Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Республикалық онлайн-мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды

17.09.2015 256

Республикалық онлайн-мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды



«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы - 550: Мәңгілік ел - тағдырым» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасы ұйымдастырылған хабарлаған болатынбыз. 


Бүгін Көкшетау қаласында республикалық жыр додасының марапаттау рәсімі өтті.  Маусым мен тамыз айлары аралығын қамтыған жыр додасына 15-35 жас аралығындағы еліміздің аймақтарынан барлығы 40 жас ақын қатысуға өтініш білдіріп, тақырыпқа сай жазған жүрекжарды жырларын жолдаған болатын. Жеңімпаздар мен үздік өлеңдерді анықтау кезінде арнайы құрылған белгілі ақындар Төлеген Қажыбай, Бауыржан Қарағызұлы сынды қазылар алқасының талқылауы мен бағалауы ескерілді. 


Мүшәйра жеңімпаздары тәуелсіздікпен тұғырлас Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің Көкшетау қаласында өтетін 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатта марапатталды. Сонымен назарларыңызға жүлделі орынға ие болған ақындарды ұсынамыз. 



IMG_4160.JPG



Бас жүлде Олжас Қасым  (Астана қаласы)

Бәйімбет батыр


IMG_4164.JPG

 



Жүлделі І орын Біржан Ахмер (Семей қаласы)

Бөрілі байрақ

 

IMG_4167.JPG



Жүлделі ІІ орын иегерлері: 


Нұржан Байтөс (Семей қаласы)

Мәңгілік ел дастаны


Ұмтыл Зарыққан  (Астана қаласы)

Қуат жыры

 


IMG_4171.JPG



Жүлделі ІІІ орын иегерлері:


Мақсат Дауылбай (Қызылорда қаласы)

Қазақ қалды қайтадан қайғы арқалап

 

Қызырбек Дүргінбайұлы (Өскемен қаласы)

Ат жалында аңыз боп аунап өткен


Айдана Сегізбаева (Астана қаласы)

Аман болшы Алты Алаш



IMG_4173.JPG



Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жыр додасы алдағы уақытта өз жалғасын табады. Жеңімпаз ақындарға шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз.



IMG_4194.JPG


IMG_4099.JPG


IMG_4144.JPG


IMG_4129.JPG


IMG_4177.JPG


IMG_4150.JPG


IMG_4102.JPG



Салтанат Қожа




Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар