Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Баянауылда жыр додасы басталды...

13.07.2018 6512

Баянауылда жыр додасы басталды

Баянауылда жыр додасы басталды - adebiportal.kz

Бүгін Баянауылда ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған екі күндік мәдени іс-шаралар басталды.

Мәдени жиын барысында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» Сұлтанмахмұт ақынның мерейтойына орай өткен жас ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасының қорытындысы шығарылады.

Жыр мүшайрасын Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» бірлесіп ұйымдастырды. Бір ай бойы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған, Баянауыл жайлы және еркін тақырыпта жазылған үміткер жырлар «Мәдениет порталында» жарияланып тұрды.

Жыр бәйгесіне еліміздің түкпір түкпірінен 36 ақын қатысты. 108 өлең ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 12 ақын Баянауылда бас қосады.

Естеріңізге сала кетейік, мүшайра жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындар мен арнайы жүлделер табысталады. Сонымен бірге «Мәдениет порталы» тағайындаған Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлде мен Павлодар қаласындағы «Aser Engineering» ЖШС-нің «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы» арнайы жүлдесі иесін таппақ.

13-ші шілде күні сағат 16:30-да Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінде өтетін жыр кешіне ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, ақын, «Мәдениет порталының» директоры, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Бауыржан Қарағызұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегірі, Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Арман Қани қатысады деп күтілуде.

Сонымен бірге мүшайра қорытындысы бойынша жүлдегер атанған ақындар Рауан Қабидолдин, Батырхан Сәрсенхан, Қарлығаш Қабай, Ұмтыл Зарыққанұлы, Айдана Қайсарбекқызы, Қайрат Сейтқазин, Жарқынбек Амантайұлы, Аян Мейраш, Нұркен Нұрғазы, Абай Ораз, Жоламан Әйткен, Қуанышбек Шарманов Баянауыл жұртшылығына жыр-тарту жасамақ.

Ақын, ағартушы С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...»

атты республикалық ақындар мүшәйрасының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Өтетін уақыты

Өтетін шара

Өтетін орны

13-ші шілде – бірінші күн

15:00-16:00

Қазылар алқасы мен мүшайра жүлдегерлерінің баянауылдық жас қаламгерлермен, оқырмандармен кездесуі

Аудандық кітапхана

16:30-18:00

Қазылар алқысының және мүшайра жеңімпаздарының қатысуымен жыр кеші

Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі

18:30-19:30

Баянауылдың көрікті жерлерін аралау (Академик Қ.Сәтбаевтің мемориалдық мұражайы, «Ұлы бабалар» аллеясы, «Мәңгілік ел», «Ғашықтар» саябағы)

14-ші шілде – екінші күн

10:30:11:30

Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесіне зиярат ету; С.Торайғыров мұражайымен танысу.

Торайғыр ауылы

12:00-13:00

Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған фестивальде мүшайра жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау;

Этноауыл

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар