Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА. «ТОҒЫЗЫНШЫ ВАЛ»

21.09.2015 243

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА. «ТОҒЫЗЫНШЫ ВАЛ»


Фариза Оңғарсынова
Менiң байқауымша, ақындар поэзия ауылына екi түрлi жолмен келедi. Бiрi – тымық күнгi өзеннiң тереңдегi күш-қуатын көрсетпей, жәй шы-мырлаған ағысындай жыр қақпасын еппен ашады. Екiншiсi – дауыл күнi алабұртып, толқындары асау тұлпардай аспанға атылып жатқан Айвазовскийдiң «Тоғызыншы вал» суретiндегiдей екпiнмен қандай тосқауыл болмасын бұзып-жарып келедi. Маралтай ақынды мен осы екiншi топқа жатқызамын.
 
Мен туғанмын ер Мұхаммед өлген күн. 
Мен болмасам жүрегiңдi емдер кiм?! 
Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегi келедi деп... 
Келген ақын, 
Сол – менмiн! 

Әлемге осылай жар салып келген адам тегiн емес, ананы-мынаны түртпектеп оқып, әркiмнен ой ұрлап жазатындар бұлай сөйлемейдi, олар үйтiп-бүйтiп ақыл айтудан аса алмайды. Ал, Поэзия деген бойжеткеннiң әр тамыры сезiмнен тұрады, оның ақылы аздау. Адамның сезiмi ешқашан алдамайды. Жүрек пен сезiм – Поэзияның ата-анасы. Қасиеттi Әулиеата топырағында туып, әкенiң қаны, ананың сүтi арқылы Алла Тағала оның көкiрегiн жыр бұлағының табиғи күмiс тамшысымен сәулелендiрген жас Маралтай «Ай-Нұр» атты алғашқы шағын жыр жинағына енген «Тағдыр» атты өлеңiнде:
 
Сайқал тағдыр сарығасын санама, 
Ащы өмiрдiң жұттым удай сусынын. 
Түсiне алсаң түйткiлiмдi бағала, 
Түйсiгiңмен жүрегiме қара да, – деп жалған дүниенiң болмысын бiрден көрiп, жағасынан ала сөйлегенiне сүйсiнген едiм. Батылдығы, мәрт мiнезi үшiн. Маралтайдың сол жасында бiз мұндай батылдыққа бара алған жоқпыз. Әрине, ақындық өлшемiнiң шегi бiз деуден аулақпын. Көк аспанның қожасы жалғыз өзi секiлдi қалықтап, жемтiгiн көргенде төменге құлдилап, бас-көзге қарамай бауырына басатын дала қыраны болатын! (Қазiр олар тым сиреп кеттi.) Маралтайда сондай қыран мiнез бар.

«Жер бетiнiң құсасынан мезi болған» адамзатқа шын дарынның «қолына су құя алмайтын кешегi күйкентайлар мен қарғалар» бүгiн адалдыққа көсемсiп, билiк айтқан заманда жан жылуын қозғап, жүрегiн тебiрентетiн шуағы мол жырлар керек. Алла Тағала ақындарды тек кем-кетiктi көрсiн деп қана емес, Жердегi тiршiлiк атаулыны өмiрге талпындыратын, тiрлiгiне нәр беретiн, аспандағы Күн секiлдi қуатты сәуле шашу үшiн жаратқан деп ойлаймын. 

Маралтайға: «Аласармай биiк жүр, тек адалдықты сүйiп жүр» деймiн.


Қазақстанның Халық жазушысы




Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.  «Кентавр» өлеңдер жинағын мына сілтемеден оқи аласыз.

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар