Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыда Ә.Кекілбаев пен Ф.Оңғарсыноваға көше атау...

17.08.2018 11372

Алматыда Ә.Кекілбаев пен Ф.Оңғарсыноваға көше атауы берілді

Алматыда Ә.Кекілбаев пен Ф.Оңғарсыноваға көше атауы берілді - adebiportal.kz

Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді. Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясы барысында айтылды.

Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.

«Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі — олардың қайталана беретіні», — деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.

Алматыда жаңа атаулар бекітілген соң қалада Әбіш Кекілбаев және Фариза Оңғарсынова, Батырхан Шүкенов атындағы көшелер пайда болды.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.

tengrinews.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар