Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Республикалық онлайн-мүшәйрада үздік өлеңдер анықталды

27.08.2015 302

Республикалық онлайн-мүшәйрада үздік өлеңдер анықталды

 



7bfae1b8debc04d11e9005bf271c5813.jpg




«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде «Қазақ хандығы - 550: Мәңгілік ел - тағдырым» атты жазба ақындардың республикалық  онлайн-мүшәйрасында   үздік деп танылған өлеңдер анықталды.  Маусым мен тамыз айлары аралығын қамтыған жыр додасына 15-35 жас аралығындағы еліміздің аймақтарынан барлығы 40 жас ақын қатысуға өтініш білдіріп, тақырыпқа сай жазған жүрекжарды жырларын жолдады. 


Қатысушы үміткерлер ұсынған өлеңдердің барлығы  «Әдебиет порталында» онлайн түрінде жарияланды. Жеңімпаздар мен үздік өлеңдерді анықтау кезінде арнайы құрылған қазылар алқасының талқылауы мен бағалауы ескерілді. Бүгін біз назарларыңызға іріктеу кезеңінен өткен үздік өлеңдерді ұсынамыз. Мүшәйра жеңімпаздары үздік жеті өлеңнің ішінен анықталады. 


Мүшәйра жеңімпаздары  2015 жылғы 18 қыркүйекте тәуелсіздікпен тұғырлас Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің Көкшетау қаласында өтетін 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатқа шақырылады.  Жеңімпаздардың жол шығыны мен қонақ үйде орналасуын оқу орны өз міндетіне алады.



Іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаз ақындар мен үздік өлеңдер:

 



Нұржан Байтөс (Семей қаласы)

Мәңгілік ел дастаны




Ұмтыл Зарыққан  (Астана қаласы)

Қуат жыры

 

 


Олжас Қасым  (Астана қаласы)

Бәйімбет батыр

 



Мақсат Дауылбай (Қызылорда қаласы)

Қазақ қалды қайтадан қайғы арқалап

 




Біржан Ахмер (Семей қаласы)

Бөрілі байрақ

 



Қызырбек Дүргінбайұлы (Өскемен қаласы)

Ат жалында аңыз боп аунап өткен

 





Айдана Сегізбаева (Астана қаласы)

Аман болшы Алты Алаш




аdebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар