...

 

 

***

Суық кезген таңғы бақ бұл.

Үрмежемістің қызыл гүлдері

Бұтағында салбырап тұр...

 

 

Лоян*

 

Ұйқысы тәтті неткен,

Сәбиге бастан-аяқ

Ұн жаққан ақ тілекпен...

 

 

***

Жасыл бақа, сен бүгін

Секілдісің боянған –

Сырланғандай кемді күн...

 

 

Асахикава*

 

Еріген ақ қардың үстіне

Жылаған кейіпте иілді

Үйеңкі мұңдана түсті де...

 

 

 

 

Ескертпелер:

 

Текодо – Акутагаваның ақындық лақап аты.

 

«Шәйхана» - Жапонияда әдетте көңіл көтеру үшін қыздар «қызмет көрсететін» орын.

 

Жер сілкінісі – 1923 жылы болған, Токионың көп бөлігін қиратқан, жүз мыңдай адам өмірін қиған.

 

«Кіші көктем» - он бірінші айдың поэтикалық атауы.

 

Таңғы жұлдыз – Шолпан жұлдызы.

 

Симоносэки – Хонсю аралының оңтүстік-батысында орналасқан, Ішкі теңіз жағалауындағы порт.

 

Кугэнума – Канагава префектурасындағы темір жол стансасы.

 

Лоян - Қытайдың Хэнань провинциясындағы қала.

 

Асахикава – Хоккайдо префектурасындағы қала.







 

12002902_503652709795883_8358627013752816517_n.jpg

Аударған: Асылбек ЖАҢБЫРБАЙ 







  

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар