Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жас журналистер жүйрігі анықталмақ

30.03.2018 1356

Жас журналистер жүйрігі анықталмақ

Журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі түрде өтетін республикалық пән олимпиадасы биыл Сарыарқа төрінде жалғасын тапты. Талай тарландар дүниеге келген Қарағанды жері өзінің көз тартарлық әсемдігімен тәнті етеді. Абылай ханның кеңесшісі болған дана, дара Бұқар жырау сынды дарындылардың кіндік қаны тамған жердің тарихы тереңнен сыр шертеді.Журналистика мамандығы бойынша Xреспубликалық олимпиада барысында қатысушыларға қаланың көрікті жерлері таныстырылды. Шаһардың шырайын келтіріп тұрған зәулім ғимараттар, сауда орталықтары, түрлі мәдениет ордалары қаланың ажарын айшықтап тұрғандай. Әр дәуірдің ғажайып туындылары өзгеше қисындарымен сырт келбетінің сымбатымен көз тартады. Ал, 1974 жылы бой көтерген «Шахтер даңқы» монументі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар