Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қадыр Мырза Әліге ескерткіш қойылады

25.06.2015 314

Қадыр Мырза Әліге ескерткіш қойылады

c74d84a23150a7e6d3ed221194ff9aa5.jpg

Батыс Қазақстан облысында осы жылғы 27-28 маусым күндері Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері, ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіледі. Салтанатты шараларға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ақынның туыстары, елімізге танымал ақын-жазушылар қатыды деп күтілуде.


27 маусым күні таңертең Орал қаласында ақын ескерткіші мен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы ашылып, ол әдеби-сазды бағдарламаға ұласады. Түстен кейін ақын шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, жастар арасында ұйымдастырылған «Өлмес өлең» атты республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланады. 


Осы күні кешкісін Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтың амфитеатрында Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрі концерт қояды.


Мерейтойлық шаралар 28 маусым күні ақынның туған жері Сырым ауданында жалғасады. Жымпиты ауылы орталығындағы алаңда Қадырдың ескерткіші ашылып, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме көпшілік назарына ұсынылмақ. Аудандық мәдениет үйінде ақынның 80 жылдығына арналған концерт қойылады. Түрлі спорттық жарыстар да ұйымдастырылып отыр. 


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар