Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
БҚО-да қаламгер Хамза Есенжановтың ескерткіші ашыл...

02.08.2018 6745

БҚО-да қаламгер Хамза Есенжановтың ескерткіші ашылды 12+

БҚО-да қаламгер Хамза Есенжановтың ескерткіші ашылды - adebiportal.kz

Қазақтың көрнекті қаламгері Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай Орал қаласының іргесіндегі Подстепное ауылындағы саябақта жазушының ескерткіші ашылды.

Бюстті ашу құрметі Хамза Есенжановтың жиені Сауя Виленқызы мен ақын Ақұштап Бақтыгерееваға берілді.

- Ұрпақ көп күткен бұл шара егемендіктің, елдіктің арқасында іске асып жатыр. Хамза Есенжанов - қазақтың ұлы жазушыларының бірі. Ол кеңестік дәуірде өмірге келгеніне кінәлі емес. Соның бәрін ажыратып білетін уақыт келеді. Қазір бізде әдебиет пен өнер қалғып барып қайта оянып жатыр. Бұл ескерткіш 100 жылдығында, тіпті өзінің тірі кезінде қойылса да болатын еді. Бірақ "ештен кеш жақсы" деген. Халық санасында ұлы тұлғаларының есімдері тірілуде. Хамза ағаның айдаудан келгенде көзін көрдім. Алматыда көрші тұрдық. София апай бүкіл өміріне сүйеніш болғанын көрдік. «Сор болды-ау 37 мына елге, Далада ару зарлап, жылады ер де. Өзімді құлай сүйген дәрігер қыз, Қартайды еріп жүріп лагерьде»... София апай Хамза аға сотталып, айдауда болғанда бірге жүрді. Ол да Мағжан Жұмабаевпен қандас, текті жердің қызы еді. Халықтың мұңын жазған жазушы халыққа жау бола ма? Қазақ халқы басынан не кешті, неге олай болды деген сауал жастарды ойлантуы тиіс. Салтанатты шараға кішкентай балалар келіп тұр. Аталарыңның ісі сіздерге аманат. Қазаққа қызмет еткен қаламгердің мүсініне дақ түсірмеңдер, осы жерді аялаңдар. Саналылардың, ойлылардың келетін орны болғай, - деді «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева.

Қаламгердің есімін қазақ жұртына «Ақ Жайық» романы танытса, Жайық өңірінің Алашорда кезіндегі тарихнамасы шежіре жазушы Хамза Есенжанов арқылы тарихта қалды. Жазушы жайлы зерттеп, жинақ шығарған тарихшы ғалым Сайлау Сүлейменов те салтанатты шарада сөз алды.

zhaikpress.kz

сурет: Айбатыр Нұраш


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар