26 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауы өткізіледі

16.09.2015 289

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауы өткізіледі


7582f13bb7b18b1ba63f6a30a1432b9f.jpg


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2015 жылғы 25 қыркүйек күні сағат: 10.00-де Қазақ ұлттық өнер университеті, «Шабыт» корпусының Жамбыл залында  Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауын өткізеді.   

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру. 


Байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады.  Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады.


Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.


Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-03, 8-702-572-62-75; 40-83-93, 8747031132.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар