Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
XI Түркі поэзиясының Халықаралық фестивалі өтеді

25.09.2015 249

XI Түркі поэзиясының Халықаралық фестивалі өтеді

XI Түркі поэзиясының Халықаралық фестивалі өтеді.jpg


Қазан айының 1-4 аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласындаТүркі поэзиясының ХI халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы Татарстан жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аталмыш фестиваль Түркі әлеміндегі ауқымды мәдени шаралардың бірі ретінде кеңінен танылған.


Бұған дейін аталған шара Қазақстан, Түркіменстан, Кипр, Франция, Қырым, Македония, Әзербайжан, Косово, Қырғызстан мемлекеттерінде сәтті ұйымдастырылған болатын.


Биылғы фестивальға 25 мемлекеттен 100-ге жуық ақын-жазушылар қатысып, жеңімпаздарға Ғабдолла Тоқай, Рами Гарипов және Сүлеймен Сұлтан атындағы арнайы жүрделер табысталады деп күтілуде.


Татарстан жазушылар одағы ұйымдастыратын фестиваль барысында Түркі әлемі әдебиетіндегі танымал ақындардың туындыларымен қатар, жаңа дәуір жырлары да оқылады. Сондай-ақ, қатысушылар ақындардың шығармашылығы туралы ғылыми баяндамалар жасап, түбі бір түркі халықтарының ортақ әдебиеті жайында жан-жақты пікір алмасады.


Фестивальдің ашылу салтанаты 1 қазан күні К.Тинчурин атындағы Татар мемлекеттік драма және комедия театрында өтеді. Бұдан соң мәдени шара 2-3 қазан күндері Татарстан жазушылар одағы мен Қазандағы Түркия Бас консульдігінде жалғасын таппақ. 4 қазан күні қонақтар Волга арқылы саяхатқа аттанып, көне Болгарда фестиваль өз мәресіне жетеді.


twesco.org


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар