Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған ғ...

15.09.2017 4606

Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған 2017 жылы қыркүйектің 20 жұлдызында сағат 10.30-да Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында ғылыми-практикалық конференция мен шығармашылық кездесу өтеді.

А.Әшімов театр мен кино саласында режиссерлік қызмет етуімен қатар, өнер қайраткері ретінде еліміздегі және шетелдердегі мәдени шараларға белсенді ат салысады. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәріс беріп, театр өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген көптеген шәкірттерді тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.

А.Әшімов бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан Театрлар ассоциациясының төрағасы ретінде ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесімен, абырой-беделімен елеулі үлес қосып жүр.

Асанәлі Әшімовтің ұлттық өнерге қосқан орасан зор еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол Қазақстанның халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығымен (2000), «Отан» (2001), «Құрмет» (2007), «Парасат» (2007), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен (2012), және «Достық» (2014) Ресей Федерациясының М.Ломоносов атындағы (2007) және ЮНЕСКО -ның «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған.

Бағдарламада:

10.00 – Қонақтарды қарсы алу (Бас ғимараттың фойесінде);

10.30 – А.Әшімовтің оқу-шығармашылық лабораториясын ашу;

11.00 – Конференцияның ашылуы мен шығармашылық кездесу (конференция залы);

4 курс «Атер өмірі» мамандығының «Аң патшасы Арыстан» дипломдық қойылымы, курс жетешісі А.Әшімов

Конференцияны ұйымдастырушы: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы.

Конференцияның өтетін орны: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Оқу театры.

Ашылу рәсімінің уақыты: 20 қыркүйек, сағ. 10.30

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (727) 2-72-99-04, 8707-307-81-82, 8702-350-40-67

e-mail: sultanbaeva_e@mail.ru


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар