Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕБЕРХАНА
Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы IV...

31.08.2017 6089

Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы IV

Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы IV - adebiportal.kz

Қарапайым оқырманның көз алдына жазушы деген тек қаламнан ажырамайтын, кітаптың бетін жылдардан бұрын сарғайтқан, таза ауадан гөрі архивтің шаңын көбірек жұтқан тұлға болып елестері анық. Әрі ұлы шығармаларының дүниеге келуіне жоғарыдағы дәйектер сеп болатынына бек сенімді де болар. Ендеше, бүгін сіздерге жазушылардың қарапайым адам ғана емес, сіз ойлағандай жазудан өзге де қызықты істермен айналысқаны туралы ақпараттар ұсынбақпыз.

Тоқымашы Гоголь

Николай Гоголь өз замандастарынан қарағанда ерекше жан болған деседі. Ол өзгелер сияқты аң аулап, қару ұстаудан гөрі қолөнермен айналысқанды жақсы көретін. Гоголь қолынан бал тамған ісмер болған. Ол тоқыма тоқуды, киім пішуді, белдемше жасаумен айналысқан. Сондай – ақ, ол шағын кітапшалардың колекциясын жинаған.

Александр Куприннің ерекше ермектері

Александр Иванович Куприн әуе шарымен ауада қалықтағанды ұнатқан. Ол сол кездің танымал ұшқышы Уточкинмен бірге аэропланда да ұшқан екен.

Сонымен қатар, ол сүңгуірдің киімімен теңіз түбіне түсіп, ақ желкен іліп шаңғыда жүргенді жаны сүйген. Алкесандр Куприн үйнің ауласына ағаштар қақтырып сонда спортпен айласықан. «Адам баласы өзінің тәніне немқұрайлы қарауға болмайды. Керісінше, физикалық тұрғыдан өз қабылеттерін дамытып отыру керек» - деген екен.

Куприннің тағы бір сүйікті ісі – бау-бақша егу болған екен. Оның алма, гүлдер, құлпынай, қауыны бар бақшасы болған. Өзінің «Аяқ асты болған гүлдер жайлы ертегі» шығармасын сары хризантемаларға арнаған.

Оның үйінде көптеген мысық, ит, тауық, қаз сияқты жануарларлың көптеген түрлері болған. Александр Ивановичтың прозаларында жануарлардың түрлері жайлы көбірек айтылғаны тегіннен-тегін емес екенін осыдан—ақ аңғара беруге болатын сияқты.

Кофеман Бальзак

Оноре де Бальак өте кофеман болған деседі. Ол шығармашылығы былай тұрсын жәй күндердің өзінде бір шыныаяқ кофесіз ештеңе ойламайтын. Жазушы бір күнде хош иісті кофеден 20 шынаяқ ішіп алады екен. Ол өзінің «Человеческая комедия» атты басты шығармасын жазу барысында 15 мың шынаяқ кофе ішкен екен. Артынан аңызы бірге еріп жүретін қаламгерге ғана аян бұл әрекетке шынымен бас шайқамасқа болмас.

Илья Эренбургтің темекі түтікшелері

Соғысқа дейін темекі түтікшелерін шығаратын астаналық «Ява» фабрикасы әдемі қороптағы темекі түтікшелерін ерекше пайдалану мен оны күту туралы сипаттамасын игерген екен. Бірақ, көпшілік ол сипаттаманы әйгілі коллекционер, «Он үш түтікше» атты повестің авторы Илья Эренбург жазғанын біле бермесе керек. Эренбургтен адамдар неліктен бұл іспен айналысатын сұрағанда иығын көтеріп, адам бірнәрсеге деген құштарлықты өзі таңдамайды, керісінше ол өзі келетін нәрсе деген екен. Адамдардың айтуы бойынша ол өзінің коллекциясындағы түтікшелерден өзге адамдар түгілі достарына да тартқызбаған.

Өнертапқыш Марк Твен

Америкалық жазушы Марк Твен әуесқой өнертапқыш болған. Автордың қолынан туындаған көптеген дүниелер соның ішінде: фото суреттерге арналған альбомдар, газет қиындыларына арналған альбомдарына патент алаған. Сонымен қатар Твен киімді ұстап тұратын алмалы-салмалы арнайы белдемше ойлап тапқан. Бұл әйел адамдардың кеуде тұсына киетін киімдерінің шығуына негіз болған. Сондай-ақ, ол түтікшеден темекі тартып, бильярд ойнағанды ұнатқан.

Уинстон Черчилльдің кескіндемесі

Мемлекет қайраткері, саясаткер, Ұлыбританияның премьер-министрі, жазушы, журналист Уинстон Спенсер Черчелльдің кескіндемемен айналысу ең сүйікті ісі болған. Ол 500-ге жуық картина салған. Уинстон Черчеллді көзінің тірісі кезінде-ақ ұлы суретші ретінде бағалап, қатты құрметтеген. Ол үрдіс бүгінгі күні де өз кұшін жойған емес. Оның «Chartwell Landscape with Sheep» атты жұмысы 2 миллионнан астам долларға сатылған екен.

Математик Михаил Лермонтов

Михаил Юрьевич Лермонтов ақын, прозашы ғана болып қоймай сонымен қатар, талантты суретші әрі музыкант болған. Оның көптеген сурет салған жұмыстары сақталмаған бірақ, 10-нан астам май бояумен малынған суреттері, 50 акварельді жұмысы және 300-ден астам суреттері оның суретшілік шеберлігін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Лермонтовтың жұмыстары «Кавказские пейзажы» галереясында.

Михаил Лермонтов скрипкада ойнап, музыкалық пьесаларды, вальстерді жазған Халық музыкасын қатты жақсы көрген. Математиканың орны да ол үшін бір төбе болды даса де болады. Өйткені, Жоғары математика, аналитикалық геометрия, дифференциалды және интегралды санау Михаил Лермонтовты өмірінің соңына дейін қызықтырып өтті. Ол үнемі француз авторы Безенің математика оқулығын өзімен бірге тасып жүретін.

Спортшы Александр Пушкин

«Мы все учились понемногу чему-нибудь и как-нибудь» деп А.С.Пушкин айтқандай жазушы әдебиетті, неміс тілін, сурет салуды, монета жинауды жақсы көрген. Александр Сергеевич Пушкин шаршы алаңда бокстасқанды, бозкілемде күреспен айналысқанды, қылыштасуды, лапта ойнауды жақсы көрген. Біреу оны жеңіп кетсе ашуланатын. Бірақ, тез ұмытып достасып кететін көрінеді. Бұл мінез барлық шығармашылық адамдарына тән болса керек.

Драматург Ганс Крестиан Андерсен

Прозашы, ақын, балалар әдебиетінің өкілі, әйгілі «Ұсқынсыз үйрек» шығармасының авторы Ганс Крестиан Андерсен театрды аса қаты жақсы көрген. Кішкентайынан театрларды аралаған. Копенгагендегі Корольдік театрына жұмысқа орналасып екінші дәрежедегі рольдерді дыбыстаған. Сонымен қатар, театрда істеп жүріп пьесалар жазған. Қанша қиыншылық көрсе де пьеса жазуды доғармаған.

Владимир Дальдің "сөз жинау" әрекеті

Теңіз офицері, жаушы, дәрігер, лексикограф «Түсіндірме сөздігін» құраушы Даль Владимир Иванович көп саяхаттағанды ұнататын. Сол себепті орыс халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы меңгерген. Ол қызық диалектерді, белгілерді, таңбаларды, жазбаларды, мақал-мәтелдерді, жазып алып жинағанды ұнатқан. Оның ең керемет әрі үлкен ісі «Ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» еді. Онда 200 мыңға жуық сөз бар.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар