24 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ықылас Ожайұлы: "Әдебиет – ой жарысының аламаны"

12.11.2015 196

Ықылас Ожайұлы: "Әдебиет – ой жарысының аламаны"


Ықылас Ожайұлы

Ой – тұрақты, сөз – оңғақ. Уақыт өзгергенде сөз де өзгереді. Дәлірек айтсақ, уақытпен бірге жаңа сөздер мен сөзжасамдар жаратылады. Ғасырдың өтімді һәм өкпек желі сөзді сарғайтады, кеміктейді, түсін оңдырады. Жемір уақыттың желі мен жаңбырына тек бір ғана нәрсе шыдас береді. Ол – ой. Ой болғанда кемеңгер ой. Біздің проза мен поэзия деп жүргеніміз су татыған сөз тіркестері ме, әлде жасампаз идея ма, мәселе сонда болып тұр. Ой дегеніміз – ТАНЫМ. Танымы өзгерген елдің тағдыры да (өмірі ) өзгереді.


Прозаны публицистикамен шатастырып, поэзияны ұлтқа уағыз айтудың мінбері деп түсінетін мүшайралық мүсәпір халімізбен өркениетті әдебиет жайында армандауымыздың өзі де ұят. Бұл енді ұшақты атпен қуып жетуге болады деген секілді қияли қисын ғана. Аграрлық сананың хан базары тарқағаны қашан. Киіз үй тігілген кең жайлауды жырлап, шіркін көң мен тезектің исін-ай деп отыратын уақыт әлдеқашан өткен. Басқалар болса, адам жанының алуан қатпарлы мегатақырыптарын игереміз деп маңдайларын уқалап әлек. Достаевский мен Маркестің мықтылығы да осында жатыр.


Замана тәжірибесіне сүйенсек, әдебиет – ой жарысының аламаны. Ой ойлаудың шақ пен шекарасы болмағандықтан, әдебиет – исі адамзатқа ортақ өнер. Олай болса, біз әлемдік ой бәйгесінде нешінші орынға иелік еттік, алдымызда кімдер келеді? Көзден КӨКІРЕК (хикмет) КАТЕГОРИЯСЫНА көтеріле алдық па, міне, қазіргі қазақ әдебиеті осы сауалдар төңірегінде жауап іздеуі тиіс. Бастысы, рухани инновация санатындағы кемеңгер ой турасында.   



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар