Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қадыр ақынның ескерткіші мен орталығы ашылды

28.06.2015 218

Қадыр ақынның ескерткіші мен орталығы ашылды

 

Орал қаласында Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әліге есткерткіш қойылып, ақын атындағы мәдениет орталығы ашылды.


11665497_878738358848811_917276745473267456_n.jpg    11412122_878738352182145_2462788972157664328_n.jpg


Қаламының қуатымен, дара дарынымен, ұшқыр ойымен сан қабат тіршіліктің кейбір келеңсіз көріністерін өткір сынай отырып, халқының бар қадыр-қасиетін, мінез-келбетін Қадырдай көрсете білген талант кемде-кем. Ендеше, оған ел құрметі де мәңгілік.

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Сенат депутаты, ақын Нұрлан Оразалин Қадыр ақын туралы  тебірене сөз алды.


11247512_878738402182140_335982844391020589_n.jpg


10501774_878738648848782_274404005167945850_n.jpg



Ақынның зайыбы Салтанат Мырзалиева Қадырға көрсетіліп жатқан құрмет үшін еліне шынайы ризашылығын білдірді. «Өзім үшін күресте жеңілсем де, Елім үшін күресте жеңілмеймін», деп өткен Қадырдың бұл елге оралуы, мәңгілік ғұмырының басталуы десе де болады.

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы салтанатпен ашылғаннан кейін Қытайдан, Италиядан алынған замауани жабдықтармен жасақталған 150 орындық концерт залында мәртебелі меймандар тарту-таралғыларын ұсынды. Соның ішінде белгілі кәсіпкер, ақын қорын құрушылардың бірі Құндыз Нұпов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан автокөлік кілттерін табыс етті. Өнер орталығын салған мердігер «Болашақ-Т» компаниясы да құр қол келген жоқ.


11351152_878738658848781_7602891069364367318_n.jpg


Жаңа орталықта ақынның кітапханасы, музейімен қатар Ақ Жайықтан түлеп ұшқан басқа да қаламгерлер, өнер қайраткерлері туралы мағлұмат беретін бұрыштар бар. Қазақстан Жазушылар, Композиторлар және Суретшілер одақтарының өңірлік филиалдары осында орын теппек. Мұнда түрлі әдеби, мәдени шараларды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік жасалған.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш болып, «Өлмес өлең» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. Бүгін ақынның 80 жылдық мерейтойы Сырым ауданында жалғасады.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар