Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы VI

20.09.2017 596

Қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы VI

Жазушылардың артынан ерген аңыздар мен болжамдар өте көп. Біздің елде қолға алынбаған тұлғатану мәселесі көп елдерде жолға қойылған. Сондықтан да шығар, қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы жайлы ақпараттарды кеңінен көсіліп айта беруге болады. Бүгін де назарларыңызға өмірін өз ақиқатын іздеумен өткізген атақты жазушылардың атақты шығармаларының дүниеге келуі мен жазу дағдылары туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

Ганс Андерсен

Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ертегіші Ганс Андерсен жазуға отырғанда ол үшін айналасында бір топ адамдар қызмет еткен екен. Оның жазғандарын түзетушілер және жазбаларын таза парақшаға көшіріп басушылар дегендей. Оның себебі Андерсен орфография мен пунктуацияны нашар білгендіктен төрт аяғы тең басқан шығарма үшін міндетті түрде редактор мен корректордың жұмысы өте маңызды орын алған. Бір қызығы Ганс әдебиет әлеміне балаларға арналған шығарма арқылы келсе де, өзін «балалар жазушысы» дейтіндерді суқаны сүймеген екен. Себебі ол әрдайым: "Менің ертегілерім үлкендерге де арналған!" - деп айтатын еді. Қаламгер дүниеден өтерде өзіне қойылатын ескерткіштерге балалардың суреті бейнеленуіне қатаң тиым салған деседі.

Агата Кристи

Ұлыбританияның тұрғындарының Агата Кристиге деген құрметі патшайымға деген құрметінен кем түспейтін. Жазушы мемлекеті мен халқының ерекше бір символы іспеттес мақтанышы болып саналатын. Британияда оның кітаптарының тиражы Інжіл мен Шекспирдің шығармаларынан кем түспейтін. Талантты адамдардың басында түрлі жағдайлар болады. Агата Кристи де дисграфия дертімен ауырған. Жазуға жағдайы болмағандықтан ауызша көмекшісіне айтып отырған. Алғашында Агата Кристи Мартин Уэст немесе Мартин Грэй деген лақап атпен шығармаларын басып шығарғысы келді, бірақ оқырманға әйел детективтің есімі қолайсыз естіледі деген оймен бірінші күйеуінің тегінде қалуды ұйғырды. Ол – Кристи болатын.

Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Агата Кристи әскери госпитальде мейірбике болып, кейін дәріханаларда жұмыс істейді. Бұл оған улы дәрі-дәрмектер туралы көп ақпарат алуына септігін тигізеді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлерінің уланғаны жайлы оқиғалар жиі ұшырасатыны соның ықпалы болса керек.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Агата Кристи екі шығарма жазды. Олар: «Шымылдық» (Curtain) және «Ұмытылған кісі өлімі» (Sleeping Murder). Бұл шығармалар Эркюле Пуаро мен мисс Марпл атты танымал кейіпкерлер жайлы болатын. Бірақ, Агата Кристидің өтініші бойынша бұл кітаптарды банк сейфіне тығып, Агата Кристи жазуға мүмкіндігі болмайтын кезге дейін сақтаған екен.

Аталмыш әңгімелер 1974 жылы жарыққа шыққан. Ол кезде жазушы 84 жаста болатын.

Жазушының «Убийство в Восточном экспрессе» атты фильмі экрандалғаны белгілі. Бұл жазушының ойынан шыққан, риза болған жалғыз ғана шығармасы. Өйткені, Экрюл Пуароны ойнаған Альберт Финни жазушының өзі ойлаған әдеби кейіпкерге әлдеқайда жақын болған еді. Агата Критси көп саяхаттайтын болған. Ал бұл шығармасы сондай саяхаттарының бірінде Стамбулда жазылған екен.

Агата Кристидің кітаптары екі миллиардтан астам дана болып 103 тілге аударылған. Сондай-ақ, Агата Кристидің театрға арналған қойылымдары ең үзік рекордты орнатып отыр. «Мышеловка» (Mousetrap) атты пьесасы 1952 жылы сахналанған болатын. Ал бүгінгі күні ол шығарма Лондон театрларлында үздіксіз қойылып, көрермендерінің көзайымына айналған.

Агата Кристидің ең танымал афоризмі: «Свобода стоит того, чтобы за нее бороться».

Михаил Булгаков

Булгаков Михаил Афанасьевичтің бала кезінен әдебиетке деген қызығушылығы болған әрі кітап оқуды жақсы көрген. Сегіз жасында ол «Собор Парижской Богоматери» атты кітапты оқып шыққан. «Похождения Светланы» атты ең алғашқы шағын әңгімесін ол жас кезінде жазған. Жазушының әпкелерінің айтуы бойынша Гоголь, Чехов, Салтыков-Щедрин, Дикенстерді көп оқыған. Михаил Булгаков бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскери дәрігер қыметін атқарған.

Жазушыда Бегемот деген ақылды қара иті болған. Жазушы тың дүниелерді шығару үшін біраз нәрселерден шабыт алатын. Соның бірі жұмыс үстелінің жоғарғы тұсында ілініп тұрған адам баласының туғаннан бақилық болғанға дейін жүріп өтетін қарапайым ғана баспалдақ салынған сурет болатын. Жазушы ол суретті қатты құрметтейтін. Өйткені, адам әр бір жасында өмірден өзіне бір «сыйлық» алуы мүмкін деп санайтын. Бастапқыда бұл сыйлықтардың саны өсіп, өмірден қалағанын алады, бірақ кейін біртіндеп сол сыйлықтар азаяды деген өз философиялық тұжырымы болған.

Михаил Булгаков «Шебер мен Маргарита» атты шығармасын дүниеден өтеріне бір ай қалғанда бітірген екен. Жазуға шамасы жоқ қатты сырқаттанған жазушы үшінші әйелі Елена Сергеевнаға айтып отырып жазғызған. Негізі бұл кітап соған арналған-ды.

Михаил Ломоносов

Михаил Ломоносовтың өзге жазушылардан қарағанда көп білетін, жан-жақты адам болғаны жайлы жиі айтылады. Өйткені ол бір саламен ғана шектеліп қалмай, бірнеше саланы қатар алып жүрген. Сондай-ақ, ғылыммен қатар мәдениетті де жетік меңгерген. Михаил Ломоносов химия, физика, астрономияны қызықтап, арасында өлең жазып отырған. Ал бос уақытында суреттердің мозаикасын жинағанды жақсы көрген. Марбургте оқып жүрген кезде Ломоносов нақты ғылымды ғана игеріп қоймай, қылыштасуды жақсы меңгеріп алған. Қазіргі таңда Ломоносов суретінде өте байсалды адамға ұқсайды, бірақ, негізінде, ол қызуқанды адам болған. Бір қызығы Михаил Ломоносов балықтан жасалған тағамдарды жақсы көрген. Сондай-ақ, Ломоносов орыс тіліне тұрмыста қолданылатын сөздерді енгізген. Ол сөздерді 18-ғасырда қолдану өте қиын болғанымен, 20-ғасырда адамдар еркін пайдалана бастады. Мысалы соның бірі – «НУ» деген сөз.

Ломоносовты замандастарының әскери іспен айналысып, ғылымға ден қоймай, керек етпейтіні қатты қынжылтатын. Ол "ғылыммен айналысу қоғамға көп пайда тигізеді" дейтін. Тау-кен жұмысынан бастап ауа райын болжайтын ғылымдардың өзі қанша пайдалы екенін замандастарына дәлелдеумен болған. Астрономия ғылымында да Михаил Васильевичтің ашқан жаңалығы таңғаларлықтай. Ол Венера планетасын кішкентай телескоптан бақылап отырып, атмосфераның барын айтқан. Оның айтқандары көп ұзамай рас болып шықты. Дәл осындай іс-әрекетімен Ломоносов география саласында да таң қалдырды. Антарктиданың адамзат баласына беймәлім кезінде де Ломоносов оның барын болжап айтып берген екен. Ғалым табиғатты қанша зерттесе де, электрдің көзін таба алмады. Ломоносов өте тапқыр әрі ақылды адам болған. Ол 12 тілді өз ана тіліндей білсе, 19 тілде еркін сөйлеген. Ломоносов 1757 жылғы «Гимн бороде» атты шығармасында христиан өкілдерінің қызметтеріне, жағымсыз істеріне қатысты ойларын ашық айтқан болатын. Ақынның бұл іс-әрекетіне шіркеу қызметкерлері қатты алаңдап, Елизавета Петровнадан көмек сұраған болатын. Бірақ патшайымы ақынға еш көңіл бөлмеуді ұйғарған. Кейін Ломоносов «Гимн бороде за суд» деген сатиралық шығармасын жазады.

Джон Рональд Руэл Толкин

Толкин XX ғасырдағы ерекше жазушыларлың бірі. Себебі ол түп-тамыры неміс болғанымен көп адамдар оны ағылшын деп ойлайтын. Жазушының тегінің дұрыс жазылуына тоқтала кетсек. Джон Толкиннің атасы фортепиано жасайтын неміс болған. Оның фамилиясы «Толлькин» деп жазылатын. Британияға Толкиннің атасы 18-ғасырда көшіп келген болатын. Егер «Толлькин» фамилиясын неміс тілінен аударсақ «ессіз батыр» деген мағынаны береді екен. Толкин бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Сомма деген алғы шепте радиоқабылдаушы қызметін атқарды. 1916 жылы екі рет науқасқа шалдыққанына байланысты дәрігерлер жарымжан деп танып Англияға жіберіледі. Сұрапыл майдандағы қорқынышты сәттер «Сақиналар әміршісі» атты шығарманың тарауларынан орын тапты. Өмір бойы адамдар оны фамилиясы мен атын шатастырып жүретін. Жалпы, жазушы дүниеге келген кезде екі есімді қойған екен олар: Джон және Рональд. Бірінші есім баланың әкесіне ұнаса, екінші есім анасына ұнағандықтан екеуара келісе алмай осы екі есімді де туу туралы куәлігіне жаздырса керек. Көпшілік оны Рональдо десе, достары Толлерс деп атайтын болған. Жазушы лингвист, филолог болған әрі ағылшын тілі профессоры болып, дәрістер оқып, ағылшын әдебиетіне көп еңбек сіңірді. «Сақиналар әміршісі» атты шығармасында барлығын егжей–тегжей ойластырған. Жерорта деп атаған фэнтези әлімінің тұрғындарын ойлап тауып қана қоймай, сонымен қатар оларға тіл жасап шығарған. Жазушы көпшілікті ұнататын. Аталмыш шығарманы ол Оксфордтағы әріптестері мен «Инклинги» үйірмесінің мүшелерімен отырысында алғаш рет оқып шығады. Рональд Толкин көпшіліктің алдына шыққанды ұнататын. Кез-келген аудиторияға кіріп сабақ бастап кететін. Бұл ол үшін еш қиындық туғызбайтын. «Сақиналар әміршісі» бүгінгі таңда танымал шығармаға айналды. Осы еңбегі үшін ұлтшылдар оны қатты сыйлаған, өйткені ол көне скандинавиялық тілді жандандырды. Ал жазушы жеке басы Гитлер және оның нөкерлерін жеккөретін. Қаламгер дүниеден өткен соң жарияланбаған көптеген материалдар қалып қойған. Бірақ жарияланбаған шығармаларды жазушының Кристофер деген ұлы жарыққа шығаруды ұйғарады. Сөйтіп, әлем оның «Силльмарион», «Нуменор» және «Жерорта» деген шығармаларымен танысты. Сондай-ақ, әкесінің балаларына жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жазған «Санта-Клаустан» атты хаттары да жарияланған.

Лев Толстой

Лев Толстой шығарма жазуды балалық шағында-ақ бастаған. Ол кішкентай кезінде Кремльде саяхаттап, көрген-білгенін, қызықты жайттармен бөлісіп, «Кремль» деген алғашқы шығармасын жазады. Шетелге сирек шығатын өте ұлтшыл адам болған. Өмірінде екі рет қана аз уақытқа шетелге барған. Жазушыны әсіресе Батыс Еуропаның білім беру жүйесі мен педагогикалық ойлары қатты қызықтырған. Лев Толстойдың үйленуі шығармашылығына қатты әсер еткен. Лев Николаевич Толстой үйленгеннен кейін «Соғыс пен бейбітшілік» және «Анна Каренина» атты үлкен романдарын жарыққа шығарды. Бірақ, шамалы уақыттан соң жазушының жұбайымен қарым-қатынасы нашарлай түседі. Оған Лев Толстойдың философиялық, жекеменшік, мемлекет, шіркеуді жоққа шығару сияқты ойлары себеп болады. Шіркеуге қатысты ойлары үшін Лев Толстойды шіркеуден шеттетіп тастайды. Сонымен қатар Тостойды пір тұтып, ақиқатқа бірге қол жеткіземіз деушілер көп болды. Бірақ, жазушы ақиқатты ешкімнің көмегінсіз әр адам өзі табады деп есептеген. Достоевский сияқты Толстой да құмар ойынына жуық болған. Қызығып ойнайтыны соншалықты бірде көршісіне ұтылып, Ясная Поляна атты жеке жайындағы үйді беріп қояды. Кейін көршісі бәстескендей ұтқан үйді бұзып әкетеді. Лев Толстой өзінің көлемді әрі танымал «Соғыс пен бейбітшілік» романын онша жақтырмайтын еді. Жақтырмағаны соншалық тіпті, Фетке жазған хатында роман жайлы «түкке тұрмайтын езбе» деп жазған екен. Лев Николаевич Толстой Антон Чехов пен Максим Горькиймен жақсы қарым-қатынаста болған. Ал, орыс әдебиетінің классигі Иван Тургеневпен қарым-қатынастары онша болмаған деседі. Тіпті бір-бірін дуэльге де шақырған. Лев Николаевичтің Агреппина деген қызы әкесімен бірге тұрып, басылып жатқан шығармалардың қателерін түзеу жұмысымен айналысқан. Бірде әкесімен ұрсысқан Агреппина өш алу мақсатында «Жексенбі» атты романын түзеген қателерін қаз-қалпына келтіріп, жариялап жібереді. Сол себепті алғашқы үш басылым өрескел қателермен шықты. Лев Толстой адамның басты байлығы еңбек етуге қабілеттілігі деп есептейтін. Сол үрдістерді ұстанатын еді. Бірде вокзалда үлкен жүкпен тұрған ақсүйек ханым жазушыны жүк тасушы деп санап көмегіне жүгінді. Өйткені, ханым жазушыны танымайтын еді. Толстой да жүкті тиісті жеріне жеткізіп, ақысын алып кетіп қалады. Бір жылдан кейін ақсүйек ханым қайырымдылық іс-шарасында кафедрада француз тілінде дәріс оқып тұрған жүк тасушыны көріп қатты таңданады. Өзінің қылығына ұялған ханым жазушыға келіп кешірім сұрапты. Ал Лев Николаевич Толстой болса «ол менің адал еңбектеніп тапқан сыйақым. Ол жақсы көрініс болатын сол үшін қысылудың қажеті жоқ»-деп ханымды жұбатқан екен. Лев Николаевич Толстой жануардың етін жеу адамгершілігі жоқ, жол беруге болмайтын жауыздық деп санайтын. Ал өзі вегетариан болған екен. Ол барлық адамзаттың өзі сияқты қағиданы ұстанып, малдың етін жеуді қойып, өсімдіктен жасалған тағамдарды жесе екен деп армандайтын. Көп ер азаматтар енесімен қарым-қатынасын жақсы деп мақтана алмас, ал Лев Николаевич болса енесімен яғни болашақ жары Софияның анасымен жақсы қарым-қатынаста болған. Сол үйге жиі барғанда тұрмысқа шығу туралы ұсынысты Софияға ма, әлде екі әпкесінің біріне жасаймын ба деп, таңдау жасай алмай, ұзақ ойланған. Қартайған шағында Лев Николаевич Толстой аяқ киім киіп жүруден бас тартты. Көбінде жалаңаяқ жүретін. Бірақ жазушының бұл қылығын дәлелдейтін нақты дерек жоқ, тек жазушы туралы кезекті аңыз болуы да мүмкін. Бұл туралы классиктің өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің бірі халыққа жақындығын көрсету үшін істеді десе, екінші біреулері жазушы денесін шынықтыру үшін жасаған әдісі деп болжайды. Лев Николаевич Толстой «Азбука» кітабын қарапайым шаруалардың балаларын сауаттылыққа үйрету үшін жазған екен. Бірақ, кейіннен бұл керемет кітап көптеген ақсүйектердің балаларының қолдарынан түсірмейтін кітабына айналған. Солардың бірі Анна Ахматова да әріптерді сол кітптан танып, үйренген.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ақын, мәлімет, жазушы, қаламгер, ақпарат
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар