Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы өтеді

17.09.2017 1242

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның жастары арасында дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына облыстық (қалалық) конкурстардың жеңімпаздары қатысады. Конкурс ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай орындау бойынша сайысқа түседі.

жеңімпаздарын абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры

Басталуы: 10:00

Байланыс телефондары: +7 (7172) 74-09-85, 40-83-97

+7 701-109-76-14


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Абай, көркемсөз, республикалық, оқу, шеберлері, конкурс, әдебиет
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар