Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Абай ескерткіші Қырғызстан, Мысыр және Македонияда бой көтереді

25.11.2015 305

Абай ескерткіші Қырғызстан, Мысыр және Македонияда бой көтереді


Абай Құнанбаевтың ескерткішін Қырғызстанда орнату жөнінде нақты тапсырма болса, Мысыр мен Македония ескерткіш орнатуды өздері ұсынып отыр. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың мәртебесі тек еліміздің көлемінде емес, шет елдерде де асқақ екені белгілі. Абай есімімен еліміздің әр елді мекенінде көше, оқу, мәдениет ұйымдары аталып, барлық бас қалаларында және ірі елді мекендерінде ескерткіштер орнатылған. Соның ішінде, Астана қаласындағы Абай даңғылы мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында Абайдың монументалды ескерткіші бой көтерген», - деді министр.

Сонымен қатар ол Абай Құнанбаевтың шет елдерде тек шет тілдеріне аударылған шығармашылығы арқылы ғана танымал еместігін, оның есімімен Баку, Ташкент, Бішкек, Каир, Берлин, Дели, Киев қалаларында көшелер аталған деп өткен.

«Ал оның монументалды ескерткіштері Ресейдің Мәскеу қаласының орталығында, Ташкент (Өзбекстан) қаласында, Венгрия, Иран, Қытай елдерінің бас қалаларында орнатылған. Бұдан өзге Абай ескерткішін жуық мерзімде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) орнату жөнінде тапсырма бар. Сондай-ақ, оның ескерткіштерін Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында, Македонияның Скопье қаласында орнату жөнінде шет елдерден ұсыныстар бар», - дейді А.Мұхамедиұлы.


inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар