26 мамыр 2018
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Нұрлан Сәдір. «(Киік қосылған) сұрақ-жауап»

24.06.2015 248

Нұрлан Сәдір. «(Киік қосылған) сұрақ-жауап»



/қиял мен гептил қосылған,
сондықтан қатты қабылдап қажеті жоқ хикая/


киік, теке, сайгак, бөкен


- Сіз классикалық сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңіз...
- Рахмет, Мәке!
- «Мәке» демеңіз, «Мүңкір» деңіз. «Мәке», «Сәке» дегеннен безіп «Бәленше Түгеншиевич»-тен жабысып айрылмай жүрген өздеріңіз емес пе? Иә, мәселеден ауытқымайық, қосымша сұрақтарға көшейік. Сонымен, киік тақырыбы...
- Киік дейсіз бе?! Причем тут киік?!
- Биылдан бастап киік туралы сұрақ бұл мәселеге аз-кем қатысы бар жандардың бәріне қойылатын болып шешілді.
- Киіктерді өлтірген мен емеспін ғой!
- Қосымша сұрақтарға сіз емес сіздің мүшелеріңіз жауап береді, қайсысын ұсынасыз?!
- «Көзімді» деп көрейінші.
- Көз, сөйле!
- Киік қырғынының түгел көрдім, бірақ ием бұған мені (көзін) жұма қарады.
- Тоқта, тоқта! Көз тоқтасын! Мұрыным сөйлесін!
- Мұрын, сөйле!
- Бұл мәселеге ием мені (мұрынын) шүйіре қарады...
- Ей, сендерге не болған?! Ауызым сөйлейді! Ауызым-ау, сен айтшы дұрыс әңгімені
- Жақсы, ауызың айтсын! Бірақ бұл соңғы куә! Ауыз, сөйле!
- Ием, киікті туралы айтқан кезде маған (ауызына) не келсе, соны оттады.
- Мәке! Мүңкір дегенім! Сз неге бұлардан емес, меннен - өзімнен неге сұрамайсыз!
- Өзіңізге сенімдісіз бе?
- Әрине! Оған сөз бар ма!
- Мақұл. Мен сізге бұрын-соңды болмаған жеңілдік жасайын, өзіңіз айтыңыз. Тек менің шоқпарыма қарап отырып бір ауыз сөзбен айт! Сонымен, киік неге қырылды?!
- Мен Нәкеңмен ақылдасып алсам ба деймін ...
- Оу, Нәңкір, мына пенде сұрақ-жауапты сенің жүргізгеніңді қалайтын сықылды
- Мәке, мен сіздің напарнигіңізді айтып тұрған жоқ едім ...
- Болды. Сіздің уақытыңыз бітті! Ақырзаман болғанша киік бола тұрасыз!
- Киік! Құдай сақтасын! Киік бола алмаймын! Қоңыз болайын одан да! Киік ең бір беззащитный, қалай еді әлгі, хайуан ғой! Киік болатындай не жаздым сонша?! Ешкімнің шаруасы жоқ, шаруасы біткен хайуан болғың келмейді! Аааааааа ... !!!
- Мүке, неге шыңғырттың мына байғұсты?
- Киік болғысы келмейді, Нәке.
- Бұрын бәрі киік болғысы келетін еді...
- Бұрын кісілер мен киіктер жақын болды ғой...
- Иә, кісікиік болып кеткенше солай болды...



Нұрлан Сәдір


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар