Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Төр» әдеби клубының ашылу салтанаты өтеді...

06.02.2018 6687

«Төр» әдеби клубының ашылу салтанаты өтеді

«Төр» әдеби клубының ашылу салтанаты өтеді - adebiportal.kz

Құрметті әдебиетсүйер қауым! «Әдебиет порталы» мен «Егемен Қазақстан» газеті бірлесіп, «Төр» әдеби клубы» жобасын қолға алып отыр.

Аталмыш клуб Астана қаласындағы әдеби ортаның ай сайын бас қосып, бүгінгі әдеби ахуалды талқылап, ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мен талқылауға арналған әдеби алаңға айналады. Әр ай сайын «Егемен Қазақстан» газетінің Мәжіліс залында қазақ әдебиетінің алдынғы буын өкілдері мен жастар жиналып, таңдап алынған бір кітапты жан-жақты талдайды, талқылайды. Аға буын ақын-жазушылармен қатар, қолына қалам ұстаған барлық жас әдебиетшілер түгел шақырылады. Клубтың әр отырысы арнайы видеотаспаға, суретке түсіріліп, жазбаша материалмен қосылып, Газет пен Порталдың сайтында жарияланып отырады. Талқыланатын кітап бір ай бұрын Порталға жарияланып, клуб мүшелері мен қатысушылардың оқуына мүмкіндік беріледі. Жыл соңында «Егемен Қазақстан» газетінің арнайы сыйлығы мен «Әдебиет порталының» арнайы сыйлығы үздік деп танылған жас қаламгерлерге табысталады.

Клубтың ашылу салтанаты 9 ақпанда сағат 15:00-де «Егемен Қазақстан» газетінің мәжіліс залында өтеді. Келемін деушілерге есік ашық!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар