Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би»: Тауларға үш ...

10.08.2018 15093

«Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би»: Тауларға үш бидің есімі беріледі

«Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би»: Тауларға үш бидің есімі беріледі - adebiportal.kz

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағындағы тауларға үш бидің есімі беріледі - Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би.

Облыстық «Бұл біздің таулар» фестивалінің аясында тауларға үш бидің есімін беру жоспарланып отыр. Бұл тапсырма Қазақстанның үш өңіріндегі альпинистерге сеніп тапсырылды.

«Сіздер игі іс істеуді жоспарлап отырсыздар – тауларға біздің ұлы үш биіміздің Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімдерін берейін деп жатырсыздар. Біз сіздерді Орбасы аумағынан шығарып саламыз. Ата-бабаларыңның рухы әрдайым сіздерді қолдап, жолдарыңыз жеңіл болсын», - деп батасын берді Қазыбек би мен Әйтеке бидің ұрпақтары.

Сондай-ақ, таудын басына Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының альпинистері шығатыны айтылады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар