Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Поэзия қағаны – 2018 көшпелі поэтикалық дуэлі өтті...

23.11.2017 6920

Поэзия қағаны – 2018 көшпелі поэтикалық дуэлі өтті

Поэзия қағаны – 2018 көшпелі поэтикалық дуэлі өтті - adebiportal.kz

Жыл сайын дәстүрлі түрде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алматылық жас ақындардың поэтикалық дуэлі ұйымдастырылып келеді. Биыл да бір топ жас ақындар дуэльге шығып, жырдан шашу шашты. Осының алдында ғана биылғы дуэль бұрынғы дуэльден өзгеше болады деп айтқан едік. Несімен ерекше болды? Дуэльдің басты ерекшелігі – "Поэзия қағаны-2018" алматылық үздік жас ақынды анықтау еді. Кешке 8 жұптан құралған 16 ақын қатысты.

Олар:

1) Бекзат Смадияр – Ретбек Мағаз

2) Жандарбек Жұмағұлов – Назерке Қабаева

3) Абылайхан Қуанышев – Оралхан Зағыпар

4) Нұртас Тұрғанбекұлы – Батырхан Сәрсенхан

5) Аслан Тілеген – Сандуғаш Серікқызы

6) Марлен Ғилымхан – Әсел Кәрібай

7) Бауыржан Майтай – Аслан Қуанышұлы

8) Марғұлан Ақан – Айдана Қайсарбекқызы

Биылғы дуэльдің өзгешелігіне сәйкес, осы 16 ақынның ішінен 3 жұп келесі кезеңге өтті. Олар:

1) Бекзат Смадияр – Әсел Кәрібай

2)Марлен Ғилымхан – Айдана Қайсарбекқызы

3) Нұртас Тұрғанбекұлы – Сандуғаш Серікқызы

Бұл 3 жұптан екі жұп финалдық кезеңге өтті. Олар:

1) Бекзат Смадияр – Марлен Ғилымхан

2) Әсел Кәрібай – Сандуғаш Серікқызы

Қызықты жыр кешін қазақтың аяулы ақыны Ерлан Жүніс жүргізді.

Дуэльдің қазылары – ақындар Ақберен Елгезек, Бақыт Беделхан, Алмат Исәділ және филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнол-Ғабден Бисенғали сынды ұстаздарымыз болды.

Сөз арасында Ақберен Елгезек орыс ақындардың поэтикалық дуэлі туралы айтып, алдағы уақытта сол форматқа сай өткізуді ұсынды. Бақыт Беделхан болса, бұны алдағы уақытта бүкіл Қазақстан бойынша одан ары жаңғырту керектігін айтты.


Қазылар тарапынан аздаған өзгерістер болды. Яғни, негізі кештің аты – "Поэзия қағаны – 2018". Алайда, бұл кешке ақын қыздар да қатысты. Асылы, поэзия жынысқа бөлінбесе керек. Осыны ескеріп, қазылар бір "Поэзия қағанын", бір "Поэзия ханшайымын" тағайындауды жөн санады.



Сонымен, қазылар шешімімен бірауыздан Бекзат Смадияр "Поэзия қағаны – 2018", ал, Әсел Кәрібай "Поэзия ханшайымы – 2018" атанды.



Шара соңында ендігі қазылар алқасы "Поэзия қағаны – 2018" дуэлін өткізуді Қарағанды облысына тапсырды. Айта кетейік, бұл дуэльдің мақсаты Алматы қаласындағы ең үздік жас ақынды анықтау болатын. Алдағы уақытта қарағандылық жас ақындар өзара кім мықтыны анықтайды.

Дереккөзі: massaget.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар